Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bestsennyy_trud.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
111.56 Кб
Скачать

23 Билет

1. Әйтеке би

Әйтеке Байбекұлы (1644-1700) – артына аталы сөз қалдырған шешен билердің бірі. Қазақ халқының басын біріктіріп, бір орталықтан басқарған және туысқан қарақалпақ, қырғыз халықтарымен одақ құрап, жоңғар қалмақтарына қарсы біріңғай халық майданын ашқан, Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі болған. Сонымен, Әйтеке би – шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жобасын жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құруға атсалысып, үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері.

2.Кино өнері

Кино өнері – көп өнердің бір түрі. Ол – әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Кино шығаруға, яғни фильмді жасауға әр алуан мамандықтың шығармашылық қызметкерлері қатысады. Олар: кинодраматург (сценарий авторы); режиссер (оқиғаның орындалуына жетекшілік етушы), актер (кейіпкер тұлғасын экранда жасаушы), оператор (түсіруші), суретші, композитор.

Кино өнері – өзіне тән амалдарды, көркемдеу тәсілерді, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлерді бар ерекше өнер.

3. Салалас құрмалас сөйлем

Салалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп , өзара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі.

Салалас құрамластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі түрлі жолмен байланысады.

1. Интонация арқылы мағыналарының жаңындағына қарай іргелесе байланысады.

2. Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірінен өзара жалғаулық щылаулар арқылы байланысады.

Ыңғайлас шылыулары: мәнді да, де,та, әрі, және , мен жалғаулық шылаулар.

Қарсылық шылыулары: мәнді бірақ, алайда , дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар.

Себеп – салдар шылыулары: мәнді өйткені , себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар;

Талғау шылыулары: мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, яеи болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар.

Кезектес шылыулары: мәнді кейде, бірде , біресе тәрізді жалғаулық шылаулар.

3. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері .

Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өзара белгілі мағыналық қарым – қатынаста айтылады. Мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді :

1. Ыңғайлас салалас.

2. Қарсылықты салалас.

3. Себеп – салдар салалас.

4. Ілектес салалас.

5. Талғаулы салалас.

6. Кезектес салалас.

24 Билет

1.Алматы — республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғампаздықпен үндестік тапты. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен кезге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазакстанның ҒА-ның және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, "Қазақстан", "Отырар", "Рахат-Палас", "Анкара", "Достық" қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала түрғындарына арналып салынған ғимараттар бой котерді.

2. Алматының аспаны

Мұқағали Мақатаев

Тал түсте,

Бозғыл деңгейде,

Шуағын жерге төккен Күн.

Жылымық қыста кей-кейде,

Иісі келер көктемнің.

Ұмыттырар ақпанды,

Боз аспан, онан боз дала.

Осынау ғажап шақтарды,

Қозғама, тәңір, қозғама!

Оралады өткен күз,

Қыс келеді.

Төсі қар.

Ұзатылған көктем-қыз

Қайта оралса, несі бар?!

Ішке сыйған баламыз,

Сыртымызға сыяды.

Кең ғой біздің даламыз!

Зиялы да ұялы.

Қайдан келсін бірақ та,

Мезгіл жетпей қыз-көктем.

Қарашы анау қыратқа,

Арқасына мұз шөккен.

Алматының аспаны,

Бізді әзірге тұр алдап.

Қайың, терек бастары,

Барады әне, қыраулап...

3. Сабақтас құрмалас сөйлем

Бірінші сөйлемінің баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына (сабақтаса) байланысады. Түрлері:

1. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрі.

Шартты бағыныңқылы сөйлем қайтсы? не етсе? Қайткенде? Не еткенде? Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше? Не етпейінше ? деген сұрақтарға жауап береді.

Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:

а) Етістіктің шартты рай түрінен болады. Осындай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, сол көптің бірі боп біз қандай оп – оңай араласып кетер едік.

ә) Болымсыз етістіктің –й тұлғалы көсемше түрінен болады: Мен үйге келмей, іс бітпейді.

б) Жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады. Қара теке Әзімбай болғанда, осы текенің әкесі – сары теке қатар тұр еді.

2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құмалас сөйлем - басыңқысөйлем білдіретін ой бағыныңқыда айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы ой басыңқыдағы ойға қарсы қойылатын сабақтастың түрі.

Сұрақтары: Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен ? не еткенмен? Қайтпесе ?

Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:

а) Шартты райлы етістікке да,де шылауы тіркесінен болады: Мен қанша қарасам да, ол мені байқамады.

ә) Болымсыз тұлғадағы етістіктің шартты райынан болады. Мотор үні өшті демесең,екпіні басылып тұр.

б) Көмектес септік тұлғасындағы есімшеден болады. Бұл ажыраптың күні ыстық болғанмен, түні салқын.

в) – ша,-ше тұлғалы есімшеден болады. Мыңның түсін білгенше , бірдің атын біл.

г) Көсемше тұлғалы күрделі етістіктен болып, көмекші етістік тура, тұрып сөзі болады. Дүкеннің жабық екенін біле тұрып, Рүстем соған беттеді.

ғ) Шығыс септік тұлғасындағы болымсыз есімше түрінен болады: бетіме көз салмастан, жасқа ерін бергеніне таң қалдым.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін құрмаластың түрін мезгілін білдіретін құрмаластың түрі.

Сұрақтары: Қашан? Қашаннан бері? Қашанға шейін ?

3.Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады.

а) Жатыс септік тұлғаласындағы есімшіден болады. Екеуі ымырт үйіріле үйден шыққанда, қонақтардың соңы әлі тараған жоқты.

ә) Есімше тұқлғалы етістік пен кезде , күнле , шаңта, уақытта деген мезгіл мәнді сөздердің тіркесінен болады: Күн ұясына төліп келген кезде, Аманкелдіге тағы он шақты адам кездеседі.

б) Барыс және шығыс септік тұлғаысндағы есімше мен шейін, дейін , кейін , соң,бері, бұрын шылаулардың тіркесінен болады. Сейіттің әке-шешес, даланың бір айналсаң қырғыны одадан өлгеннен кейін, Игілік – қалған мал-мүлкін жинап алғысы кеп жетім баланы өз қасына алдырған.

в) –Ша,-ше тұлғалы есімшіден болады. Зейнептен апасын сұрағанша, отырған жерін өзім таптым.

г) Көсемшенің – ғалы,-гелі,-қалы,-келі тұлғасынан болады:Шынында да, Барластар келгелі,Құланбай бұл үйіне кеп қалған емес.

д) Етістіктің шартты райынан да болады: Мен кетсем де, ол үйге кіреді.

е) –ысымен (-ісімен) қосымшалы етістікпен болады. Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.

4.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемде айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрі.

Сұрақтары: неліктен? Не себепті? Неге? Не деп? Себеп бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады.

а) – дықтан,-діктен қосымшасы үстелген есімшеден жасалады: Үйдің іші қараңғы болғандықта, Зәмзегүл есікті айқара ашып қойды.

ә)Есімше тұлғалы етістікке соң шылауы тіркесінен жасалады: Балуан аәңға көшкен соң, қалғандары да тақыл суыта бастады.

б) Болымсыз етістік көсемше тұлғасынан болады: Ол өзін - өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті.

5.Қимыл–сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай орындалғынын білдіретін сабақтастың түрі.

Сұрақтары: қалай? Қайтіп? Не етіп?

Қимыл–сын бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғаларданжасалады.

а) – а,-е,-й және –ып,-іп,-п тұлғалы көсемше деген болады.Осынша қуаңшылыққа қарамай, жылан биыл да түлеген.

ә) Есімше тұлғаласына – дай,-дей жұрнағы жалғанып жасалалады.Балалары анасынан туғандай, түрлері бір келбетте.

6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мақсатын білдіретін сабақтасытың түрі.

Сұрақтары: Не мақсатпен? Не етпек болып? Не үшін? Неге?

а) –мақ, -мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек етістікке тіркеледі. Керек болған затты алып шықпақ болып, өзі жалғыз кірді.

ә) Тұйық етістік пен үшін шылауының тіркесуінен: Кесе-шәйнекті сындырмай ұстау үшін, жақсы сөре керек.

б) Шартты , бұйрық және қалау рай тұлғалы етісітк пен деп көмекші етістік тіркесінен болады. Сол шаң тына қалар ма екен деп, Көпей самауырда есік алдына қойды.

Билет-25

1. Радиохабар - радиобайланыстың көмегімен әуе толқындары арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық - саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту - ағарту құралдарының бірі. Демек, бұқаралық ақпарат құралдары бір түрі. Радиобайланысты алғаш ойлап тапқан - А. С. Попов.

Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық саяси жанрлар, көркем публицистикалық жанрлар (радиоочерк, радиофельетон, радиокомпозиция), көркем жанрлар (радиоинсценировка, радиопьеса, тағы басқа). Радио сонымен бірге өз хабарларында барлық жанрда орындалған әдеби және музыкалық шығармалардың трансляциясын да, радиоға арнайы дайындалға драмалық және опералық спектакльдерді де пайдаланады.

Теледидар – телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын бір уақытта күшейту және түрлендіруезі теледидар әдетте супергетеродинді сұлба бойынша құрастырылады. Оның нұсқалары сүйемелдеуші дыбыс сигналдарын күшейту және бөлу әдістері бойынша бөлінеді. 20 ғасырдың соңында ертеден қолданылып келген кинескопты теледидарлардың орнын сұйық кристалды, плазмалы теледидарлар басты. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидарлардың ең озық түрі болып саналады.

2. Мұқағали Мақатаев (1931-1976)   

   Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.    

    Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. 

    Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.

     Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хан тәңірісі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Ә.Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған.

    Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған.

    Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.

М.Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" т.б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.

    Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді. 

    М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

3.Біреудің сөзінің бұлжытпай, өзгеріссіз берілуі төл сөз деп аталады.

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана берсе, ол төлеу сөз деп аталады.

Билет-26

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]