Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

нің жаңадан тапқан даналық терең пәлсапалық оймен қарасөз ретінде жаза бастайды. Абайдың қарасөздері ақынның өз заманының шындығынан, қоғамдық тарихи жағдайынан мәлімет беретінін академик М. Әуезов атап көрсетеді. Мәселен: «...Абайдың қарасөздері – оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделік сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының барлығымен байланысты туған шығармаларды көрдік», – дейді [49, 228]. Яғни М. Әуезов өзінің берген осы ғылыми дәйектемелерін «Абай жолы» романэпопеясында оқиға желісімен орайластырып енгізіп отырады.

Абай қарасөздерін 3, 4-кітаптарда жазушының қолдануында өзінің идеялық авторлық мақсаты болуы керек. Өйткені 2-кітап- та біз Абайдың ақын аға дәрежесіне жетіп, өз ортасынан озып шығып, осы жасқа дейін оқып, білген үстіне біліп, кемеріне жеткен ақылды, данышпан ұстаз болғанымен танысқан болсақ, келесі кітаптарда ойшыл, дана, философ болған кемеңгер ұлы тұлғамен танысамыз. Шығыс әдебиеті мен Батыс мәдениетінің тамаша озық үлгілерін оқып, одан ой қорытып шығарған Абайдың нағыз ақындық өнерінің өзі де 40 жастан басталатыны белгілі ғой. Осы жөнінде М. Әуезовтің ғылыми монографиялық еңбегінде: «Сонымен, 1884–85 жылдары жасы қырыққа таман ілінгенде Абай дүниеден көп мағлұматы бар кісі болады. Әр нәрсе туралы, ғылым, философияға сүйенген арнаулы көзқарасы, сыны бар, әншейін ел кісілерінен сонағұрлым қырағы озған кісі болып, жекеленіп шыға бастайды» [229, 203].

Абайдың өмірі мен шығармашылық лабораториясын эпопеяда, негізінен, басшылыққа алған жазушы «Абай жолының» 3-кітабында бірнеше қарасөздерден мысалдар келтіреді. Эпопеяның «Қоршауда» тарауында Абайдың 37-қарасөзі беріледі. Қарамолада өткен шербешнай съезде Абай төбе би болып сайланады. Жиналған болыстардың бояма, екіжүзді жағымпаз жаман қылықтарына ыза болып, ашумен ширығып былай дейді:

«Мансаптың бәрі қорлық емес, игілік үшін өзін құрбан ететін мансап адамға қасиет бітірсе керек. Ондай мансапты сен адам болсаң ит қорлықпен, ұлықтың табанын жалап жүріп таппас боларсың. Халқыңа қадірің асқан жақсы болсаң, сендей мансап өзіңді өзі іздеп кеп тапса болар! – дей келіп, өлеңдей,

301

үлкен даналық бар сөз айтты. – Биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады! Міне, осының қайсысы болдың, осы отырғандар? Қыран болмасаң, халқың үшін жылан болдың емес пе!?» [84, 284]. Осы сөз болыстардың барлығын қамшымен қақ бастан қасқайта тартып жібергендей әсер етеді деп бейнеленген еді. М. Әуезов Абайдың афоризмдер жиынтығын құрайтын 37-қарасөзіндегі: «Биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады. Жікшіл ел жетпей мақтайды, желөкпелер шын деп ойлайды», – деген сөзіне жазушы өз жанынан болысқа арналған мірдің оғындай өткір сөздер қосып, ақынға айттырады.

Елдің атқамінер жуандары мен болыстары Абайдың үстінен көп шағым түсіріп, пәле жауып, осы шербешнай съезінде Семей жандаралынан жазалауды күтеді. Жазалаймын деп келген жандарал өзімен мәдениетті түрде тең сөйлесетін Абайдың ақылын, білімін мойындап, амалсыз оны төбе би ғып сайлайды. М. Әуезов осы оқиғаның шынайы өмірден алынғанын «Абай өмірбаянының төртінші нұсқасында» (1950) нақтылы атап береді. «Абай сондағы мансапқор, күншіл, шағымқой арам адамдардың қалың ортасында отырып, бәрін де көзге шұқып отырғандай қып, бір үлкен терең сөз тастайды. «Биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады», – деген [229, 385].

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 4-кітабы «Түн-түнекте» атты тараумен басталады. Бұл тараудан Абайдың бірнеше өлеңдері мен қарасөздерін сюжет желісінде кезіктіріп отырамыз. Семей қаласын жайлаған оба ауруы тұсындағы қайғылы жағдай мен сол індет кезіндегі өз басының құлқын ойлаған дін басыларының жағымсыз әрекеттері бұл тарауда кеңінен сөз болып, нанымды бейнеленіп жазылады.

Жазушы эпопеяда осынау қайғылы оқиғаның ортасында ауруханаға маскүнем боп келіп түскен екі адамның қылығына аса жиіркенішпен айтқан өлеңі ретінде Абайдың мына өлеңін келтіреді. З. Ахметов: «Қайғы шығар ілімнен» – ашу мен ызаға толы өлең», – деп атайды [97, 54].

Есер есірік болмасаң Тіршіліктен пайда жоқ…

302

Өлеңін айтпай, достарына ол осы өлеңдегі ойын айтты. Жұртта кім жоқ?! Жылаған мен шерленгеннің арасында

«тапқаным осы, табынғаным осы» деп, жындыбастыққа салынатын жандар да бар... «Мейлің ыза бол, мейлің күл», – деп жиреніш ойлап қалды» [84, 324].

Ары қарай жазушы оқиға барысында Абайдың 1-қарасөзін келтіреді. Қауіпті дерт пен індет басқан қаланың базарына Абайдың келіп, шет жақта халықтың сырт көрінісін бақылап тұрғанын сипаттайды. Базардың ішіндегі адамдардың сырт келбетіне, олардың үздіксіз, тынымсыз мол сөздеріне, жүріс-тұрыс- тарына қарап, өзінің кімге арнап ораларын, кімге арнап сөз айтарын білмеді. Күні бойы жүріп, сөзін тыңдатар жан таппады. Осылай шырмалып тұрып мынадай ішкі ойға батты: «Өлең жазып, өсиет таратып жүрмін», «халқым үшін қам жеп жүрмін» дейтін Абай, көп уақыттарда күдікке түсуші еді. «Тыңдап жатқан, ұғып танып, керегіне жаратып жатқан қазақ баласы бар ма осы, жоқ па?» – деп толқитын [84, 339].

Жазушы қала базарындағы қайғылы күй мен ақынның осындай терең күдікке түскен ойына сәйкес келетін 1-қарасөзінен мысал келтіреді. «Не қыларсың… қайтіп амал табарсың, сен де бейне бір қу дала, қу медиен елсізде, әдемі әсем қызыл, жасыл бұлдарын жайып салып, өлшеп кесер кезін ұстап оңтайланып отырған жан тәріздісің! Бұл да бар, кез де бар, кездеп берер сатушы да бар… тек алушы жоқ. Қанша тоссаң да мейлің… алушың шығар шақ жоқ. Солсың ғой Абай сен-дағы» [84, 339]. Бұл жерде жазушы Абайдың 1-қарасөзіндегі негізгі ой мен стильді алып, эпопея оқиғасына орайластырып, өзіндік жанынан қосып, авторлық идеямен дамытып береді. Ал бірінші сөзде былай делінген: «Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар?» [76, 95-96].

Семей қаласын жайлаған оба апатына байланысты оқиға үстінде жазушы Абайды халқының жанашыры ретінде бейнелейді. Абай ел басына түскен нәубетке арашашы болғысы келеді. Надан халыққа ақыл сөзімен қол ұшын беруді жөн көреді. Сол ақыл сөзін білімдар әрі діндар Сармолла арқылы жеткізеді. Абайдың ақыл-кеңесі бойынша Сармолла халықтың осы қырғыннан сақталуына біраз себепкер болды. Ол басқа дін иелеріне

303

қарсы әшкерелеуші сөздер айтып, қараңғы адамдарға ой салады. Халық душар болған апатты дін иелері өз құлқындары үшін пайдаланады. Олар Сармолланы бұдан сырт қалдырады. Сол үшін де Сармолла оларды жек көреді. Ақыры өз құлқындарының құлы бір-біріне өшіккен дін иелері Сармолланы өлтіріп тыныш табады. Өмірінде осындай былғанышты басынан кешіп, қараңғы лас жерде жыбырлап құжынаған соқыр құрттар әрекетін көргендей жиіркеніп, Абай қатты түңіледі. Қала халқының осындай адам айтқысыз надандық пен аяусыз қатігездікті басынан кешкен трагедиясына жаны күйзеліп тұрған Абайдың ішкі ой толғанысын былай деп береді:

«Енді көрсе, қаладағы қазақ халқын торлаған дерт түнек, түн-түнек қандай қазалы да кәрлі... Қанша ата-ана күңіреніп өлді кешегі күндері! Нелер қыршын жас кетті! Арманға толы кеудемен кетті талай ыстық жүректі жақсы жар. Сан кеудеде ашылмай, айтылмай кетті ащы зар! Қырғын көрді қараңғы ел. Бірақ бәрінен ауыр, бәрінен ащы, бәрінен улы қайғы не?.. Оба науқасындай қара кесел, аяусыз, сезімсіз және онан да бетер қас қараңғы күш жатыр ғой! Ол – надандық... Ол меңіреу зұлым қараңғылық... Абайдың ой иесі боп, көзін ашып шыққаннан басталған сол меңіреу дүлей кемісе нетті!.. [84, 351-352].

Қаланы қаптаған надандық, қыңыр, дүлей, зорлық күштің меңіреулігін көргенде, Абай қападан, ызадан қатты қиналады. Қала халқының ұстаз деп танып жүрген имам, қазірет, молдаларын ақын енді жақыннан танып, олардан қатты жиреніп шығады. Осы жайтқа куә болған Абайға жазушы дүмше молдаларды сынап айтатын өлеңін келтіреді.

Құранды молда теріс оқыр, Дағарадай боп сәлдесі. Өзімшіл көңілі бек соқыр,

Бүркіттен кем бе жем жесі!… [84, 350].

Аузында құраны, басында сәлдесі бар деп жұрттың сеніп жүрген молдалары дінді өз басының құлқыны үшін пайдаланатын жемқор екені әшкереленеді. Ақын оларды көңілдері соқыр келетінін, ал жегенде жыртқыш бүркіттен кем жемейтін тойымсыз қылықтары бар екенін ащы сынап жазады.

304

Абайдың дін басыларының осындай қылықтарына ыза болып, ширығып тұрған тұсына орай жазушы ақынның дін туралы ұзақ жазылған 38-қарасөзінен үзінді келтіреді. Жаңағы оқиғаға сәйкес Абайды қаланың ишан, имам, халфе, хазіреттерімен өз тілінде сөйлетеді: «Молдалар былай тұрсын, хусусән бұл заманның имандарынан да бек сақ болыңыз. Олар Фитнәй-ғалам, өздерін аһли тариқат біліп, басқаларды жеткізбек дағуасын істейді. Олардың барлық қуаты басындағы сәлдесі, қолындағы тасбиығы. Одан басқа түк те жоқ. Наданның наданы, зорлықшыл жыртқышы, топасы солардың өзі!» – деген жолдарды жазып ызалы көңілі ширығып отыр еді [84, 350].

М. Әуезов Абайдың 38-қарасөзіндегі дін басыларының дінді бұзар қылықтарының өрескел қателіктерін сынап жазатын осы цитатасын алып, оқиға барысына өзек етеді. Абайдың құран аяттарынан цитаталар келтіріп, терең ойшылдық таныммен жазған қарасөзіндегі идея мен асыл сөздерін сақтай отырып, жазушы эпопеяда оқырманға көркем тілмен бейнелеп жеткізгенін байқауға болады. Салыстырып көретін болсақ, қарасөзде былай делінеді: «…молдалар тұра тұрсын, хусусән, бұл заманның имандарына бек сақ болыңдар. Олар – фитнә, ғалым, бұлардан залалдан басқа еш нәрсе шықпайды. Өздері хүкім шариғатты таза білмейді, көбі надан болады. Онан асыл өзін-өзі әһіл тариқат біліп және біреуді жеткізбек дағдысын қылады. Бұл іс олардың сыбағасы емес, бұлардың жеткізбегі мұхал, бұлар аз. Аздырушылар, хаттә дінге де зарарлы-дүр. Бұлардың сүйенгені – надандар, сөйлегені – жалған, дәлелдері тасбиығы менен шалмалар, онан бас-

қа еш нәрсе жоқ» [76, 136-155].

М. Әуезов эпопеяның «Құз-қияда» тарауында да Абайды дін басыларымен кезіктіріп сөйлестіреді. Семей қаласын жайлаған оба тұсында, әсіресе Сармолла ісінде сырттай жақсы біліп, сұм адам көріп, жирене қарайтын Шәрібжан халфе мен Юнуспек халфелермен дін жайында ұзақ айтысып таласады. Осы айтыста Абай олардың жалғаншылар, екіжүзділер, қор мінезді, адамгершілік қайыршылары екенін беттеріне басып айтып, осындай мінездеріңіз үшін қорланар едім деп кесек мінезімен олардың жержебіріне жетеді. Сөз соңында иман деген жайға тоқталып, «үлкен кітапқа орай біліміміз бар» деп жүрген молдаларды таңдандырып, сол кітаптың тілімен сөйлеп кетті деп, жазушы Абайға 13-қарасөзін айттырады.

305

«Екі түрлі иман бар еді – яқини иман, тақлиди иман. Жұртқа сол иман атымен өсиет, хүкім айтпақ боласыздар. Осы отырған екеуіңізді мен не дейін?! Яқини иманы бар деуге сіздерде ғылым жоқ. Тақлиди иманы бар деуге әуелі өздеріңізде беріктік жоқ, яғни я алданғанға, я аздырғанға, я бір пайдаңызға қарай дархан осы сағаттың өзінде «ақты қара» деуге, «қараны ақ» деуге, «өтірікті шын» деуге әзірсіздер. Сол терістіктердің бәрінде ант етуге әзір отырған сіздерді не дейміз?» [76, 388-389].

Жазушы Абайдың 13-қарасөзінде айтылған мәселені осы екі молдаға қаратып айттырады. Қарасөздегі иманның екі түрлі болатынын жазушы бейнелеу арқылы оқырманға түсінікті тілмен жеткізеді. Ал қарасөздегі ақынның өз тілі оқырманға күрделірек болып келетіні анық. Мәселен: «Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе алу керек. Әуелі не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып ақылы дәлел испат қыларға жараса, мұны яқини иман десек керек. Екіншісі – кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық беріктік керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік боларға керек. Бұл иманды иман таклиди дейміз. Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, я өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз?» [42, 450].

Эпопеяда жазушы соңғы кездерде Абайдың көбінесе қарасөзге қарай ойысқанын Әбіштің айтуы бойынша білдіреді. Әкесі мен жаңағы дін басыларының сұхбат айтыстарын тыңдап отырған Әбіш былай дейді:

«– Мен соңғы айлардағы кейбір «Қарасөзден», «Өлең сөздеріңізден» дін өсиетіне дағдыланған молда ақынның аңғарын байқағандай болатұғын. Ойлаушы ем, осындай сөз үлгісі ағамды оқып, ұғып, жаттап жүрген қазақ қауымының көбіне түсініксіз ғой. Осылай сөйлеудің қажеті қанша екен? – деуші едім. Жаңағы молдалармен шарпысқан, – деп Әбіш күлді де, – сөзіңізге қарағанда, сондайлық сөз үлгісінің орны бар екен дедім. Өзінің арналатын адресі бар екен деп, солайша жазуыңыздың себебін түсіндім» [84, 389]. Жазушы Абай қарасөздері терең ой мен күрделі тілге құралып жазылғандықтан, қазақ қауымына түсініксіз-

306

деу екенін ескерте келе, алайда оның барша адамзат үшін пайдасы бар, маңызы жоғары шығармалар екенін Әбіштің сөзі арқылы оқырманға жеткізеді.

«Абай жолы» роман-эпопеясында ерекше көзге түсетін, ешкімге ұқсамайтын дара тұлға – Әбдірахман бейнесі. Ол эпопеядағы басқа кейіпкерлерден оқшауланып тұратын, қазақ даласында бұрын-соңды кездеспеген ғазиз жан ретінде сомдалады. Бұлай болуы заңды да. Өйткені М. Әуезов Әбдірахманның образын сомдағанда, Абайдың Әбішке арнап жазған өлеңдеріне, негізінен, сүйенген. Абайдың өмір бойы армандап, аңсаған Толық адамы осы Әбдірахманға арналған өлеңдерінен табылады. Абай Әбдірахманды толық адам болуға асық, соны қасиет атаулыны бойына дарытқан жаңа ұрпақтың өнегелі бейнесі ретінде тұлғалайды. Ақынның толық адамға қояр талабын Әбішке арналған өлеңдерінен, яғни оның бойындағы қасиеттерін айтқанда нақтылы көруге болады. Абай Әбдірахманның мынадай мінезі мен қасиеттерін атайды: «тұла бойы ар мен ұятқа толы», «жүрегі жылы», «бойы құрыш», «өнері оның жұрт асқан», «ғылымға көңілі зерек», «ғаріптен көмегін аямаған», «тәуекелге нар едің», «ерлікке де бар едің», «ағайынға бауырмал», т.б. Осы қасиеттердің барлығын М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясында сюжет желісінде образды түрде бейнелеп көркем тілмен жеткізеді.

Әбіштің ізгілік істерінің бірі «Құз-қияда» тарауында Дәрмен мен Мәкен оқиғасы тұсында көрінеді. Дәрмен мен Мәкеннің махаббаттарына аранын ашқан жауыздардың шеңгелінен босату жолында Әбішті әділдікті жақтаушы, жастар бостандығы үшін күресуші ретінде бейнелейді. Жастардың бақытына арашашы болған Әбішке Абайдың Дәрмен туралы жазған хаты ретінде жазушы ақынның қарасөзін өте орынды қолданады.

«...Дәрмен басы маған қандайлық екенін айтпай-ақ қояйын. Ол жыл санап халықтың да қадірлісі, аяулысы болып келеді. Сен де дос көретін тәрізді ең. Мен соныңды құптайтұғым. Ал дос болсаң «шын дос», «айнымас дос» дегізетін бол. Әйтпесе жаман дос көлеңке, күн ашықта қашып құтыла алмайсың, күн бұзылса іздеп таба алмайсың» [84, 362]. Жазушының Дәрмен жайын, дос жайын айтқанда, Абайдың 37-қарасөзіндегі мына нақыл сөзін алғанға ұқсайды: «Жаман дос – көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың» [76, 134].

307

М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының 4-кітабында Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахманға арналған өлеңдерінің бірнешеуін ендіреді. Әбдірахман Абайдың сүйеніш көріп, үлкен үміт қылған баласының бірі болған. Әкесінің арманы – Әбдірахманның қазақ даласына келіп, білім шуағын шашып, мектеп ашып, халықтың көзін ашуы еді. Ол әке өмірінің жалғыз бір үлкен жұбанышы еді. Сол мұратына жете алмай ерте өлгені артында қалған әкесін қатты қайғыға салған. Ел ортасында «етек бастыны көріп» жүргенде, Абайдың аңсап, тілеп, көп істеп, мағыналы адамшылық ұрығын шашады деген жалғыз үміті сол еді. Соның ерте өлгендігі Абайдың жүрегінен тағы да қатты толқынып келген көп зарды шығарады.

Эпопеяның «Қапада» тарауында науқастанып жатқан Әбіштен Алматыдан телеграмма келеді. Алыстағы асыл бала, ардақты азамат жайынан жеткен хабар, барлық жанды қатты шошытып, өте суық естілді. Абай болса, жүрегі тоқтамай, ауыр қасіретпен қайғырады, күрсінеді. Көңілі тыным таппай шошиды. Таң алдында жалғыз өзі аласұрғандай, әлекте отырған халінде, ендігі көңіл жалыны әлдеқандай бір сөздерге оралады. Эпопеяның осы тұсына жазушы ақынның мына өлеңін береді.

Я, құдай, бере гөр Тілеген тілекті. Қорқытпай орнықтыр Шошыған жүректі. Шын жүрек елжіреп, Алладан тілеймін Шын қалқам осы күн, Болып тұр керек-ті. Жүрегім суылдап, Сүйегім шымырлап, Алладан тілеймін

Құпия сыбырлап! [84, 415-416].

Әбіштің жайын ойласа, осылайша оңаша, құпия сыбырлап шерден туған қасірет өлеңін, жүректен шыққан ыстық қанын ағыза береді.

Мағауия Әбіштің қасына барып, жағдайын білгеннен кейін әкесіне хат жолдайды. Келген хаттарды оқып отырған Абай өзінің қайғысын шерлі өлеңдермен бере бастайды.

308

Зар хатым, бұл хатым, Бізді тыныш жүр деме! Азайып қуатым, Денем жүр көрмеге. Бұл жазған сұңғатым, Көңіл ашар бір нама Менің сол рахатым,

Көзіме сүрмеге… [84, 422].

Бұл өлең де дәл осы сәтте қауіп пен үміттің арасында, кезек шарпысып, үлкен адам кеудесін жалын мен судай қатар жалап тұрған шағы еді. Әбіштің сырқат үстіндегі халіне байланысты жазылған өлеңдерінен жазушы көрсетуіндегі ақынның аһ ұрған іштегі шерлі мұң, жан жалынын сезінеміз.

Бір үміт, бір қауіп Көңілге жол тауып. Кірген соң сөз қиын Әрнеге ой ауып.

Екі ай-ақ не қылып Басқаша ауырып, Япырмай докторлар Жүрмесін жаңылып!..

...Әбсәмет жиенің, Ол сенің біреуің, Достық пен достыққа

Өтемек тілеуім! [ 84, 22]. –

Әбішке арнап сәлем сөздер жазады да, Мағашқа да жаны ашып, қайғыдан туған өлеңін төге бастайды.

Жаралап аузын ашты, Жарасы жарасты. Жарасыз біреуі

Неліктен ұйқы ашты! [84, 422].

Науқас ұлының халін ойлап, жүрегі езіле береді. Оны дамылсыз ойлаудан әке көңілі тыным таппайды, ақыл айтумен болады. Әбіш қайтыс болды деген хабар келгеннен кейінгі әке жүрегі қан жылап, көкірегі қарс айырылды. Анда-санда өз ойымен күңіреніп, сыбырлай сөйлеп, шер толқыта бастайды. Оған өксік араласады. Оңаша қалсаболды, сыбырлай зарлап, жоқтау айтабастайды.

309

Замана неткен тар едің, Сол қалқамды қоймаған? [84, 441] –

деген ақынның жүрек қанымен жазылған жолдарын жазушы қайталай береді. Абайдың келесі «Жиырма жеті жасында», «Талаптың мініп тұлпарын» атты өлеңдеріндегі шерлі жырын көз жасымен у толқынданып шыға бастағанын қағаз бетіне түсірген әр жолдарынан ауыр дертті ақынның осы өлеңдерін жазушы кезекпен үзінділер келтіре отырып, Әбіштің дара туған ерекше қасиеттерін бейнелейтін жолдарды жаза бастайды.

Жаңа жылдың басшысы ол, Мен ескінің арты едім. Арман деген ащы сол! Сүйекке тиді қарт едім! Қайғы болды күйгендей Ол қуатым еді рас, Көзге қамшы тигендей,

Шыр айналды арты жас! [84, 441].

Абай өзін ескінің арты болса, ал Әбішті жаңаның, жаңалықтың басшысы ретінде таныстырады. Әбдірахманның бойындағы қасиеттерін ерекше суреттейді. Яғни оны жүрегі жылы, бойы құрыш, туысы жаннан бөлек жан етіп суреттегенде, ақынның ең бірінші тілге тиек етері – өзі жұртқа бұрын да көп насихаттаған ғылымға берілгендігі.

Білім алдың, бас болдың, Көкірегіңді кермедің, Ел ішіне сау келсең Тағлым айтпас ер ме едің!

Жол көрсетіп сонда өлсең, Арманым бар дер ме едім!.. [84, 441].

Әбіштің ел ішіне келіп, халқына білім мен тағлым берсе, әкесі үшін одан өткен арманы жоқ екенін айтады.

Жазушы эпопеяда Михайловтың Абайға көңіл айтып келгенде, Әбіштің жазған хаттарын көрсетіп жұбатып отырғанын бейнелейді. Әбіштің аз ғана өмір ішінде жүзге келген қазақ шалынан бетер көпті көріп, көпті білгенін Михайловтың сөздері арқылы жеткізеді. Михайловтың сөздері өлеңге ауысты деп мына өлең жолдарымен беріледі.

310

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]