Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нормальный атлас 2015.docx
Скачиваний:
60
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
26.09 Mб
Скачать

Фагоцитоз, опсониндер

Фагоцитоз – корпускулалардың, бактериялардың немесе үлкен макромолекулярлы кешендердің фагоцитпен жұтылуы. Фагоцит жасушалары: нейтрофилдер және моноциттер/ макрофагтар. Эозинофилдер де фагоцитозға қатыса алады (антигельменттік иммунитет кезінде нәтижесі көбірек болады.). Фагоцитоз үрдісін фагоцитоз нысанын бүркейтін опсониндер күшейтеді.

Қандағы лейкоциттердің 5−10%-ын моноциттер, ал 60−70 %-ын нейтрофилдер құрайды. Моноциттер тінге түсе отырып, тіндік макрофагтар популяциясын қалыптастырады: купфер жасушалары (немесе бауырдың жұлдызшалы ретикулоэндотелиоциттері), сүйек тінінің остеокласттары, альвеолярлы және интерстицийлік макрофагтар, ОЖЖ микроглиясы.

Фагоцитоз үдерісі. Фагоциттер хемоаттрактанттардың (микробтардың заттектері, комплементтің белсендірілген компоненттері (C5a,C3a) және цитокиндер) әсеріненфагоцитоз нысанына бағыт алып жылжиды. Фагоциттің плазмалеммасы бактерияларды немесе басқа корпускулаларды және өзінің бұзылған жасушаларын ұстайды. Содан кейін фагоциттің нысаны плазмалеммамен қоршалады да, мембраналық везикула (фагосома) фагоциттің цитоплазмасына енеді. Фагасома мембранасы лизасомамен бірігеді де фагоциттелген микроб бұзылады, рН−4,5-ке дейін қышқылданады; лизасома ферменттері белсене түседі. Фагоциттелген микроб лизосома ферменттерінің, катионды нәруыздар дефенсинінің, G катепсинінің, лизоцимнің және басқа да факторлардың әсерінен ыдырайды. Оттегілік жарылыс кезінде фагоцитте оттегінің улы антимикробты түрлері – Н2О2 сутек асқынтотығы, О2 супероксиданион, ОН гидроксилді радикал, синглетті оттегі пайда болады. Сонымен қатар азот тотығы және NO радикалының да антимикробты әсері бар.

7-сурет. Макрофактардың иммунитеттегі орталық рөлі

Макрофагтар иммунокомпетентті жасушалармен байланыспай тұрып қорғаныш функциясын 7-сурет) атқарады (бейспецификалық резистенттілік). Макрофагтордың белсенуі фагоциттелген микробтардың бұзылуынан, оның процессингінен (қайта өңделу), Т-лимфоциттерге презентациясынан (таныстырылуы) кейін болады Иммундық жауаптың соңғы сатысында Т-лимфоциттер макрофагты белсендіретін цитокиндер бөледі (жүре пайда болған иммунитет). Белсендірілген макрофаг антидене және белсенді комплемент жүйесімен қосылып, фагоциттелген микробтарды бұза отырып, жоғары нәтижелі фагоцитозды жүзеге асырады (иммундық фагоцитоз).

Фагоцитоз ұстап алынған микробтардың жойылуы нәтижесінде − аяқталған және микробтар тіршілігін жоймаған жағдайда − аяқталмаған болуы мүмкін. Аяқталмаған фагоцитоздың мысалына гонококктардың, туберкулез таяқшаларының және лейшманиялардың фагоцитозы жатады.

Опсониндер (лат.opsonin ‒ күшейткіш)микробтарды бүркейтін және олардың фагоцитозын күшейтетін нәруыздар. Опсониндердің рөлін иммуноглобулиндер, жедел фаза нәруыздары, липополисахарид байланыстырушы протеиндер , комплемент компоненттері (С3b, C4b) , өкпенің сурфактантты протеиндері SP-A,SP-D атқарады.

Грамоң бактериялар (стафилококктар, стрептококктар, пропионбактериялар және т.б.) капсула тәрізді жамылғы түріндегігуморалдық факторларды өзіне тән еместүрдеадсорбциялауға қабілетті. Осының әсерінен олар грамтеріс бактерияларғақарағанда қарқынды фагоциттеледі (сондықтан көптеген авторлар фагоцитозды бағалау кезінде грамоң бактерияларды қолдануды дұрыс деп есептемейді).Осылайша,

Жедел фаза нәруыздары (С-реактивті нәруыз, фибриноген,маннан байланыстырушы лектин,сарысулықамилоид)ауыр жедел жағдайлар кезінде гепатоциттермен өндіріледі.Олардың синтезі ИЛ-6,ИЛ-1, ІНФқабынуалды цитокиндерінің әсерінен ұлғаяды.

шартты түрде иммуноглобулиндік жамылғы деп аталатын қан сарысуынан өңделген стафилококктар капсула тәріздес жамылғы түрінде (8, 9-сурет) сарысу нәруыздарын (иммуноглобулиндер, комплемент, альбумин және т.б.) өзіне тән емес түрде адсорбциялайды (А.С.Быков, 1978). Опсониндер иммунды жабысу нәтижесінде, фагоциттелетін объектінің гидрофобты қасиеттерінің күшеюінен фагоциттердің жоғарғы беткейімен және басқа жасушалармен әрекеттесе алады,мысалы эритроциттермен (10, 11-сурет).

8-сурет.Стафилококктардың иммуноглобулиндік

жамылғысыныңультражұқа электрограмма

кескіні.

9-сурет.Қалыпты адамның иммуноглобулиндік препаратымен өңделген

стафилококктың және ішек таяқшасының ультражұқа кескін электрограммасы.