Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Нурбол.doc
Скачиваний:
149
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.32 Mб
Скачать

4. 3 Дақылдардың ылғалымен және коректік заттармен қамтамасыз етілуіне байланысты потенциалды мүмкіндіктер

Нақты мүмкін өнімді ылғалмен қамтамыз етілуіне қарай есептеу, мынау әдістемелік нұсқау бойынша жүргізіледі:

Жс=Ып+Ыт-Ық (1)

Мұнда:

Ып-себу алдындағы 1метр топыр қабатындағы пайдалы (өнімді) ылғал мөлшері (мм, немесе м3/га)

Ыт-өсіріліп отырылған дақылдың өсіп-жетілу кезеңіндегі түскен ылғал (мм, немесе м3/га)

Ық-қалдық ылғалы – пайдаланылмаған пайдалы ылғал мөлшері және егін піскеннен кейін немесе егін жиналғаннаң кейінгі қалдық (мм, немесе м3/га) бұл 10 % тең .

Ып = 127мм: Ыт = 114мм;

Ық = (Ып+Ыт)/10% (2)

(127+114)/10% = 24 мм

Осы мәндерді пайдалана отырып жиынтық су анықталады (Жс)

Жс=127+114-24= 217 мм

Нақты жағдайда қалыптасқан ылғалмен қамтамасыз етілуін, себу алдындағы пайдалы ылғал мөлшерін немесе өсіп – жетілу кезеңінің басталуын (көп жылдық және күздік дақылдары) дақылдың өсіп жетілуі кезеңінде түскен ылғалды және қалдық ылғалды негізге ала отырып жиынды су пайдалану мен нақты мүмкін өнім есептеледі:

НМӨ=Жс:Кс мұндағы НМӨ-астықтың құрғақ биомассасының нақты өнімі (кг, ц, т); (3)

Жс-жиынды су пайдалану (мм, немесе м3/га);

Кс- су пайдалану коэфиценті (мм/кг), (мм/ц, м3/ц , м3т; биомассасы )

Кс=15 мм; Жс=217 мм; НМӨ=217:15=14,5 ц/га

Топырақтағы қоректік заттардың құрамына байланысты потенциалды өнімді есптеу, мына әдістемелік нұсқау бойынша жүргізіледі:

ПӨ=Ке*Км:Ктк (Шқ*100), мында ПӨ=минералды қоректік заттар мөлшерімен есептелген потенциалды өнім, ц/га; (4)

Ке-топырақтағы сіңімді қоректік зат, мм/100г;

Км-мг/100г қоректік заттарды есептелген топырақ қабатына кг/га аудару коэффицентті, орта есеппен 25 см. Қабатына 30 Шқ-1ц негізгі және тиісінше қосалқы өніммен шығарылатын қоректік зат, кг/га;

Ктк-топырақтағы қоректік заттардың коэфиценті.

Азот бойынша потенциалды өнімді анықтау:

Ке= 7 мг/100г; Км=30; Ктк=25; Шқ=4,27; ПӨ (NO3)=ц/га

Фосфор бойынша потенциалды өнімді анықтау:

Ке=2,7 мг/100г: Км=30: Ктк=10%: Шқ=1,24 кг/ц:

ПӨ (Р2О5)=6,5 ц/га;

Калий бойынша потенциалды өнімді анықтау:

Ке=26,5мг/100г; Км=30; Ктк=10%; Шқ=2,05кг/ц;

ПӨ (К2О)= ц/га

Ылғалдықпен және топырақтағы қоректік заттар мөлшерімен қамтамасыз етуіне байланысты өнім (5-сурет).

Сурет 5. Потенциалды өнім мөлшерлері

Егіншіліктің түп заңына сүйене отырып, осы көрсеткіштерден нақты мүмкін өнімді ылғалмен қамтамыз етілуіне байланысты 14,5 ц/га және азот бойынша 12,3 ц/га өнім алуға болады.

4.4 Тыңайтқыш қолдану жүйесі

Тыңайту жүйесі шаруашылықта, ауыспалы егісте және ауыспалы егістің жеке дақылдарына тыңайтқыш қолдану жүйесі болып бөлінеді.

Тыңайтқыштарды қолданудың дұрыс жүйелерін жасау, сол шаруашылықтардың табиғи және ұйымдастыру-шаруашылық жағдайларына байланысты жүргізеді.Тыңайтқыш қолданудың осы үш түрі бір бірімен тығыз байланысты.

Шаруашылықта тыңайтқыш қолдану жүйесі дегеніміз ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жоғарылатуға, оның сапасын жақсартуға және топырақ құнарлылығын ұдайы арттыруға бағытталған органикалық, минералдық тыңайтқыштарды тиімді пайдаланудың агрономиялық, ұйымдастырушылық экономикалық шараладың жиынтығы. Бұл шараларға минералдық тыңайтқыштарды дұрыс сақтау, оны топыраққа енгізуді ұйыидастыру, тасымалдау, органикалық тыңайтқыштарды жинау, сақтау, тыңайтқыштардың өсімдікке тигізетін әсерін бақылау, олардың агрономиялық және экономикалық тиімділігін анықтау жатады. Шаруашылықта тыңайтқыш қолдану жүйесі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге тыңайтқыш өндіру, дайындау, тасымалдау, сақтау жұмыстарын жүзеге асыру үшін дайындалған шаруашылық, ұйымдастырушылық, экономикалық шаралар кіреді. Екінші бөлімі ауыспалы егістерге тыңайтқыштарды бөлу жатады. Мұнда ауыспалы егіс дақылдарының биологиялық ерекшеліктері мен топырақ климат жағдайларын ескеру керек.

Химиялық пар К80

Жаздық бидай N15

Жаздық бидай N10

Ас бұршақ

Жаздық бидай N10

Топырақтың агрохимиялық зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша, топырақтың құнарлығын арттыруда келесідей шараларды ұсынады:

18, 19, 20, 21, 26 танаптарға ауыспалы егістің ротациядағы парлы танапқа К80 кг ә.е.з./га қажет. Аңызы бар танапқа себумен бірге қатарлап азот тыңайтқышын 35кг ә.е.з./га енгіземіз [қосымша Ә].

Фосфордың мөлшері жеткілікті болғандықтан химиялық парға калий метафосфатың енгіземіз, бұл кешенді тыңайтқыш болғандықтан құрамында 60 % Р2О5 бар. Ол калийдің жетіспеушілігін төмендетіп фосфор балансын ұстап тұрады.

Тыңайтқыш еңгізу нормасын анықтағанда жаздық бидайдың бағдарламалы өнімін, топырақтағы қоректік заттар мөлшерімен олардың пайдалану көэфициенттерін, тыңайтқыш түрімен әсер етуші мөлшерін және олардың пайдалану коэфициенттерін, нақты шаруашылық жағдайларын ескерген жөн.

Ауыспалы егісте бұршақ тұқымдас өсімдіктерді енгізу жоспары жасанды азот тыңайтқыштарын азырақ пайданылуға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]