Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нормальный атлас 2015.docx
Скачиваний:
60
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
26.09 Mб
Скачать

Бактерияларға, вирустарға, саңырауқұлақтарға, протозойларға, ісікке қарсы иммунитет

Бактерияларға қарсы иммунитет бактерияларға және олар бөлетін уытқа (уытты иммунитет) қарсы бағытталған.Бактериялар және олар болетін уыттар антибактериялы және антиуытты антиденелермен бейтарапталады. Бактерия (антигендер)-антиденелер кешені комплементті белсендіріп, оның компоненттері антидененің Fc-фрагментіне қосылып, грамтеріс бактериялардың жасуша қабырғасының сыртқы мембранасын бұзатын мембранашабуылдаушы кешен түзеді. Бактериялардың жасуша қабырғасының пептидогликаны лизоциммен бұзылады. Антиденелер және комплемент (С3b) бактерияларды бүркеп алады да фагоцитозды күшейтетін басқанәруыздармен (С-реактивті нәруызбен, фибриногенмен, маннан

21-сурет. Бактерияға қарсы иммунитет сызба-нұсқасы.

байланыстырушы лектинмен, сарысулық амилоидпен) бірге опсониндердің рөлін атқарып, оларды фагоциттердің Fc- және С3b-рецепторларына жабыстырады.

Антибактериялық иммунитеттің негізгі механизмі фагоцитоз болып табылады. Фагоциттер хемоаттрактанттарға: микробтардың қосындылары, комлементтің белсенген компоненттері (С5а, С3а) және цитокиндерге жауап ретінде фагоцитоз объектісіне бағытталып, жылжиды (21-сурет). Сілемейлі қабықтардың бактерияларға қарсы қорғанысы секреторлық А Іg-дерімен жүзеге асады, олар бактериялармен әрекеттесіп, эпителиоциттерде олардың адгезиясына кедергі жасайды.

Вирусқа қарсы иммунитет.Вирустарға қарсы иммунитеттің негізі жасушалық иммунитет болып табылады.Вируспен жұқтырылған нысана−жасушалар вирус жұқтырған жасушалардың өзіне тән вирусты нәруыздарына бекінген антиденелердің Fc-фрагментімен әрекеттесетін, цитоуытты лимфоциттермен, сондай-ақ ТЖ-жасушаларыменжәнефагоциттермен жойылады (22-сурет).Вирустарға қарсы антиденелер, өзіне тән емес иммунитеттік − сарысулық вирусқа қарсы ингибиторлар сияқты жасушадан тыс орналасқан вирустарды бейтараптайды. Организмніңнәруыздарымен қоршалған және шектелгенмұндай вирустар фагоциттермен жұтылады немесе зәр арқылы шығарылып отырылады және кейін т.б. (бөліп шығаратын иммунитет) Интерферондануклеин қышқылдарының және вирустардың нәруыздарын тежейтін жасушалардағыферменттердің синтезін индукциялай отырып, сондай-ақвирустарға қарсы резистенттілікті күшейтеді. Сондай-ақ интерферондар иммуномодуляциялық әсер береді, жасушаларда негізгі гистосәйкестік кешенінің антигендердің экспрессиясын күшейтеді. Сілемейлі қабықтардың вирустарға қарсы қорғанысы А Ig секреторлығымен жүзеге асады, олар вирустармен әрекеттесіп, эпителиоциттердеолардың адгезиясына кедергі жасайды.

22-сурет. Вирусқа қарсы иммунитет.

Саңырауқұлаққа қарсы иммунитет. Микоздар кезінде антиденелер (IgМ, IgG) төменгі титрде анықталады. Саңырауқұлаққа қарсы иммунитеттің негізі жасушалық иммунитет болып табылады. Тіндерде фагоцитоз жүреді, эпителиоидты гранулематозды реакция, кейде қантамырлардың тромбозы дамиды. Микоздар, әсіресе оппортунистік микоздар, ұзақ антибактириялық терапиядан кейін және иммунтапшылығы кезінде дамиды. Олар жоғары сезімталдықтың баяу түрімен қатар жүреді. Шартты -патогенді саңырауқұлақтар тобының Aspergillus, Penicillium, Mucor, Fusarium фрагменттерімен респираторлы сенсибилизациясынан кейін аллергиялық аурулар дамуы мүмкін.

`Протозойларға қарсы иммунитет . Қарапайымдарына қарсы антиденелер (IgМ, IgG) паразиттердің жасушадан тыс түрларіне әсер етеді. Иммунитеттіңкөп жағдайда сатылық ерекшелігі болады, яғни, паразитердіңтүрлеріне, даму сатысына сәйкес антиденелер пайда болып отырады. Организмде әртүрлі даму сатыларына ие болған паразиттер (мысалы, безгек плазмодиясы) бұрын пайда болған антиденелерден «сытылып», көрінбейтін қасиетке ие. Фагоцитоз аяқталмаған болуы мүмкін, мысалы Лейшманиоз кезінде. Жоғары сезімталдықтың баяу түрі токсоплазмоз, лейшманиоз және басқа да протозойлық инфекцияларды диагностикалау кезінде анықталады.

Ісікке қарсы иммунитет. Цитоуытты Т-лимфоциттерді, макрофагтарды, ТЖ-жасушаларын белсендіретін ТҺ1-хелперлерге тәуелді жасушалық иммундық жауапқа негізделген. Гуморалдық иммундық жауаптың (антиденелік) рөлі аса маңызды емес, өйткені ісік жасушаларының бетінде антигеннің детерминанттарыменбіріккен антидене, иммундық лимфоциттердің цитопатогенді әсерінен оларды қорғайды. Ісіктік антиген антигентаныстырушы жасушалармен(дендритті жасушалармен және макрофагтармен) танылады және тікелей немесе ТҺ1-хелперлер арқылы ісіктік нысана−жасушаны ыдырататын цитоуытты Т-лимфоциттерге таныстырылады.

Ісікке қарсы өзіне тән иммунитеттен басқа тіндердің қалыпты құрылымын иммундық қадағалау өзіне тән емес факторлар арқылы іске асады. Ісік жасушаларын зақымдайтын арнайы емес факторлар: 1) Интерлейкин-2 (ИЛ2) және α-, β-интерферондардың әсерінен ісіктерге қарсы белсенділігі күшейетін ТЖ-жасушалары, мононуклеарлы жасушалар жүйесі; 2) Лимфокиндермен белсенген жасушалар (ИЛ2-мен белсенген мононуклеарлы жасушалар және ТЖ-жасушалары); 3) Цитокиндер (α-, β-интерферондар, ІНФ- α және ИЛ2).