Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bestsennyy_trud.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
111.56 Кб
Скачать

10 Билет

1 Ежелгі қалалар

. Қазақ жерінде ежелгі қалалар көп. Шағын елді мекендерде тұрған халықтың саны көбейіп, қалаларға айналған. Қалалардың көбі өзендердің жағасына, ауа райы жылы жерлерге салынған. Ең алғашкы қалалар осыдан екі жарым мың жылдай бұрын пайда бола бастаған. Біздің тарихшы ғалыидарымыз бен қазба жұмысын жүргізетін археологтеріміз ашып берді.  2. Түркістан

қазақ жеріндегі ежелгі қалалардың бірі – Түркістан қаласы. Түркістан қаласы – қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы, Түркістан ауданының орталығы, Шымкент қаласының 225 шақырам жерде. Бұл қаланың орнында IV-X ғасырларда Шабғар деген үлкен қала болған. IX-X ғасырларда бұл қала ерекше гүлденіп, Йаса деп аталады. XV ғасырдан бастап Түркістан деп аталды. Бұл қалада осы уақытқа дейін жақсы сақталған Ахмет Йасауи кесеней бар. 

3. Етістік

-заттың іс-әрекетін қимылын білдіреді.

Болымды: алды, жаздыр, өшірді.

Болымсыз: 1)етістікке+ма-ме-ба-бе-па-пе; жоқ, емес

11-билет

  1. Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Әрине олар ұлттық тұлға болған. Қазақ жерінің бір сүйемі де осылардың арқасында жаудың қолында кетпеді. Аңызға айналдырған батырлардың аттарының ішінде, әсіресе, Абылай ханның бас қолбасшылары саналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бір төбе болса, тағы да осылардың қатарында бір шоғыр қазақ батырларының: Қарасай мен Ағынтай, Саңырық пен Тайлақ, Өтеген мен Сұраншы, Сеңкібай мен Шойбек, Малайсары мен Райымбек, Бөлек пен Сатай, Жәнібек пен Тілеуке, Қылышбек пен Естенбек, Есенқұл мен Сыпатай сынды ақберендердің есімдері де көрінеді.

  2. Қаракерей Қабанбай (1691—1769). Қабанбай жастайынан жоңғарлардың жауыздығын көзімен көрген еді. Жеті жасқа толғанда әкесі Қожағул батыр жау қолынан қаза табады. Он бес жасқа келгенде ағасы Есенбайды қалмақтар далада өлтіріп кетеді. Жас батыр жалғыз жортып, қалмақтың ел шапқьш батыры Жырғыл мен Асыланды өлтіріп, кегін қайтарады. Оны қайрат-күшіне, батылдығына сүйіп «қабан» деп атап кетеді. Ержете келе жойқын күшімен, алғырлығымен, қайтпас қайсарлығымен танылған батырда «Қабанбай» есім сақталып қалады.1750 жылдардың ортасы Жоңғар қақпасы маңында жаудың негізі жойып жіберді.

  3. Іс-қимылдың уақытын білдіретін етістіктің тұлғасы етістіктің шақтары дейміз. Үш шақтары бар:

Сөйлеп тұрған уақытта болып жатқан іс-қимылды осы шақ білдіреді. Оның екі түрі бар:

Дәл сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті нақ осы шақ білдіріп, -а, -е, -й жұрнақтар мен жіктік жалғау арқылы жасалады; күнделікті болып жатқан іс-қимылды ауыспалы осы шақ білдіріп, -ып, -іп, -п жұрнақтар мен қалып етістік арқылы жасалады.

Сөйлеп тұрған уақыттан бұрын кейін болатын іс-қимылды өткен шақ білдіріп үш түрге бөлінеді.

Іс-қимылдығ жуық арада болғанын жедел өткен шақ білдіріп, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтар мен жіктік жалғау арқылы жасалады; негізінен болғанына көп уақыт өткен іс-қимылды бұрынғы өткен шақ білдіріп, -ған, -ген, -қан, -кен, -ып, -іп, -п жұрнақтар мен жіктік жалғау арқылы жасалады; сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды ауыспалы өткен шақ білдіріп, -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтар мен жіктік жалғау арқылы жасалады.

Сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын іс-қимылды келер шақ білдіріп, үш түрге бөлінеді.

Іс-қимылдың келешекте болатынын болжалды келер шақ болжап көрсетіп, -ар, -ер, -р, -с жұрнақтар мен жіктік жалғау арқылы жасалады; алдағы уақытта болатын іс-қимылды ауыспалы келер шақ білідіріп, -а, -е, -й жұрнақтар мен жіктік жалғау арқылы жасалады; іс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын мақсатты келер шақ білдіріп, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтар мен жіктік жалғау арқылы жасалады.

12-билет

  1. Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастарға біле бермейтіндер өте аз, себебі қазақтар өз салт-дәстүрлерін әрқашан мойынсұнады.

Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.

Қырқынан шақыру – нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған шомылдырады.

Бесікке салу. Халқымызда бесік – қасиетті, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Бесікті отпен аластарап, баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі.

Тұсау кесу – сәби қаз тұра бастағанда, екі аяғын жіппен тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіріп, баланы тез жүгіртеді.

  1. Бесікке салу. Халқымызда бесік – қасиетті, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Бесікті отпен аластарап, баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Мерекелік дастарқан жайылып, бесікке салған адамға кәде беріледі.

  1. Орындаушының іс-қимылға байланысты ой-пікірін, қатынасын етістіктің райлары білдіреді.

Ашық рай іс-қимылдың қай шақта орындалғанын білдіреді.

Бұйрық рай іс-қимылдың бұйыру, талап ету мағынасын білдіреді.

Шартты рай іс-қимылдың орындалу шартын білдіреді.

Қалау рай іс-қимылды орындаушысының қалауын, тілегін, ниетін білдіреді.

13-билет

  1. Отбасы дегеніміз туысқандық байланыста болатын бірлесіп, әулеттік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелер сақтайды. Қазақ отбасында әке – отбасының тірегі. Ананың орны да ерекше, әке де, балалар да оны сыйлайды. Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді. Қыздың орны да үлкен – қызды ерекше құрметтейді.

  2. Отан оттан да ыстық; Отанда пияз да тәтті, ауасы да шипа; Отан отбасынан басталады; Отансыз адам – ормансыз бұлбұл; Туған жер – алтын бесік; Отан үшін күрес – ерге тиген үлес; Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас; Өзің үшін ту, елің үшін күй; Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; бірлік бар жерде – тірлік бар; Жері байдың елі бай.

  3. Етіс іс-қимыл мен оны орындаушының арасындағы қатынасты білдіреді. Етістің төрт түрі бар.

Істі орындаушының өзі істегенін өздік етіс білдіріп, -ын, -ін, -н жұрнақтар мен жіктік жалғау арқылы жасалады; істің орындаушысы көрсетілмей, өздігінен жасалғандай ырықсыз етіс көрініп, -ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н жұрнақтар мен жіктік жалғау арқылы жасалады; істің бірлесіп ортақсып істелгенін ортақ етіс білдіріп, -ыс, -іс, -с жұрнақтар мен жіктік жалғау арқылы жасалады; өзгелік етіс істің үшінші біреу арқылы орындалғанын білдіріп, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -т, -сет жұрнақтар мен жіктік жалғау арқылы жасалады.

14-билет

  1. Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Киімнің негізгі түрлері

Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер. Бұларға мынандай киімдер жатады:

Іштік киімдер: Бешпент, дамбал, жейде (көйлек), қамзол, күрте, (желетке), шалбар. Сыртқы (өң) киімдер Жадағай шапан, жарғақ, күпі, сырмалы шапан, тай-жақы, тон, шапан, шидем, ішік, қолқап.

Сулық киімдер: Аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен.

Ерлердің бас киімдері: Башлық, бөрік, далбай, жалбағай, жекей тымақ, күлпара, қалпақ, құлақшын, малақай, мұрақ, тақия, тымақ, шалма.

Әйелдердің бас киімдері: Бергек, бөрік, жаулық, желек, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі.

Аяқ киімдер: Кебіс, көк етік, мәсі, мық- шима, саптама етік, шоңқайма.

Киімдердің әлеуметтік дәрежесі

Ұлттық киімдеріміз пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай күнделікті, сәндік киімдер, жыл мезгілдеріне байланысты қыстық, маусым аралық, жаздық, күздік киімдер болып бөлінеді. Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес мынандай түрлерге жіктеледі: сәби киімі (иткөйлек, сылау тақия), бала киімі (кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпент, шапан), бозбала киімі (тақия, етік, жейде, шалбар), бойжеткен киімі (желбіршек- ті көйлек, тақия, кәзекей), қалыңдық киімі (сәукеле, желек), келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, қамзол, кебіс, мәсі, көкірекше), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде, дамбал, саптама етік, кебіс, мәсі). Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне байланысты ұлт-тық киімдер мынандай да топқа бөлінеді: жоғары текті қазақтардың киімі, сал-серілер киімі, сән-салтанат киімдері, ұлттық ойын-сауық, жарыстарда киетін киім-дер, ғұрыпты киімдер, қа- зақтың неке киімдері, күй-еу жігіт киімі, қалыңдық киімі, дінге байланысты салт- тық және ғұрыптық киімдер, діндарлар киімі, жерлеу рәсіміне байланысты өлікке кигізілетін киім, аза тұтушылардың қаралы киімдері, қазақтардың ертедегі сулық және кәсіптік киімдері, малшылар киімі, аңшылар киімі, батырлар киімі және т.б. Біздің арнайы зерттеп, пай-ымдағанымызда білгеніміз: қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы көп. Тіпті киімдерді ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп те танып жатады. Сондай-ақ, кейбір киімдер ру, тайпа аттарымен де былайша аталып, танылады: қыпшақ тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік т.с.с. Қазақтың ұлттық киімдерін географиялық аймағына қа-рай Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те атау кездеседі. Бірқа-тар қазақ киімдерінің үлгісіне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу мәнерінің де әсер еткені мәлім. Ал енді көне ғасыр- ларда пайда болған қазақтың көптеген киім түрлері мен үл- гілері бізге жеткен жоқ. Біз-дің ұлттық киімдеріміздің не- гізгі түрлеріне байланысты арнайы салт-дәстүр, ырымдар бар.

  1. Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы.

Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қабаттап жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй қатты соққан дауылдан жығылмайды, нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді.

Шаңырақ деп дөңгелек ағашты айтады. Ол ошақта жағылған оттың түтіні шығуына және күндіз ішіне жарық түсіруге арналған. Шаңырақ қажетті кезде арнаулы киізбен жабылады, ашылады. Көшпелі тұрмысқа киіз үй өте қажетті мен ыңғайлы.

  1. Есімше – септеліп, тәуелденіп, көптеліп есім сөздің де, жіктеліп етістіктің де қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрі. Есімше -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с, -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтармен жасалады.

15-билет

  1. Алматыда 10 мұражай бар. Оның бірі ұлттық мұражай. Ол Сатпаев көшесінде орналасқан. Мұражайда 4 бөлім бар. Төменгі қабатта қазақстанның тас дәуіренен бастап дамуы көрсетілген. Тастан, темірден жасалған алғашқы шауашылық заттары бар. Бірінші қабатта киіз үй, қолөнер заттары қойылған. Екінші қабатта Ұлы Отан соғысы кезіндегі қару жарақтар қойылған. Батыр қыздарымыз Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова туралы мәліметтер бар. Содан кейінгі бөлім біздің ұлы адамдарға арналған. Сол бөлімде біздің президентіміз Назарбаевқа берілген заттар бар. Бұл мұражайда тарихи және ғылыми жұмыстар жүргізіледі. Қай елде болсын ұлттық мұражайлардың орны ерекше. Себебі, мұражайлар халыққа, сондай-ақ шетелдік қонақтарға тарих, мәдениет туралы, материалдық және рухани құндылықтар туралы танымдық ақпараттар береді. Осы жерде ұлт тарихына байланысты көптеген мәліметтер сақталады. Мұражайда киіз үй және оның ішкі жабдықтары, ұлттық музыкалық аспаптардың түрлері, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар келбеттері көркем бейнеленген. Ұлттық киімдері соншалықты салтанатты. Әйел адамдардың зергерлік бұйымдарын нағыз шеберліктің үлгісі көрсетіледі. Жалпы, қазақ халқының мәдениетінде ерекше әсерлі нәрселер көп.

  2. Қазақ халқы бұрын негізінен мал өсірумен айналысқан. Қазақ халқының күнделікті тұрмысында қойдың маңызы зор болды. Қойдың еті қазақтың негізгі тамағының бірі болып есептеледі. Қойдың сүтінен құрт, сүзбе, айран, май әзірледі. Жүнінен киім-кешек, ыдыс дайындады. Жылқы әрі көлік, әрі тамақ ретінде пайдаланылды. Етінен тағамдар әзірленеді, сүтінен аса бағалы сусын – қымыз ашытылады. Жүнінен киім-кешек және түрлі бұйымдар жасалады. Қазақ халқы егін егумен де шұғылданған. Көбіне тары, бидай, арпа, жүгері екті. Ан, балық аулаумен де айналысқан.

  3. Көсемше – іс-әрекеттің жай-күйін білдіріп пысықтауыш та, жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, баяндауыштың қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрі. Ол –ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі, -а, -е, -й жұрнақтармен жасалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]