Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AO_shpor (1).docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.21 Mб
Скачать

5. Бос радикалдарға анықтама беріп, организмдегі рөлін түсіндіріңіз.

Бос радикалдар – сыртқы электрон қабатында жұпталмаған электроны бар аномальды молекулалар. Олар басқа молекулалардан электрон тартып ала отырып, клеткалардың функциясы бұзылып организмдегі химиялық балансты өзгертеді. Зерттеулер нэтижесі бойынша бос радикалдар кейбір аурулардың дамуында белгілі бір рөл атқаратыны анықталған. Мысалы, бос радикалдар липидтерді тотықтырып липидті пероксидтің қауіпті формасы түзіледі. Ол өз кезегінде қатерлі ісік пайда болу кезінде қатысады екен. 1925 жылдан бастап осы “ғасыр ауруларының” бірі қатерлі ісіктің дамуының себебі келесідей деп болжанған: Адамдардың өмір сүру темпы артқан сайын дұрыс тамақтануға уақыт жоқ. Ағзаға антиоксиданттардың сырттан келуі азаяды. Оның үстіне технологиялар дамуына байланысты экологиялық жағдай нашарлап кетті. Осындай кері әсерлерден бос радикалдар ағзада көбейіп рак ауруын туғызады.

Бос радикалардың ағзада пайда болу себептері : қоршаған ортаның ластануы адам ағзасына көптеген зиянын тигізуде, адам организмнде бос радикалдар түзілуге осы фактор маңызды болып табылады. 2 ші маңызды фактор – адамардың дұрыс тамақтанбауы немесе метабализмнің бұзылуы болып табылады. Темекі шегу да бос раикалдардың түзілуіне алып келеді.

6. Тұрақтандырғыш антиоксиданттар қандай қосылыстар, олардың құрылысын сипаттап, рөлін түсіндір.

Техникалық антиоксиданттар және стабилизаторлар бұлар полимер бұйымдарын өндіруде кеңінен қолданылады. Төменде келтірілетін стабилизаторлар олар техникалық антиоксиданттар болып келеді. Олар өздерінің қасиеттері бойынша әр түрлі топқа жіктеледі. Стабилизаторлар мен техникалық антиоксиданттарды полимерге қосу арқылы оның ескіруінен сақтауға болады, термототықтырғыш деструкция, яғни жылу мен оттегінің әсерінен полимердің өзгеруі маңызды роль атқарады. Антиоксиданттар осы жылу мен оттегінің әсерінен полимерді қорғайды. Бұл стабилизаторлар барлық полимерлер үшін өте маңызды болып келеді. Антиоксиданттар тотығу процесін тежейді және процесті ақырындатады. Антиосиданттар ретінде көптеген қосылыстар класы қолданылады. ОЛАР:

1. Алкилфенолдар(2,6-ди-трет-бутил-4-метилфенол (ионол, агидол, алкофен).

2. Бифенолдар (2,2-ди-(4метил-6-трет-бутилфенол)метан /антиоксидант 2246, Агидол 2, Бисалкофен/)

3. Ароматты аминдер (n-фенилдиамин және хинолина туындылары)

4. Фосфиттер (трифенилфосфит, три(n-нонилфенилфосфит,метилбензилфенилфосфит қоспасы және т.б.)

Техникалық антиоксидант ретінде қолданылады, полимердің эксплуатациялық касиетін көрсететін эффективті модификатор болып табылады. Қосымша жоғары антиоксиданттық қасиет көрсетеді, жоғары эффективті, улы емес, ұшқыш емес, қарапайым еріткіштерде ериді, полимерлі бұйымдардың түсін өзгертпейді. Композицияда амин тобымен қоса ТАБ стабилизаторы өзінің қасиетін жақсартады.

ТАБ стабилизаторы термостабилизатор және полимерлі композициялардың модификаторы, АБС пластик, ауа райына тұрақты микроэлектроника бұйымдарын, поливинилацетат және эпоксидті смола алуда қолданылады. Шыныпластика өндірісінде шина өндірісінде және полимердің толықтырғышын алуда кеңінен қолданылады.

Стабилизатор СО-3:

Органикалық материалдардың ( тамақ өнімдері, дәрі, мономерлер)эффективті антиоксиданты;

Жоғары эффективті түс бермейтін термостабилизатор;

Полистиролың эксплуатациялық қасиетін жақсартатын негізгі модификатор болып табылады.

Стабилизатор СО-3 іс жүзінде улы емес болып келеді. Ол Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығымен қолдануға рұқсат берілген. Антиоксидант ретінде сүт және май өнімдерін жасауда, әр түрлі тамақ өнімдерін қаптаған кезде (парафинді, ламинирленген қағаз, полимерлі қаптама) қаптама құрамына кіреді. Құрамында СО-3 антиоксиданты бар тағамдық өнімдер жылу беру арқылы өндіріле алады.

Стабилизатор СО-3 полимерде қолданылуы арқылы өзінің жоғары эффективтілігін көрсетті. Ол полимерлер кабельді және трубаөткізгіш материалдарын жасауда, тамақ өнеркәсібінде, фармацевтикада, микроэлктроника өнімдерін алуда қолданылады.

Стабилизатор СО-4 жоғарыэффективті, түс бермейтін, улы емес, полимердің термостабилизаторы болып табылады. Іс жүзінде ұшпайды. Қарапайым еріткіштерде ериді. Өндірістік сынақтар Стабилизатор СО-4 тің космостық технологияда қолданылатын полимерлердің құрамында болатынын және ұшақ, автомобиль бұйымдарын жасауда қолданылатынын анықтады. Жоғары температуралық өңдеу процесінде толтырылған полиамидтердің қасиетін көрсетеді, оларың эксплуатациялық қасиетін 2 есе арттырады.

Стабилизатор СО-4 γ- пропанолдан және техникалық шикізаттан кәдімгі температура мен қысымда алынады. Алынған техникалық өнімді органикалық еріткіштерден қайтакристалдау арқылы тазалайды.

Стабилизатор БЕНЗОН-П органикалық материалдар үшін жоғары эффективті, түс беретін және термостабилизатор болып келеді, улы емес, іс жүзінде ұшпайды, жәй ерітінділерде ериді.

Стабилизатор БЕНЗОН-П ауа райына тұрақты бұйымдарды алуда қолданылады, яғни полипропилен мен полиэтиленнен төменгі қысымда алынатын бұйымдардың құрамына кіреді. Ол 0,2 % концентрацияда полипропиленнің түсін, термотұрақтылығын сақтайды, полиэтиленді пленканың қалыңдығы 100 мкм болады.

Эксплуатация процесі кезінде бұйым өзінің табиғи түсін сақтайды.

Бұл стабилизатор полимерлі өндіріс орындарында органикалық жапқыштардың түсін бірқалыпта ұстап тұру үшін, сонымен қатар медицинада, фармацевтикада және косметологияда органикалық материалдардың түсін қалыптап тұру үшін қолданылады.

7 Синтетикалық антиоксиданттар қандай қосылыстар, олардың негізгі түрлеріне тоқталыңыз.

Cинтетикалық антиоксиданттарға әртүрлі ароматты қосылыстар жатады.

Антиоксиданттар (грекше: antі — қарсы және oxіs — қышқыл) — тотығуға қарсы және оны тежеу үшін қолданылатын заттар, ағзаның қартаюын бәсеңдететін қышқылдану процестерін баяулататын химиялық заттар тобы. Олар ағза үшін зиянды, ағзаға бұзушы әсер ететін бос радикалдарды бейтараптандырады. Олар полимердің тозуын, тағамдық майлардың ашуын, жанар майлар мен техникаға қажетті майлардың қоюлануын, қоқыстануын азайтатын қасиетке ие. Ол 0,01-0,001% мөлшерінде қолданылады. Табиғаты әртүрлі қаныққан және қанықпаған табиғи және синтетикалық органикалық қосылыстар ферменттердің, оттектің және тотығу — тотықсыздану қасиеті төмен иондардың әсерінен асқын тотықтар түзеді де үздіксіз тізбекті реакцияға түсіп, тотыға отырып ыдырайды. Бұның бәрі бос радикалдардың пайда болуы нәтижесінде әрі қарай ыдырау процестерінің тізбектеле жүруіне себеп болады. Антиоксиданттар бос радикалдармен әрекеттесіп, өздері тұрақты бос радикалдарға айналады да тізбектеле өршіп, тотығу реакциясын тоқтатады не тежейді.

Керекті мөлшерде өндірілетін бос радикалдар зиянды токсиндерді жою жолымен қажетті балансты сақтау үшін біздің ағзамызға қызмет етеді. Егер де бос радикалдар шамадан тыс өндірілсе, олар жүректің, бүйректің, мидың және басқа маңызды мүшелердің жасушаларын жоюы, жүйке жасушаларын, қызыл қан түйіршіктерін зақымдауы, иммундық жүйе жұмысын нашарлатуы және тіпті жасушалардағы гендік материалға зиян келтіруі мүмкін, бұл қатерлі ісік өзгерістерінің түзілуіне әкелуі мүмкін.

Тамақпен бірге келетін антиоксиданттар сәйкес балансты сақтауға мүмкіндік беретін ағзаның қорғаныш механизмдеріне табиғи түрде әсер етеді. Сондықтан, олар емдәмнің өте маңызды элементі болып табылады. Барлығынан да көкөністер мен жемістерде антиоксиданттар көп кездеседі. Табиғи антиоксиданттарға дәрумендер, ал синтетикалық антиоксиданттарға әртүрлі ароматты қосылыстар жатады. Дәрумендер адам мен жануарлар тіршілігі үшін өте қажетті органикалық қосылыстар. Олар құрылымдық материал да емес, қуат кезі де болып табылмайды, бірақ ферменттік жүйелердің құрамасы (компоненті) және зат алмасу процесінің катализаторы болып табылады. Дәрумендер ағзаға өте аз мөлшерде ғана қажет. Қорек құрамында олардың болмауы немесе тапшылығы зат алмасу процесін бұзып, ағзаны түрлі ауруларға (мешел, ақшам соқыр, полиневрит т.б.) шалдықтырады. Ең көп таралған антиоксиданттарға мыналар жатады: A провитамині (бета – каротин)- сәбізде, асқабақта, өрікте, қызыл бұрышта, қызанақта, ақжелкенде, қымыздықта, саумалдықта және салат жапырақтарында бар.

A дәрумені- ағзаның өсуіне және дамып, жетілуіне әсерін тигізеді. Ол организмнің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. Сәбізде, саумалдықта, сүт өнімдерінде, майда, жұмыртқаның сарысында және майлы теңіз балығында бар. E дәрумені – маңызды антиоксидант болып табылатын дәрумен. Табиғатта биологиялық белсенділігі мен ағзадағы атқаратын қызметіне байланысты сегіз түрлі формада (изомер) кездеседі. Антиоксидант ретінде ағзаны уланудан сақтайды, мысалы сүт қышқылынан. Егер де Е дәрумені жетіспесе ағзаның шаршауы мен қаназдыққа соқтырады. Өсімдік майларында, күнбағыс фдәнінде, жаңғақтарда, кебекте, жүгеріде және саумалдықта бар. C дәрумені (аскорбин қышқылы)- ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістің мықтылығын жақсартады. Цитрустық жемістерде, кивиде, қызанақта, брюссель қырыққабаты , қызыл бұрышта, саумалдықта, қарақатта, жабайы раушанда және құлпынайда бар.

Селен - қатерлі жүрек аурудың (кардиомиопатия) алдын алады. А,С және Е витаминдердің үйлесуімен онкологиялық аурулардың пайда болуынан сақтайды, артрит кезінде көмектеседі, жүрек бұлшық етіне оттегінің келуінен ағзаның, төзімділігін арттырады. Бауырдың, қалқанша безінің, ұйқы безінің, жүйке жүйесінің қалыпты жұмысын нығайтады. Бразилия жаңғақтарында, күнбағыс дәнінде, балықта және теңіз өнімдерінде, сарымсақта, пиязда, қоңыр күріште, бидай кебегінде және құс етінде бар. Полифенолдар -қартаю процессін баяулатып, жалпы иммунды жүйені күшейтеді. Зайтүн майында, жүзімде, авокадода, қызыл шарапта, көк, қызыл және ақ шайда көптеп кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]