Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЗ каз ЛЖ С.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
6.78 Mб
Скачать

Тәжірбиелік сабақ №7

UGR КОМПАНИЯСЫ ӨНДІРЕТІН ЛОКОМОТИВ АРБАШАЛАРЫ

«UGR компаниясы өндіретін локомотив арбашалары» модулі GE компаниясы шығаратын Evolution® сериялы ES44ACi локомотивтерінің механикалық жүйелері бойынша оқу курсының (1 деңгей) құрамына кіреді. Осы модульден сіз, UGR компаниясы өндіретін локомотив арбашаларының тағайындалуларымен, орналасуы және қызметтерімен, олардың негізгі құрамдастарымен танысасыз.

МАҚСАТТАР

Модульден білетініңіз:

- UGR арбашаларының локомотивте орналасуы мен тағайындалуын;

- UGR локомотив арбашалары құралатын негізгі құрамдастардың орналасуы мен тағайындалуын;

- UGR локомотив арбашаларына орнатылатын қосалқы жабдықтардың орналасуын, қызметін және тағайындалуын білесіз.

UGR ЛОКОМОТИВ АРБАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

ES40ACi локомотивінің жалпы массасы 150 тоннаға жетеді. Бұндай массаны игеру де оңай емес, оның үстіне локомотив 120 км/сағ. жылдамдық алып, күрт тежелетін уақыттар болады. Локомотив осы уақытта рельсте тұрақтанып қана қоймай, болат рельстер мен болат дөңгелектер арасында максималды ілінісуді қамтамасыз етуі де қажет. Осы бөлімде UGR локомотив арбаларының тағайындалуы, орналасуы және қызметтері сипатталған.

ТАҒАЙЫНДАЛУЫ

UGR локомотив арбаларының тағайындалуы келесідей:

1. локомотив массасының остер арасында біртекті бөлінуі;

2. тартым күшінің (қозғаушы күш) және тежеу күшінің (тоқтатқыш күш) локомотивтен рельстерге берілуі. Әр арба локомотив жалпы массасының жартысын алып жүреді деп есептеледі. Әр арбаға үш остен келеді, олардың әрқайсысы жекеленген тартымды электрқозғалтқыштарымен айналдырылады. Арбалар үшін келесі белгіленулер қабылданған:

Алдыңғы арба: № 1 арба, немесе «қысқа капот арбасы».

Артқы арба: № 2 арба, немесе «ұзын капот арбасы».

ОРНАЛАСУЫ

Локомотив арбалары локомотив рамалары астында орналасады.

126 – сурет. UGR арбаларының локомотивте орналасуы

127 - сурет. UGR арбасы, жоғарыдан көрініс

ЖҰМЫС ПРИНЦИПІ

- Әр UGR арбасына үш остен келеді (демек, үш дөңгелек жұбынан). Тартым электр қозғалтқышының оспен байланысы тірек корпус (U - пішінді құбыр) және редуктор арқылы іске асырылады.

- Дөңгелек жұбының өсін қамтитын U-пішінді құбыр тартым электр қозғалтқышының корпусына бекітіледі. U-пішінді құбыр ішінде орналасқан ролікті мойынтіректердің екі жинағы құбыр ішіндегі дөңгелек жұбы осінің еркін айналуын қамтамасыз етеді.

- Редуктор шағын тістегеріштен (тартымды электр қозғалтқышының тістегеріші) және үлкен тістегеріштен (дөңгелек жұбының тісті дөңгелегі) тұрады. Тартымды электр қозғалтқышына бекітілетін редуктор корпусы редукторды ластанулар мен ылғалдан қорғайды, және редукторды майлағыш майы болады.

- Тартымды электр қозғалтқышына электр қорегі түскенде, редуктордың кіші тістегеріші (электр қозғалтқышы білігінің бөлігі болатын) айнала бастайды, айналысты дөңгелек жұбының тісті дөңгелегіне береді. Дөңгелек жұбының осіне престелген тісті дөңгелек ості айналдырады. Ось өзіне престелген дөңгелектерді айналдырады.

- Тартымды электр қозғалтқышының бір жағы арба рамасына жартылай қатты аспа көмегімен бекітіледі.

- Арба тірегін әрбір ось тарапынан әр жағынан құрайтындар: бұрамалы серіппелер жұбы, букса және буксты мойынтірек. Буксты мойынтіректер ось ұштарына пресстеледі. Букса буксты мойынтіректің корпусы және екі бұрама серіппенің тірегі болып табылады. Бұрама серіппенің жоғарғы жиектеріне локомотивті арба рамасы бекітіледі. Арбаның екі жағында оның шеткі остерінде орналасқан бастапқы аспаның төрт амортизаторы вертикалды тербелістерді өшіру үшін қажет.

- Арба мен локомотив рамасы арасындағы бойлық күштер шүберінді торап (арбада бекітілген) және шүберін (локомотив рамасында бекітілген).

- Үш көпқабатты бүйір тіректер вертикалды жүктемені қабылдайды, локомотив рамасының арбаға қатысты біршама көлденең жылжуына жол береді.

- Қажетсіз орын ауыстырулар бастапқы аспа амортизаторлары, көлденең тербелістер амортизаторлары және бұрыштық тербелістер амортизаторларымен өшіріледі.

- Тежеу цилиндрлары, иінтіректі берілістер және тежегіш колодкалар тежеу күшінің дөңгелекке берілуін қамтамасыз етеді.

НЕГІЗГІ ҚҰРАМДАСТАР

Бұл бөлімде UGR локомотив арбалары құрамдастарының тағайындалуы, орналасу және негізгі қызметтері қарастырылады.

НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕР

Төменде UGR локомотив арбалары құралатын негізгі құрамдастар берілген.

1. Арба рамасы 1.1-кестеде 1.1-кестеде 1.1-кестеде 1.1-кестеде барлық қалған құрамдастарының негізі қызметін атқарады.

Рама кейіннен остер арасында үлестірілетін локомотивтің жалпы массасының жартысын қабылдайды. Одан басқа, шүберінді торап пен шүберін арқылы тартымды электр қозғалтқыштарының күштері локомотив рамасына беріледі.

128 – сурет. UGR локомотив арбасының рамасы