- •2. Табиғи антиоксиданттарға қандай қосылыстар жатады, олардың қандай түрлері бар.
- •5. Бос радикалдарға анықтама беріп, организмдегі рөлін түсіндіріңіз.
- •6. Тұрақтандырғыш антиоксиданттар қандай қосылыстар, олардың құрылысын сипаттап, рөлін түсіндір.
- •9 Ферменттік антиоксиданттар қандай қосылыстар, олардың негізгі өкілдеріне анықтама беріңіз.
- •11. Полифенолдық қосылыстардың антиоксиданттық қасиетттерін түсіндіріңіз.
- •12. Фуллерендер қандай қосылыстар, олардың антиоксиданттық қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •13. Полимерлік антиоксиданттар қандай қосылыстар, олардың құрылысы мен қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •15 Липидтердің антиоксиданттық қасиеттерін түсіндіріңіз
- •16 Антиоксиданттардың адам организміндегі рөлі мен тотығу-тотықсыздану реакциясын салыстырып сипаттаңыз.
- •18. Антиоксиданттардың тотығу реакцияларына қатысуын пайдаланып фармакологиялық қасиеттерін сипаттаңыз.
- •20.Бос радикалдардың адам организміне әсерін реакция теңдеуін пайдаланып салыстырыңыз.
- •21 Жанармай антиоксиданттарының рөлін басқа антиоксиданттық қосылыстармен салыстырыңыз.
- •22. Техникалық антиоксиданттар мен стабилизаторлар өндірісін сипаттаңыз.
- •23. Бос радикалдарды дезактивтендіретін ферменттерді сипаттаңыз.
- •25. Табиғи антиоксиданттардың мөлшерін анықтау жолдарын көрсетіңіз.
- •26 Табиғи антиоксиданттарды бөлу жолдарын атаңыз.
- •27 Фуллерендік антиоксиданттардың қолданылуын атаңыз.
- •28 Полимерлі антиоксиданттардың қолданылуы мен өндірісін сипаттаңыз.
- •30.Тағамдық антиоксиданттарға сипаттама беріңіз.
- •32. Майда еритін антиоксиданттық витаминдердің құрлысын көрсетіңіз.
- •33. Суда еритін антиоксиданттық витаминдердің құрылысын жазыңыз.
- •34. Тағамдық өнімдердегі с витаминінің мөлшерін анықтау жолын көрсетіңіз.
- •36 Ферменттерге сапалық реакцияларды ұсыныңыз.(Неочемский кишкене 48 ды жазса болады)
- •38. А витаминдерді синтездеу жолын ұсыныңыз.
- •39,40. Шоколад құрамынан антиоксиданттарды қалай анықтауға болады?(шоколад 60 проц какао сонд 2-и бир сурак)
- •42. Е300 және е306 консервантының антиоксиданттық қасиеттерін көрсетіңіз.
- •43. Тағамдық өнімдерден с витаминін анықтау жолын көрсетіңіз.
- •44. Фенолды қосылыстардың тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысуындағы фенол сақинасының рөлін қалай бағалауға болады?
- •45 Рутиннің метаболиттік ыдырау реакциясын көрсетіңіз
- •46 Супероксиддисмутазаның тотыұу тотықсыздану реакциясын көрсетіңіз
- •48. Ашытқыдан қандай антиоксиданттық ферментті бөлуге болатынын көрсетіңіз.
- •49 Антиоксидант рибофлавинді өсімдік шикізатынан бөлу жолын көрсетіңіз
- •50. Токоферолдың құрылысын жазып, сапалық реакциясын көрсетіңіз
- •52. Аскорбин қышқылын өңдірудің реакциясын көрсетіңіз.
- •19 Сурак уксас
- •53. А витаминін синтездеу реакциясын жазыңыз.
- •54. Е витаминінің алыну жолын көрсетіңіз
- •55. Амилазаның ферменттік рөлін реакция теңдеуімен көрсетіңіз
- •56 Ферменттердің мөлшерін қалай анықтауға болады?
- •58. Пероксидаза ферментінің тотығу-тотықсыздану реакциясын жазыңыз
- •60. Селеннің антиоксидантық қасиетін қалай бағалайсыз
11. Полифенолдық қосылыстардың антиоксиданттық қасиетттерін түсіндіріңіз.
Барлық сулы және липидті фазаларда радикалды тотығу процестері жүруі мүмкін, олардан қорғану үшін органикалық радикалдарды тежеу кезінде фенол типті қосылыстар маңызды АО болып табылады. Фенолды АО-р –ароматты сақинаға бір немесе бірнеше гидроксил топтары жалғанған Ar(OH)n түрінде болатын қосылыстар. Фенолды АО-р қанықпаған липидтер мен май қышқылдарының гидроперекисті радикалдарымен эффективті түрде реакцияға түседі.
Фенол АО-ның молекулаларынан түзілетін радикалдар кинетикалық және термодинамикалық факторларға сай жоғары тұрақтылық көрсетеді. Ол фенолды радикалдардың түзілуінің төмен энергиясы мен жұптаспаған электрон тығыздығының таралуымен түсіндіріледі. Таралу дәрежесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тұрақты радикал түзіледі. Феноксильді радикалдың құрылысы негізгі төрт резонансты құрылымға байланысты:
Ароматты сақинада π-электрондар жүйесінің болуы теріс зарядтың оттекке жылжуына әкеледі, ол өз кезегінде гидроксилден сутектің оңай бөлініп, әр түрлі фенокси радикалдың формаларының түзілуіне алып келеді. Фенолды қосылыстардың АО-тық қасиеті ОН тобының саны мен оның қандай жағдайда (о-, п-, м-) орналасуына, токоферол мен убихинон жағдайында көмірсутекті “жалғаманың” құрылысына байланысты.
Фенолды қосылыстар ерігіштігіне байланысты гидрофильді (суда еритіндер ) және гидрофобты (майда еритіндер) болады. Табиғи және синтетикалық фенолды АО-дың көпшілігі гидрофобты болып келеді. АО-тық қасиет көрсететін фенолды қосылыстар: Е, К витаминдері, убихинон, триптофан, фенилаланин, өсімдіктекті (флаваноидтар, фенокарбоксильді қышқылдар) және жануартекті пигменттер.
12. Фуллерендер қандай қосылыстар, олардың антиоксиданттық қасиеттерін түсіндіріңіз.
Фуллерендер – молекулярлы қосылыстар, көміртектің аллотропты түр өзгерісінің классына жатады. Көпбұрышты тұйықталған көміртектің жұп санынан тұратын қосылыстар. Фуллерен молекуласында көміртек атомдары дұрыс 6 және 5 бұрыштардан тұрады. Ең симетриялы және толық зерттелген түрі С60 фуллерені. Онда көміртек атомдары 20 алтыбұрыштан және 12 бесбұрыштан тұратын иксоаэдрдан тұрады, футболды доп сияқты. Таралуы бойынша келесі түрі ол С70 болып табылады. Ең бірінші фуллерендерді графиттін конденсирленген парларынан алған.
Фуллерендердің организмге және клеткаға әсер ететін ең басты қызметі, олардың ерітіндісінің, антиоксиданттық қызметі. Бос радикалдардың концентрациясын төмендете отырып, оттектің активті формаларын жояды. Бос радикалдарды жоя отырып, кәртеюге қарсы әсер етеді. Сонымен қатар жүректамырларымен онкологиялық ауруларға әсері бар. Олардың әсер ету ұзақтығы витамин С,Е салыстырғанда бірнеше есе рет асып түседі. Фуллерендер катализаторлар рөлін атқарып, бос радикалдарды жоя отырып, жұмсалынып кетпейді. Оның әсері басқа антиоксиданттардан қарағанда өзгеше. Фулерендердің өз молекуласының бетіне бос радикалдарды жинау қабілеті бар. Олар өте аз мөлшерде де эффективті әсер етеді. Организмдегі фуллерендер бүйректе жиналып, гепапротектор қызметін атқарады. Яғни бүйрекке түскен токсикалық затарды бейтараптайды.