Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нормальный атлас 2015.docx
Скачиваний:
60
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
26.09 Mб
Скачать

Антигендер

Антиген − организмде антидене пайда болуын және иммундық жауаптың басқа түрлерін тудыра алатын, сонымен қатар антиденелермен және антигентаныстырушы жасушалармен әрекеттесе алатын химиялық топтасуға тән генетикалық бөгде зат (нәруыз, полисахарид, липополисахарид, липопротеин, нуклеопротеин).

Антиген бірнеше түрлі немесе қайталанатын эпитоптардан тұрады. (3-сурет) Эпитоп (антигендік детерминант) – иммундық жауап кезінде антиденелер мен эффекторлық Т-лимфоциттердің ерекшелігін қамтамасыз ететін, антиген молекуласының ерекше бөлігі. Эпитоп антидененің белсенді орталығына немесе Т-жасушалық рецепторға комплементарлы болады. Аллергия тудыратын антигендерді − аллергендер, ал иммунологиялық толеранттылықтытудыратындарды − толерогендер деп атаймыз.

Бактериялардың антигендері: O-антиген (жасуша қабырғасының липополисахариді), Н-антиген (шыбыртқынәруызы) және капсулалы К-антиген, соның ішінде Vi-антиген.

3-сурет. Антигеннің эпитоптары.

Гаптен − шағын химиялық топ түріндегі толыққұнды емес антиген. Гаптендер өз бетімен иммундық жауап тудырмайды, бірақ антиденелермен немесе сезімтал лимфоциттермен өзара әсерлесе алады. Гаптен иммундық жауапты тек нәруызбен немесе басқа полиме-тасымалдаушымен байланысу арқылы тудырады.

Cуперантигендер – антигенбайланыстырушы саңылаудан, яғни белсенді орталықтарынан тыс антигентаныстырушы жасушалардыңМНС II класымен және Т-лимфоциттің Т-жасушалық рецепторларымен өзара әрекеттесетін микробттардың антигендері. Суперантигендер − МНС ІІ класс молекулалары мен Т-жасушалық рецепторлардың (TcR) бүйірінен қосылады. (4-сурет). Олар мүмкін болатын ерекше иммундық жауапты тежейді және лимфоциттердің поликлоналды белсенуін, цитокиндердің босап шығуын, кейін иммундытапшылықтармен жүретін Т-лимфоциттер өліміне әкеледі. Суперантигендерге стафилакокктардың энтеротоксиндері, уытты шок синдромының уыты, стрептококктардың суперантигендері, Эпштейн-Барр вирусы және т.б. жатады.

4-сурет. Суперантигеннің антигентаныстырушы жасушалармен және Т-лимфоциттермен байланысы.

Негізгі гистосәйкестік кешенінің антигендері. (MHC-Major histocompatibility complex). МНС адамдарда HLA ( Human leukocyte antigens) деп аталады. I класты МНС антигендері барлық ядросы бар жасушаларда болады, ал II кластыМНС − тек антигентаныстырушы жасушаларда болады (5-сурет). I және II класты МНС антигендері Т-лимфоциттердің антиген пептидімен танысуына қатысады: I класты МНС өнімдері антигенді пептидті CD8 Т- лимфоциттеріне таныстырады, ал II кластыМНС − CD4 Т-лимфоциттермен байланысады. МНС-тің классикалық емес молекулалары бар, немесе МНС-тәрізді (мысалы CD1) молекулалары бар.

5-сурет.CD8 мен CD4. Т-лимфоциттер мен MHC І және ІІ кластардың көмегімен пептид-антигеннің көрінісі.

Комплeмент

Комплемент (С) – қан сарысуының нәруыздық жүйесі (20 компоненттен көп) организмде бөгде антиген болған жағдайда каскадты түрде( тізбектеліп) белсенеді. Комплемент белсенуі классикалық, альтернативті, лектинді жолдармен жүреді. (6-сурет). Комплементтің белсенуі кезінде мембранашабуылдаушы кешен пайда болады, ол жасуша мембранасында трансмембраналы канал қалыптастырады. Комплементтің пайда болған фрагменттері фагоцитозға қатысатын опсониндер (С3b, C4b) және анафилаксиялық реакцияларға қатысатын анафилотоксиндер (С3а, С5а) болып табылады.

Комплемент белсенуінің классикалық жолы − антиген-антидене кешеніне С1 компонентінің қосылуымен басталады (антидененің Fc- фрагментіне), ол С2 және С4 компонентері белсендіріп, ыдыратады да классикалық жолдың С3/С5 конвертазаның (протеаза) пайда болуына қатысады.

Комплементбелсенуінің альтернативті жолы − антидененің қатысуынсыз, антигеннің комплемент жүйесін және B,D,P,H факторларын белсендіруі нәтижесінде альтернативті жолдың С3/С5 конвертазаларының (протеаза) пайда болуымен жүреді.

Комплементбелсенуінің лектинді жолы − құрылысы бойынша C1q

компонентінің аналогы болып келетінқандағы лектин, маннан-

байланыстырушы нәруыздардан (МБН) бастау алады. МБН микроб

жасушасының бетіндегі маннозасымен байланысып, кейіннен

6-сурет. Комплемент жолдарының белсенуінің сызбасы. МБН −маннан байланыстырушы нәруыз.

комплементтің С4,С2 компоненттерін ыдыратады және классикалық жолдың С3-конвертазасын (C4b2a) түзеді.

Мембранашабуылдаушы кешен (МШК). Комплементтің белсенуі жасуша мембранасына еніп, диаметрі 10 нм канал түзетін, комплементтің С5-,С6-,С7-,С8-,С9- компоненттерінен тұратын мембранашабуылдаушы кешеннің қалыптасуымен аяқталады. Көптеген МШК-дің пайда болуы нәтижесінде жасушалар ыдырайды.