Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нормальный атлас 2015.docx
Скачиваний:
60
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
26.09 Mб
Скачать

IgG жиналуына байланысты тек стафилококкта ғана

иммуноглобулиндікжамылғы пайда болады.

10-сурет. E.coli эритроциттеріне иммуноглобулиндік

жамылғыарқылы иммундық жабысу.

11-сурет. Қан сарысуымен опсонинделген

S.aureusфагоцитозы. Ультражұқакесіндінің электрограммасы.

Тж жасушалары

ТЖ жасушалары (normal killers. natural killers − табиғи жендет-жасушалар) − цитокиндермен бірлесе отырып,вирус жұққан жасушаларға, қартайған немесе ісік жасушаларына қарсы өзіне тән емес цитоуыттылық көрсетеді.

ТЖ жасушалары лектиндік тану немесе антиденеге-тәуелді цитоуыттылықнегізінде нысана-жасушаларды жойып отырады. ТЖ жасушалары МНС-І класын экпрессияламайтын (кейбір жағдайда) нысана−жасушаларын жойып отырады. ТЖ жасушалардың цитоуыттылықәрекеті перфоринге тәуелді механизмдермен себептес және цитотуытты лимфоциттердің әрекетіне ұқсас. ТЖ жасушаларының бөгде антигендері бар жасушаларға бекінген антиденелердің Fс-фрагментімен қосылуы кезінде жасушалық антиденегетәуелді цитоуыттылық әсері дамып, нысана-жасушалардыңөліміне әкеледі.

ТЖ жасушаларының екі негізгі субпопуляциялары бар: CD56+ /CD16‾және CD56‾/CD16+ . CD56+ /CD16‾фенотипті ТЖ субпопуляциясы антиденегетәуелді жасушалық цитоуыттылыққа қатысады. CD56‾/CD16+ фенотипті ТЖ екінші субпопуляциясы (Pit-жасушлары) бауыр синусоидында орналасқан. Дәл осындай жасушалар жатырда да бар. Тағамдық антигендермен және ұрық антигендерімен белсендірілетін бұл жасушалар барлық лимфоциттерді жоя алады және осы антигендерге төзімділікті қалыптастырады.

Сонымен қатар LAK-жасушалары мен γδТ-жасушалары болып ажыратылады. LAK-жасушалары (лимфокин-белсендірілген жендет) ТЖ жасушаларының аздаған субпопуляциясынан туындайды. Ол ісік жасушаларына цитоуыттық әсер береді, әсіресе интерлейкиндердің (ИЛ2, ИЛ1, ИЛ6, ИЛ15), интерферондардың, IНФα және т.б. цитокиндердің әсерінен. LAK−жасушалары Т-лимфоциттерді және эозинофилддерді белсендіреді. LAK-терапиясын меланома және бүйрек карциномасын емдеуде қолданады. γδТ-жасушалары немесе ТЖ жасушалары

Т-жасушалардың аздаған субпопуляциясы болып табылады: ТЖ-жасушасының мүмкін болатын аналогы. Ол барьерлі ағзаларда және сілемейлі қабықтарда орналасқан. Туберкулез қоздырғыштары мен оппортунистік жұқпаларды элиминациялайалады.

12-сурет. Ig G1 молекуласының құрылысы.

Иммуноглобулиндердің мономері дисульфидтік арақатынаспен байланысқан екі ауыр (Н-тізбектен) және екі жеңіл (L-тізбектен) тұрады (12-сурет). Бұл тізбектер константты және вариабельді аумақтардан тұрады. Ауыр тізбектің түрі бойынша иммуноглобулиндердің 5 класы ажыратылады: Ig G, Ig M, Ig A, Ig D, Ig E. Папаин иммуноглобулин молекуласын екі антигенбайланыстырушы фрагменттерге бөледі −Fab (fragment antigen binding) және Fc (fragment cristalizable). Иммуноглобулиннің Fab фрагментінің антиген байланыстырушы аумағы (антиденелердің белсенді аумағы) Н-және L-тізбектердің гипервариабельді аумағынан құралған; ол антигеннің эпитоптарын байланыстырады. Белсенді орталықта белгілі антиген эпитоптарына арнайы комплементарлы аймақтар болады. Ғсфрагменті комплементті байланыстырады (антиген-антидене кешені пайда болғанда), жасуша мембранасымен әрекеттеседі және IgG-дің плацента арқылы тасымалдануына қатысады.

Дисульфидтікарақатынаспен байланысқан антидененің ықшам құрылымы − домендер деп аталады. Сонымен, IgG-дің: Fab-фрагментінің N-ұштық аймағында орналасқан жеңіл (VL) және ауыр (VH) тізбектердің вариабельді V-домені; жеңіл (CL) тізбектердің константты аумақтарының С-домені; ауыр (CH1,CH2,CH3) тізбектердің константты аймақтарының С-домені болып ажыратылады. СН2-доменінде комплемент байланыстырушы аумақ болады.

  1. IgG ( G иммуноглобулині антидене қан сарысуының 80% құрайды; 4 топша IgG 1, IgG 2, IgG 3, IgG 4 )

1.Топшасына қарай жартылай ыдыратудың 7-23 күндік кезеңі.

2.Мономер; аймақты байланыстырушы -2 эпитоп

3.Fc-фрагменті комплименттің белсендірілуінің классикалық жолына қатысуы мүмкін.

4.Fc-фрагменті макрофактармен,нейтрофилдер мен NK-жасушаларымен байланысуы мүмкін

IgM (М иммуноглобулині антидене қан сарысуының 10% құрайды)

1.Жартылай ыдырау кезеңі-5 күн аралық.

2.Иммундық жауап кезінде өндірілетін бірінші антидене.

3.Пентамер: 10эпитоп байланыстырушы аймақтар.

4.Fc-фрагментті комплименттің белсендірілуінің классикалық жолына қатысуы мүмкін.

5.Мономерлі формалар В-лимфоциттің жоғарғы бетінде IgM түрінде болады.

IgА (А иммуноглобулині антидене қан сарысуының 9 % құрайды; 2топша – IgА1, IgА2) жартылай ыдырау кезеңі -5 күн шамасында

Секреторлық IgА (s IgА) сілемейлі қабықта, сілекейде, көз жасында, уызда, ана сүтінде кездесіп, вирустар мен бактерияларды бөгейді. Димер сілемейлі компанеттен тұрады, антиденені ферменттердің ыдырауынан қорғайтын: 4 эпитоп байланыстырушы аймағы бар.

IgD (иммуноглобулин қан D сарысуының 0,2 % антиденесін құрайды).

1.Мономер; 2 эпитоп байланыстырушы аумағы бар.

2. В-лимфоциттің жоғарғы бетінде mIg түрінде кездесіп, активациясы мен супрессиясын байланыстырады. (мономерлі IgM -қатар).

IgE (иммуноглобулин Е қан сарысуының 0,002 % антиденесін құрайды)

1.жартылай ыдырау уақыты 2 күн шамасында .

2.мономер; 2 эпитоп байланыстырушы аумағы бар.

3.Паразитке қарсы иммунитетке қатысады және аллергендерге жауап береді. Антидененің Fс-фрагментімес жасушасымен және базафилдермен ибайланысады, кейіннен аллергендермен әрекеттескенде аллергиялық реакция тудырады.

13-сурет. а −д. G, M, A, D, E класты иммуноглобулиндердің құрылысының сызбасы мен қызметтері.