Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AO_shpor (1).docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.21 Mб
Скачать

13. Полимерлік антиоксиданттар қандай қосылыстар, олардың құрылысы мен қасиеттерін түсіндіріңіз.

Барлық органикалық заттар сияқты, полимерлер де тотығуға ұшырайды. Оның әсерінен тұтқырлығының, түсінің өзгеруіне және физико-механикалық қасиеттерінің төмендеуіне әкеледі. Тотығу – полимердің әрбір сатысында жүреді: өңдіру және сақтау кезінде, өңдеу және оларды қолдану кезінде. Полимерлердің термототығуын антиоксиданттар енгізу арқылы тоқтатуға болады. Антиоксиданттарды 2 үлкен топқа бөледі:Біріншілік (дайын өнімді қорғайтын);Екіншілік (өнімге полимерді айналдыру кезінде қорғайды)

Біріншілік антиоксиданттар. Бұл классқа жататындар: орынбасқан фенол, ароматты екіншілік аминдер және бензофуран туындылары Фенолды антиоксиданттардың артықшылығы: жоғары эффективті, ұшқыш емес, косметикалық және тамақ өнеркәсібтерінде қолдануға рұқсат етілген.

Фенолды антиоксиданттар бензохинон туындыларына айналып басқада түстер беруі мүмкін, сондықтан полимерді қорғайтын біріншілік антиоксиданттарды да қорғау керек. Осындай антиоксиданттар полиэтилен, полипропилен, полистирол және оның гомологтарын алуда көп қолданылады. Поливинилхлорид, полиамид, полиуретандарды да қорғау кезінде қолданылады. Екіншілік ароматты аминдер өнімнің түсін өзгертуі мүмкін, сондықтан оларды қара түстерге боялған заттарды ғана шығаруда қолданады. Гидропероксидтерді жояды. Тотықсыздандырылған өнім температуралық тұрақты. Антиоксиданттың пероксидпен әрекеттесу уақыты, гидропероксидтің термолиз жылдамғынан жоғары болу керек. Екіншілік антиоксиданттарға фосфиттер және фосфониттер, дитиокарбонат және дитиосульфаттың металл тұздары және тиоэфирлер жатады.

Фосфиттер(NaH2PO32,5H2O) мен фосфониттерең эффекктивті антиоксиданттар болып табылады. Кемшілігі термературалық тұрақсыздығы. Сондықтан оларға ароматты топты енгізеді.Мысалы тринонилфенил фосфит.

Сульфо топты антиоксиданттар ішінде тиоэфирлердің маңызы көп. Олар жоғары температурада полимерлеу кезінде көп қолданылады. Біріншілік және екіншілік антиоксиданттарды бірге қолдануға болады, ол кезде синергизм жүріп олардың қасиеті екі, үш есе артады. Мысалы: тиоэфирлер және фосфанаттар. Антиоксиданттарға қойылатын талаптар, жұмысқа ыңғайлылығынан басқа, антиоксиданттардың төменгі дозасында(бұйымның қызмет уақытын ұзарту), түсінің сақталуы немесе керек кезде түссіз күйін сақтауы.Маңызды бағыттарының бірі жоғары эффективті улы емес, иіссіз антиоксиданттарды медицинада, тамақ өнеркәсібінде және косметикалық жабдықтарда қолданылуы.

14. Ферменттер антиоксиданттық қасиеттеріне байланысты қалай жіктеледі

Негізгі организмде кездесетін ферменттік антиоксиданттар:

Супероксиддисмутаза

Цитохром с оксидаза

НАДФ•H-оксидаза

Пероксидаза және органикалық молекуланың радикалдарынан қорғайтын трансфераза және т.б.

Және бұл ферменттерден басқа тотығу тотықсыздану реакцияларын катализдейтін бірнеше ферменттер бар: ФАД, НАД т.б.

Супероксиддисмутаза адам организмндегі ең жылдам оттек радикалдарын тотықсыздандыратын фермент. Супероксид дисмутаза активті орталығында әр түрлі болуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:  Cu,Zn-СОД, Mn-СОД, Fe-СОД и Ni-СОД.

Супероксиддисмутаза оттек радикалдарын отекке немесе сутек пероксидіне дейін тотықсыздандырады:

M(n+1)+ − СОД + O2 → Mn+ − СОД + O2

Mn+ − СОД + O2 + 2H+ → M(n+1)+ − СОД + H2O2.

M (ауыспалы металл) = Cu (n=1) ; Mn (n=2) ; Fe (n=2) ; Ni (n=2).

Цитохром с-оксидаза (цитохромоксидаза), оксидоредуктаза қатарындағы ферммент, оттек радикалдарына электрон ауысуын катализдейтін фермент.

4 Cytc(Fe2+) + O2 + 12 H+in → 4 Cytc(Fe3+) + 2 H2O + 8 H+out

НАДФ+ оксидоредуктаза қатарындағы ферммент, оттек радикалдарына электрон ауысуын катализдейтін фермент.

НАДФ + H+  + 2 O2•-  → НАДФ•H + 2 O2 

Каталаза

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]