Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Грамматика: заттың сапалық сипаты н білдіретін құрылымның берілуі

(Выражение качественной и количественной характеристики предмета)

1. Сын есім анықтауыш қызметінде және предикаттың есім бөлігінде.

1 – жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Мұндағы асты сызылған сын есімдер қандай қызмет атқарып тұр, анықтаңыз.

1. Көлдің суы таза және мөлдір, суы ғажайып табиғат туристерді өзіне шақырады.

2. Көлдің суы таза және мөлдір болды.

2 – жаттығу. Берілген сын есімдермен сөз тіркесін құрастырыңыздар.

Үлгі: Өзекті: өзекті мәселе, өзекті тақырып, өзекті сұрақ.

маңызды: ...; мәселе, мұның бәрі; бұл ескертулер.

күрделі: ...; есеп; шешім; қатынас.

түсінікті: ...; сөз; сіздің тілегіңіз...,

қазіргі: ...; көзқарас; пікір....

жұқа: ...; мұз; тақтай.

кішкентай: ...; бала; мүмкіндік..., аяқ киім.

  1. - жаттығу Сөйлемдерді сын есімдерді пайдалана отырып, аяқтаңыз.

Үлгі: Астана ... . Астана қаласы әдемі. Әкем ... . Сәуленің мінезі... . Осы ауылдың адамдары ... . Ертістің төменгі ағысы ... .

(еңбекқор, тік, қайырымды, терең).

  1. жаттығу. Сөйлемдерді салыстырыңыз.

1. Бұл өлке – бай.

Бұл өлке минералды ресурстарға бай.

2. Табиғат мұнда әдемі.

Мұнда бәрі әдемі.

3. Мына жол қауіпті.

Мұхиттың ластануы қауіпті.

4. Ол баласының дені сау, бақытты болып өсуін қалайды.

Деніңіздің сау, аман болғаныңызды қалаймын.

5. Өзеннің кеңдігі сондай, арғы жаға көрінбейді.

Өзен сондай кең, арғы жаға көрінбейді.

5-жаттығу. Сөйлемді аяқтаңыз.

Мына жеміс-жидектер ... . Витаминдер денсаулық үшін ... . Тундра өсімдіктерге ... . Көлге теңіз жануарларының қайдан келгені ... . Оған түсіндіріп әуре болмаңыз. Бәрібір ... . Жағдай ..., бір нәрсе істеу керек.

(пайдалы, түсініксіз, кедей, қиын)

6-жаттығу. Мына сұрақтар бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз.

Атом станциясында жұмыс істеу денсаулыққа қауіпті ме? Сіздің елдің климаты ауыл шаруашылығына қолайлы ма? Тау ауасы денсаулық үшін пайдалы ма? Сіздің ел табиғат ресурстарына бай ма? Қандай ресурстарға бай?

7 – жаттығу. Сабаққа берілген мәтіннен қандай деген сұраққа жауап беретін сөз тіркестерін табыңыз. Мысалы: Қандай меншік? Жеке меншік.

Он алтыншы сабақ маркетинг қызметі деген не?

Жалпы нарық немесе қазіргі экономика үш тағанға сүйенеді.

Оның бірі – менеджмент, екіншісі – маркетинг (ақпарат жинау, шаруашылықты жүргізуді жоспарлау, ненің қажет екенін болжау), үшіншісі – қаржы.

Маркетинг – істелетін іс пайдамен шығу үшін оны алдын-ала жоспарлайды, сол сала бойынша басқалар не істеп жатқаны жөнінде мәлімет – ақпарат жинайды. Бәсекелестік жағдайында ұтып шығудың жолын қарастырады. Ол алдын-ала жиналған ақпараттарды талдау, өңдеу барысында зиянға қалатынын немесе пайдаға шығатынын біледі. Соған орай шаруа немесе өндіріс орындарына кеңес береді.

Дамыған елдерде маркетинг қызметінсіз бір қадам да жасалмайды. Маркетинг шығарылған өнімді қозғалысқа түсіреді. Яғни маркетингтік ақпарат бағыт-бағдар беретін барометр сияқты. Сонымен, маркетинг дегеніміз – рынокты зерттеу.

Маркетингтік ақпарат – нарық билеген елде экономиканы ілгері жылжытудың басты тетігі, көзі.

Жарнамалық шараларды жүргізу де – осы маркетингтік қызмет болып табылады. «Жарнама – сауда двигателі» деп бекер айтпайды.

Мәтінге тапсырма.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Экономика қандай тағандарға сүйенеді?

2. Маркетинг қызметі деген не?

3. Ақпаратты жинау, шаруашылықты жүргізу ненің қызметі?

4. Шығарылған өнімді қозғалысқа түсіретін не?

5. Жарнамалық шараларды жүргізу маркетингтік қызметке жата ма?

6. Қазір баспасөзде неге жарнама көп?

Төменде берілген жарнама туралы анықтаманы толықтырыңыз.

1) Жарнама дегеніміз – тұтынушыны хабардар ету және осы тауарлар мен қызметтерге сұраныс тудыру мақсатында тауарлар, әр түрлі қызмет түрлері және т.б. туралы берілетін ақпарат.

(Маркетинг. Терминологиялық түсіндірме сөздік-анықтамалық. М., 1991)

2) Жарнама дегеніміз – белгілі бір демеушінің атынан идеялардың, тауарлардың және қызметтердің жеке өзін көрсету үшін емес, оларды жарнамалаудың кез-келген ақылы нысаны (формасы). (Т.Т.Абрамова. Маркетинг: Сауалдар мен жауаптар. М., 1991).