Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AO_shpor (1).docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.21 Mб
Скачать

58. Пероксидаза ферментінің тотығу-тотықсыздану реакциясын жазыңыз

Пероксидаза (КФ 1.11.1.7) – оксиредуктаздар класына жататын екі компонентті фермент: гематин С34Н32О4N4Fе(III)ОН (Ғе бар төменгі молекулалық кофермент) және апофермент (ферменттің негізгі бөлігін құрайтын белокты бөлік).

Тазаланған кристалдық өсімдік текті пероксидаза молекулалық салмағы 44000 салыстырмалы бөлік. Гематин осы салмақтың 1,48% құрайды.

Аминқышқылдық құрамы бойынша пероксидаза белогының біршама өзгешеліктері бар.

Оның құрамында триптофан және оксипролин болмайды. Молекуланың геминдік түрі темірпротопорфирин IХ.

Пероксидаза–субстраттардың сутегі асқын тотығы немесе электрон акцепторы ретіндегі органикалық асқын тотықтар қолданылып органикалық және бейорганикалық тотығу реакцияларын катализдейтін ферменттердің үлкен түрі :

2ХН + Н2О2 → 2Х + 2Н2О;

2ХН + ROOH → 2X + Н2О + ROH,

ХН – тотықсызданған субстрат, Х – тотыққан субстрат.

Пероксидаза биологиялық шикізат түріне немесе өзі әсер ететін субстрат түріне байланысты жіктеледі Пероксидаза әсерінен сутегі асқын тотығы қатысында тотығатын субстраттар келесідей бөлінеді:

1) фенолдар (пирокатехин, пирогаллол, галл қышқылы, бензидин, фенилендиамин, билирубин және т.б.);

2) Ароматты аминдер (аланин, диметилаланин, паратоллуидин және т.б.);

3) Йодты сутегі;

4) Жеңіл тотығатын заттар (аскорбин қышқылы, нитриттер және т.б.).

59. Липидтердің тотығу реакциясына қатысуын жазыңыз

Липидтер – май және майға ұқсас жоғары май қышқылдары, жоғарғы спирттер мен альдегидтердің туындыларыЛипидтер құрамына май қышқылдарына басқа азотты негіздер, фосфор қышқылы, көмірсулар, аминқышқылдары, белоктар т.б. кіреді.

Негізгі қызмет түрлері:

биологиялық мембраналардың басты компоненті;

қосымша, жекелендіруші және қорғаушы материал;

тағамның каллориялық бөлігі ;

адам мен жануарлар диетасының негізгі бөлігі;

организм ішінде кейбір витаминдерді тасымалдауышы;

су мен тұздардың тасымалын реттеуші;

иммуномодуляторлар; кейбір ферменттердің белсенділігін реттеуші ;

эндогормондар;

биологиялық белгілерді беруші.

Липидтердің негізгі шикізат көздері :

сүт, өсімдік майы (зәйтүн, күнбағыс, зығыр, жүгері, какос және т.б.) шошқа майы және басқа жануарлар майы, жұмыртқа, ми және жануарлар мен малдардың ішкі мүшелері

Липидтердің тотығу реакциясына қатысуы:

Липидтердің асқын тотықты тотығуы ұлпа ақауларының жинақталуына себеп болады. ЛАТ негізгі субстраты ұлпа мебранасының құрамы мен липопротеиндердің кіретін полиқанықпаған май қышқылдарының тізбегі. Олардың оттегі радикалдарымен шабуылы (АФК) гидрофобты радикалдардың түзілуіне әкеледі.

Алдыменен қанықпаған май қышқылдарының қос байланыстары НО* және НО2* шабуылданады да, липидтік радикалдардың түзілуіне әкеледі.

LH + НО* H2O + L*.

Липидтік радикал О2 әрекеттесіп пероксильді радикал түзіледі де қанықпаған май қышқылдарының жаңа молекулаларымен әрекеттесіп дене температурасында тұрақты пероксидті липидтердің пайда болуына әкеледі.

L* + O2 LO2*

LO2* + LH LOOH + L*.

Бұл реакциялардың жылдамдығы ұлпай жүйесінің антиоксиданттық қасиетіне байланысты темір кешендерімен әрекеттескенде белсенді радикалдарға айналады да липидтердің тотығу тізбегі жалғаса береді.

LOOH + Fe2+ Fe(III) + OH- + LO*

LO* + LH LOH + L*.

Түзілген липидтік радикалдар, сондай-ақ 4-гидроксиноненаль белок және нуклеин қышқылы молекуласын шабуылдайды. Бұл қосылыстардағы альдегид тобы молекула аралық тігістер түзіп макромолекула құрылымын бұзып, олардың қызметін тежейді.

Липидтердің тотығуы мембрананың қалыпты құралуына әсер етеді. Липидтердің асқын тотықты тотығуы бос липидтердің тотығуы деградациясы. Көбінесе бұл радиоактивті сәулеленудің салдары. Реакция өнімі- малондиальдегиді және 4-гидроксиноненал

Бұл радикалдардың химиялық белсенділігіне әкеледі. Мысалы, олар мембрананың қанықпаған май қышқылдарымен реакцияға түсіп, олардың құрылысын бұзып, бос радикалдық тотығуды болдырмайды.

Қанықпаған май қышқылдарының асқын тотықты туындыларының тотығуынан простагландин және лейкотриен, тромбоксанқанның формалық элементтерінің адгезия-агрегациялық қасиеттерін жояды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]