Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нормальный атлас 2015.docx
Скачиваний:
60
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
26.09 Mб
Скачать

Көрнекі оқу құралындағы келесі тақырыптар сызба-нұсқалар және кестелер түрінде қарастырылған:

Табиғи (бейспецификалық, туа пайда болған) және жүре пайда болған (адаптивті, спецификалық) иммунитет; Иммунды жүйенің мүшелері, тіндері және жасушалары; Антигендер; Негізгі гистосәйкестік комплексінің антигендері; Комплемент жүйесінің негізгі қызметі, белсену жолдары; Фагоцитоз үрдісі, опсониндердің рөлі; ТЖ-жасушалары қызметі; Антиденелер, иммуноглобулиндердің құрылысы мен функциясы;

Антигеннің презентациясы, иммунды қабілетті жасушалардың кооперациясы; Иммундық жауаптың түрлері: гуморалды және жасушалық;

Бактерияларға, вирустарға, саңырауқұлақтарға, протозойларға, ісікке қарсы иммунитеттің маңызы.

Иммунологиялық жад, иммунологиялық толеранттылықтың рөлі; Цитокиндердің иммундық жауаптағы маңызы; Аллергиялық реакциялардың түрлері: ЖСЖТ.,ЖСБТ.

Бұл көрнекі оқу құралы медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Көрнекі оқу құралының мазмұны студенттерге түсінікті және өте қызықты.

Иммунология құрылымы және иммунитет

Иммунология − гомеостазды, организмнің құрылымдық және функциялық тұтастығын, сондай-ақ биологиялық (антигендік) даралығы мен түр-тұқым айырмашылықтарын генетикалық бөгде заттардардан сақтау және қолдау мақсатындағы организмнің қорғаныш тәсілдері мен механизмдерін зерттейтін ғылым.

Иммунология өзінің құрылымы мен әр түрлі зерттеулері көрсеткендей, биология мен медицина саласындағы маңызды мәселелерді шешеді. Иммунология жалпы иммунология және жеке иммунология болып екіге бөлінеді.

Жалпы иммунология иммунитетті молекулярлық, жасушалық деңгейде генетикасын зерттеп, иммунитеттің физиологиясын және эволюциясын, сонымен қатар иммундық үрдістерді басқару механизмдерін (иммуногенетика) қарастырады.

Жеке иммунология оқыту нысанына қарай аллергология, иммунопатология, вакцинология (вакцинопрофилактика), онкоиммунология, репродуктивті иммунология, иммунобиотехнология, иммунокардиология, иммунофармакология, клиникалық және экологиялық иммунология болып бөлінеді.

Иммунитет (лат. immunitas − бір нәрседен құтылу, босау) − гомеостазды,организмнің құрылымдық және функциялық тұтастығын, сонымен қатар биологиялық (антигендік) даралықты және түр−тұқымдықайырмашылықтарын экзогенді немесе эндогенді генетикалық бөгде (антигендерден) заттардан сақтау мақсатында организмнің қорғанысы. Иммунитет табиғи (бейспецификалы, туа біткен) және жүре пайда болған (адаптивті, спецификалы) болып бөлінеді. (1-кесте).

Иммундық жүйенің ағзалары, тіндері және жасушалары.

Иммундық жүйе − иммундық жүйенің жасушалары дамитын, жетілетін және сараланатын орталық және шеткі ағзалар деп бөлінеді.

Иммундық жүйенің орталық ағзалары − сүйек кемігі мен тимус (айыршабез). Оларда бағаналы қан түзуші жасаушалардан өндірілген лимфоциттер жетілген иммундық емес лимфоциттерге дифференцияланады, оларды аңқау (ағл. naive) немесе жетілмеген (ағл. virgine) лимфоциттер

деп атайды.

1- сурет. Адамның иммундық жүйесі

1-кесте. Табиғи және жүре пайда болған иммунитет факторлары

Табиғи иммунитет (бейспецификалы резистенттілік )

Жүре пайда болған (адаптивті, спецификалы) иммунитет және иммундық реакция түрлері.

- Тері және сілемейлі қабық: май және тер бездері, сілемейлі қабықтың қозғалғыш эпителийі, асқорыту ферменттері.

- Гуморалдық және жасушалық қорғаныс факторлары: лизоцим, тері және сілемейлі қабықтың секреттері, комплемент, фибронектин, интерферондар, жедел фаза нәруыздары, табиғи антиденелер, фагоциттер (бейспецификалы фагоцитоз), ТЖ-жасушалары, дененің қалыпты микрофлорасы.

Жасушалық және гуморалдық қорғаныс факторлары:

В-лимфоциттер, Т- хелперлер (Тһ1, Тһ2),

цитоуытты Т-лимфоциттер (ЦТЛ), иммундық фагоцитоз,

антиденелер (иммуноглобулиндер).

Иммундық реакция түрлері:

1.Антидене пайда болу;

2. Иммундық фагоцитоз;

3. Лимфоциттің киллерлік қызметі;

4. Аллергиялық реакциялар (ЖСЖТ, ЖСБТ);

5. Иммунологиялық жад;

6. Иммунологиялық толеранттылық;

Қанөндіруші сүйек кемігі – иммундық жүйенің барлық жасушаларының пайда болу және В-лимфоциттердің пісіп−жетілуінің (В- лимфопоэз) негізгі орны. Тимус (айырша без) Т-лимфоциттердің дамуына жауап береді: Т-лимфопоэз (реаранжировка, яғни TcR гендерінің қайта құрылуы, рецепторлардың экспрессиясы және т.б.). Тимуста Т-лимфоциттер (CD4 және CD8 рецепторлары бар ) іріктеледі және организмнің өзінің антигендеріне авидтілігі жоғары жасушалар жойылады. (2-сурет) Тимустың гормондары Т-лимфоциттердің функциялық жетілуін аяқтап, олардан цитокиндердің өндірілуін жоғарылатады.

Перифериялық лимфоидты ағзалар және тіндер (лимфа түйіндері, жұтқыншақ сақинасының лимфоидты құрылымы, лимфа түтіктері және көкбауыр) − жетілген иммундық емес лимфоциттердің антигентаныстырушы жасушалармен өзара әрекеттесетін және лимфоциттердің антигенге тәуелді саралануы (иммуногенез) жүретін аймақ. Бұл топқа терімен бірлескен (Skin-Associated Lymphoid Tissue −SALT) лимфоидты тін; асқазан−ішек, респираторлық және зәр шығару жүйесінің (солитарлық фолликулалар, бадамша бездері, ішектің пейер түйіндіктері және т.б.) сілемейлі қабықтарымен бірлескен (Mucosa-Associated Lymphoid Tissue −MALT) лимфоидты тін кіреді; Пейер түйіндіктері (топтық лимфалық фолликулалар) − аш ішек қабырғаларының лимфоидты түзілімдері. Антигендер ішек саңылауынан эпителийлік жасушалар (М-жасушалары) арқылы пейер түйіндіктеріне өтеді.

2-сурет. Иммунды жүйе жасушаларының дамуы.