Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Сегізінші сабақ

ТАБЫС ҚАЙДАН КЕЛЕДІ?

Еңбекте табысты бол – дегенді жиі естиміз. Бірақ біз осы «табыс» дегеннің қандай ұғым екенін, не екенін, не екенін ойланып көрдік пе? Еңбектің де түрі көп, табыс табу, табыс жасауды әркім әрқалай түсінеді. Сіз уақытыңызды, жұмыс күнін жоспарладыңыз. Жоспарлы жұмыс табыс әкелу керек пе? Бірақ әрқашан солай ма?

Табысқа қабілеттілер, еңбекқорлар ғана жетеді. Табыс табу пайда табу – ол да үлкен өнер, үлкен еңбек. Себебі табыс жасау халықтың тұрмыс - дәрежесін көтереді.

Әрбір өнеркәсіптің қарапайым жұмысшысынан бастап, директорына дейін өздерінің еңбектерінің табыс әкелуін ойлау керек. Табыс көбейген сайын өнеркәсіптің жағдайы жақсарады, жалақы көбейеді, тұрмыс көтеріледі.

Ал енді табыс қандай тәсілмен, қандай жолмен келеді? Табыс оңайлықпен келмейді. Кез-келген өндіруші еңбектенгенде, біріншіден, пайдалы өнім шығаруды ойлайды, екіншіден, табыс әкелуді ойлайды.

Адамзат қоғамында ең алғаш рет өнім шығара бастағанда адам үшін ең қажетті – тамақ, киім, халық тұтынатын тауарларды шығарады. Біртіндеп ол кәсіпорындарды ұстап тұру үшін, артық өнімдер, керекті өнімдер шығара отырып, пайдасын, табысын ұмытпауы қажет.

Әр өнім бағасы неден тұрады, оны ескерсек, ол бағада өнім үшін кеткен шығыңдар, жалақы, қосымша табыс бар. Егер өндірісте табыс болмаса, мемлекет қалай көтеріледі. Өнімді шығаруға кеткен шығындар табыс әкелмейді, табысты еңбек әкеледі. Табыс тек өндірісте болады.

Ал өндіріс берген өнімді сату үшін сатушылар шығады. Сатушыға да пайда керек. Өндіруші сатушы үшін де табысының кішкене бөлшегін бөледі. Өндіруші өзінің тауарын өткендігін ойлайды. Ал атушы рынокты зерттей отырып, қай өнім өтімді соны алады.

Кебір өнеркәсіптерде үзіліс болмайды. Өндірісті көтеруге, тоқтатпауға үнемі қаржы керек. Өндіруші банкке келеді. Банк те, сатушы да өндірушілер үшін қызмет етеді.

Тағы да қайталап айтсақ, табыс тек өндірісте болады. Сондықтан мемлекеттің жағдайы жақсы болу үшін, мемлекет өндірісті ойлауы керек, оған көмектесіп, көтерілуін қамтамасыз етуі қажет.

Әр адам жұмысында табысын, жалақысын, жеке банк болса, жеке өнеркәсіп болса, ол да табысын ойлайды.

Ал әр кәсіпкердің, өндірушінің мақсаты мемлекет мақсатымен бірге, тұтастыққа болуы керек.

Сонымен, әр өндіруші мемлекетті ойлауы керек. Өндіруші мемлекетке сүйенеді, әр мемлекет өз азаматын қорғай білуі керек. Мемлекет дамыған болса, ол елде әрқашан тыныштық болады. Тыныштық болған жерде, жоғары деңгейдегі мемлекеттік реттеуші болған жерде өндіруші ештеңе жоғалтпайды.

Өндіруші өндірісті ашқанда, шығынын санайды, екіншіден, салықты санайды, үшіншіден, өндірісті адам үшін, қоғам үшін ашады. Өндірісті көтеру үшін – мемлекеттік салық жоғары болмаса, өндірісті ашуға, дамытуға берілген қаржының проценті төмен болуы және ұзақ мерзімді болуы – бәрі де өндірісті дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге мемлекеттік қызметкерлер өндірушіге тиемес, мазасын алмаса, сонда ғана осы мақсаттардың бәрін қарастыра келіп, өндірісті ашуға бел байлайды.

Ақылды кәсіпкер, өндіруші өзінің жеке табысы үшін бағаны белгілегенде сұраныс жоғары болса ғана жеке табыс көтеріледі. Ал таза табыс молырақ болуы үшін өнім шығарушы қай тауарға сұраныс жоғары соны зерттеуі қажет, сонымен бірге ол тауардың сапасы жоғары болуы тиіс. Мұндай өте сапалы тауар басқа жерде жоқ болса, сіз саудаласпай-ақ соны аласыз. Сонда ғана өндіруші табысты болады.

Шетелдіктер жер байлығын басқа елге тасымайды, тек қана кепілдікке (залогқа) береді. Себебі қиын күндерде ол байлық өз елі үшін жұмсалады.

Табыс – келешек үшін керек. Табысты тапқанда сіз бөлесіз: бір бөлшегін өндірісті дамытуға, екінші бөлшегін қайырымдылыққа, бір бөлшегін келешекке, бір бөлшегін өзіңіздің қажетіңізге. Қайырымдылыққа бергеніңіз – ол да мақсатыңыз үшін бергенім деп есептеңіз. Себебі мемлекетте нашар тұрмыстар азайған сайын, мемлекет экономикасы жоғарылаған сайын, ол мемлекетте қылмыс, жамандық, ұрлық азаяды. Өндіруші тыныштықпен өнімін өндіре береді.

1- тапсырма. Мәтіннің негізі мазмұнын әңгімелеңіз. Сұрақ қойыңыз.

2-тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құраңыз:

Табыс, табыс табу, табысты, табысы аз, табыстың көзі, табыстың бір бөлшегі, табысты болу, таза табыс, табыс мөлшер.

3-тапсырма. Табыс сөзінің синонимдерін атаңыз:

4-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Таза табыс деген не?

  2. Бағаны төмендету – табысқа зиянды ма?

  3. Мемлекет үшін табысты әкелетін не?

  4. Табысты қалай бөлер едіңіз?

5-тапсырма.

Табыс, кіріс, шығыс, шығын, өнім, өндіріс, төлем, алым, сөздерінің қай

сөз табынан жасалғанын анықтаңыз. Тағы да осындай бірнеше мысал келтіріңіз.

6-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

Табыс, пайда сөздеріне антоним сөздер бар ма?

7-тапсырма.

Қаржы сөзінің синонимдерін табыңыз.

8-тапсырма. Мына сөйлемдегі табыс сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.

1. Әкесіне тапқан табысын апарын берді.

2. Әдебиет, мәдениет салаларында бұрын болып көрмеген ғажайып табыстарға қол жетті.

3. Қасиетті туған жеріме, туған еліме қайтып, туған-туыстарыммен табысатын болдым. (Қ.Қайсенов)

4. Мына құжатты ағаңа табыс ет.

5. Екеуміз тіл табыса аламыз деп ойлаймын.

9-тапсырма.

Табыскер, табысты, табыссыз деген сөздермен сөз тіркесі, сөйлем құраңыз.

10-тапсырма. Сөздікке жазып алыңыз.

Табыс және пайда сөзінің мағынасын салыстырыңыз.

1. Табыс - өнеркәсіп немесе жеке адамның қызметтері үшін берілетін ақшалай немесе материалдық ресурстар болып табылады.

Пайда – таза табыс түрі, өндіріс шығыны мен табыстың айырмашылығы.

..... Табыс және пайда сөзімен тіркесетін сөздер: табыс табу, табыс әкелу, табыс алу, пайда көру, пайда алу, табысын беру.

қандай табыс? қандай пайда?

валюталық табыс күткен пайда

жылдық табыс жоспарлы пайда

мемлекеттік табыс балансты пайда

ақшалай табыс жариялаған пайда

ұлттық табыс салыққа дейінгі пайда

реалды табыс салықтан кейінгі

2. Көп нүктенің орнына табыс немесе пайда сөзін қойыңыз.

а) Өнеркәсіптің жылдық ... 10 млн. теңге.

ә) Өнеркәсіп жоспардан тыс ... көрді.

б) Ұлттық ... екі есе өсті.

в) фирманың жылдық ... 30%- ке өсті.

11-тапсырма. Сөйлемдердегі пайда сөзінің мағыналарын талдаңыз. (Түсіндірме сөздікті пайдаланыңыз).

Пайдакер

Қарыз алған айлакер, қарыз берген пайдакер. Пайдақұмарлар алтынға бай кен орындарын сатып алды.

Пайдакүнем

Жергілікті алпауыттарға шетелдік пайдакүнемдер қосылды.

Пайдасыз

Пайдасыз өнім өндіру – тек зиянға батырады.

Пайдалы

Көбірек қимылдап, көбірек жүріп-тұрсаңыз, денсаулығыңызға сол пайдалы.

13-тапсырма. Мына мақал-мәтелдерді талдап, сөйлемдер құрыңыз.

Артық олжа – еңбек.

Оңай олжа – тұрмас қолға.

Шығасы шықпай, кіресі кірмейді.

Қайырсыз пайдадан – қайырлы залал.

Несиені малым бар деме.

14-тапсырма. Олжа пайда сөзіне синоним бе? Түсіндірме сөздікті пайдаланып олжа сөзін талдаңыздар.

15-тапсырма.

а) Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздерді есіңізге түсіріңіз.

б) Мәтінге шағын жоспар құрып, әңгімелеңіз.

в) Мәтіннің соңғы абзацында қайырымдылық деген ұғым бар. Оны қалай түсінесіз? Экономикада тағы басқаша қалай атайды?

г) Мына сөздерді түсіндірме сөздіктен қараңыз: қайыры, қайырымды, қайырымдылық.