Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЗ каз ЛЖ С.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
6.78 Mб
Скачать

Тәжірбиелік сабақ №6 тэ33а тепловозы

Қазақ темір жолында (қазіргі АҚ «Ұлттық компания «Қазақстан темір жолы») 50 жылдан астам уақыт ішінде жүк тасымалы үшінші ұрпақ тепловоздары 2ТЭ10Л және 2ТЭ10М арқылы жүзеге асырылды. Нарықтық экономика жағдайында АҚ «Ұлттық компания «Қазақстан темір жолы» 2009 жылы шетел инвестициясын шақыртумен астана тепловоз жинау зауытында ТЭ33А сериялы номерлі тепловозын құрастыру үшін барлық негізгі модульдарды жеткізетін «GENERAL ELECTRIC» компаниясының жаңа сериялы магистральды тепловозлдарын жинау мен жеткізуге кірісті.

ТЭ33А тепловозы (ES44ACi сериялы) 12-цилиндрлі V-тәрізді дизельді қозғалтқышпен жабдықталған және реттелетін жиілігі бар үшфазалы айнымалы токты асинхронды тартым моторларымен қозғалысқа келеді. ТЭ33А тепловозы 2ТЭ10М тепловозынан айтарлықтай айырмашалығы бар және реттелетін жиілігі бар үшфазалы айнымалы токты қолданумен байланысты анықталған артықшылықтары бар. Қосымша құрылғылардың барлық жетектері үш фазалы асинхронды қозғалтқыштарды қолданумен жұмыс істейді.

Айнымалы токты тартым электрқозғалтқыштары пайдалануда айтарлықтай сенімді болып табылады және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде қарапайым. Ол жөндеу аралық периодының айтарлықтай ұлғаюына және пайдалану үрдісінде тепловоздарды ұстауға кеткен шығындарды төмендетуге әкеліп соғады.

ТЭ33А тепловозында әр түрлі тораптарды орналастыруға арналған арнайы шартты жобаланған зоналар бар. 1.1-суретте негізгі зоналар мен қондырғылар және олардың тепловозда орналасу орындары көрсетілген.

Негізгі (бірінші) машинист кабинасы локомотивтің № 1 шетінің алдында орналасқан. Көмекші (екінші) машинист кабинасы № 2 шетінің артында орналасқан. Локомотивті пайдалану үрдісінде басқаруға арналған басқарудың барлық органдары мен құрылғылары машинист кабинасында орналасқан.

Электронды ауалық тежеудің электропневматикалық (EAB) машинсттің негізгі кабинасының астында орналасқан және локомотивтің А жағынан жерден қол жеткізуге болады. Кабиналары басты дәліз болып табылатын локомотив бригадасына арналған В жағы бойынша өту үшін ішкі дәліздермен байланыстырылады, ал А жағы бойынша жол тек техникалық қызмет көрсету үшін арналған. Жоғары вольтті шкафта және көмекші отсекте электрлі тартым органдары және электрлі реостатты тежеу жүйесімен қоса, электр жетегінің басты тораптары орналасқан. Генераторлы отсек басты күштік тартым генераторы мен үш фазалы айнымалы токты көмекші генераторы бар. Басты күштік тартым генераторы дизельді қозғалтқышпен байланысқан және тартым электр қозғалтқыштарын қоректендіруге арналған энергия өндіріп шығады. Орнатылған айнымалы ток көмекші генераторы аккумуляторды зарядтау үшін және басқа мақсаттар үшін энергия өндіріп шығады.

Электр моторлары арқылы қозғалысқа келетін ауа үрлегіштер генераторды, тартым электр моторын, тартым түрлендіргіштерін электронды басқару блоктарын үрлейді. Тартым моторының үрлегіші, генератор желдеткіші, түрлендіргіштер және желдеткіштер басқару құрылғылар жоқ және көмекші генератор шығу кереуіне байланысты айналудың тұрақты жылдамдығында жұмыс істейді.

Дизель бөлігінде автономды күштік дизельді қозғалтқыш орналасқан. Дизельді қозғалтқыш локомотивтің тартым электрқозғалтқышына арналған электр энргиясын өндіруге арналған тартым генераторын айналдыруға әкеліп соғады. Дизельдің алдыңғы жағында арнайы платформада отын және май сүзгілері, төменгі қысымды отын сорғысы және майды алдын-ала алу май сорғысы орналасқан.

Радиатор бөлігі локомотивтің № 2 шетінің артында орналасқан. Суды суыту жүйесінің радиаторы және оның желдеткіші радиатор бөлігінің шатырында орналасқан. Радиатор астында ауа сығымдағышы, тартым қозғалтқышының ауа үрлегіші, желдеткіш, май суытқыш және отынды жылытқыш орналасқан. Ауа сығымдағыш, радиатор мен тартым қозғалтқышының ауа үрлегіші, желдеткіш үш фазалы айнымалы токты электр қозғалтқыштарымен айналады. Радиатор желдеткішін басқару үшін бағдарламалық басқару жек меншікті блогы бар.

ТЭ33А тепловозы ( ES44ACi) локомотивті басқару жүйесіне кіретін әр түрлі есептеу құрылғыларына, реле, контакторларлар және басқару панеліне арналған бақару зоналары бар.

Басқару зонасы 1 (СА1) негізгі машинсит кабинасының артқы қабырғасында жоғары вольтті шкафта орналасқан және көмекші бөлікте 2, 3, 4 және 5 (CA2, CA(3, CA4 және CA5) басқару зоналары орналасқан. Бұл зоналар блоктау механизмі бар есікпен қорғалған. Радиатор бөлігінде басқару зонасы 9 (CA9) бар. 1.1-суретте тепловоз қондырғыларының орналасу зоналары көрсетілген.

Қондырғыларды орналастыру бөлімдер № 1 негізгі машинист кабинасын, көмекші қондырғы бөлімшесін, генератор бөлімшесін, дизель бөлімшесін, радиатор бөлімшесін және № 2 көмекші машинист кабинасын жатқызатын локомотивтің шартты тұйық бөліктері болып табылады.

1 машинист кабинасы – бұл негізгі кабина, машинист пен оның көмекшісі отыратын локомотив бригадасының жұмыс орны. Кабинада тепловозды пайдалану үрдісінде локомотив бригадасы міндетті түрде қолданатын жабдықтар орналасқан. Машинист кабинасында мыналар орналасқан: орталық бақылаушы, тежеу кранының бақылаушысы, бағдарламаланатын дисплей, кіру/шығу консольденген тақтайшаларының, дизельді басқару тақтайшасы және радиобасқару құралдарына арналған шкаф бөлігі, сергектікті бақылау автоматты локомотив дабылының (АЛСН) жабдығы (KLUB-U) .

Көмекші жабдықтар бөлімі ТЭ33А тепловозының көмекші және қозғалтқыштық күштік жабдығын құрайтын қондырғының айтарлықтай көп бөлігін құрайды. Бұдан басқа осы бөлікте басқарудың біріккен жүйесінің электронды қондырғысының шкафы бар. Көмекші қондырғылар бөлігінде екі компьютерлік тақтайша, сондай-ақ компьютердің электрлі қоректену көзі орналасқан.

Көмекші қоректенуді беру үшін айнымалы және тұрақты ток қоректенуінің үш тақтайшасы және айнымалы және тұрақты ток қоректенуінің бір үш тақтайшасы бар. Көмекші қондырғы бөлігінде сондай-ақ тартым жүйесінің компоненттері орналасқан: күштік түзееткіштер, тартым электр қозғалтқыштарын қоректендіретін инвентор, және инвенторларға арналған қоректендіру көздері.

Ауа үрлеу бөлігінде сұлбада TA және AA белгіленген біріккен корпуста айнымалы ток генераторы мен көмекші генератор бар. Онда сондай-ақ тартым генераторын (ТА) суытатын генератор ауа үрлегіші, көмекші генератор (АА), сондай-ақ көмекші қондырғылар бөлігінде ауаны суыту мен қысымды көтеруге көмектеседі. Бұдан басқа иінді білікті орын ауыстыру қосқышы орналасқан (CTS).

Дизель бөлігінде қуаттылығы 4500 атты күшімен (3,3 МВт) он екі цилиндрлі агрегаты бар GEVO дизельді қозғалтқышы бар.

Радиатор бөлігінде дизельді қозғалтқыштың суыту жүйесінің бөлігі болып табылатын радиатор мен радиатор желдеткіші бар. Бұдан басқа радиатор бөлігінде сондай-ақ ауа сығымдағыштары, тартым электрқозғалтқыштарының суытуының ауа үрлегіштері, дизельдің суыған ауасын күштеу үшін алғашқы ауа сүзгіштері және алғашқы сүзгіштерден кірді жоятын № 2 сору желдеткіші орналасқан.

2 машинист кабинасы тепловозды басқарудың екінші пультынан локомотивті пайдалану үшін барлық қажетті қондырғылармен жабдықталған. Бұл кабинада № 1 кабинадағы сияқты барлық қондырғылар бар, тек кіру/шығу консольденген тақтайшасы мен радиобасқару құралдарына арналған шкаф бөлігі ғана жоқ. Бұдан басқа, дизельмен басқару тақтайшасында № 1 кабинаға қрағанда басқару элекменттері аз.

Дизельдің алдыңғы бөлігінің соңында арнайы платформада май шығаруды алдын-ала іске қосу қызметін, отын толтыру мен айналым қызметін қамтамасыз етеді. Оған май және отын сорғысы, отын қыздырғышы және май және отын жүйелерінің сүзгіштері жатады. Басқару зоналары жабдықтарына рұқсатты оқыған қызмет көрсету персоналы алу қажет.