Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bestsennyy_trud.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
111.56 Кб
Скачать

1-Билет

  1. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845-1904жж.

    • Туған жері-Семей облысы;

    • Кім болған:-ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор,аудармашы, саяси қайраткер;

    • әкесі- Өскенбайұлы Құнанбай;

    • шешесі- Ұлжан;

    • оның шығармалары:”Көзімнің қарасы”, ”Ғылым таппай мақтанба”, ”Қыс”, ”Жазғытұры”, ”Күз”, ”Жаз”, ”Қара сөздер”, ”Ескендір”;

  1. Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, 

Соқыр-мылқау танымас тірі жанды, 

Үсті-басы — ақ қырау, тусі суық, 

Басқан жері сықырлап, келіп қалды. 

Дем алысы — үскірік, аяз бен қар, 

Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды. 

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, 

Аязбенен қызарып ажарланды. 

Бұлыттай қасы жауып екі көзін, 

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. 

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, 

Алты қанат ақ орда үй шайқалды. 

Әуес көріп жүгірген жас балалар, 

Беті-қолы домбығып, үсік шалды, 

Шидем мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай сырт айналды. 

Қар тепкенге қажымас қайран жылқы 

Титығы құруына тез тақалды. 

Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр

Малшыларым, қор қылма итке малды. 

Соныға малды жайып, күзетіңдер, 

Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! 

Ит жегенше Қондыбай, Қанай* жесін, 

Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.

Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.  Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.  Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,  Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. Біреу малма сапсиды, салып иін,  Салбыраңқы тартыпты жыртық киім. Енесіне иіртіп шуда жібін, Жас қатындар жыртылған жамайды үйін. Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен, Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен. Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы, Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен. Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең, Көңілсіз қара суық қырда жүрсең. Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң, Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең. Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы, Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы. От жақпаған үйінің сұры қашып, Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.

  1. Фонетика

Қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді, және жуан дауысты буындардағы дауыссыз дыбыстар жуан түрде айтылады (мысалы: тыс, құрт), ал жіңішке дауысты буындарда жіңішке естіледі (мысалы: тіс, күрт).

Қазақ тілінде екпін көбінесе соңғы буынға түседі.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін алғашқы құрған ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: басқа дыбыстық жүйелер, бөтен тілдердің дыбыстары қосылған, жалған жүйелер.

2-Билет

  1. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы- қазақ халқының және шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі.

Қазақ тілін зерттеген ғалымдар:

1)Василий Васильевич Радлов;

2)Василий Владимирович Бартольд;

3)Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев;

4)Ғубайдолла Айдаров;

Алфавит:

  1. араб: 1072-1929 жылдары;

  2. латын: 1929-1939 жылдары;

  3. орыс: 1940 жылдан бастап;

  1. Тіл жоқ жерде ұлт жоқ;

  2. Қазақша жазу – қазақ сөздерінің кез келгенін құрастыра беру емес;

2.

Сауранбаев Нығмет Тінәліұлы

(1910-1958)

Н.Т. Сауранбаев- қазақ тіл білімнің негізін салушылардың бірі, түрколог, фиология ғылымының докторы, профессор .

Әдеби тілдің тарихы жәнінде еңбек жазып, артына елеулі із қалдырды: «Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі»(1954), «Қазақ тілінің жасалуы туралы»(1954),«Қазіргі қазақ тілінде диалектілер»(1955);

1958 ж Алматы қаласында қайтыс болады.

3. Дауысты дыбысты айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз куысында кедергіге Ұшырамай, еркін шығады;

12 дауысты дыбыс бар, Олар: а,е,ә,о,и,ө,у,ү,ұ,ы,і,э; (қызметін атқаратын әріптері: ю,я,ё);

Жуан: а,о,ұ,ы,у;

Жінішке: ә,ө,ү,і,е,и,э,(у);

Ашық:а,ә,о,ө,е,э;

Қысаң: ы,і,и,у,ү,ұ;

Еріндік: о,ө,ұ,ү,у;

Езулік: а,ә,е,ы,і,и,э;

3-Билет

1.Абай Кұнанбайұлы және Ыбырай Алтынсарин-әдебиеті қазақ тілінің салушалары;

Ыбырай Алтынсарин (шын аты - Ибраһим, 1841-1889) - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.

Туып-өскен жері - Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобол өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]