Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bestsennyy_trud.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
111.56 Кб
Скачать

1. 2 Билет

2.Шәмші Қалдаяқовтың әніне, Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған "Менің Қазақстаным" әні

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досыңдай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным

!

3. Ыңғайлас- бір-іріне жақын болған оқиғаларды білдіреді

Себеп-салдар – жай сөйлемдердінің бірі екіншісінің себебін білдіреді

Билет-27

1.Қаныш Сатпаев қазақ халқының ұлы ағартушысы,халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханұлы туралы біраз ізгі сезіммен жазған.

Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаев, ағартушы педагог Ыбрай Алтынсариндер туралы да көптеген еңбектер жазған.

Қаныштың бір ерекшелігі ол химик пен де, филолог пен де өздерінің тілінде, ғылыми тілінде сөйлесе білген. Замандастары осынау ұлағатты тұлғандығына таңғалады.

2. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлықалабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген. «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады. Бұдан кейін 1847-1853 жылдары оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусында оқытады. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген.

Оның ғұмырының соңғы жылы Тезек сұлтанның ауылында өтті. Ол мұнда да Ұлы жүз қазақтарының өмірінен тарихи-этнографиялық материалдар жинаумен шүғылданды. Аса көрнекті қазақ ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов 1865 жылы 10 сәуірде ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Оның қабірінің басына ескерткіш пен құлпытас орнатылды. Ескерткішті саяси жер аударылып келген поляк революционері Леполъд Ластовский жергілікті мәрмәр тастан қашап жасады. Шығыстанушы ғалым И.Н. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жүлдыздай жарқ етті де жоқ болды», — деп жазды. Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге орасан зор үлес қосты. Аса көрнекті қазақ ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық мұра қалдырды. Оның «Абылай», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл күнделіктері», «Үлкен орда қырғыз-қайсақтары туралы», т.б. еңбектері өте құнды саналады. Шоқанның қазақтардың, сондай-ақ Орта Азия халықтарының өмірінен салған 150-ден астам суреттері сақталған. Ол қазақтардың алғашқы кәсіби суретшілерінің бірі. Ш. Уәлиханов өз ғұмырының ең соңғы күніне дейін өз Отанын жан-тәнімен сүйген нағыз патриот болды. Оның еңбектерін бүкіл дүние жүзі жоғары бағалады. Бүгінгі ұрпақтары оған деген зор құрметтің белгісі ретінде Қазақстан қалаларының бірнеше көшесін Шоқанның есімімен атады. Оған арнайы ескерткіштер орнатылған. Ондай ескерткіш Омбы қаласында да бар. Көкшетау мемлекеттік университетіне Шоқанның есімі берілген. Онда «Уәлиханов оқулары» деп аталатын халықаралық ғылыми конференциялар үнемі өткізіліп түрады. Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі егемен еліміздің жастары үшін тамаша үлгі-өнеге

3.Қарсылықты- жай сөйлемдердің мағыналары бір-біріне қарамақарса болып келеді

Талғаулы- жай сқйлемде айтылған іс-ірекеттің біреуі ғана орындалады

Билет-28

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.

2006 жылы 7 қаңтарда халық санасына сіңіп, жүрегіне жылы ұялаған Шәмші Қалдаяқовтың әніне, Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған "Менің Қазақстаным" әні әнұран болып бекітілді. Ол алғаш рет Елбасын ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.

2. Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы,

Көк емес ол тектен-тек –

Елдәң ашық қабағы.

Ақ ниеті –алтын күн,

Асқақ арман – қыраны.

Жалауы бұл – халқымның

Мәртебесі, Туы, Ары.

Бұлт баспасын Кунімді,

Тарылмасын өсірім.

Биік ұстау Туымды –

Қасиетті борышым.

3.кезектес- іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді

Түсіндірмелі – соңғы сөйлемі алдыңғы сөйлемнің мағынасын түсіндіріп тұрады

Билет-29

1. Шілдехана – жаңа туғаннәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастарқан жайылып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады. Шілдехана думанды болса, сәби сергек , қызықты өмір сүреді деген сенім бар.

2. Киіз үй (оның құрылымы, ішкі безендірілуі). Қырғыз-қайcақтардың үйі оның көшпелі өміріне ыңғайлы: орташа көлем мен салмақтағы киіз үйді бір түйеге артуға болады. Ол керегелерден, жіңішке уықтар мен бірнеше киіз жабдықтардан тұрады. Біріншісі үйдің негізі, ал екіншісі суық пен аяздан қорғайды. Киіз үйдің ағаш құрамы үш бөліктен тұрады: кереге, уық және шаңырақ. Төменгі бөлік немесе кереге - түйіскен жерлері қайыспен байланған, көшуге киіз үйді жыққанда жеңіл жиналып, тіккенде керілетін торкөз ағаштар. Киіз үйдің көлемі екіден сегіз керегеге дейін барады1, оларды біріктіре байлағанда қанат деп аталады.Уықтар немесе иілген үшкір ағаштар киіз үйдің күмбезін құрайды, олардың төменгі жағы керегеге байланады, ал жоғарғы үшкір жағы киіз үйдің төбесі - шаңырақтың жанынан жасалған тесіктерге енгізіледі.Шаңырақ деп бірнеше доға етіп иіліп, көлденең шыбықтармен бекітілген ағаш дөңгелекті айтады. Ол киіз үйдің жарық кіретін және түтін шығатын тесік қызметін атқарады. Ол қажетінше ашылып немесе қымталып отыратын киіз түндікпен жабылады.Киіз үйдің сыртына жабатын киіздің түрлері әрқалай, сондықтан атаулары да әртүрлі. Керегені жабатын төмендегі киіздер туырлық деп аталады, уықтың үстіне жататын киіздер үзік, ал шаңыраққа жабылатын төртбұрышты киіз түндік деп аталады. Жаңбырлы күні киіз үйден түтін шығу үшін түндікті бақанмен, яғни сырғауылдан жасалған ұзын сырық ағашқа, оның бір бұрышын іштен іліп, желді қалқалап, ық жасап көтереді. Астарына тоқылған ши салынған шағын ұзындау киіз есікті жауып тұрады. Үй жылы болу үшін кереге мен туырлықтың арасына түрлі-түсті жүнмен тоқылған ши ұстайды.

3.Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойлы айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем дейді

Мезгіл - Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіреді

Билет-30

1.Егер Еуропа мен Азияның қартасын қатар қойып қарасақ, Қазақстан Республикасы ұлан –байтақ жерді алып жатқаны бірден көзге түседі. Еуропаның картасындағы Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Австрия, Голландия, Дания сияқты елдерді «көзбен әкеліп» қазақ жеріне орналыстырып көрейікші. Қазақстанға солардың бәрі де сыйып кетеді.

Қазақ жері – бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Жер шарын бір тәулікте аралап шығатын күн көзі бір ғана біздің Республикамыздың үстінде үш сағат кідіреді.

Ол солтүстікте және солтүстік батысы мен шығысында Ресеймен, оңтүстік шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтустігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, ал батысында Каспий теңізі арқылы ӘзербайжанРеспубликаларымен шектеседі.

2.

Аңқау елге - арамза молда.

Отан – оттан да ыстық.

 

Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл.

Ел даусыз болмайды,

Ер жаусыз болмайды.

Ел құлағы елу.

 

Бүлінген елден,

Бүлдіргі алма.

 

Өз елім - өлең төсегім.

Ит тойған жеріне,

Ер туған еліне.

Өз елің - алтын бесігің.

 Елің - панаң,

Жерің – анаң.

3. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі істің шарты олып келетін сабақтасты шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейді.

Бағыныңқысы басыңқыдағы істін, амалдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтасты қимыл-сың бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]