Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать
  1. Мәтінге қатысты тапсырмаларды орындаңыз:

    • мәтіндегі басты ақпарат не?

    • аса маңызды деп санаған ақпаратты атаңыз;

    • мәтіндегі негізгі ақпаратқа сұрақ қойыңыз;

    • мәтін мазмұнына өз пікір, көзқарасыңызды білдіріңіз.

  2. Газет беттерінен су мәселесі, трансшегаралық , мемлекет аралық өзендер туралы мақалаларды оқыңыз. (« Айқын» , 24. 09. 2009. 25 – бет.) жиырма екінші сабақ құнды қағаздар туралы не білесіз?

Бүгінгі таңда нарықтық қатынастар тамырын тереңге жайған сайын құнды қағаздардың маңызы арта түсетіні анық. Алайда көпшілік қауым құнды қағаз сатып алғанымен, оны қалай пайдалану керектігін жете біле бермеуі де мүмкін. Құнды қағаздармен тиісінше пайда табумен, оны шығарған кәсіпорынның экономикалық мәселелерін ойдағыдай шешуіне үлес қосарын, сонымен бірге өзінің де әлеуметтік жағдайын едәуір жақсарта түсеріне көзі анық жете ме екен?

Сұрақтарға экономика ғылымдарының докторы, профессор Гүлжан Қарақұсова жауап береді:

- Құнды қағаз дегеніміз не? Кеңес Одағы кезіндегі құнды қағаздардан қазіргі Қазақстандағы құнды қағаздардың айырмашылығы қандай? Бұлар неліктен құнды қағаздар деп аталады?

Құнды қағаздарға акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, вексельдер жатады. Бұл қағаздар бұрынырақта «бағалы қағаздар» деп аталған. Бірақ бағалы деген сөзден «құнды» деп атағанымыз дұрысырақ, неге десеңіз, бүгінгі құнды қағаздар оның иесіне ттек пайда, табыс әкеледі.

«Құнды» деген сөздің өзі мейлі қай жағынан – тілдік, экономикалық жағынан алсақ та, мағынасы жағынан біз айтып жүрген акция, облигациялардың анықтамасын аша түседі. Құнды қағаздардың үш түрлі құндылық қасиеті бар, яғни оны сатып ала отырып сіз:

біріншіден, акция иемденуші боласыз;

екіншіден, оны шығарушы кәсіпорынның белгілі бір бөлігіне ие боласыз.

Үшіншіден, акцияның екі бағасының – номиналды және нарықтық бағасының айырымы арқылы пайда көресіз. Бұл соңғы қасиетін таратып айтатын болсақ, бастапқыда акцияны номиналды бағамен сата аласыз, сөйтіп сіз де, оны шығарушы кәсіпорын да пайда көреді.

Құнды қағаздардың екі түрі бар: қарыз түріндегі құнды қағаз және және корпоративтік құнды қағаз. Егер құнды қағазды мемлекет шығарған болса, ол мемлекеттік құнды қағаз – қатерсіз құнды қағаз болып табылады.

Сіз мемлекеттік құнды қағаз сатып алсаңыз, пайда табасыз. Бірақ одан аз пайда көресіз. Әйтсе де, сіздің қаржыңызға ешқандай қатер төнбейді, яғни бастапқы акцияңызды жоғалтпайсыз, керісінше, шамалы пайда үлесін аласыз. Корпоративтік құнды қағазда қатер бар (риск), әйтсе де оның пайдасы жоғары. Әр құбылыстың пайдалы жағы да, зиянды жағы да бар десек, нарықтық экономика кезінде құнды қағазды таңдай білу керек. Таңдау – үлкен жұмыс.

- Қазіргі кезде мемлекеттік құнды қағаздар айналыста бар ма?

- Айналыста мемлекеттік құнды қағаздар бар.

- Құнды қағаздарға қазіргі кезде сұраныс бар ма?

- Қазіргі құнды қағаздар нарығында екі түрлі құнды қағаз айналыста бар: корпоративтік, мемлекеттік. Мемлекеттік түріне сұраныс бар.

- Қазақстанда құнды қағаздар нарығы қашан пайда болды?

- Қазақстанда құнды қағаздар нарығы 1991 жылдан бастап бола бастады. Бұл мәселеде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі мен акционерлендірілуі шешуші рөл атқарады.

- Құнды қағаздардың қандай түрлері бар?

- Қазақстан заңдары бойынша Республика аумағында құнды қағаздардың мынадай түрлеріне рұқсат етіледі: акциялар, облигациялар, депозиттік сертификаттар, вексельдер.

- Кейбір мемлекеттерде туынды құнды қағаздар дейтін бар екен. Біздің елде мұндай құнды қағаздар бар ма?

- Қазақстан Республикасының заңдарында туынды құнды қағаздар туралы ешбір сөз болмаған. Туынды құнды қағаздар дегеніміз – екінші деңгейдегі құнды қағаздар. Мұндай құнды қағаздарға варранттарды, опциондарды, фьючерстерді жатқызуға болады.

1-тапсырма.

Құнды қағаздар туралы әңгіме-сұхбаттың мазмұнын айтыңыздар.

2-тапсырма.

а) Мәтіннен сын есімдерді табыңыздар. Олар қандай сын есімдер?

ә) «Құнды» - деген сөзге синоним беріңіз.

Б) Мәтінде құнды қағаздардың қандай үш түрлі құндылық қасиетін атайды?

3-тапсырма.

Акция туралы сұхбат құрыңыздар. Пікірлеріңізді айтыңыздар. Бұрынғы одақ кезіндегі облигациялар мен қазіргі құнды қағаздарды салыстырыңыздар.

4-тапсырма.

Төменде «Заман-Қазақстан» газетінің 1996 ж. 13 қыркүйекте берілген мына сұхбатты оқып талдаңыздар. Әңгіме не туралы? Түсіндіріңіздер.

5-тапсырма.

1. Мәтінге өзіңізше ат қойыңыз.

2. Мәтінді мағыналық бөлімдерге бөле отырып, жоспар құрыңыз.

3. Мәтінде аталған акция түрлерін түгел атап шығыңыз.

4. Мәтінде қыстырма сөздер бар ма? Олардың тыныс белгісі қандай?

5. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.