Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЗ каз ЛЖ С.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
6.78 Mб
Скачать

2. Дөңгелектер

Дөңгелектер тартымды элекр қозғалтқышымен жасалатын айналу мезетінің рельске берілуін қамтамасыз етеді. Одан басқа, дөңгелектер локомотивті рельстерде тұрақтындырады.

129 – сурет. Типті дөңгелектер

3. Буксты мойынтіректер және букстар

Әр оске екі буксті мойынтіректен бекітіледі. Роликті мойынтіректерді пайдалану ауыр жүктемесі бар дөңгелек жұбы остерінің жеңіл айналуын қамтамасыз етеді. Әр букса буксты мойынтірек және екі бұрамалы серіппеге тірек болады.

130 – сурет. Әдеттігі буксты мойынтірек

131- сурет. Әдеттегі букса

4. Буксты жақ маңдайшасы

Буксты жақ маңдайшасын букс пен арба рамасы арасында орнатады. Нейлоннан жасалған маңдайшалар букстардың буксты ойықтар бағыттауышымен тікелей жанасуының алдын алу үшін қызмет етеді. Маңдайша – тозғыш құрамдас, оны ауыстыру қиын емес. Әр буксаға екі маңдайшадан (буксаның екі жағында) орнатылады.

Буксты жақ маңдайшасының наличникгі

132- сурет.Буксты жақ маңдайшасының орналасуы

5. Жартылай қатты аспалы тартымды электр қозғалтқыш

Тарту режимінде тартымды электр қозғалтқышы электр энергиясының механикалық энергияға түрленуін қамтамасыз етеді. Реостатты тежеу кезінде тартымды электр қозғалтқышы механикалық энергияның электр энергиясына түрленуін қамтамасыз етеді. Тартымды электр қозғалтқыштары бірінші арбаның электр қозғалтқышынан бастап 1 ден 6 –ға дейін нөмірленеді.

133 – сурет. Тартымды электр қозғалтқыштары

Тартымды электр қозғалтқышының жартылай қатты аспасы тартымды электр қозғалтқышы мен арба рамасы арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Әр электр қозғалтқышы арба рамасына тұмсығы арқылы (корпуста) ілінеді. Тартымды электр қозғалтқышының аспасы екі ұштарында резіңкелі тығырық жастықтары бар қатты болат тартым болып табылады. Сыртқы аспа сүйекке ұқсайды, сондықтан оны теміржолшылар dog bone («ит сүйегі» деп атайды).

ит сүйегі

Жартылай қатты аспасы ТЭҚ орналасуы

134 – сурет. Жартылай қатты аспасы тартымды электр қозғалтқышының орналасуы

6. Бүйір тіректер

Үш бүйір тіректер локомотив массасын арба рамасына беру үшін арналған. Одан басқа, арба рамасынан локомотив шанағына берілетін тербелістерді жеңілдетеді. Бүйір тіректер кезектесетін резіңке мен болат қабаттарынан тұрады.

135 – сурет. Бүйір тіректердің орналасуы

136 – сурет. Үйкелтілген бүйір тірек

7. Шүберінді торап

Шүберінді торап локомотив рамасында бекітілетін шүберінмен жанасады.

Шүберінді торап арбаның шүберін айналасында айналуын қамтамасыз етеді және локомотивтен арбаға берілетін күштердің берілу нүктесі (немесе керісінше) болып табылады. Нейлоннан жасалғаны (қалпақ түрінде) шүберінде торап ішінде орнатылады, металл бөлшектермен тікелей түйісудің және тозудың алдын алады.

Шүберінді торап айналымы

137 – сурет. Шүберінді торап

8. Тартым тығырық жастықтары

Тартым жастықтары (резіңке мен металдың бірнеше қабатынан тұратын) локомотивтің екпіндеуі және тежелуі кезінде шүберінлі торапқа ықпал ететін соққыларды жұмсартады.

Тартымды жастықтар

Тартымды жастықтар

138 – сурет. Тартымды жастықтар

9. Көлденең және бұрышты тербелістер амортизаторлары

Көлденең және бұрышты тербелістер амортизаторларын локомотив шанағы мен арбасының өзара орын ауыстыруы кезінде пайда болатын соққылар мен тербелістерді өшіру үшін қажет. Кейде амортизаторларды тербелістерді сөндіруші деп атайды.

Әр арбада көлденең тербелістің екі амортизаторы және бұрышты тербелістердің бір амортизаторы орнатылады.

139- сурет. Көлденең және бұрышты тербелістер амортизаторларының орналасуы

Үйкелтілген бұрышты тербелістер амортизаторлары

10. Бастапқы аспа амортизаторлары

Бастапқы аспа амортизаторлары (вертикалды тербелістер өшіргіші) дөңгелек жұптарынан арба рамасына берілетін қажетсіз тербеліс пен дірілдерді өшіруге арналған. Локомотив арбасының әр жағында екі бастапқы аспа амортизаторы орнатылады.

140 – сурет. Бастапқы аспа амортизаторларының орналасуы

141 – сурет. Үйкейтілген бастапқы аспа амортизаторлары

11. Бұрамалы серіппелер

Бұрамалы серіппелер жүктеменің локомотив арбасы рамасынан остер мен дөңгелектерге берілуін, соққылы жүктемесін жұмсарту және локомотивтің жүріс сапаларын жақсартуды қамтамасыз етеді. Әр буксаға екі бұрамалы серіппе сәйкес келеді.

142 – сурет. Бұрамалы серіппелердің орналасуы

143 – сурет. Үлкейтілген бұрамалы серіппелер

АРБАЛАРҒА ОРНАТЫЛАТЫН ҚОСАЛҚЫ ЖАБДЫҚТАР

Ертеректе айтқанымыздай, арба рамасы түрлі қосалқы жабдықтарды орнатуға негіз болады. Осы бөлімде жабдықтар мен оның локомотивтің пайдалану сапасына ықпалы әсер етеді.

СИПАТЫ

Осы бөлімде қарастырылатын қосалқы жабдықтар локомотивтің басқа жүйелерінің бөлігі болып табылады. Колодкалы тежегіштің әр блогы (Tread Brake Unit, TBU) орналасуын білу қажет бірнеше құрамдастардан тұрады.