Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
170
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

2-тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері

21

Ұлғайтылған ұдайы өндіріс – бұл өндіріс үдерісінің көбейтілген ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың бір бөлігіне қосымша ресурстар сатып алынады, ал оларды пайдалану есебінен өндіріс үдерісі көбейтілген ауқымда жаңғыртылады.

Ұдайы өндірістің ұлғайтылған үлгісі үш түрлі болады:

а)

интенсивті;

ə)

экстенсивті;

б)

аралас.

Олардың сипаттамасы 2.2-сызбада келтірілген.

Интенсивті

Аралас

Экстенсивті

 

 

 

Техника мен техно-

Өндіріс қуатын

Өндіріс қуатын

логияны жетілдіру

өндіріс факторлары

пайдаланылатын

нəтижесінде өндірістік

санын жəне техника

өндіріс факторларының

мүмкіншілікті ұлғайту

мен технологияны

санын көбейту

 

жетілдіру нəтижесінде

негізінде арттыру

 

ұлғайту

 

 

 

 

2.2-сызба. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс үлгілерінің түрлері

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

I. Экономикалық ресурстар жəне өндіріс факторлары.

1. Бұл сұраққа сипаттама беру кезінде мынадай мəселелерге назар аударыңдар:

а) «экономикалық ресурстар» жəне «өндіріс факторлары» түсініктері бір-бірімен қалай қатынасады?

ə) ресурстар шектеулілігінің салыстырмалы сипатын қалай дəлелдеуге болады?

б) экономикалық ресурстар мен өндіріс факторларының қандай жіктеулерін білесіңдер?

в) экономикалық ресурстарды ұдайы өндірудің мəселесі неде?

22Экономикалық теория

2.Өндіріс факторларының жіктеулеріне сипаттама беру үшін 2.1-сызбаны пайдаланыңдар.

 

 

 

 

 

ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмысшылар

 

 

 

 

 

 

Өндіріс құралдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек құралдары

 

 

 

 

Еңбек заттары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғи еңбектің

 

 

 

Техника

 

Табиғи заттар

 

 

Шикізат

жағдайлары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек

 

 

 

Еңбектің жалпы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

құралы

 

 

 

материалдық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жағдайлары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1-сызба. Өндіріс факторлары

II. Материалдық игіліктерді өндіру тəсілі.

1.«Материалдық игіліктерді өндіру тəсілі түсінігінің мазмұнын ашу үшін дəрістегі 2.1-сызбаны пайдаланыңдар.

2.«Қоғамдық-экономикалықформация» жəне«материалдық игіліктерді өндіру тəсілі» түсініктері қалай қатынасқа түседі?

III. Жай жəне кеңейтілген өндіріс.

2.2-сызбаны пайдалана отырып, қоғамдық қайта өндіріс сатыларының мазмұнын ашыңдар.

Өндірістің өзі

Тұтыну

 

Бөлу

 

 

 

Айырбастау

2.2-сызба. Өнімнің қоғамдық ұдайы өндіріс сатылары бойынша жылжуы

2-тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері

23

 

 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Қоғамдық-экономикалық формацияны не сипаттайды?

а) материалдық игіліктерді өндіру тəсілі; ə) қоғамдық-саяси қондырма; б) өндірісті қоғамдастыру нысандары;

в) материалдық игіліктерді өндіру тəсілі мен қондырманың өзара байланысы.

2.Өндіріс тəсілі деген не?

а) Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі жəне өзара əрекеттесуі;

ə) қоғамдамуыныңбелгілібіркезеңінетəнэкономикалықуклад; б) қоғамдық-экономикалық формация; в) материалдық жəне рухани мəдениеттің сатысы.

3.Өндіріс дегеніміз не?

а) қоғамдық-экономикалық формация; ə) материалдық игіліктерді жасау үдерісі; б) ғылыми-техникалық прогресс нысаны; в) өркениетті дамудың сатысы.

4.Қоғамның қарапайым өндіргіш күштеріне не жатады?

а) жоспарлау; ə) өндіріс құралдары мен жұмыс күшінің бірлігі;

б) өндірісті қоғамдастыру нысандары; в) басқару нысандары.

5.Айырбас қатынастары қалай сипатталады?

а) экономикалық үдерістерді ұйымдастыру нысаны; ə) нарықты саралау;

б) адамдар арасындағы тура немесе тауар түрінде көрінетін қатынастар;

в) басқару қатынастары;

6.Ұлғайтылған ұдайы өндіріс дегеніміз не ?

а) өндіріс үдерісін тұрақты ауқымда жаңғырту;

24 Экономикалық теория

ə) өндіріс үдерісін ұлғайтылған ауқымда жаңғырту; б) ресурстарды азайту кезіндегі өндіріс; в) өндіріс көлемін қысқарту.

7.Өндірістің экстенсивті нысанын не сипаттайды?

а) өндіріс жаңаруы есебінен даму; ə) кəсіпорынды жаңа технология негізінде қайта құру;

б) еңбектің өнімділігін өзгертпей байырғы техника негізінде қосымша еңбек жəне табиғи ресурстар мен өндіріс құралдарын тарту;

в) өндірісті ұйымдастарудың жаңа нысандарын енгізу.

3-ТАҚЫРЫП

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІ

ДƏРІС ЖОСПАРЫ:

 

3.1. Экономикалық құбылыстарды

 

зерделеуге жүйелік көзқарас.........................

26

3.2. Экономикалық жүйе жəне оның

 

элементтері.....................................................

27

3.3. Экономикалық жүйе үлгілерін

 

жіктеп анықтау...............................................

27

3.4. Экономикалық жүйе тиімділігін

 

салыстырмалы талдау..................................

30

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

31

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

35

26Экономикалық теория

3.1.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУГЕ ЖҮЙЕЛІК КӨЗҚАРАС

Жүйе (грекше – құрастыру, бөліктерді біріктіру, қосу) –

заңдылықтардың, бір-бірімен байланысты құбылыстардың, сондай-ақтабиғатпенқоғамжайлыбілімдердіңобъективтібірлігі.

Жүйе мынадай қасиеттермен сипатталады.

1.Ол – элементтердің жиынтығы.

2.Оған элементтердің арасында маңызды байланыстардың болуы тəн.

3.Оған белгілі бір ұйымдасу тəн.

4.Оның элементтерінің өзара əрекеттесуі нəтижесінде

тұтас жүйеге тəн, бірақ оның жекелеген элементтерінің ешқайсысына да тəн емес интеграция.

Экономикалық жүйе дегеніміз экономиканың өзара байланысты жəне белгілі бір түрде реттелген элементтердің жиынтығы. Бұл – біртұтас толықты құрайтын өзара əрекет ететін элементтердің күрделі жүйесі.

Экономика – күрделі көп деңгейлі жүйе. Экономиканың бірнеше тұрақты деңгейін бөліп көрсетеді: элементарлы (қара-

пайым) экономика, кəсіпорындар мен үй шаруашылығы, рыноктар, ұлттық экономика, жалпы əлемдік экономика.

Қарапайымдепэлементтерарасындағыбайланысеңбек(адам жəне объектілер) болып табылатын экономикалық жүйелерді айтады. Экономикалық жүйелерді ұйымдастырудың екінші деңгейіндекəсіпорындар(фирмалар) мен үй шаруашылығы(отбасылар) орналасады. Кəсіпорындар мен үй шаруашылығы рынокта өзара əрекет етеді. Рынок деп шегінде контрагенттердің ізденісі тиімді болып табылатын аумақтағы бір тауармен мəміле жүргізу жиынтығы түсіндіріледі. Ұлттық экономика дегеніміз аумақ жағынан да, орталықтандыру жолы арқылы да мемлекетпен шектелген рыноктардың өзара байланысы айтылады. Бүкілəлемдік экономика ұлттық экономиканың өзара байланысын көрсетеді.

3-тақырып. Экономикалық жүйенің негізгі үлгілері

27

3.2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖƏНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Экономикалық жүйенің ішкі құрылымы бар. Кез келген экономикалық жүйенің ортақ жағдайы 3.1-сызбада келтірілген.

Өндіргіш күштер

Табиғи (табиғи

Қоғамдық

Жалпыға ортақ

ресурстар, адамның

(өндіріс құралдары,

(ғылым, білім, мəдениет ж.б.)

физиологиялық

еңбек бөлінісі ж.б.)

 

мүмкіншіліктері

 

 

жəне т.б.)

 

 

 

Өндірістік қатынастар

Əлеуметтік-эко-

Ұйымдастыру-эконо-

Техника-экономикалық

номикалық (меншік

микалық (тəжірибе

(адамның табиғатқа қатынасы)

қатынастары жəне

алмастыру, маркетинг,

 

табыстарды бөлу)

менеджмент ж.б.)

 

Ресурстар

Қоғамдық

Еңбек процесі жəне оның

 

еңбек бөлінісі

алғышарттары

Еңбек, табиғи,

Қандай да бір

Еңбек заттары, еңбек

өндіріс құралдары,

өнімдерді өндіру

құралдары, еңбек

ақпарат ж.б.

бойынша мамандану

 

Өндіріс

Нəтижелер

Тиімділік

мүмкіншілігі

 

 

Шектеулі

Материалды-заттық

Нəтижелер мен шығындар

ресурстардан

өнім жəне қызметтер

арақатынасы (түрлендірілген

таңдау

 

жəне трансакциондық

 

 

шығындар)

3.1-сызба. Кез келген экономикалық жүйенің жалпыға ортақ сипаты

3.3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ ҮЛГІЛЕРІН ЖІКТЕП АНЫҚТАУ

Негізінде түрлі критерийлер жататын экономикалық жүйелердің 3 жіктелімі бар.

1-жіктелім – ашықтық дəрежесі бойынша. Ол бойынша былай бөліп көрсетеді:

28 Экономикалық теория

а) жабық экономикалық жүйе; ə) ашық экономикалық жүйе.

Жабық экономикалық жүйе – бұл барлық іскерлік oпeрациялар мен мəмілелер бір ел ішінде жүретін жүйе жəне онымен есеп айырысу осы елдің ұлттық валютасымен жүргізіледі.

Ашық экономикалық жүйе – бұл ел ішіндегі іскерлік операциялармен қатар халықаралық сыртқы экономикалық байланыстар енетін жүйе, ал онымен есеп айырысу шетелдік валюталарды пайдалануды талап етеді.

2-жіктелім. Оның негізінде меншік қатынастары мен экономикалық байланыс нысандары сияқты критерийлер* жатады. Осы критерийлер бойынша 4 экономикалық жүйені бөліп көрсетеді;

а) дəстүрлі; ə) əкімшілік-əміршілдік; б) рыноктық; в) аралас.

Дəстүрлі жүйеге қатынастар ғасырлар бойы қалыптасқан дəстүрлер мен əдет-ғұрыптар негізінде құрылатын жүйелер жатады.

Əкімшілік-əміршілдік жүйе – мемлекеттік меншікке,

директивалықбағақалыптасуына, орталықтандырылғанжоспарлауға негізделген жүйе ретінде сипатталады.

Рыноктық экономикалық жүйе – қызмет өнімдерінің ер-

кін айырбасына, жеке меншікке, еркін баға қалыптасуына, бəсекелестікке негізделеді.

Аралас экономикалық жүйе – экономиканы реттеудің рыноктық механизмдерін экономиканы мемлекеттік реттеумен ұштастыратын жүйе.

3-жіктелім өнеркəсіптік төңкеріс жəне қазіргі FTP сияқты сипаттарға негізделген.

Бұлжіктеу бойынша3 экономикалықжүйенібөліпкөрсетеді: а) индустрияға дейінгі; ə) индустриялық; б) индустриядан кейінгі.

*Критерий – өлшем, белгі.

3-тақырып. Экономикалық жүйенің негізгі үлгілері

29

Индустрияға дейінгі жүйе – бұл ауыл шаруашылығы, ша-

руашылық жүргізудің табиғи нысаны жəне қол еңбегінің басымдылығымен сипатталатын жүйе.

Индустриялық экономикалық жүйе – ірі машиналық өнді-

ріске негізделген, дамыған ақша-тауар қатынастары бар жүйе.

Индустриядан кейінгі (постиндустриалды) экономикалық жүйеде басты ресурс – ақпарат, экономиканың жетекші саласы

– өндірістік емес сала, ал экономикалық дамудың мақсаты – адам жəне оның өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жағдай жасау болып табылады.

Кез келген экономикалық жүйе экономиканың негізгі үш мəселесін шешеді: не, қалай жəне кім үшін?

Не?

Қалай?

Кім үшін?

Экономикалық жүйеде жəне белгіленген уақыт мерзімінде қандай тауарлар мен

қызметтер өндірілуі қажет?

Таңдалып алынған тауарлар мен қызметтер қандай технология əдісімен өндірілуі тиімді

болады?

Таңдалған тауарлар мен қызметтерді кім сатып алатын болады? Қоғамда жалпы табыс қалай бөлінуі қажет?

3.2-сызба. Экономиканың негізгі үш сұрағы

Экономикалық жүйенің өндірістік мүмкіндіктері пайдаланылатын ресурстардың сиректігімен шектеледі. Ресурстар шектеулі болғандықтан, қоғам таңдау жасау керек. Кез келген қабылданатын шешім əрқашан да таңдаудың балама екендігімен байланысты.

Балама таңдау дегеніміз – шешімдер мен қызметтерді белгілі бір, мысалы, балама құны бойынша таңдау, яғни тауар немесе қызметті таңдау əрекеті осы тауар немесе қызметті алу үшін құрбан ету керек болатын басқа тауарлар мен қызметтердің санымен анықталады.

30 Экономикалық теория

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ 3.4. ТИІМДІЛІГІНТАЛДАУ САЛЫСТЫРМАЛЫ

Əрбір экономикалық жүйеде экономиканың басты үш мəселесішаруашылықжүргізуүдерісіндетүрлішешешіледі. Шаруашылық жүргізу шығындар мен нəтижелер мөлшерінің сəйкес болуын көздейді.

Экономикалық өмірдегі шығындар мен нəтижелер əр түрлі. Тиімділіктің мынадай түрлері ажыратылып жүр:

а) ресурстық (факторлық) тиімділік, бұнда нəтиже өндіріс факторларының бірімен, еңбек, капитал, материалдармен (еңбектіңөнімділігі, қорқайтарымы, материалқайтарымы) салыстырылады;

ə) жалпы тиімділік, бұнда нəтиже жалпы ағымдық шығындармен салыстырылады.

Сонымен қатар, экономикалық жүйені пайдалану шығыны да ажыратылыпжүр. Кезкелгенэкономикалықүдерісбірнешемəміле болып табылады да, олардың жүзеге асырылуы трансакциялық шығынмен қатар жүреді.

Трансакциялық шығындар – айырбас саласындағы, айрықшалығы жəне меншік құқығының қорғалуымен байланысты шығындар. Экономикалық жүйе неғұрлым жақсы ұйымдастырылса, трансакциялық шығындар көлемі соғұрлым кіші болады.

Экономикалық жүйе элементтерінің экономикалық өзара іс-қимылы институттар көмегімен жүзеге асырылады.

Институттар – экономикалық жүйелер аясындағы адамдар арасындағы өзара əрекеттесуді реттеп отыратын ресми ережелер мен бейресмилік нормалар. Институттарды таңдаудағы басты мақсат – трансакциялық шығындарды барынша азайту болып табылады.

Экономикалықжүйеніңдамуыинституционалдықөзгерістер үдерісіне байланысты болады (3.3-сызба). Институттарды əзір-

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]