Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Нурбол.doc
Скачиваний:
149
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.32 Mб
Скачать

4.2.2 Сабаннан жабын қабатын құру

Топырақ бетінде өсімдік қалдықтарын біркелкі шашып тастаса топырақтың бетінде жабын қабаты құрылады, сондықтан жинаушы комбайнда сабанды ұсатып шашатын құралы болу керек.

Өсімдік қалдықтары көп болған сайын жабын қабаты қалыңдап, жақсара түседі. Топырақ бетіндегі жабын тек ылғалды сақтауға ғана керек емес, ол арамшөптердің тұқымдарының топыраққа енуіне кедергі болады.

Кез келген механикалық өндеуден кейін арамшөптердің өсуіне қолайлы жағдай туады. No-till жағдайында топырақ өнделмейді, топырақ бетіне өсімдік қалдықтары жабын қабатын құрады, сондықтан жана арамшөптердің тұқымдарының өнуіне, өсуіне жағдай тумайды.

Топырақ бетіне жабын қабатын құру No-till технологиясының ең манызда жері.

4.2.3 Гербицидтерді қолдану

Гербицидпен таңертенгі немесе кешкі уақыттарда жұмыс істегенде желдің жылдамдығы үш-төрт метр/сек және температура: +20 +22 ºC аспауы тиіс.

Гербицид арамшөптермен қүресудің негізгі бөлігі емес – ол ең тиімді қорғау инструменті. Шаруашылық танаптарында көбіне кездесетіні аз жылдық дара жарнақты, мысалы, дала шырмауығы ( Convolvolus arvensis L.), жабайы ақсүттіген (Lactuca serriola L.); көп жылдық қос жарнақтылар, жатаған бидайық (Elytrigia repens L.), егістік қалуені (Cirsium arvense L. Scop), кездеседі.

Гербицидтерді дұрыс таңдау үшін арамшөптерді, олардың биологиясын, өсіп даму ерекшеліктерін жақсы білу керек, бiрiншi кезекте олардың тұқым арқылы немесе жерасты вегетативтiк органдары арқылы көбею мүмкiндiктерi ескерiлген.

Өсiмдiктер тұқым арқылы жаңарып отыратындықтан, арамшөптермен күрестiң бiрiншi принципi - олардың тұқым байлауының алдын алу. Арамшөптер тұқым байламаған жағдайда топырақтағы олардың қоры артпайды.

Топырақтағы арамшөптердің өміршең тұқымдары, әрқашан жаңа өсімдіктiң пайда болуының көзі болып табылады. Олардың қаулап өнуі, тұқымдардың биологиялық тыныштықтан шығуына, жандануына керектi белгiлi бiр жағдайларда ғана болады. Сондықтан арамшөптермен күрестiң екiншi принципi олардың тұқымдарының өнуіне жағдай жасап, өңдеу арқылы көгін жою болып табылады. ұндiрiсте бұл принциптi арандату деп атайды. Арандату әдiсiн қолдану арқылы арамшөптердің көгін ең үлкен бөлігін мәдени дақылдарды сепкенге дейiн құртуға болады.

Ең зиянды арамшөптер (далалық шырмауық, жатаған бидайық т. б.) тек тұқымдары арқылы көбеймейдi, олар вегетативтiк органдарының көмегiмен де көбейедi. Арамшөптердің вегетативтiк органдары арқылы қайта жандануы оларда қоректiк заттардың қоры болған жағдайда ғана мүмкiн болады. Сондықтан олармен күрестiң үшiншi принципi - жер асты органдарын (тамырларын, жер асты сабақтарын) әлсiрету.

Көптеген фермерлердің ойы бойынша бұл негізгі және жалғыз күресу құралы, алайда ол жоғарыда айтылған екі шарамен бірге жақсы жұмыс істейді.

No-till мен баяғыдан және тиімді жұмыс істейтін фермерлердің гербицидке қажеттілігі, уақыт өте ауыспалы егістер мен жабын арқылы азаяды.

Нөлдік өңдеуге көшкенде арамшөптермен күресу өте күрделі жағдай болып саналады.

Арамшөптерге қарсы гербицидтер өте тиімді болады, бірақ оларды қолданудың технологиясын дұрыс білу керек. Әсіресе гербицидтердің танап үстінде бірдей шашылмауы немесе бүркілмеуі және уақытында қолданбау болады. Әр түрлі арамшөптер әр уақытты талап етеді оларды бірнеше рет қолдану гербицидтердің қымбаттылығынан тиімсіз болады.

Арамшөптерге қарсы басқа да тиімді инструменттер бар, ол сидераттарды себу, тынайтқыштарды себумен бірге енгізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]