Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать
  1. Мәтінді түсінгенін тексеруге арналған тест тапсырмалары.

  1. мәтін ........ туралы

A) байлық пен кедейлікті түсіну

B) байлық

C) кедейлік

D) ауылдағы өмір

2. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз

Олар ауылдағы сіңірі шыққан бір тақыр кедейдің үйінде бір күн бір түн болады.

A) күн көрісі қиын

B) жағдайлы

C) ел қатарлы

D) жағдайсыз

3. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз

Өмірге деген көзқарасыңыз оң болса, барлығына да қол жеткізуге болады!

A) дұрыс

B) теріс

C) жаман

D) көп

4. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз

Бірақ жан дүниеңіз рухани байлықтан ада болса,....

A) жұрдай

B) бай

C) таудай

D) көл

5. Сөйлемді аяқтаңыз:

Бірақ жан дүниеңіз рухани байлықтан ада болса, ......

A) онда сіз кедейсіз

B) онда сіз байсыз

C) жан дүниеңіз бай

D) жан дүниеңіз бар

Грамматика: салыстырылудың берілуі. Сапасы бойынша салыстырылу

(выражение сравнения)

1-жаттығу. Берілген сөйлемдердің мазмұнын сын есімнің салыстырмалы шырай күрделі формасын пайдалана отырып айтыңдар.

Үлгі: Электронды микроскоп оптикалық микроскоптан қолайлы. – Электронды микроскоп оптикалық микроскопқа қарағанда қолайлырақ.

Мұнай отын ретінде көмірден үнемді және қуатты. Дәрігерлердің пікірінше, белсенді физикалық жаттығулар витаминдер мен дәрілерден тиімді. Шығыс Қазақстан өзінің табиғи жағдаймен басқа аймақтардан бай. Кавказ аудандары ұлттар құрамы бойынша басқа аймақтардан күрделі.

2-жаттығу. Предикатта жақша ішінде берілген сын есімнің салыстырмалы шырай формаларын пайдалана отырып, салыстыруды жасаңыз. (Выразите сравнение, употребляя в предикате простую или сложную форму сравнитльной степени прилагательных, данных в скобках).

Марс пен Жердің атмосферасы (тығыз). Марс пен Жердің климаты (қатал, өмір үшін жайлы). Күн мен Жердің диаметрі (үлкен). Планета мен метеорлардың қозғалысы (жоғары).

3-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріп көріңіз. Анықтама материалдарын пайдаланыңыз.

Кинофильмдердің қандай жанрларын артық көресіз? Детективтің комедиядан, мелодрамадан, фантастикалық фильмнен, реалистік фильмнен қандай айырмашылығы бар?

Анықтама материалдары: детективте - өткір сюжет (интрига); комедияда – көңілді, күлкілі ситуация, мелодрамада – кейіпкерлердің әр қилы тағдыры бар; фантастикалық фильмде – оқиғалар сенімсіз; триллерде – жағдаят пен кейіпкерлер қорқынышты, құпиялы, жұмбақ; реалистік фильмде – мазмұны өмірге жақын.

4-жаттығу. Жақша ішіндегі салыстырмалы үстеулерді әр түрлі формасын пайдалана отырып берілген әрекеттерді салыстырыңыз. (Сравните данные действия, употребляя различные формы сравнительной степени наречий, приведенные в скобках).

Шашу және жинау (оңай, қиын) тәжірибе жасау және олардың нәтижесін қорытындылау (қызық, қиын). Ауызша емтихан тапсыру және жазбаша бақылау жұмысын жазу (жақсы, қиын). Оқыту және оқу (қызық, пайдалы, қиын, жеңіл). Демалыс үйінде демалу немесе рюкзакпен саяхаттау (қызық).

5-жаттығу.* Ертегіні оқыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген? Салыстырма мәнді сөйлемдерді табыңыз.

Бірде бүркіт қарғадан сұрайды: Қарға құс, айтшы осы, сен неге мына жарық дүниеде үш жүз жыл жасайсың, ал мен тек қана отыз үш жыл жасаймын?

- Әкем-ау, ол сенің тірі қанды ішуіңмен, ал менің өлілермен тамақтануыма байланысты. Бүркіт ойланды: мен де қарға жегенді жеп көрейін. Жақсы. Екеуі де ұша жөнелді. Өлген атты көріп, үстіне келіп қонды. Қарға шоқи отырып, мақтай бастады. Бүркіт бір шоқыды, екі шоқыды, қанатын бір сермеді де қарғаға айтқаны: жоқ, қарға інім, үш жүз жыл араммен тамақтанғанша, тірі қанға бір рет тойғаным жақсырақ, ары қарай құдайдың бергені болады да!