Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Нурбол.doc
Скачиваний:
149
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.32 Mб
Скачать

4.2.1 Ауыспалы егіс

«Ақмола-Феникс» АҚ –ның жер пайдалану жоспары бойынша ауыспалы егістікті құрастырайық (4-сурет).

Сурет 4. «Ақмола-Феникс» АҚ –ның жер пайдалану жоспары

Бидай өнімін арртырудың негізгі жолдарының бірі – оны өсірудің интенсивті технологиясын қолдану болып табылады. Ол негізінен материалдық – техникалық ресурстар және жаңа ғылыми жетістіктер мен тәжірибені кеңінен пайдалануға сүйенеді.

Жаздық жұмсақ бидай өнімін арттыруда алғы дақылға үлкен маңыз беріледі. Жақсы алғы дақылдар – дәнді - бұршақ дақылдары, сүрлемдік жүгері. Пішенге немесе жасыл балаусаға өсірілген сұлы, сонымен қатар ерте себіліп (жаздық бидай себуге дейін) және монокормге жиналған арпа да айтарлықтай алғы дақыл болады. Бұршақ тұқымдастарды себу азотты режим үшін тиімді болады, егер құрғақ жыл болса да, олардан қалған аңыз сабақтары мен тамыр жүйесінде азот мөлшері көбірек болады.

Осыған байланысты мен келесідей ауыспалы егістерді ұсынып отырмын (10-кесте).

кесте 10

Шаруашылықтың ауыспалы егіс құрлымы

Танап

1-ші ауыспалы егіс

га

Танап

2-ші ауыспалы егіс

Га

27

Ноқат

674

1

Бұршақ тұқымдастары

732

25

Бидай

400

5

Бидай

755

24

Бидай

404

4

Бидай

661

2

Арпа

703

Танап

3-ші ауыспалы егіс

га

21

Химиялық пар

410

20

Бидай

384

19

Бидай

311

26

Ас бұршақ

400

18

Бидай

342

9-10 жыл өткен соң нөлдік технологияны қолданған жерде нитраттардың мөлшері және қарашірік мөлшері көбірек болады. Органикалық қалдықтардың арқасында механикалық қопсытусыз қоректік заттардың мөлшерін арттырады. Әсіресе 0-5 см жоғарғы қабаттағы артуы байқалады. Бұршақ тұқымдастары топырақтың құнарлығы да артады. Өйткені басқа танаптарға қарағанда мұнда өсімдік сіңіре алатын түрдегі азот қосылыстары көп мөлшерде жинақталады.

Топырақта ылғал мен қоректік заттардың жинақталуы, жаздық бидай өнімнің артуына мүмкіндік жасайды.

Әр түрлі ауыспалы егістіктердің тиімділігін объективті түрде бағалайтын көрсеткіш – 1 га ауыспалы егістен шыққан астық өнімі, оның ішінде жаздық бидай болып табылады. Атап айтқанда, төрт және бестанапты дәнді парлы ауыспалы егістері енгізілген БАШҒЗИ – дың тәжірибе шаруашылығында 25 мың га алқаптан орта есеппен 6 жылда дәнді дақылдардың өнімі 16,0 ц/ га 13,3 ц. Бұл жылдардағы жаздық бидай өнімі де осындай – 17,0 ц/ га болды. М.К Сүлейменовтың соңғы жылдарғы мақалалары көрсеткендей, егіншілік мәдениеті жоғары болған жағдайда Солтүстік Қазақстанның қуаңшылықты жағдайында жаздық бидайдың барынша көп шығымы оны үздіксіз бір орында өсіргенде алынған. Орта есеппен әр гектар жыртылған жерге шаққандағы жаздық бидай шығымы мынадай болды: екі танапты ауыспалы егісте – 10,2; үш танапты егісте – 11,8, төрт танапты – 13,0, бес танапты – 14,4, үздіксіз гербецид қолданбай себілген танапта – 9,7, ал үздіксіз жаздық бидай себілгенде және гербицид қолданып отырғанда - 15,4.

Біздің ойымызша, бұл жаңа деректер өндіріс жағдайында кең түрде сынақтан өткізуді талап етеді. Ол үшін бір –екі танапта жаздық бидайды интенсивті технологиясының барлық шарттарын орындай отырып бір орында үздіксіз өсіру қажет. Егер нәтижесі жоғарыда келтірілген ғылыми мағлұматтардың мүмкін екендігін дәләлдесе, онда оларды кеңінен насихаттау қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]