Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

6. Жаттығуларды орындаңыз, дұрыс жауабын таңдаңыз.

1. Егер өнімдер мен қызметке сұраныс болса, .........

А) онда оны міндетті түрде орындайтын адамдар табылады.

В) баға төмендейді

С) онда олар құнсызданады

Д) онда дүкендер бос болады

2. Сұраныс ұсыныстан қалып қойса,....

А) онда өнеркәсіпке қауіп төнеді

В) онда өнеркәсіп гүлденеді

3. Бүгінгі күндері сұраныс пен ұсыныстың ерекшелігі ......

А) технологияға байланысты

В) технологиядан алыс

4. Технология тауарды жылдам жақсартады, сондықтан ....

А) өндірушілер арасындағы бәсеке бір күнде тоқтамайды

В) өндірушілер бәсекесі жоқ

5. Жап – жақсы дайындалған өнім өзінің жақсартылған нұсқасымен бәсекеге түскенде,...

А) өндіруші өнімінің бағасын төмендетеді

В) өнімнің бағасын өзгертпейді

6. Мына пайымдардың қайсысы дұрыс: пайда дегеніміз –

  • баға мен құнның айырмашылығы;

  • баға мен өзіндік құнның айырмашылығы;

  • шығын мен табыстың сомасы;

  • өзіндік құн ментабыстың сомасы;

  • баға мен табыстың сомасы.

  1. ұсынылған тізімнен нарықтың үш белгісін табыңыз:

  • қатаң орталықтанған басқару;

  • бәсеке;

  • мемлекеттік меншіктің монополиясы;

  • министрліктің көптігі;

  • құн заңы жұмыс істейді;

  • еркін тауар өндірушілердің көптігі;

  • анархия.

7. Сұрақтарға жауап іздеп көріңіз:

- Қазір дүкендерде компьютерлер неге көп деп ойлайсыз?

- Неге бағасы әр түрлі?

- Сұраныс көп пе, ұсыныс көп пе?

- Неге ескі модельдерінің бағасы жылдам төмендеген?

  1. Шағын мәтінде экономикадағы қандай термин көп айтылады?

Нарықтық жүйенің маңызды жағы – бәсеке. Өнім өндіретіндер үшін және қызмет ұсынатындар үшін бәсекенің екі түрі бар. Біріншісі - өнім немесе қызметті төменірек бағамен ұсыну. Екіншісі - өнім немесе қызметті жақсы сапамен сол бағамен немесе қымбатырақ бағамен ұсыну. Өндіріс пен қызметтің әр түрлі саласындағы еркін бәсеке еркін кәсіпкерлік жүйесі болып табылыды. Бәсеке қызмет етуді де жақсартады, бағаның төмендеуіне де әкеледі. Нарық еркіндігінде монополияға қарсы ең сенімді құрал болып табылады.

  1. Сабақты қорытындылау үшін жоспар жасаңыз, жазған жоспарыңыз бойынша сөйлеңіз.

  2. Мәтін тақырыбы бойынша семантикалық картаны а)толықтырыңыз:

Л1 – теңдестірілу, жоғалу,бөліну ....

Л2 – ...

Л3 – ...

Л4 – ...

(Л1 – тақырыпқа қатысты етістіктер, Л2 – тақырыпқа қатысты зат есімдер, л3 – тақырыпқа қатысты анықтауыштар, Л4 – тақырыпқа қатысты экономикалық терминдер)

б) семантикалық картаны пайдаланып сөйлеңіз.

Грамматика: шарт мәнді құрылымдар

  1. Сөйлемдерді оқыңыз. Шарт мәнді конструкцияға назар аударыңыз.

Егер суды 0° - дейін мұздатсақ, ол мұзға айналады. Егер біз дизельдік жағармаймен жұмыс істейтін көліктердің санын көбейтетін болсақ, қалада ауа қатты ластанады. Егер біз қоршаған ортаны қорғау бойынша дер кезінде шаралар қолданбасақ, онда қалада экологиялық жағдай төмендейтін болады. Егер біз суды 100°-қа дейін қыздырсақ, ол қайнайды. Егер біз аллюминийдің (Al) ұнтағын қыздырсақ, ол жана бастайды. Егер біз металды балқытсақ, ол өзінің формасын жоғалтады.