Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AO_shpor (1).docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.21 Mб
Скачать

32. Майда еритін антиоксиданттық витаминдердің құрлысын көрсетіңіз.

Майда еритін антиоксиданттарға – A, D, E және K витаминдері жатады. Витамин А (ретинол) – организмде β-каротин провитаминің тотығып ыдырауынан түзіледі. Көздің көру қабілеттілігіне, сүйектің өсуіне, терімен шаштын саулығына және иммундық жүйенін дұрыс жұмысы үшін қажет.

Витамин D – биологиялық белсенді заттардың тобы, сонымен қатар кальциферол мен эргокальциферол. Негізгі қызметі тағамның ішіндегі кальцийді ішекке сіңіріп, оны сүйекке жеткізу.

Витамин Е (токоферол)– табиғи токолдардың туындылары. Қызметі: сүтқоректілердің ұрпақ тарату процесстеріне қатысады, антиоксиданттық қасиетінен басқа жақсы иммуномодулятор болып табылады.

Витамин К – плазмадағы белоктардың қалдығы глутамин қышқылын карбоксилдеуге қатысады, ал ол өз кезегінде қанның ұю процестерін жылдамдатады. Организмде ішектің микрофлорасында өздігінен түзіледі.

К1 филлохинон

33. Суда еритін антиоксиданттық витаминдердің құрылысын жазыңыз.

С витамині (аскорбин қышқылы, антиқұрқұлақ витамині) Химиялық құрылымы және қасиеттері. Аскорбин қышқылы өсімдіктерде галактозадан синтезделіп жасалады. С витаминінің кұрылым формуласы гексозаларға С6Н12О6 жақын екенін көрсетеді. Биологиялық қызметі. Аскорбин қышқылы жақсы антитотықтырғыш, сөйтіп ол клеткаларды тотықтырғыштардың бүлдіру әсерінен қорғайды, ондай бүлдіру әсеріне молекулалық оттегі қатысады. Авитаминоз. С-авитаминозының өзіне тән белгісі - кұрқұлақ (цинга немесе скорбут) ауруыС витамині ұзақ уақыт бойы жетіспеген жағдайда капиллярдың өткізгіштігі артады, терінің астына нүктеленіп қан құйылады, ондай қан құйылу бұлшық еттерде және ішкі қуыстарында байқалады. Р витамині (флавон, цитрин, өткізгіштік витамині) бұрыш өсімдігінен бөлініп алынды. Химиялық құрылымы және қасиеттері. Р витамині құрылысы бойынша флавондарға жатады. Р витаминінің қасиеттеріндей қасиеті бар көптеген табиғи қосылыстардың да кездесетіні жайлы болжам бар. Полифенолдық қосылыстардың Р витаминікіндей қасиеті болады. Ондай қосылыстарға рутин, катехин, гесперетин, антоксантин, антоциандар т. б. жатады.Флавон:

Р витамині аскорбин қышқылының әсерін күшейтеді және оның организмде жиналуына себеп болады. Ол тотығу-тотықсыздану реакцияларында сутегі атомдарын алмастыратын, ауыстырушы болып табылады Авитаминоз. Құркұлақ ауруы, С витамині мен Р витамині екеуі ұзақ уақыт бойы жетіспеген кезде байқалатын аралас авитаминоз болуы керек. Қан капиллярларының қатаюы, морт сынғыш болуы және олардың қабырғасынан қан шығуы, тері астына нүкте тәрізденіп қан кұйылуы және тістің қызыл етінің қанай беруі - осылардың бәрі флавоноидтар жетіспеуінің белгісі. Р витаминіне көптеген флавоноидтар жатады. Аскорбин қышқылымен бірге қан тамырына жағымды әсер етеді. Р витамині препараттары Р-авитаминозда, гиповитаминозда, геморрагиялық диатезде, көз торына қан құйылғанда, сәуле ауруында, септикалық эндокардитте, ревматизмде, қан қысымы жоғарылағанда, аллергияда, скарлатинде, бөртпе сүзекте тағы басқа дерттерде қолданылады. Р витамині биофлавоноидтар тобына жататын бірқатар заттарды біріктіреді Олар цитруста, итмұрын жемістерінде, қара жемісті шитен жидегінде, шайдың жасыл жапырағында және т.б. кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]