Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

З.КҮЗЕКОВА

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Экономистерге арналған оқу құралы

Тілді оқып – үйренудің

ортаңғы кезеңіне арналған оқу құралы

(В-1, В-2)

АЛҒЫ СӨЗ

Оқу құралы негізінен экономика мамандықтарына және жоғары оқу орындары экономика факультеттерінің ортаңғы, ортадан жоғары деңгейіне арналған.

Оқулықтың басты мақсаты – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.

Ааудиторияларда жүргізілген бұл сабақтардағы мәтіндер барынша іріктеліп алынды. Тақырыптардың жүйелік, логикалық байланыс жағы да ескеріледі, сондай-ақ студенттердің есінде жатталып, сақталып қалуы үшін, лексикалық мағынасын қазақша түсіндіру жағы көзделеді. Тақырыптардың мазмұнына сәйкес тиісінше сұрақтар, сұхбаттар, тапсырмалар берілді. Әрбір сұраққа жауап беру – студенттің өзінше ойлауын, сөйлеуін, пайымдауын, қисындауын жетілдіреді.

Мемлекеттік тілдің атқаратын функциясы мол десек, біз ғылыми тілді, мамандыққа қатысты тілді, ресми тілді үйренушілерді осының бәрін жеткілікті түрде меңгеру дәрежесіне жеткізуіміз керек. Қазақ тілі пәні өзге тілді аудиториялардың жалғас топтарына осы мақсатта көмек келуі қажет.

Студент әрбір сабақтан мол ғибрат алуы керек. Сабақтың біліми, ғылыми сипатымен қатар, оның тәрбиелік, танымдық, адамгершілік мазмұнда ұйымдастырылуын ескеруге тырыстық. «Даналар сөзін тыңдайық», «Жақсы жырды жаттайық», Күлейік, демалайық» тақырыпшалары осындай мақсатта таңдалып алынды.

Кейбір сабақ соңында берілген пікірталас сұрақтары да, «Қызықты сұрақтар» тақырыпшасы да студенттердің білімін қорытындылауға арналған. Әрбір оқытушы бұл сұрақтардың тізімін өз қалауынша ұзарта беруіне болады.

Экономика ұғымдарын күнделікті тұрмыс-тіршіліктен көрсетіп қана қоймай, студенттерді ертегілері еліне, көркем шығармалар әлеміне де бағыттау – оқулықтың бір мақсаты. Әрбір оқытушы бұл тақырыпты кеңейтіп те, дамытып та алуан болады.

Оқу құралы соңында берілген сөздік – минимум жалаң күйде ғана жазылмай, өзі тіркесетін, меңгеретін, анықтайтын сөздермен қоса берілді.

Бұл басылымға функционалдық-семантикалық негізде жазылған грамматикалық жаттығулар да берілді.

Қазақ тілін оқытып, үйретудің ортаңғы, жоғары деңгейінде ғана емес, қарапайым, базалық деңгейде де қазақша түсіндіріп, қазақша жүргізудің тиімділігі зор.

Кейбір мәтін, жаттығу материалдары, сұхбаттар, сұрақтар «Егемен қазақстан», «Заман – Қазақстан» газеттерінің «Экономика – ел айнасы» деген беттерінен, «Қаржы-қаражат», «Ақиқат» журналдарынан іріктеліп, ықшамдалып алынды.

Оқу құралы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультеті, Каржы институттарында сондай - ақ белгілі экономистерге жүргізілген сабақтар негізінде жазылды.

Бірінші сабақ

Кіріспе

Фонетикалық жаттығулар

Қазақ тіліндегі ерекше дыбыстары бар экономикалық сөздерді атаңыз:

  1. [ә] бәсеке, әскери бюджет, әкімшілік акт, әскери ақша, салым

куәлігі.

  1. [ө] өсім, төлем балансы, өндіріс шығыны, пайда мөлшері,

көтерме сауда, өзара есеп айырысу, өтем сомасы.

  1. [ү] үмітсіз қарыздар, валюталық түсім, валюталық жүйе,

экономика үлгілері.

  1. [і] кіріс, іскерлік, кәсіпкерлік.

  2. [ұ] тұтыну бюджеті, құн, қосымша құн.

  3. [ы] жалпы шығындар, табыс, шығыс.

  4. [ң] вексель таңбасы, теңге тепе-теңдігі.

  5. [ғ] шығын, баға, дүниежүзілік баға, баға қайшылығы, сату

бағасы.

Сөздерді дұрыс айтуға жаттығамыз

Ақы, жалақы, еңбекақы, банк жүйесі, төлем балансы, пайда мен шығын балансы, сауда балансы, банк пайызы, банк депозиті, банкроттық, биржалық келісім, биржалық алыпсатарлық, ерекше экономикалық аймақ, айрықша лицензия, инфрақұрылым, төте транзит аймағы, бірлескен кәсіпкерлік аймағы, кепілді өзара шарт, өзара сақтандыру.

Қағаз ақшалар, бюджет заңы, валюталық келісім, вексель жәрмеңкесі, салым куәлігі, салым иесі, нарық, нарықтық экономика, варрант, құжат, тендер құжаты, жол чегі, қажет сұраным, сыртқы қарыз, кепілдік, салық.

Актив сөздермен жұмыс істеуге жаттығамыз

(Алдағы сабақтарда жиі кездесетін сөздер мен терминдер)

1. БЮДЖЕТ. Бюджетке қатысты сөздер тобы.

бюджет мерзімі бюджет кірісі

бюджет тапшылығы бюджет жылы

мемлекеттік бюджет бюджеттік жоспарлау

тұтыну бюджеті бюджет мәселелері

бюджет шығысы

Үлгі: Бюджет белгілі бір кезеңге жасалып, заң түрінде бекітіледі. Бюджет кіріс және шығыс бөлігінің әр түрлі құрылымынан тұрады. Қаржының беріктілігі мен тұрақтылығы мемлекеттік бюджеттің орындалуына байланысты. Бюджеттің шығысынан, кірісі көп болуы – экономикалық қажеттілік. Тұтыну бюджеті – кіріс пен шығысты қадағалау.

2. САЛЫҚ. Салыққа қатысты сөздер тобы

салық түрлері салық төлеуші

табыс салығы қосарланған салық

салық салу салық принципі

жергілікті салық салық саясаты

салық заңдары салық міндеттері

салық агенті жер салық

Үлгі: Салық саясаты – экономиканы жанама реттеуші болып табылады. А.Смиттің салық принципіне арналған төрт ережесі әлі күнге құнын жойған жоқ.

Бүгінгі күнде салық түрі көбеюде. Табыс салығы үнемі төленеді. Салық салудың заңдары мен принциптері нақты болуы керек. Мемлекеттік салық түрлерін білуіміз керек. Жергілікті салық пен алымдар тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Сөзден сөздің туындауына назар аударыңыз, жұрнақтар арқылы зат есімдер қай сөз табына айналады?

экономика – экономикалық, экономикалық білім

валюта – валюталық, валюталық қор

дүниежүзі – дүниежүзілік, дүниежүзілік рынок

мемлекет – мемлекеттік, мемлекеттік кредит

кеден – кедендік, кедендік тариф

техника – техникалық, техникалық құжат

импорт – импорттық, импорттық депозит, импорттық лицензия

коммерция – коммерциялық, коммерциялық баға

касса - өзара жәрдем кассасы, касса кітабы, касса келісімі, касса ордері

конверсия – конверсиялау, конверсияланатын, конверсиялық валюта операциясы, конверсиялық маркетинг

консорциум – банктер консорциумдары

3. НАРЫҚ. Нарыққа қатысты сөздер тобы.

нарықтық экономика нарықтық ақпарат

нарықтық қатынастар нарықтық құн

нарықтық инфрақұрылым нарықтық қорлары

нарықтық тепе-теңдігі

Үлгі: Жалпы нарық немесе қазіргі экономика үш тағанға сүйенеді. Оның бірі – менеджмент, екіншісі – маркетинг (ақпарат жинау, шаруашылықты жүргізуді жоспарлау, ненің қажет екенін болжау), үшіншісі – қаржы. Нарықтық экономикаға кіргенін мойындаған халқымыз нарыққа қажетті ақпараттың ауадай қажет екенін түсінуге бет бұрды.

4. ТАУАР: Тауарға қатысты сөздер тобы.

тауартану тауар демпингі

тауар айналысы тауар белгісі

тауар өндірісі тауар қозғалысы

тауар саясаты тауар өткізу

Үлгі: Тауардың екі қасиеті бар: тұтынамыз, айырбастаймыз. Тауардың тұтыну құны және айырбас құны болады.

Тауартану – тауардың тұтыну құнын, сапасын зерттейтін пән. Өндіріс процесін қайтадан бастау үшін тауарды ақшаға айналдыру қажет. Сауданың түріне қарай бөлшек және көтерме сауда тауар айналымдары болады. Тауар демпингі тауарды өткізу құралы болып табылады.

Егер тауарың сапалы болса, сен ұлттың жалауына айналасын. Әр ұлттық мемлекет өз территориясының ішінде ұлт өкілінің ісін өзгеден жоғары қояды, оның тауарын шетелдік бұйымдардың ығыстырып кетуінен қорғайды: АҚШ пен Жапонияның автомобиль бәсекесін алайық.

Қазақстан неге жат капиталдың күшіне қарсы тұра алмайды? Жат капиталдың көздеген мақсаты - өзіне тәуелді тұтынушы жаңа аймақ табу. Біз үшін оның салдары: өзге экономиканы тойдырып жатырмыз, өз экономикамыз – аш, жалаңаш.

Отандық өндірушінің тауарын әлемдік деңгейде тек сол өзінің халқы ғана құтқара алады: немістер өз «Мерседесін» ғана мінеді, кәрістер «Голдстарға» ғашық, жапондар үшін «Тайота» ұлттық намыстың символы. (Мәтін «Заман Қазақстан» газетінен 5.07.1996 ж.)

Мәтінге тапсырма:

  1. Жаңа сөздерді сөздіктен қараңыз.

  2. Тауардың қандай қасиеті бар?

  3. Тауарға анықтама беріңіз.

  4. 3-ші, 4-ші, 5-ші абзацтың идеясы не?

  5. Ұлттық жалау, ұлттық намыстың символы болу дегенді қалай түсінесің?

  6. Сапалы тауар – сенің мемлекетіңді таныта ала ма?

  7. а) Мәтіннен сын есімдерді табыңыз. Мәтіндегі асты сызылған сөздер қандай сөз табына жатады?

б) Қандай сөздерге анықтауыш болып тұр?

Мәтіндегі мына сөз тіркесін орыс тіліне аударыңыз:

Сапалы тауар, ұлттың жадауы, ұлт өкілі, автомобильдік бәсеке, жат

капитал, тұтынушы аймақ, оның салдары, экономикамыз – аш, жалаңаш, әлемдік деңгей, өндірушінің тауары, ұлттық намыс, ұлттық намыстың символы.