Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

Көргені мен білгені, Жүзге келген шалдан көп. Бізге уайым жегені

Арманда боп қалды-ау! [84, 442].

Мағаш келген соң да Абайдың қапа мен қазада туған ақын шабыты толастаған жоқ. Әбіштің бар айтқан арызын, арманын естиді. Осы сөздерді естіген соң Абай аяулы Әбішті жоқтап, тағы да зарлы жоқтау өлеңдерін жаза береді. Абайдың «Абайдың Әбдірахман өліміне байланысты жазған өлеңдерін ақынның жақсы адамгершілікті жырлаған шығармаларының биік шыңы деп бағалауғаболар еді», – дейдіғалым Ж. Ысмағұлов[101, 112].

Тәуекел зор, ақыл мол, Қорықпай тосқан тағдырын, Қиынсынбай өлімді ол, Білдірмеген бір сырын. Ата-ананың қызметін, Алған жардың қарызын, Өтемей кеткен бейнетін,

Қағазға жазған арызы [84, 443].

Әбіштің алдында күтіп тұрған ауыр тағдыр мен өлімнен қорықпайтын тәуекелі зор, ақылды екенін осы өлең жолдарынан тани түсеміз. М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясында Әбдірахман бейнесін сомдағанда, Абайдың Әбішке арналған өлеңдерін басшылыққа алған.

Жиырма жеті жасында Ғабдрахым көз жұмды, Сәулең болса басыңда,

Кімді көрдің бұл сынды! [84, 443].

Ақынға сүйікті ұлының жиырма жеті-ақ жасында көз жұмғаны жазылмас қайғы мен орны толмас өкініш әкеледі. Бұдан өткен үлкен сын жоқ дейді.

Абай туғанынан бөлек жаратылған Әбдірахманның мінезін, оған біткен қасиетін жастарға үлгі ете жырлайды.

...Тәкаппар жалған онда жоқ,

Айнымас жүрек көңлің бал...

311

...Аз өмірін ұзартқан Ғылымға бойы толған соң Көрген жерін молайтқан, Оқып біліп болған соң Қырым, Кавказ, Түркістан. Ресей, Сібір қалмады, Хабарланып әр тұстан, Көрмей дамыл алмады! Құйрықты жұлдыз секілді

Туды да көп тұрмады!.. [84, 443].

Әбдірахман бейнесі – гуманист ақынның өмір бойы аңсаған адамгершілік мұраттары хақындағы ойларының негізі, адамзат баласына ортақ асқақ үміті еді. Бұл өлеңдерінде ақын әкесінің баласы емес, атасының баласы болған Әбішті ел атынан, халық атынан жоқтайды. «Ақынның Әбіш туралы өлеңдерінде: «атаның емес, адамның ұлы болуға» тәрбиелеу, ірі мақсат, мағыналы өмір сүруді үлгі етуді, отбасы тәрбиесі, оның ұлттық сипаты, әке мен бала қарым-қатынасын дәріптеу мәселесі қозғалады», – дейді әдіскер ұстаз Қ. Бітібаева өзінің «Абай шығармашылығын оқыту» атты оқулығында [235, 19].

Эпопеяның «Қапада» тарауында жазушы Әбіштің ауруға шалдыққанын, қайтыс болғанын аса аянышты сезіммен тебірене жазады. Абайдың қайғылы, қасіретті өмірі мен қападағы күйін оқырманға терең психологизммен жеткізеді. Осы тараудың соңында Әбіштің жары Мағыштың өмірден қайтуы тағы да қайғы әкелгенін көрсетеді. Жазушы осы тарауды Абайдың Әбішін есіне алып, Мағышқа жұбату айтқан «Жылағанды тоқтатып» атты шер толғауымен аяқтайды.

Тиянағым, тұрлауым Енді кімге асылдым! Ойламадым туғанда, Бір өзіңе бас ұрдым.

Жалғыз сенен айырылып, Артыңа қарап аһ ұрдым! Ойламадым еш жанды, Өзіңе ердім оңаша. Рақаттанып, мақтанып, Қылушы едім тамаша. Шыны сорлы мен-дағы,

Мағыш байқап қараса! [84, 496].

312

М. Әуезов эпопеяда Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахманға арнап жазған өлеңдерін мол қамтып пайдаланады. Эпопеядағы Әбдірахман образын сомдау барысында жазушының Абай өлеңдеріне жүгініп отырғаны байқалады. Өйткені эпопеядағы Әбіштің образынан Абай өлеңдеріндегі Әбіштің прототипі анық көрініп тұрады. «Абай жолындағы» Әбіштің характерімен, портретімен танысып отырғанда, Абай өлеңдерінде бейнеленген Әбіштің барлық қасиеттері дәлме-дәл келіп жатады. Сөйтіп, Абайдың Әбдірахман туралы өлеңдерін эпопеяның сюжеттік арқауына мол араластыру арқылы автор ақын шығармашылығының алуан түрлі саласының бір қырын танытады. Сонымен бірге осы эпизодтар Әбіштің өз образын да толықтырып, айқындай түседі.

«Абай жолы» эпопеясының «Қастықта» атты келесі тарауында Абайдың екі өлеңінен үзінді беріледі. Соның бірі:

Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Өлеңі бірі жамау, бірі құрау!» [84, 474].

Бұл өлеңді жазушы Абайдың сөзін әсте ауызға алмайтын оған қас, бәсекелес Оразбай, Жиреншелер бар екенін айтпақ ниетпен пайдаланғаны байқалады. Автор бұл өлеңді мынадай оқиғамен байланыстырады. Көксеңгірде болып жатқан санаққа келген жас төре Әзімханға Шұбар Абайды жамандайды. Әзімханның көңілін аластату үшін Абайдың болыс-билерді, жуан атқамінерлерді сынап жазатын өлеңдерін айтып береді. Өзін хан тұқымынан шыққан, қазақ халқының көсемi деп санайтын Әзімханның бұдан кейін Абайға деген өшпенділігі арта түседі. Әзімхан өзін оқыған білгішпін деп те санайтын. Бірақ қаншалық оқыған адам болса да, өлеңді сүймейтін, өзінің туған тілі, қазақ тілінде жазылған Абайдыңөлеңінтарстанымады. Тек барбілгені:

«– Қазақтың ең жақсы ақыны Бұқар жырау болатын! – деп, Абайға оны салғастырмай, жоғары атап отырған тәрізді» [84, 474]. Міне, осыны пайдаланып Шұбар төреге жақпайтын тағы бір Абай жайын, яғни Бұқарды сынайтын жаңағы өлеңін айтып береді деп эпопеяда көрсетіледі.

Абайдың болыс-билерді сынап жазатын «Көжекбайға» атты өлеңін осы тарауда кезіктіреміз. Жазушы бұл өлеңді Шербешнай сиязындағы Уақ пен Тобықтының жер бөлісіне байланысты жанжал уақиғасымен байланыстырған.

313

Ел бүлігі» Тобықты Көп пысыққа молықты! [84, 481].

Осы өлеңде айтылған деректерді алып, жазушы бұл елдің мінезі мен іс-әрекетін эпопеяда көркем тілмен сипаттап береді. «...Тобықты – зорлықшыл, соқтыққыш және ұрысы, барымтасы көп содыр ел. Оны ой мен қырдың бар елдері біледі де, Тобықтының бұзарларын, сойқандарын соншалық жиреніп жек көреді», – делінген [84, 481]. Бұл өлең жолдарының ел ішінде мәтелге айналып кеткенін жазушы мәлімдейді.

Эпопеяның келесі «Шайқаста» атты тарауында Абайдың «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» деген өлеңі орын алған. М. Әуезов бұл өлеңді халық арасында Абай өлеңдерін айтып, таратып жүрген Сейіттің Оразбайдан көрген қорлық оқиғасы тұсындағы оқиғамен байланыстырып оқырманға таныстырады.

Мал жияды мақтанып білдірмекке Көзге шұқып малменен күйдірмекке! Өзі шошқа, басқаны ит деп ойлар, Сорпа-су мен сүйекке сүйдірмекке. Ақылды деп, арлы деп, ақ пейіл деп, Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп. Осы күнде мал қайда, боқ ішінде

Алтын алсаң береді боғынан жеп! [84, 507].

Эпопеяда бұл сұмдық оқиға былай өрбиді. Қалың жұрт жиналып жатқан ауылдың ортасындағы құдықтың басында көп ке- дей-кепшіктің ортасында Абай әндерін айтып отырған Сейітті естіп Оразбай оған кеп төніп, зілдене түседі. Сейіт ары қарай Абайдың «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңін айта жөнелгенде, төбесінен біреу ұрғандай, ақырып, құтырып алған Оразбай ашумен Сейітті тірідей жерге көмдіреді. Абай өлеңін айтқан жазықсыз жігіт қорлық жапа шегеді. Бұл өлең Оразбайдың титығына қатты тиген болуы керек. Өйткені байлардың малдан басқа ойлары жоқ пасықтығын, көрсоқырлығын шошқаға теңеп, көзге шұқып айтқан бұдан артық сөз жоқ деп айтуға болады.

Осы тарауда М. Әуезов Абай өлеңдерінің ішіндегі өзі туралы, өмір жолының ішкі мағынасы жайлы, өмірінің қорытын-

314

дысы іспеттес «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» атты ой-толғауымен оқырманын жақын таныстыра түседі. Жазушы бұл өлеңді табиғат пен ақынның көңіл күйімен қабыстыра суреттеп, терең философиялық тұрғыдан оқырманға ой салады. Ақын өлеңіндегі әрбір ойға жазушы түсінік беріп, оны кеңейтіп, әрбіреуін нақты мысалдар арқылы таратып береді.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!…

Өзі ермей, ерік бермей жұрт қор етті, Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!.. [84, 517].

Бұл өлең – ұлы ақынның өмірмен қоштасар алдындағы кейінгі келер ұрпаққа қаратып айтқан сөзі. Өмірдің өріне жетіп, оның ішінде талай қиыр кезең жолдарын басып өтіп, енді тірлік сапарын таусарманға келгенде айтқан ақынның шерлі сыры болып келеді. Абай келер нәсіл адамына бар сырын ашып, мұң шағады. Өлеңде қозғалған мәселеге оқырман түсінігіне сай жазушы үстеме мағына беріп, адамзат тіршілігіндегі өмір заңдылықтарымен, тарихпен, табиғат құбылыстарымен байланыстырып дәлелдеп береді. Мәселен: «Әрине, мынау тұл заманның тусып тұрған дүниесі ол шаққа да осы қалпымен барады да, бөгеліп тұрып ойлағанда, Абай қабағы түйіліп, жүрек жирене қысылып, өне бойымен түршігіп дір еткендей болды.

Соқтықпалы, соқпақсыз заманда өмір кешкен азғантай халқы бар. Оның бүгінгі тірлігі – қорлық. Ол қараңғы, надан, оны билеген күш-қуат қара албасты, қара түнек күштері. Бұны ойласа Абай бір сәт шұғыл, қатал бір ойға ауысады. «Бұл өмірден кетер ме еді? Өліп-өшіп, жоғалып, сол болашақ дүние үшін кетсе» [84, 516]. Абай өлеңінде толғаған ішкі жан сырын жазушы, міне, қарасөзбен таратып, философиялықтұрғыдантүсіндіріпоқырманғажеткізеді.

Сонымен, қорыта келсек, Абай өлеңдерін, қарасөздерін, аудармаларын М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында молынан пайдаланғанын көрдік. Абайдың өмірі мен қызметі туралы жазушының қолында дәлелді деректердің болмағаны себепті, ақын мұрасына иек артып, эпопеяға енгізгенін осы зерттеудің барысында анықтадық.

315

Абай шығармалары – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің, ақын өмір сүрген дәуір шындығының, халық өмірінің, қайғылы тағдырының шежіресі. Абайдың терең мағыналы, жан тебіренткен өлең-жырлары қазақтың саналы адамдарының қабырғасын қайыстырған рушылдық тартысты, надандықты әшкерелеуге арналды. М. Әуезов Абайдың орындалмаған арманын айшықты түрде суреттеп берді. Ұлы ақынның даналығы, халықтың тұрмыс жайы, арпалысқан күресі «Абай жолы» эпопеясының негізгі арқауына айналған.

М. Әуезов Абайдың әрбір өлеңдері, қарасөздері, аудармаларын эпопеяның сюжеттік желісіне сай идеялық мақсатта пайдаланып отырған. Ақын өлеңдерінің қалай туғаны, кімге арналғаны, оның орындалуы мен таралуы сияқты көптеген мәліметтер беріп отырады. Жазушы эпопеяда ақын өлеңдері мен қарасөздерін бастан аяқ сол қалпында тізбектеп пайдалана бермейді де, көбінесе шығармашылық еркіндіктерге барған. Автор ақынның әрбір өлеңінің тарихымен таныстырып жатпайды да, оның есесіне, ақындық лабораторияны, ақындық психологияны қаламгерлік шеберлікпен барынша ашып суреттейді. Яғни Абайдың ақындық, қоғамдық, гуманистік, ойшылдық, даналық тұлғасын жан-жақты танытатын тарихи кең құлашты эпопея туғызып, сан ғасыр ұрпақтары оқи берер мәңгілік туындысын жазып қалдырды.

3.2. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы «шығармашылық тұлға» концепциясы

«Шығармашылық тұлға туралы роман түрі ХХ ғасырдың басында қалыптасты. «Суреткер және оның дәуірі», «адам және тарих» мәселелері көптеген жазушылардың шығармашылық қиялын тербеді. Ромэн Роллан өзінің әйгілі қаһармандық биографияларын тудырды: «Бетховен өмірі», «Микеланджело», «Толстой өмірі». Бірақ оның суреттеуінде қаһармандар жалғыз шың ретінде дәріптелді» [81, 288]. М. Әуезов өзінің әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясын қалай жазғаны туралы оқушы жұртшылыққа арнайы таныстырған «Абай» романының жазылу жайынан» атты мақаласында ең басты мақсаты – «ұлы ақынды, ақын

316

өмір сүрген дәуірдің тарихи шындығын көрсету мақсатындағы творчестволық ісі» екенін түсіндіреді [82, 106]. Жазушы «Абай жолы» эпопеясына тарихи романдар деп түсінік береді. Батыс жазушыларының тарихи романдарын көп оқып-зерттегенін айтады. Жұртқа мәлім «Петр Бірінші, «Емельян Пугачев», «Степан Разин» сияқты тарихи романдардан өзінің туындысының ерекшелігін атап көрсетеді. Аталмыш романдардың басты қаһармандары қоғам қайраткерлері, қолбасшы, батырлар екені, ал «Абай жолы» батыр емес, ақын туралы роман, басты кейіпкер – творчестволық тұлға екенін оқырманға айтып ескертеді. Демек, ақын жөніндегі кітапқа тән ерекшелікті жазушының түсіндіруі бойынша, творчестволық еңбегінің туындысы деп білген жөн.

М. Әуезов творчествоның адамы жөнінде жазылған көп романдарды оқып-зерттегенін мәлімдейді. Олардың барлығы жазушыны қанағаттандырмағанын, бірін ұнатса, бірін ұнатпағанын байқауға болады. Өз сөзіне ден қойсақ: «бірінен қалай жазу керектігін үйрендім, бірінен қалай жазбау керектігін үйрендім»

[82, 107].

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы басты кейіпкер жөнінде М. Әуезовтің өз сөзінде былай делінген: «...менің геройым – творчестволық тұлға, демек, қоғамдық құбылыс есебінде көрінетін оның қолма-қол қимыл-әрекетінің нәтижесі емес, творчестволық еңбегінің туындысы ғана. ...Геройымның сыртқы әрекетін ғана емес, ішкі творчестволық психологиясын, оның өмірді тікелей түйсінулерінің, сезіну-толқынуының нәтижесінде көрінген шындық құбылыстың сырларын, тіпті ақын шығармасының тамыртартқантереңінашакөрсетугекөпкүшжұмсадым» [82, 107].

Автордың өзі атап көрсеткендей, алдымен «Абай жолы» романы – халықтың кемеңгер ұлы, ойшыл, ақиық ақыны Абай туралы шығарма. Сол себепті онда күрделі қоғамдық, саяси-әлеу- меттік құбылыстармен қатар, Абай ақынның кескін-кейпі, күйі- ніш-сүйініші, кейбір өлеңдерінің дүниеге келу тарихы, яғни шығармашылықпсихологиясыныңқырларыкөріністабуыөтезаңды.

«Абай жолы» эпопеясының жазылу тарихы туралы мақала жазуға М. Әуезовтің алдын ала даярланғанын оның ой-тұжы- рымдарын қысқа-қысқа тезис ретінде қағазға түсіріп отырғанынан байқауға болады. Мәселен «К беседе (о романе «Абай»), «К Выступлению о романе», «К лекции об «Абае» и «Пути Абая»

317

деп аталатын қысқа жазылған шашпа пікірлерінен жазушының эпопеяда негізгі ұстанған концепциясының ішінен «Психология творчество» деген мәселені арнайы жеке алып қарастырғаны көрінеді. «Роман исторический, но о творческой личности», – деп жазушы арнайы сипаттама береді [73, 344]. Бұл жазбаларынан Абай шығармашылығын суреттеу арқылы М. Әуезовке ақынның өмір сүрген дәуір болмысын, тарихи өмір шындығын, қоршаған орта тұрмысын көрсетуі тиіс екені көрінеді.

М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының қалай жазылғаны туралы оқыған лекциясынан үлкен әсер алғанын айта келіп, ғалым Ш. Елеукенов жазушының сөзін келтіреді: «Мені өмірбаяндық мағлұматтардан гөрі, содан өрілген творчестволық ой-өріс дамуы көбірек ынтық етеді», – деді. Яғни ақын шығармаларының тууына себепті болған шындықты сезіну, түсіну тереңдігіне бойлау керек» [236, 174].

«Суреткер үшін творчество адамының образын жасау, творчестволық психологияны суреттеу – түптеп келгенде, өзін өзі ашу. Творчество адамы да – өз дәуірінің, өз ортасының перзенті. Сондықтан да белгілі бір кезеңді суреттемек болғанда, оны сол кездегі творчество адамының еңбектерін, творчестволық психологиясын терең зерттеп, оның образын ашу арқылы көрсету бір- ден-бір тиімді тәсіл деуге болар еді» [87, 157].

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың ақындық творчестволық психологиясының көрініс табуы үлкен ізденісті қажет етсе, оны эпопея бойында ашып көрсетудегі М. Әуезовтің шеберлігі өз алдына күрделі мәселе болып табылады. Автор өз кейіпкері ретінде тек қана жеке тұлғаны, тіпті тарихи тұлғаны емес, шығармашыл тұлғаны таңдайды. Ол Абай поэзиясындағы поэтикалық принциптердің туу үрдісін, образдарды талдайды. Және де оның психологиялық талдауының өзгешелігі – жазушының көркемдік шеберлігінің негізгі қырлары – шығармашылық процестің тек хронологиялық тәртіппен емес, сонымен қатар ұлттық көркем ойлау дамуының ажарлануымен байланысты.

Әдебиеттану ғылымында шығарманың психология мәселесіне қазақ әдебиетінің энциклопедиялық анықтамалығында мынадай анықтама берілген: «Суреткерлік өмірді танудағы, мәдени байлықты жасаушы ретіндегі жеке психологиясы, жаңа бір туындының қиялда туғанынан бастап, оның аяқталуына дейінгі

318

динамика, яғни көркем шығарма жасаудағы жалпы және жекелеген заңдылық процесі, шығармашылық психологияның ерекшелігін зерттейтін әдеби, ғылыми көзқарас. Шығарманың психологиясының жалпы психологиядан өзгешелігі жазушының шындықты бейнелеу процесін жете үйрену және оларды ерекше бір көркемдік түрде жүзеге асыра білуі, сондай-ақ жазу тәсілінде, психологиялық принципте тек психологиялық тұрғыдан ғана келмей, әдебиеттану, эстетика және басқа да іргелес қажетті пәндерді пайдалана білуде болса керек» [237, 560].

Әдеби шығармашылық – адам iс-әрекетiнiң бiр түрi. Бұл мәселе ғылыми тұрғыда жеткілікті зерттелген. Кез келген iс-әре- кеттiң мiндеттi түрде екi кезеңi болады: мақсат қою және мiндеттi орындау, мақсатқа жету. Әдеби даму iс-әрекетте ой-қиял- мен шығармашылыққа мақсат қою ой-қиялмен болса, ал шығарма тудыру процесi – сол мақсатқа жетудің жолы болып табылады. Әдеби ой-қиялдар әр алуан болғанымен, iс-әрекетте олардың басқа түрлерiне қойылатын мақсаттарына ерекшелендiретiн ортақ қасиеттерi болады. Әдеби туынды жазудың мақсаты туралы бұл жерде сөз болып отыр. «Бұл мақсат – шындық өмiрдiң эстетикалық аспектiсiн ашуға ұмтылу және туындысы арқылы адамдарға әсер ету. Әдебиет пен өнердегi әртүрлi ағымдардың өкiлдерi эстетикалық қасиеттi қайдан тауып және оларға қандай эстетикалық қасиет құнды болып табылатынына байланысты бiр-бiрiмен ерекшеленедi» [238, 97].

Жалпы «шығармашылық дегеніміз бұрын еш уақытта болмаған, тек тыңнан пайда болған, қайта қайталанбайтын сапалы өнер туындысы деп түсінсек, онда шығармашылықты үш түрлі аспектіде − психологиялық, философиялық және эстетикалық тұрғыда қарастырамыз», – дейді М.С. Оразбек [239, 3]. Соның ішінде шығармашылық психологиясы көркем шығарманың туу процесін, автордың шығарманы жазу кезіндегі психологиясын, яғни елестету, сезіну, түйсіну, қиялдау, меңзеу арқылы сюжеттік оқиғаларды туғызу мүмкіндігін зерттейді [239, 3]. «Психологиялық талдау, ішкі монолог, адам жанының диалектикасын көрсету жөнінен «Абай жолы» эпопеясы әлем әдебиетіндегі барлық ғасырларда барлық халықтар жасаған ең үздік шығармалармен қатар тұрды» [5, 246].

Шынымен-ақ, эпопея авторы ақынның, әрі ағартушының ішкі жан-дүниесіне, рухани әлеміне үңіле отырып, басты кейіп-

319

кер Абайдың сенім ұялататын көркем бейнесін жасады. Осындағы рухани әлем дегеніміздің өзі не? К. Оразбектің «Шығармашылық тұлға және авторлық позицияның арақатынасы» атты докторлық диссертациясында мынадай анықтама беріледі: «Рухани әлем − ол адамның жан-дүниесіндегі рухани, моральдық құндылығы, адамгершілік парасаты» [239, 15]. Яғни ақын өзі сезініп-түйсінген, терең толғандырып ойлантқан өмірдегі белгілі бір оқиғаны іштей қорытып, рухани және көркемдік әлеміне астастыра отырып эстетикалық дүние тудырады.

Көркем шығармадағы образ жасау тәсілінің бірі − адамның күйініш-сүйінішін суреттеу деп алып, белгілі ғалым З. Қабдолов: «Адамның ішкі тұңғиық тереңін, адам психологиясының көзге ілінбес нәзік қалтарыстарын, адамға тән құштарлықтың жан түсінбес қиын құпиясын жарқ еткізіп ашып, қопара көрсеткен осынау керемет зергерлік образ жасаудың тағы бір тамаша тәсілі − озғын үлгісі. Адамның сезімін, күйіну не сүйіну халін суреттеу деп осыны айтады. Бұл − орасан қиын тәсіл. Бұл тәсілді тек тарлан таланттар ғана игере алады», – дейді [240, 117].

«Психология − адамның ішкі дүниесі, әрекет үстіндегі жан тебіренісі, ой толқындары, қуанышы, күйзелісі, сезімдердің алуан сапалы құбылуы, дамуы, өрістеуі. Бұл жалпы адам баласына тән психологиялық процестер» [241, 64]. Ал психологиялық талдау − шығармашылық өнерге күш беретін ең маңызды қасиеттің бірі. Өз кейіпкерінің шығармашылық психологиясын зор эмоционалдық күшпен ашуы, поэтикалық ойдың туындауының үздіксіз процесін жан-жақты көрсетуі Әуезов шеберлігінің үлкен жетістігі болып саналады.

Бұл жөнінде жазушының өзі былай дейді: «... ақынның өмірін, күресін, өскен ортасын өз басынан кешкен өмір тіршілігінің нақтылы деректері арқылы тарихи жағынан дәл, дұрыс суреттеп көрсету керек. Ондай деректердің ішінде қоғамдық мәні бар ірілері де, жеке басқа, семьяға ғана тән ұсақтары да болуы мүмкін, бірақ соның бәрі геройдың жан дүниесіне жиналып, оның ойсезімінен, ақыл сарабынан өтуі шарт. Одан әрі соның бәрі ақынның шығармасында сәулеленіп, оның дәуірін бейнелеуге тиіс...» [83, 25].

М. Әуезовтің адамзат баласына тән табиғи және психологиялық құбылыстарды асқан шеберлікпен бейнелеудегі көркем-

320

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]