Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Нурбол.doc
Скачиваний:
149
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.32 Mб
Скачать

6 Еңбекті қорғау

Еңбек қорғау – маңызды мемлекеттік мәселе болып табылады.

Қауіпсіз еңбек жағдайын тудыру әрқашанда мемлекеттің халыққа деген жанашарлығын білдіреді. Осыған байланысты Қазақстан Республиканың Конституциясындағы 24 - бабына сәйкес, әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіптерін еркін таңдауына құқығы бар, әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтың әлеуметтік қорғалуға құқығы бар. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

Бағдарлама аса маңызды жалпы мемлекеттік проблемаларды шешуге, республика халқының денсаулығын жақсартуға, оның өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға, еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін жетілдіруге бағдарланған және Қазақстан Республикасы Конституциясының әр азаматтың қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына құқығын белгілейтін 24-бабын іске асыруға бағытталған [19].

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің мақсаты – еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтарының мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтары мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің міндеттері – еңбек қатынастары тарап мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсуге қол жеткізуге өндірісте тиімділігімен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау [20].

Әрбір өндіріс орындарында түгелдей қатерсіз және зиянсыз еңбек шарттарын құру әзірше мүмкін емес. Көбінесе шағын және орта өндіріс орындарда келесідей мәселелер туындайы.

Негіз капиталының жетіспеунен

  • нашар экологиялық орта

  • арзан шикі зат

  • ескірген құрал жабдықтар

  • жұмыскерлер толық деңгейде жеке қорғаныс жабдықтармен құралдандырылған

Жұмысшылардың кәсiподақтық бiрлестiктердің жоқтығы

  • еңбек ақы төлемі аз

  • ұзартылған жұмыс уақыты

  • балалар еңбегін пайдалану

Жеткіліксіз бақылау

  • өңдірістің қауіп қатері жоғары

  • жарақаттар мен кәсіптік аурулардың жоғары деңгейі

Өндірістік санитария- бұл жұмысшыларға өндірістік факторлардың әсерінің алдын-алатын ұйымдық, гигиеналық, санитарлық-техникалық шаралар жүйесі. Өндірістік санитарияда басты назар өндірістік зиянды әсерлерден адамдарды қорғау ауа арқылы берілетін қауіптерден қорғау шараларына аударылады [21].

Сондықтан еңбек қорғау міндеті әр түрлі жоспарлы шараларды іске асыру жүзінде, жоғары өндіріс көрсеткіштеріне себепкер болу үшін адамға қауіпті және зиянды өндірістік факторларды мейлінше азайту, жұмыс орындарындағы келеңсіз оқиғалар және жұмысшылардың ауыруға шалдығуын азайту, ыңғайлы еңбек шарттарын қамтамасыз ету керек .

«Ақмола-Феникс» АҚ-да еңбек қорғау жүйесін қауіпсіздік ережесін бас инженері таныстырады.

1.Пестицидтермен жұмыс істегенде еңбек қорғау мен қауіпсіздік ережесі басшыларға міндеттеледі.

2. Пестицидтерді қолдану, тасымалдау және сақтау бойынша жұмыстарды орындауды жүзеге асыруға қатысатын персоналға арнайы кәсіби дайындығы бар тұлға алынады. Персонал жыл сайын семинарда оқытылады және дайындықтан өтеді.

3.Химикаттармен жұмыстейтін адамдар міндетті түрде медициналық тексерістен өтеді.

4. Пестицидтермен жұмыс істеуге он сегіз жасқа толмаған тұлғалар, аяғы ауыр және бала емізетін әйелдер, сондай-ақ медициналық қарсы көрсеткішке ие тұлғаларға рұқсат етілмейді.

5.Химикаттармен байланысты барлық жұмыстарға жұмысшыларды арнайы рұқсат қағазбен жібереді.

6. Пестицидтерді тасымалдау арнайы жабдықталған көлік құралдарында, түрлі көлік түрлеріне қолданылатын қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы қажет.

7.Қосылу тракторларда механикалық жұмыстарды жүргізу тыйым салынады. Қысымы бар резервуарлардың қақпағын ашу, болтарды бұрау және тағы сол сияқты.

8. Барлық химиялық бүрку жұмыстарды арнай журналға толтырады.

9. Ұшақтармен бүрку жұмыстары жүргізілген кезде химиялық жүктеу жадығаттары аэродромда болу тиіс.

10. Көліктермен тракторлардың айналып тұратын бөлшектер белгіленген ереже бойынша қорғалып тұру керек.

11.Жағар-жанармайды құйып дайындауды ауыл шаруашылық машиналарға толық тоқтаған кезде іске асыру керек.

12. Химиялық қорғауға арналған механизмдерді, құрал жабдықтарды, техниканы шаруашылықтың басқа қажеттіліктеріне қолдануға тыйым салынады.

13. Егістіктегі химиялық өңдеулерді тек өсімдік қорғау маманы зерттеп нұсқау бергеннен кейін жұмыстар жүргізіледі.

14. Пестицидтермен жұмыс істеп болған соң, механизмдерді арнайы алаңдарда удан тазалап, жуып-шаяды.

15. Препарат сапасына күмән туған жағдайда, үлгілері іріктеп алынады және токсикологиялық зертханаға талдауға жолданады. Шығын нормасын арттыруға мен өңдеу еселігін көбейтуге жол берілмейді.

Қауіпсіздік шаралары мен еңбек қорғауға қатысты шаруашылық қожалықта өрт қауіпсіздік жүйесі қарастырылған, мұнда жауапты тұлға қызметкерлерді өрт қауіпсіздігі нұсқаумен таныстырады.

ШҚ-ның әрбір ғимараты эвакуация жоспары мен жарамдылық мерзімі 5 жылдан аспайтын 1-2 ОХП-10 маркалы өртсөндіргіштермен жабдықталған. Сонымен бірге басқа да өртсөндіргіш құралдар қолданылады: қалақшалармен буып-түйілген құмы бар жәшіктер, ойғыштар, балталар, торларды кесуге арналған қайшылар және т.б.

Шаруашылықтарда өндірістік травматизмнің болуы әзірше тіркелмеген. Себебі, бүкіл нұсқау түрлерімен таныстыру жұмыстары дер кезінде жүргізіліп, еңбек қорғау заңдары қатаң қадағаланып отырады.

Еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігіне жүргізілген талдауларға сүйене отырып, келесі қорытындыны шығаруға болады:

● Шаруашылық азаматты жұмысқа немесе кәсіби-іс тәжірибеге қабылдаған кезде, инструктаждың барлық түрлерімен таныстыру жұмыстарын жүргізеді.

● Шаруашылықта ШҚ-ның меншігіндегі асхана бар, бұл әлеуметтік-экономикалық шаралардың сақталуын қамтамасыз етеді.

● Гигиеналық шаралардың сақталуын қамтамасыз ететін жуғыш және зарарсыздандырғыш құралдар мен өзіндік қорғану құралдары бөлінеді.

● Шаруашылықтың барлық бөлімдері өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталған.

Жалпы бұл өткізілетін шаралардың барлығы еңбек қорғау сапасының жоғарлауы мен дағдылануын қамтамасыз етеді.

Жұмыс 9 - 18 сағатқа дейін, 13 - 14 аралығы түстік уақытпен өтеді.

18 жастан төмен жұмыскерлер жеке келісім шартқа отырады, бұл шартта жұмыс жасау тәртібінің жағдайы келтіріледі.

Жұмыс аптасының немесе жұмыс күнінің ұзақтығы жұмыскерлердің келісімімен және администратордың қағаз түріндегі бұйрығымен созуға болады. Ол эксперименттік тәжірибені жүргізу қажеттілігіне байланысты. Жұмыс аптасы алты күнге созылады, жексенбі демалыс.

Адамның жеке басының гигиенасы - организм мен терінің өз қызметін жақсы атқарудың шарты ретінде тәнді тазалықта ұстауды аса қажет етеді. Теріні, шашты, ауыз қуысын, тырнақты таза ұстау, оларға ылғи да қарап отыру терінің сақталуына, инфекциялық аурулардың жұқпауына, тарамауына жағдай жасайды. Адам терісінің атқаратын қызметтері ежелден белгілі: сыртқы ортамен газ, жылу алмастыру қызметі және т. с. с. Тері жамылғышы организмді метрологиялық, механикалық және химиялық факторлардың, әр түрлі ағзалардың әсерінен сақтайды. Бұл қызметтің көп жағдайда терінің тазалығы мен шынығу дәрежесіне қарай тығыз байланысты.

Жеке бастың гигиенасы болып - киім саналады. Киім адамның жаратылысынан тапқан - сыртқы күштердің зиянды әсерлерінен адамды бірден - бір қорғайтын негізгі құралы. Киімнің кір болуы, оның гигиеналық қасиетін төмендетеді, жұқпалы аурулардың, әр түрлі бактериялардың көбеюіне жағдай туғызады. Сондықтан адам киімі таза әрі қонымды, жұмыс істегенде, жүргенде адамға қиындық туғызбайтындай ыңғайлы болуы керек.

Дезактивизация, дезинфекция жұмыстарын өте сақтықпен жүргізеді. Тек противогаз, распиратор, не шаңға қарсы тігілген маска киіп жұмыс істеу керек. Бұларды жұмыс істеп болған соң қауіпсіз жерде шешуге рұқсат етіледі. Барлық тазалау жұмысын бітіргеннен кейін өздері толық санитарлық тазалықтан өтеді, пайдаланылған құралдарды, киімдерді, аяқ киімді және барлық құралдарды толық немесе жартылай тазалықтан өткізеді.

Тазалық өткізетін адамдар сыртқы киімін өте сақтықпен жаймен шешеді. Тыныстану органдарының қорғау құралдары ең соңынан шешіледі. Бұларды қағып - соғып, сыпырғышпен, щеткамен жоғарыдан төмен қарай тазалайды. Әсіресе, киімнің көп ластанған етегі мен жеңін мұқият тазалайды. Резина аяқ киімді жуады.

Матадан тігілген масканы қағып - соғып тазалап, содан кейін жуады.

Дезактивизация жасағанда шаң өзіне түспес үшін, жауырынды желге беріп түру керек. Осыдан кейін жартылай санитарлык тазалыкқа кіріседі.

Тазарту уақытында жуынған су көзге, ауызға, мұрынға кірмеу керек.

Электр жарақатының негізгі себептері кернеу жалаң өткізгіштср жағдайындағы ток жүретін бөліктерге кездейсоқ жанасудан, кернеуде тұрған жабдықты ажыратылған деп қате түсінуден, қалыпты жағдайларда болуы мүмкін емес жерлерде бүлінудің салдарынан кернеуден кездейсоқ пайда болуынан. Электр тоғынан жарақаттанудың алдын-ала сақтандыру үшін жұмыс өндірісі және техникалық пайдалану ережелерін дәл және толық көлемде орындау қажет.

Қауіпті өндірістік факторларға мысал ретінде машиналардың бекітілмеген қозғалмалы бөлшектерін айтуға болады. Олармен кездейсоқ жанасудан адам жарақат алуы мүмкін; құрал-жабдықтардың ашық ток өтетін элементтері, электр жарақатына немесе электр соққысына әкеледі, сондай ақ жылжымалы техникада ж.т.т.

Ауа арқылы берілетін қауіп-қатерлерге шаң, газ, бу, шу, ультрадыбыс, жұмыс орнының жеткіліксіз немесе шамадан тыс ашық жарықтануы, электромагниттік, инфроқызыл, немесе ультра күлгін және т.б сәулелердің түсуі жатады.

Өндіріс орындары ережеге сәйкес, ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлерге салынады. Өндіріс орындарын сумен қамтамасыз ету көздеріне жақын жерге, су алып кету қаупі бар жерлерге орналастыруға тиым салынады.

Ауыл шаруашылығында көптеген жұмыстар ашық ауада жүргізілетіндіктен, жұмысшылардың денсаулығы және еңбегін қорғау метеорологиялық жағдайларға: ауа температурасының жоғары немесе төмен болуына, желдің, жауын-шашынның, қардың, күн радиациясының болуына байланысты.

Түтін, улы газ, шаң, шу көзі болатын өндіріс орындарын таза аймаққа жел бағытына қарсы орналастырады және осы санитарлық-қорғау аймағынан бөледі. Зиянды заттар мен шулы жұмыс орындары осы ғимаратта орналасқан басқа жұмыс орындарынан алшақ болуы тиіс. 200м алыс емес жегде табиғи жарығы бар демалыс орнын орналастыру керек .

Сонымен қатар өндіріс орындарында шаңның болуы және олардан қорғау, алдын-алу жұмыстары жүргізіледі. Ондай шаңдар әр түрлді дақылдарды комбайндармен жинағанда, тұқымдарды тазалағанда, топырақты өңдегенде, мал азықтық шөптерді өңдегенде, мал азықтық шөптерді дайындағанда пайда болады. Шаңның көп мөлшерде болатын аймақтарында шаңның шекті рұқсат мөлшерінен асып кетсе міндетті түрде жеке қорғану шараларын қолдану керек, яғни арнайы киім, көзілдірік және респиратор болуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]