Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Алтыншы сабақ жоспар қажет пе?

Жоспар – экономикаға ықпал жасайтын мемлекеттік реттегіштердің бірі.

Нарықтық қатынастар жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің

маңызды құралдарының бірі - индикативті жоспар болып есептеледі, ол ұсыныс түрінде жасалады.

Индикативті жоспарлар жүйесі старегиялық (ұзақ мерзімді), орта мерзімді, ағымдағы (жылдық) жоспарлардан тұрады.

Индикативті жоспар өзінің мерзіміне байланысты мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау.

  2. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары.

  3. Әлеуметтік экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері.

  4. Экономикалық реттегіштер.

Жоспарлау әрқашан керек. Мысалы жалақының ең төменгі деңгейі қалай

жоспарланады, халықтың жыл ішіндегі номиналды (ақшадай) табысы қалай жоспарланады деген сұрақ көпшіліктің ойындағы сұрақтар.

Қазақстан жағдайында жоспарлаудың басты бағыттарының бірі өнеркәсіп салаларын жедел дамыту. Бұл жерде қажетті қаржыны да, күшті технологияны да жоспарлы түрде осындай объектілерге беру.

Жоспарға байланысты тағы да бір ой: әлемдік рынокты зерттеу, қандай тауарларға сұраныс бар, қай елдің компания, фирмалары рынокта ықпал жасап отыр, ол рыноктардан қалай орын табуға болады. Сонда біздің өнеркәсіптер өз өнімі үшін көп еңбектер еді.

Мәтінге байланысты тапсырма.

1-тапсырма. Сөздікті пайдаланып, мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Ықпал жасау, мемлекеттік реттегіш, нарықтық қатынас, индикативті жоспар, ұзақ мерзімді, ағымдағы жоспар, әлеуметтік жағдай, экономикалық жағдай, әлеуметтік экономикалық жағдайды талдау, экономикалық саясат, негізгі бағыттар, экономикалық даму, экономикалық дамудың көрсеткіштері, экономикалық реттегіштер, жалақының төменгі деңгейі, халықтың табысы, өнеркәсіп салалары, жедел дамыту, әлемдік рынок, рынокты зерттеу, сұраныс, рыноктардан орын табу.

2-тапсырма. Төменде берілген текске қажетті сөздер, сөз тіркестері, терминдерімен сөйлем құрап, талдау жүргізіңіздер

жоспар жедел дамыту

мемлекеттік реттегіш қажетті қаржы

индикативті жоспар күшті технология

ұсыныс түрінде әлемдік рынок

индикативті жоспар жүйесі сұраныс

индикативті жоспар бөлімдері рынокта ықпал жасау

басты бағыт рыноктардан орын табу

өнеркәсіп салалары өз өнімі

3-тапсырма. Сұхбат жүргізу үшін сұрақтар дайындаңыз.

4-тапсырма. 1-тапсырмада берілген сөз тіркестерінен сын есімдерді табыңыз, жасалу жолдарын талдаңыз.

5-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Уақытыңды қалай жоспарлайсың?

ә) Жоспарсыз жұмыс істеп көрдің бе?

б) Бос уақытыңды қалай жоспарлайсың?

в) Мемлекет үшін жоспар керек пе?

г) Жоспар туралы өз көзқарасың қандай?

6-тапсырма.Текстен экономикалық терминдерді ажыратып көрсетіңіз.

7-тапсырма.

1. Мәтінге өзіңіз ше ат қойыңыз.

2. Тексті мағынасына қарай бөлімдерге бөліңіз, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.

3. Тексті әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін атап шығыңыздар.

4. Тексті жоспар бойынша әңгімелеңіздер.