Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нормальный атлас 2015.docx
Скачиваний:
60
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
26.09 Mб
Скачать

Иммундық жауап: гуморалдық, жасушалық

Иммундық жауап дентритті жасушалардың, макрофагтардың, Т- және В-лимфоциттердің, цитокиндердің әсерлесулерінің нәтижесінде дамиды. Гуморалдық және жасушалық иммундық жауап деп ажыратылады.

Иммундық жауап кезінде жасушалар мембраналармен жасушааралық жанасу және цитокиндердің көмегімен әсерлеседі. Жасушааралық адгезия молекулаларының келесі түрлері ажыратылады: селектиндер, қантамырлардың муцин тәрізді адресиндері, интегриндер, кодгериндер, хомингті рецепторлар және иммуноглобулиндердің суперотбасына жататын молекулалары.

Тh1- хелперлер СД4 ұзақ инфекцияланған макрофагтардың бетіндегі микробты пептидтерді МНС ІІ класс кешенімен таниды. Макрофагтардың белсендірілуі және жасушаішілік микробтардың тіршілігінің жойылуы жүреді.

Селектиндер−тамыр эндотелийлерінің лигандасымен (адресиндердің муцинтәріздіСД34, GlyCAM-1 және MadCam-1 молекулаларымен) әрекеттесетін лимфоциттердің, нейтрофилдердің, моноциттердің, эозинофилдердің бетіндегімолекулалар (рецепторлары).

Интегриндер − жасушалық адгезия молекулаларымен және комплемент фрагменттерімен немесе жасушадан тыс матрикс компоненттерімен әрекеттесетін Т-лимфоциттердің, моноциттердің, макрофагтардың, дентритті жасушалардың, нейтрофилдердің бетіндегі молекулалар.

Иммуноглобулиндердің суперотбасы иммуноглобулиндерге (домендері бойынша) ұқсас молекулалармен: І және ІІ класты МНС, Т-жасушалық рецептор, СД2, СД3, СД4, СД8, ICAM, VCAM, LFA-1 молекулалары және кейбір Fc-рецепторларымен берілген.

Кодгериндер − кальцийге тәуелді адгезивті моллекулалар.

Хомингті рецепторлар − лимфоциттердің лимфоидты тінге түсуіне жауапты молекулалар.

Гуморалдық иммундық жауап (антидене пайда болуы) гуморалдық иммундық жауаптың негізі болып В-лимфоциттердің белсенуі және олардың антидене тудыратын плазмалық жасушаларға − плазмоциттерге саралануы.

В-лимфоциттердің иммуноглобулиндік рецепторы (BcR) антигенді танып, жасуша оны жұтып қояды. Процессингтен кейін (жұтылған антигенді төменмолекулалы пептидтерге дейін бөлшектейді және оларды ІІ кластыМНС ішіне орналастырады) В-лимфоциттер пайда болған кешенді ТҺ2-хелперлерге ұсынады, ТҺ2-хелперлер ТсR рецепторымен және СД4 корецепторымен өзара әрекеттеседі. ТҺ2-хелперлер СД40-лигандты(СД40L, немесе СД154) экспрессиялайды. Ол В-лимфоцит бетіндегі СД40-пен байланысады және жасушалар СД40+СД40L кешенімен белсенеді. В−лимфоциттердің пролиферациясы жүреді. ТҺ2-хелперлерден пайда болған интерлейкиндердің (ІL-4,5,6,10 және т.б.) әсерлерінен иммуноглобулиндердің әртүрлі класын синтездейтінВ-лимфоциттердің иммуноглобулиндік гендерінің ауысуы жүреді. Аталған кесте В2 (СД-5־) лимфоциттерге тән. В1 (СД-5+) деп белгіленетін лимфоциттердің басқа популяциясы сілемейлі қабықтардың, терінің лимфоидты құрлымдарында орналасады және олар көбінесеIgM бөліп, антибактериалық иммунитетке қатысады.

19-сурет. Гуморалды иммунды жауаптың сызбасы

Жасушалық иммундық жауап.Жасушалық иммундық жауапта ТҺ1-хелперлер СД4+ жәнецитоуытты Т-лимфоциттер (ЦТЛ) СД8+ қатысады. Антигентаныстырушы жасушалар, әдетте дендритті жасушалар жұтылған микробтық антигендердің процессингінен кейін цитоуытты Т-лимфоциттерге І кластыМНС кешеніменбірге микробты пептидтерді таныстырады. Цитоуытты Т-лимфоциттер антигентаныстырушы ТсR рецепторы және СД8 корецепторы арқылы микробты пептидті және І кластыМНСтаниды (қосарланған тану). Бұл әрекеттесу Т-лимфоциттің СД28-молекуласыменжәне дендритті жасушаның СД80-молекуласымен тұрақтанады. ИЛ2 әсерінен ЦТЛ-дің пролиферациясы жүреді.

ЦТЛ жасушаішілік микробтармен инфекцияланған нысана-жасушаларды таниды, мысалы вирустармен: нысана-жасушалардың бетінде сәйкесінше ТсR- рецепторымен және цитоуытты Т-лимфоциттердің СД8 корецепторымен танылатынІ класыныңМНС кешенімен микробты пептидтер экспрессияланады. Әрі қарай ЦТЛ гранулаларынан цитоуыттынәруыздар – перфориндер және гранзимдер (серинді протеаза) бөліп шығарады. Перфориндер нысана - жасушасының мембранасына орналасып, гранзимдердің кіруіне мүмкіндік беретін саңылаулар түзеді. Гранзимдер нысана жасушаның апоптоз үрдісін іске қосады.

20-сурет.Жасушалықиммундықжауаптыңсызбасы

ЖасушалықиммундықжауаптыңбіртүрінеТҺ1-хелперлер СД4+жәнебелсенгенмакрофагтардыңқатысуыменжүретінжоғарысезімталдылықтыңбаяудамитынтүріжатады.Макрофагтардың және ТЖ-жасушаларының белсенуінде ең маңызды рөлді ТҺ1-хелперлерден бөлінетін гамма-интерферон атқарады. Белсенген жасушалар жасушаішілік микробтарды өте тиімді жояды.