Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

25.1. Жас мөлшерлік дарындылықтың негіздері

25.1. Жас мөлшерлік дарындылықтың негіздері

25.2. Интеллект дарындылықтың компоненті ретінде

25.3. Дарынды оқушылармен тәрбие жұмысы

Негізгі түсініктер: дарындылық, жас мөлшерлік дарындылық, интеллект, дарындылықтың критерийлері, көпнұсқаулық, үйренушілік.

25.1. Жас мөлшерлік дарындылықтың негіздері

Зерттеушілерді бұрынғы заманнан бастап дарындылық, ол қалай пайда болғаны, қалай көрінетіні жайлы сұрақтар толғандырған. Бұл түсінік туралы үлкен көлемді трактаулар пайда болды. Көптеген түсініктемелер дарындылықты жоғары нәтижелерге қол жеткізу қызметімен байланыстырды. Дарындылық – бұл ой-өрісінің жоғары дамуы ғана емес, сонымен бірге оқуға бейімділігі мен тұлғаның даму бағыты. Дарындылық әс-әрекетінің белсенділігі мен адам өміріндегі қоғамдық маңызы бар белгілі жетістіктерге жетумен сипатталады. (Н.С. Лейтес).

Балалық жастағы ой-өрісінің жоғарылауы жас мөлшерлік дарындылық деп аталады. Балалық шақтағы дарындылық жалпы тұрақты емес, себебі, келешекте дамымай қалуы мүмкін. Сондықтан да, дарындылық белгілері бар балалар, басқа жас мөлшерінде бұл саланы сақтай алмауы сөзсіз. Бұл бекітілім тәртібі қиын тәрбиедегі мектеп оқушыларының қатарына түскендерге де қатысты.

Балалық дарындылықтың үлкен жастағы адам дарындылығынан мынадай ерекшеліктері бар:

  • Балалық дарындылық жиі жас мөлшерлік дамудың заңдылықтарын сипаттайды; жас мөлшерлік фактор дарындылық болуы мүмкін, себебі әр жас мөлшерінде дамудың алғышарттарына ие;

  • Балалық дарындылықтың қалыпты шарттарын анықтау мүмкіндігі қиын болып табылады, себебі бұл сипаттың төмендеуіне отбасылық тәрбие, жас мөлшерлік өзгерістер, білім деңгейі және т.б. әсер етуі мүмкін;

  • Балалық дарындылықтың қалыптасуы тұрақсыз психикалық даму түрімен сипатталады: егер кейбір белгілері бойынша дарынды десек, келесі белгілер бойынша психикалық артта қалушылар қатарына енеді.

  • Мектеп оқушысының тез қабылдауы кейде дарындылықпен ұқсас, бірақ кейде бұл баланың дарындылығын анықтауда қателікке алып келеді.

25.2. Интеллект дарындылықтың компоненті ретінде

Интеллект (лат. intellectus – түсіну, білу ) – психологиялық механизмдер жүйесі, индивидтің ішкі жан дүниесінде қоршаған орта туралы адекватттық бейнені жасауға мүмкіндік береді. Шындықтың объективті талаптарына сай индивидуалдық қажеттіліктерді ретке келтіру.

Дамыған интеллект процестердің интерпретациясы мен құбылыстарды түсінуде тиімді мүмкіндік береді.

Адамның дамыған зияткерлік критериясына мыналар жатады:

  • Ой-өріс көзқарасының кеңдігі;

  • Оқиғаларды бағалаудағы көпнұсқаулық пен икемділік;

  • Кез-келген ақпаратты қабылдауға дайындығы;

  • Кез-келген құбылыстар мен процестердің себептері мен нәтижелерін анықтауды үйрену;

  • Болып жатқан дүниелердің маңызды, негізгі аспектілерін анықтау

25.3. Дарынды оқушылармен тәрбие жұмысы

Дарынды оқушылардың жоғарыда келтірілген ерекшеліктерін және ой өрістерін көрсеткендерін педагогтар және басқа оқушылар жақсы қабылдауы мүмкін, болмаса жаман бағалануы мүмкін. Сонымен, мектептің күнделікті практикасында қаламаған нәтижелерге әкелетін реакцияның келесі екі түрі пайда болуы мүмкін.

  1. Педагогтар оқу тәртіптерін меңгеру кезінде оқушының қабілеттерімен және жетістіктерімен тек таңданады. Оның тәртібіне, қылықтарына, ұжымдағы оқушылармен қатынасына қатысты талаптар азаяды. Дарынды оқушылырдың кез келген тәртіп бұзғаны кешірілуі мүмкін. Дарынды оқушы тек сүйікті оқушы болып қана емес, сонымен қатар өзін қалған барлық оқушыларға жоғарыдан қарайтындай болып сезе бастайды.

Әрқашан оған арналған мақтау сөздері ең ақылды, барлығына рұқсаты бар сезімдерін қалыптастырады. Осылай ол тәртіп талаптарын және мектептің ішкі тәртібін сақтамауды үйрене бастайды. Оқушының дамып келе жатқан менсінбеушілігі сыныптастарымен араласуды алыстатады, оқушылар ұжымында өз орнын жоғалта бастайды. Бірақ оған қарамастан мұғалімдер оны мақтауды тоқтатпайды. Сынып оқушылары оның менсінбеушілігінен, достарына сыйластығы жоқ болғандықтан одан алыстай бастайды. Ал бұл жағдай дарынды оқушының ашу сезімін тудырады.

Осылай дарынды оқушының педагогикалық тәрбие беру жүйесінен айырылуы жаман мінез қасиеттерін қалыптастырады.

  1. Дарынды оқушының және ой өрісі орта деңгейдегі оқушының тұлғалы қасиеттері бір-бірінен айырылады және осы сабептен кейде мұғалім және басқа оқушылар оған жаманкөзбен қарайды. Дарынды оқушының ой өрісі қабілеттері кең болғандықтан басқаларға қарағанда оқу материалын тез меңгеріп, мұғалімнің тапсырмаларын басқалардан тезірек орындайды. Сондықтан сабақта оның көп бос уақыты артылып қалады. Сол себептен дарынды оқушы басқа оқушыларға қарсы тәртіп бұзуына жақын болады. Мұғалімдер оның осындай тәртібіне көңілі толмайды. Осындай көңіл толмағандық уақытпен нағыз жағымсыз қатынасқа дейін әкеліп соғуы, конфликтті жағдай жасауы мүмкін. Мұғалімнің және дарынды оқушының тұлғалы қасиеттеріне қарай бұл қарама-қайшылықтың нәтижесі өкінішті болуы мүмкін.

Сондықтан, дарынды баланың дамуына және психикалық тұрақтылығына мұғалімнің қатынасыда ықпал етеді.

Сонымен, дарынды оқушыға басқа оқушыларға сияқты педагогпен тәрбие беру қатынасы қажет. Педагог дарынды оқушының ой-өрісінің үлкен мүмүкіндіктерінің бар болуы дұрыс қолдана білуі тиіс. Оқу талаптары дарынды оқушыда, басқа оқушыларда бір уақытта бітіретіндей деңгейде болу керек. Педагог дарынды балаға тәрбие беру қатынасы басқалардан кем болмауы керектігін білуі тиіс. Паңдық, менмендік, дарынды оқушының басқа адамдарға менсінбеушілік қатынасын қалыптасуына жол бермеу керек – осы педагогтың дарынды оқушыларға тәрбие беру жұмысының ең маңызды бағыттары.