Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет.docx
Скачиваний:
974
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
2.85 Mб
Скачать

Кіріспе

Техникалық қызмет ету – автоматика және телемеханика құрылғыларын тасымалдау, сақтау кезіндегі аталуы мен жұмыс істеу қабілеттілігінің басты кешені болып табылады.

Техникалық қызмет ету жөніндегі жұмыс түрлері: тексеру, сипаттамаларды өлшеу, реттеу, тазалау, бояу, ескірген заттарды ауыстыру, қайта қалпына келтіру болып табылады.

Автоматика және телемеханика құрылғыларының техникалық қызмет көрсетуін аға электромеханиктер, электромеханиктер, электромонтёрлар атқарады.

Құрылғыларды жөндеу және қызмет көрсету ретін сигнал беру және байланыс дистанциясының бастығы орнатады.

Аға электормеханиктің міндеті – автоматика және телемеханика құрылғыларын жөндеу және сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету болып табылады. Қызмет ету құрылғыларының күйін білу, техникалық қызмет көрсетуін жоспарлық-графиктік бекітілуі бойынша құрылғыларды жүйелі түрде тексеру, құрылғылар жұмысының сенімділігін арттыру, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Электромеханиктің міндеті – құрылғыларды жөндеу, монтаждау, өлшеу және реттеу, қасындағы жұмысшыларды техникалық қызмет көрсетуге үйрету қызметін қамтамасыз етеді.

Электромонтёрдың міндеті – слесарлық және монтаждау жұмыстарын орындай білу, сонымен қатар өлшеу құрал-жабдықтарын пайдалана білу, құрылғылардың қызмет көрсетуіне байланысты электромеханиктердің тапсырмасын орындау.

Автоматика және телемеханикалық аралықты электр қоректендіру құрылғыларын эксплуатациялау кезінде мынадай ақаулар пайда болады: түрлендіргіштердің күйіп кетуі; найзағайдан қорғау тізбегіндегі разрядниктер мен түзеткіштердің бұзылуы; жерге қосу қорғағыштары мен жұмыстық кедергісінің күйінің бұзылуы; түзеткіштердегі түзету кернеуінің төмендеуі; аккумулятор пластиналарының сынуы мен сульфатациясы және пластиналар арасындағы қысқа тұйықталу, резервті қоректенудің ақаулығы.

Түзеткіштердің күйін тексеру, найзағайдан қорғау аспаптарын тексеру және реттеу, жерге қосудың жұмыстық және қорғау кедергілерін өлшеу жұмыстарын жылына 1 рет өткізеді. Барлық ескі түрлендіргіштерді жаңасына ауыстыру үшін мына уақыттар аралығы қарастырылған: номинал тоғы 5 А-ге дейінгі сақтандырғыштарды жылына бір рет; АВМ типті автоматты сөндіргіштерді және номинал тоғы 5 А-ден жоғары болатын сақтандырғыштарды 3 жылда 1 рет ауыстырып тұрады.

Разрядниктер мен түзеткіштерді электромеханик жылына 1 рет ауыстырады.

Бекеттік құрылғылардың сипаттамалы ақауларының электрлік қоректендірілуі мынадай: қалқанды қондырғыдағы ЭО-дағы электрлік қоректендіру құрылғылары тізбегінің номинал кернеулерінің ауытқуы; сақтандырғыштардың, ауыстырып-қосқыштардың кернеуді автоматты реттеу блоктарының, ауыстырып-қосу және түйіспелі пакеттерінің, түймелерінің, реле түйіспелерінің, түзеткіш пластиналарының (тілімшелерінің), ДГА резервті электростанциялардың, резервті қоректену түрлендіргіштерінің ақаулықтары; найзағайдан қорғау (сақтау) тізбектеріндегі түзейткіштер мен разрядниктердің бұзылуы; бекеттегі айнымалы ток резервті кернеуінің ақаулығы ЭО-дағы қоректендіру құрылғылары тізбегінің бүкіл кернеуін 4 аптада 1 рет тексеру қажет.

Қалқанды құрылғылардағы ЭО-дағы қоректендіру құрылғылары тізбегінің бүкіл кернеуін және кернеуді автоматты реттеу блоктарының дұрыс жұмыс істеуін, ауыстырып-қосқыштардың таза жұмыс істелуін электромеханик аптасына 1 рет тексеріп тұруы керек.

Найзағайдан (сақтау) қорғау аспаптарын тексеру және реттеу, жерге қосудың қорғанышы мен жұмыстарының өлшеу кедергілерін, разрядниктерді және түзетуші кернеулерін ауыстыру жұмыстары жылына 1 рет жүргізіледі.

Аккумуляторлы бөлмедегі вентиляциялау жұмысын 4 аптада 1 рет тексереді.

Кернеуді автоматты реттеу жүйесі үшін аккумулятор күйінің, соның ішінде электролит тығыздығы мен кернеуін өлшеу 4 аптада 1 рет тексеріледі.

Бекеттегі және аралықтағы айнымалы токпен жұмыс істейтін резервті қоректену ақаулығын тексеру жұмысын 3 айда 1 рет орындайды.

Түзеткіш күйінің түзетілген кернеуін өлшеу жұмысы да 3 айда 1 рет орындалады.