Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

дік жаңалығын таза теориялық тұрғыдан таныған жазушы З. Шашкин болды. Ол өзінің «Мұхтармен кездесулерім» атты мақаласында былай дейді: «...Мұхтар Әуезов қазақ прозасында бұрын ешкім баспаған тыңды игерді!... Адамның ішкі жан күйін, тебіреніс толқынын беру үшін жазушы айқын образдарды, нақтылы дәлме-дәл сөздерді тапқыр қолданады. Бұл ретте Әуезов өзінің психологиялық суреттеудің нағыз шебері екенін танытты, қазақ прозасындағы психологиялық мектептің шын мәніндегі көш басшысы бола білді» [242, 222].

Ромэн Ролланның белгілі «Жан-Кристоф» шығармасында қоғамдық өмірмен кең қарым-қатынасқа түскен кейіпкердің туғаннан өмірінің соңғы кезеңіне дейінгі тарихы көрсетіледі. Әуезов Роллан кейіпкерінің жан-жақты, көп түрлі поэтикалық әлемі, данышпанның шығармашыл ізденімпаздығының психологиясы қызықтырғанын атап көрсетеді. М. Әуезов негізгі қаһарман ретінде зерделі тарихи тұлғаны таңдауы, оның ішкі жан дүниесіне терең талдау жасауы үлкен көркемдік батылдық болатын.

О. Форш, Ю. Тынянов және басқалар тудырған шығармашыл тұлғалар туралы романдар бұл мәселелерді жаңаша шешті. «Әуезов эпопеяны жазуға кіріскен уақытта, кеңес әдебиетінде бұқара халықтың күресі, халықтың шығармашыл даналары, оны тудырушы күш туралы шығармалар туындап жатты. 1936 жылы «Петр І», «Пушкин» романдары жарық көрді. 1939 жылы Сер- геев-Ценскийдің «Севастопольская страда» атты патриоттық эпопеясы шықты, А. Толстой «Хмурое утро» бойынша жұмысын бастады, В. Шишиков «Емельян Пугачев» және т.б. шығармаларды жазды. Совет әдебиетінде «халық – тарих қаһарманы» мәселесі тарихи роман жанрында көрініс тапты. Тарихшы-ақын- дар тарихқа терең бойлай енді, қазіргі кезеңнен алшақ кетпеді. А. Толстой «Он сегізінші жыл» шығармаларынан кейін «I Петрдің» 2-бөлімін, бұдан кейін «Хмурое утроны» бітіріп, «I Петрдің» үшінші кітабына көшті» [81, 289].

Алғашында, жазушы айтқандай, оның өзінде Абайды көр- кем-жинақтық, барынша ойдан шығарылған халық ақыны образының прототипі қылу, оған жаңа есім беру ойы ұшқын еткен. Мұның өзі Абай шығармашылығының сол кезде көптеген анық, даулы, тарихи дәйексіз қырларының болғандығынан тәрізді.

Тынянов пен Әуезовтің тарихи деректерге қатынасы өте ұқсас болды, дегенмен Тынянов тарихи құжаттардың түпнұсқасы-

321

мен, замандастар мемуарларымен, олардың хаттарымен, мемлекеттік архивпен жұмыс істеді, ал Әуезовте тек қана Абай шығармалары, тарихи таным, «хатқа түспеген» халық жадындағы Абайды білген, көзі тірі аз ғана куәгерлер болды. «Мен Абай туралы романды жазуға кіріскенде, уақытты жібергеніме, Абайды білген адамдардың аз қалғанына, олардың ол туралы аз есте сақтағандығына өкіндім», – деп жазады Әуезов.

Романға байланысты жүргізілген жұмыс түрлеріне арналған бірқатар мақалаларында Әуезов өзінің, басқа романшылармен салыстырғанда, тарихи тұлғаны танытуда кездескен қиыншылықтары туралы айтады. Шынында да, мемуарлардың, басылған мағлұматтардың жоқтығын Абайды білген адамдардың естеліктері толықтырды. Бірақ мұның да өз қиындықтары болды.

«Абай» романының бастауында Абай поэзиясымен қатар замандастарының әңгімелері болды. Бұл эпопеяның өзіндік тарихилығының негізгі бір мезеттері. Ақын образы халық санасы арқылы сараланған күйде қабылданды.

Тынянов пен Әуезовтің жиналған деректерге қатысы көпшілік жағдайда ұқсас. Әуезов Абай замандастарының әңгімелеріне сыни тұрғыда қарады, өйткені олардың арасында оның қастары да бар еді. Бұдан басқа, әңгімелер «бір деректерді нақты хабарласа, екіншілерін аңыздық түрде суреттеді».

Әуезов жиналған деректердің барынша дәйектісін сұрыптады, оларды Абай поэзиясымен «салыстыра», «поэтикалық сезімталдық пен тарихи тәсілге» сүйене отырып, көпшілігіне сенімді түрде қарады, көпшілігін теріске шығарды.

Тынянов құжатқа қиялының шарықтауына, шығармашылық ойының, адам характерін психологиялық тұрғыдан қабылдауға негіз болатын тірек ретінде сүйенді. «Құжат аяқталған тұста мен бастаймын, – деп жазды ол. Барлық өмірдің құжатталуы туралы елестету – ештеңеге негізделмеген: әйелі мен балаларының денсаулығы тіркеледі, ал адамның өзі көрінбейді. Және содан соң адамның өзі – ол қанша жасырса, кейде оның хаттары асығыс жазбаларға ұқсас. Адам негізгісін айтпайды. Ол үшін айтуға, оның істерімен айналысуға тура келеді, ең аз құжаттармен шектелуге тура келеді. Мен құжаттардың негізгісін терең танымағанда немесе оларды иеленбегендігі түпкі негізге жетпеген кезімде арланамын. Сонымен қатар, Тыняновтың шығармашылық

322

шешімі «Уәзір Мұхтарда» «тарих қаһарман психологиясының мазмұны ретінде» берілуіне әкелді. Және де «роман-биография- ны роман-тарихқа дейін көтеру үшін» бұл көркем мәнерден шешімді түрде тарту керек болды.

«Әуезов «бұл кітаптың ең осал жері, Грибоедов онда халықтан қол үзген күйде беріледі» деп көрсетеді. Тынянов совет романшыларының ішінде бірінші болып жаңа жанрды тудырды. Роман-өмірбаянның әлемдік реалистік дәстүр тәжірибесі белгілі мөлшерде оған көмектесті және «біздің ойымызша, оның кейіпкерлері характерінің берілуін негіздеді.

Әуезов өзінен алдыңғылардың тәжірибесін жаңаша қарастыруға және өзінің шығармашылық ізденістеріне басқа бағыт беруді мақсат етті. Бұл жағдайда, «ақын және оның халықпен, тарихпен қарым-қатынасы» мәселесі оның ойында алдыңғы қатарлы орынды иеленді» [81, 291].

Әуезовтің тарихи романға көзқарасы «Абай» романын жазу үстінде және замандастар тәжірибесін шығармашылықпен меңгеру процесінде қалыптасты. Оларды өмірбаяндық деректерге қатынасы анықтады.

Абай поэзиясында ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ халқының өмірі көрініс тапқан. Халық тарихын сол кездегі Қазақстанның Ресейге қосылуына, таптық күрестің өрістеуі мен патриархальды-феодалдық құрылыстың ыдырауына байланысты оқиғалар анықтады. Қазақ даласында қалың бұқараның таптықсанасын қайрағанмеңіреу, жасырынкүресжүріп жатты.

Халық өмірінің осы кезеңін суреттеу нысанына алған романшы, оның рухани өміріндегі даланы толқытқан оқиғалар әсерінен болған өзгерістерді ашып көрсетуі керек еді. Халық өз тарихын сол кезде, негізінен, материалдық ескерткіштерде, қолжазбалар мен кітаптарда емес, өзінің үміті мен мақсатын көрсететін, ең құдіретті өнерде, ауызша поэтикалық сөз өнерінде сақтады. Және мұның өзі романда көрініс тапты. Жазушы психологиялық тұрғыдан ақын халқын басқаша көрсете алмады.

Ұлттық психологияның басты белгілерінің бірі – поэтикалық образдармен ойлау мәнері – эпопея жанрындағы Әуезов ұсынған жаңашыл дәстүрлерді анықтады. Эпикалық дәстүрдің жаңаруы, оның ұлттық поэтикалық мәнері, символдар, гипербола, аллегория көпшілік жағдайда және тарихилық сипаты ретінде «Абай жолында» айқындалған.

323

Жазушы «Мен «Абай» және «Абай жолы» романдарымен қалай жұмыс істедім» деген мақаласында: «Менің алдымда тұрған міндет: қаһарманның тек қоғам өмірімен тікелей байланысты іс-әрекетін, көңіл-күйін зерттеп көрсету ғана емес, сонымен бірге оның творчествосының психологиясын, шығармаларында жүзеге асқан ақындық мақсат, ниеттерінің реалды тарихи түп тамырын ашып көрсету болды», – дейді [158, 397].

М. Әуезовтің эпопея жанрындағы шеберлігінің басты нысанасы – қаһарман мәселесі, адам тағдыры мен шығармадағы кейіпкерлер мінездерінің психологиялық нақтылығы. Осы негізде ол қазақ халқының түбегейлі бейнесін жандандыра көрсетті. Мұнда сан қилы кескін-келбетті, әр қилы мінез бен көзқарастағы кейіпкерлер қимылының іс-әрекетін бейнеледі. Шығармада қаһармандар өмірге келеді, сүйеді, күреседі, өледі. Ол адамдардың әлеуметтік және психологиялық, эмоционалдық жағдайлары мен қарама-қарсы көңіл-күйлерінде байқалады. Негізгі қаһарман ретінде зерделі тарихи тұлғаны таңдауы, оның ішкі жан дүниесіне терең талдау жасауы үлкен көркемдік батылдық болатын. Ал психологиялық талдау – шығармашылық өнерге күш беретін ең маңызды қасиеттің бірі. Өз кейіпкерінің шығармашылық психологиясын зор эмоционалдық күшпен ашуы, поэтикалық ойдың туындауының үздіксіз процесін жан-жақты көрсетуі Әуезов шеберлігінің үлкен жетістігі болып саналады. Кейіпкердің ішкі әлемін, көңіл-күйін талдауда халыққа жақын образдармен бейнеленген ұлттық түрінің жағымды сипаты әр қырынан көрінеді. Шабытты шағында Абай біресе өзін батар күннің шапағында қанат қаққан қаршығадай сезінсе, біресе оған жүрегінің дүрсілі тұлпардың шабысындай естіледі.

Жазушы Абайдың талантын, ақындық қасиетін беруге тырысқан. «Абай адам – өмір сүреді, қайғы-қасірет шегеді, тұрмыстың талай таршылығына кездеседі. Соның бәрі ақынның ойсанасынан орын алады, өмірден алған әсері жиналып, жүрекке сыймайды, ақыры талантты адам шыдамай, қағаз бетіне түсіреді. Ақындық тұғырға мінеді. Ақын Абайдың өмірден алған әсерін, ол әсер ақынның ой-санасында қайнап, піскенін, қағазға түсіру процесін, жазушы роман-эпопеяның ұзақ желісінде лейтмотиві етіп алған. Сондықтан роман бір жағынан творчестволық психологияға бағышталған» [243, 118]. «Абайдың ақындық қабілеті шарқ ұрған шабыт үстінде, сезімнің алай-түлей дауылдары

324

соғып өткен сәттерде, әсіресе анық байқалады», – дейді А. Нұрқатов [132, 40]. Мысалы, Шөже ақынның өткір мысқылға толы шыншыл жырларын естігенде қатты әсерленген Абай сол толқынды сезімі суынбай тұрғанда Майбасардың қалжыңына тап болады. Майбасардың қағытуынан бұрын қатты қысылатын ұяң бала енді басқаша мінезге ауысады. Аға ақынның талантына таңырқай табынған жас баланың өз бойындағы ақындық қайнардың да көзі ашылып, сыртқа буырқанып шыға келгендей.

Өзінің ең тұңғыш әрі айнымас ғашығы Тоғжанның жүрегінен махаббаттың тозбас, суынбас қуанышын тапқан сәттерде де Абай жүрек жарды сырын өлең тілімен айтады. Романда Абайдың сұлулыққа, әдемілікке құштар жан-жүрегін жүдетіп, көңіліне айықпас шер мен мұң ұялатқан оқиға оның ғашық жары – Тоғжаннан айырылуы. Сол себепті ақынның өмір бойы үзілмеген сағынышы, қолы жетпеген арманы, түн баласында түнгі ұйқысын төрт бөліп, аһ ұрғызған аңсары да − Тоғжан. «Адам өмірінің жарқын да мағыналы шақтарын М. Әуезов романда Абай-Тоғжан қарым-қатынасы төңірегіндегі әлеуметтік, психологиялық, этнографиялық сыр айтуға ұтымды пайдаланған», – дегенді айтады ғалым Майтанов [244, 89].

Болашақ ақынның жан сарайы оның әрбір құбылысқа жалын атқан сезіммен әсерлене, толқына қарайтындығынан, еркін шабыттан туып төгіліп тұрған оралымды да бейнелі тілінен барлай білген адамға айқын аңғарылатындай. Сөйтіп, романның алғашқы кітабында шым-шымдап қана белгі берген бұл тақырып соңғы кітаптарда ең басты тақырыпқа айналады, шығарманың ең негізгі сюжеттік желілерінің бірін құрайды.

Ғалым Е. Басин «Көркем шығарманың психологиясы» атты еңбегінде: «Шығармашылық актіні жүзеге асыру барысында суреткер тұлғасы − өнер дүниесінде автор тұлғасы арқылы ретінде танылады. Мұны біз «шығармашылық тұлға» деп атаймыз», − деген байламға келеді [245, 6].

Алғашқы кітапта адам, азамат ретінде қалыптасқан Абай кейінгі кітаптарда ақын, қайраткер ретінде қиян-қилы қимыләрекеттерге көшеді. Осы желінің ұзына бойында оның тарам-та- рам өсу, даму жолдары, белес-белес өрістеу, шарықтау биіктері жатыр. Осылардың бәрі тек қана сыртқы сарт-сұрт, ылғи қолмақол «қимыл күшпен емес, творчестволық іспен», яғни ішкі көңіл

325

күйіндегі нәзік ағыстар мен толқындар арқылы, солардың сан түрлі иін-иірімдері арқылы қат-қабат астарлы көрініс табады. Қаһарман іштей түлеп өседі. Демек, рухани мағынасында Абай

– бір жағынан, сыр мен сезімнен, ой мен санадан құйылып жасалған терең психологиялық образ.

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы алуан түрлі образдардың жасалу сырына үңілген жайда ұлы жазушының өз кейіпкерінің жан толқынысын, сезім иірімін ашатын шеберліктің сан алуан әдіс-үлгісін алдыға тартқанын көруге болады. Халық өмірінің өткен дәуірдегі жарты ғасырлық тарихынан сыр шерткенде, сол сан тарау әдістің үздік үлгісі етіп өнер мен өнерпаздар тұлғасын ерекше сомдай білуі арқылы жан сезімді қиял кеңістігінің алыс қиырына жетелеп, еріксіз баурап, тылсым күйіне батырады. М. Әуезов өлең образын, ақын тұлғасын бейнелегенде, оны халық өмірінің психологиясының, талант табиғатының көрінісі ретінде беруді мақсат тұтқан. А. Нұрқатовтың пікіріне жүгінсек: «Өзінің геройларын суреттегенде жазушы суреттеу құралдарын мол әрі түрлендіре отырып пайдаланады. Бұл ретте ол, ең алдымен, геройдың жан дүниесін, оның жан сезімін, көңіл күйлерін ашуға тырысады. Сондықтан да М. Әуезовтің геройлары жеңіл берілген сыртқы сипаттарымен жалаң қабат көрінбейді, керісінше ішкі дүниесі мен сыртқы бейнесінің тұтаса қабысуымен көрінеді», − деп арнайы тоқталады [132, 54].

Тарихи құжаттардың және куәліктердің жиынтығы жағдайында шығармашыл тұлға ретінде Абай образын ашуда ақын поэзиясы зор маңызға ие болды, ол оның шеберлігін шыңдайтын өміршең бастауға айналды. Қазіргі оқырманға жақсы таныс және біздің дәуіріміздің жанды құдіреті болған Абай поэзиясы эпопея авторына баға жетпес материалдар болды. Солардың көмегімен жазушы ақын-ағартушы творчествосының үлкен қоғамдық мәнін көрсетті. Абай поэзиясының сарыны мен желісі романға бай дерек көздері болған. Эпопеяда тікелей Абай поэзиясынан алынған эпизодтар аз емес. Ең маңыздысы Абайдың ақындығын суреттей отырып, оның рухани әлемін ашады. Абайды ақын, ағартушы, ойшыл дәрежесіне көтере білді. Егер Әуезов Абай болмысының тереңіне бойлай білді десек, әрине, оған жазушының Абай поэзиясын жақсы білгендігі мен ақын жанының құпиясына үңілуге көмектескендігі белгілі.

326

«Роман-эпопеяның бойында жаратушы-қаһарманның поэтикалық күші өсу үстінде болады. Әуезов Абайды қоғамдық ой-са- на, жалпы адамзаттық мәселелер айналасында ұлттың, халықтың ақыны ретінде қалай қалыптасқанын көрсетеді. Онымен қоса бұған халықтың, ұлттың мінезінің жаңаруы әсер етеді», – дейді Е. Лизунова [246, 132]. Өз халқының қасіретіне қайғырған және оны шын бөлісе білген Абай образы ақынның поэтикалық туындыларында анық көрінеді. Дәл осы образ романда нақты әрекеттер үстінде, өмірдегі әртүрлі жағдайларда шығармадағы басқа да кейіпкерлермен тығыз қарым-қатынаста болады. Абай туындылары жазушыға сол кезеңдегі өмір құбылыстарының әлеуметтік мәнін ашуда үлкен маңызы болғанын атап өткен дұрыс. Үлкен әлеуметтік мәні бар, құдіретті күшімен ерекшеленетін олар Әуезовке сол дәуірдің өмір құбылыстарына тереңірек бойлауға көмектеседі.

Автор Абайдың өмір құбылыстары мен нақтылы фактілерден үлкен мағына жинақтап, қорыта келіп, жанынан терең ойлар тудыра білгендігін шеберлікпен көрсете білген. Оқырманды Абай образы әлемнің рухани құндылықтарын терең түйсіне білген, сол құндылықтармен айналасындағы адамдарға күш-қайрат беретін адам ретінде таныстырады.

Жазушы алыстан көрінетін таудың биік шыңындай қатпарқатпар, қалтарыс-бұлтарыстары көп, Абайдың күрделі рухани жан дүниесін, сыртқы портретін де дәуірдің саяси-әлеуметтік, тұрмыстық-этнографиялық, моральдық-этикалық ерекшелігіне сай айшықтап, өзінше ой түйеді. Сондықтан Абайдың дүниетанымы, Абай характері роман-эпопеяда бөлімнен-бөлімге, кітап- тан-кітапқа өсіп, бірте-бірте ұшталып, кемелдене түседі. Соған орай, қаламгер өз романында Абай портретіне тән сипаттар мен сапалық өзгерістерді, әлеуметтік-психологиялық жағдайды, топтар мен таптардың талас-тартысында әлсін-әлсін көрсетіп, шиеленісті оқиғаның даму барысында біртіндеп толықтырып отырады.

Романның алғашқы кітаптарында адам, азамат ретінде қалыптасқан Абай кейінгі кітаптарында ақын әрі қайраткер ретінде бой көрсетеді. Шынында да, романда Абайдың шығармашылық өнері тарихи қоғамдық құбылыстардың аясында қалыптасады. Жалпы ақынның шығармашылық табиғаты – өмірді бақы-

327

лаудан, ізденіс пен іркілістен, шабыттану мен тоқыраудан, тебіреніс пен толғаныстан тұрады десек, сол себепті Абай өміріндегі әділетсіздікті қатты сезінеді, ардың азабын тартады, жан күйзелісіне ұшырайды, соның нәтижесінде белгілі бір шешімге келеді. Мұндай психологиялық дәйектемелер Абай характерін ұштап, өткірлей түседі.

«Адамның характері туа пайда болмайды. Тұлғаның қалыптасуы – адам мен жағдайдың өзара әсерінің қарама-қайшы диалектикалық процесі» [247, 176]. Осы тұрғыдан келгенде, «Абай жолының» соңғы кітабында автор жекелеген тұлға мен жағдайдың байланысын диалектикалық бірлікте қарастыра отырып, сол дәуірде шешімін күткен көп мәселе көтереді. Өмірлік құбылыстар мен әлеуметтік жай-жағдайлардан туындап, байланысып, шиеленісіп, шешіліп жататын тартыстар – осы кітаптың алтын діңгегі. Әйтсе де, сол замандағы қиян-кескі, шытырман-шырға- лаң оқиғалар мен соны туғызған жағдайлар романның орталық тұлғасы – Абайға да әсерін тигізіп жатады.

Романдағы басты тұлға − Абай қазақ халқының әлеуметтік, ұлттық психологиясын да жақсы біледі. Ол әрдайым саяси-әлеу- меттік жағдайларға байланысты тез өзгеріп отыратын кереғар, қарама-қарсы қоғамдық құбылыстардың куәгері болады: жақсылық пен жамандық, махаббат пен зұлымдық, барлық пен жоқтық сықылды ымырасыз күштер текетіреске түсіп, тайталасып, арпалысып жатқанын көреді.

Найзағай мен найзағай, от пен от шарпысқандай аласапыран, сұрапыл өмір дауылына жападан-жалғыз қарсы тұруға талаптану, өзімен ниеттес, пікірлес, рухани жағынан жақын адамдардың аздығы кейде Абайды тығырыққа тіреп, дағдарысқа да ұшыратады. Мұндай сәттерде қапас қараңғылықпен, тоңмойын, томырық мінезді надандықпен жалғыз арпалысып, бар рухани күш-қуатын босқа сарп еткенін сезген ақын жалғыз екенін қатты сезінеді. Бірақ тыным алмайды: оның жан дүниесінде, жұдырықтай жүрегінде толассыз күрестер жүріп жатады. Қараңғылық пен жарық сәуле алма-кезек шарпысып, таразының бір басын жақсылық, ізгілік басып жатса, екінші басында қатып-семген психологиясы өзгермейтін, қарау пиғыл, қара ниетінен айнымайтын зұлымдық, жамандық жатады.

Кейде жол таба алмай тұйыққа тірелген Абай өзін: «Кімге шақпақ? Құлазығандай жападан-жалғыз!» [156, 49] – деп се-

328

зінсе, енді бірде тайталас, тартыс үстінде өзіне қатты жауығатын қас дұшпандарымен жалғыз арпалысатынын алдын-ала болжап: «...Жетер ме сабыр, жетер ме қайрат. Жалғыздықтан жасымас қайрат жетер ме!

Өмірдің беліне шығыпты. Сол арттағы жолда жоғалтқаны көп пе, тапқаны көп пе? Рас, жоғалтқанының көбіне өкінбейді. Жақыннан әке, Құнанбай кетті жат болып. Туыстан Тәкежан, Тәкежандар кетті жауығып. Оразбайлар, Жиреншелер де бірі артынан бірі шұбалып кетіп жатыр. Үзілсін бұдан. Кетері кете берсін. Әлі де кетер табылар. «Бірақ халық қалса, халыққа жолымды, жанымды қосар қолымдағы жарық қалса, жеткені!» – деп, өзіне-өзі осы отырыста құпия бір ант-серт айтқандай бекінеді»

[84].

Өмірдің талай бел-белесіне шығып, тағы қиын асудың алдында тұрған Абай өткен ғұмырын ойша шолып, алдағы әлеуметтік тартыс туралы ойланады, досы мен қасының аражігін ажыратады. Үзіндідегі ішкі монолог ет жақын ағайын, туысынан қатты көңілі қалып, аралары суысып кеткен Құнанбай, Тәкежан қылықтарына жиренген: «Бірақ халық қалса, халыққа жолымды, жанымды қосар қолымдағы жарық қалса, жеткені!» деген ойлы, екпінді фразадан аңғарылады. Сонымен бірге бұл ой: «Жалғыздықтан жасымас қайрат жетер ме!» деген алғашқы ой-толғақпен қарама-қайшы келіп, логикалық жағынан оны жоққа шығарады. Себебі алдағы болатын арпалыс, тайталас-тартыста Абай жалғыз болмайды. Оның сырласы – өлең, аласапыран, алмағайып кезеңде арқа сүйері – халық.

М. Әуезов Абайдың жан дүниесіне тереңдей еніп, ішкі қыр- тыс-қатпарларын аша отырып, ақын тағдырын, ақын өмірін қоғамдық құбылыстармен астастырып сипаттайды. Оны шығармашылық өнерінде заманның, уақыттың тыныс-тірлігін ақиқат танытатын ақын тұлғасы қызықтырады. Бұл құбылыстың түпкі негізін сыншы ғалым М. Қаратаев былай түсіндірген еді: «Жастайынан Абай поэзиясынан тікелей тәлім алған және оның ағартушылық, сыншылдық реализмін, халықтық гуманизмін, эстетикалық программасын түгелдей қабылдаған Мұхтар Әуезов өзінің жазушылық қызметін бастар алдында Абайдың тура өзі сияқты халық поэзиясынан мол сусындады, оған аса бір сүйіспеншілікпен, айрықша құштарлықпен қызыға қарады» [248, 181].

329

Жазушы Абайдың оңаша ойларын, алдағы күннен күткен үмітін, әдемі тілегі мен тәтті арманын, өткен күннің кей өкініштері мен бүгінгі күннің күйзелісін, көптеген толғаныстарының сырын ашады. М. Әуезов Абайдың ақындық тебіреніс пен толғаныстың күрделілігі мен тереңдігін әрі шынайы, әрі ақындық шабыттың буырқанып бұрсануын сәтті шығарады. Ақын өлеңіндегі құбылыстарды көркем шығармаға айналдыру барысында, шығармашылық психология сырларына ерекше көңіл бөліп, түрлі тәсілдермен көркем бейнелеп көрсетеді. Осы орайда академик З. Қабдоловтың жазушыға берген бағасына назар салсақ: «...Абай емес-ау, алдымен Әуезовтің өзі анық ақын, тұтанбай, ұшқындамай, лапылдамай, өртенбей жаза алмайтын нәзік діріл, сыршыл ақын», – делінген [249, 55].

Шынтуайттап келгенде, әрбір үлкен ақынның поэзиясы – қоғамдық құбылыс. Сондықтан жазушының сипаттауындағы Абай – шабыты келгенде өлеңді түйдек-түйдегімен төгіп тастайтын сезімнің құлы емес, творчестволық еңбекке бар ынта-ықы- ласымен берілген адам.

Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында поэзияның тууы жайын өте нанымды, түсінікті береді. Абайдың творчестволық процесін байқасақ: ол күңіренеді, қайғырады, шабыт билейді – ақ қағазға тізіліп өлең жолы түседі. «...Абай бұл күнді күні бойы және осы түнді де оңашада жапа-жалғыз, қайғыда, ауыр қасірет тебіренткен күйде толас таппай өткізді. Біресе зор кеудені сілкінте, қалтырата шыққан ыстық жалын күрсіну естіледі. Бірде сыбырлап, әлде нені сөйлеп кетеді. Қапалық сөздерді жиі-жиі сыбырлап, асыға айтып-айтып кетеді. Оқта-текте бар зар шерінің қайырмасындай етіп, алыстағы асыл баласының атын соншалық ынтызарлықпен қатты сыбырлап атай береді. «Әбішім», «Әбіш», «Әбіштайым менің», – деп қалады.

Шошыған ата көңілі тынымсыз. Таң алдында жалғыз өзі аласұрғандай, әлекте отырған халінде, ендігі көңіл жалыны әлдеқандай бір сөздерге оралады. Қатар жолды күйге қайтады. Бусанып, толқып аға ерген ыстық қандай сөздер құралып жатыр. Оған ақыл, сана басшы да емес.

Абайға Оспан қазасынан кейінгі рухани жалғыздық, қасірет әкелген ахуал – сүйікті ұлы Әбдірахман науқасы еді. Болашағынан

330

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]