Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Нурбол.doc
Скачиваний:
149
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.32 Mб
Скачать

2 Шаруашылыққа қысқаша сипаттама

2.1 Шаруашылықтың топырақ және климат сипаттамасы

Климаты. Солтүстік Қазақстанның климаты құрғақ, шұғыл континентальды, жауын−шашынның аздығы және ауа райының құбылмалығымен сипатталады. Бұл жағдай ең алдымен дымқылдандырудың негізгі көзі болып саналатын Атлантика мұхитының Еуразия материгінің ортасында тұрған Қазақстаннан өте алыс болуына байланысты. Орта Азияның шөлейт жерлерінің жақындығы да Қазақстанның солтүстігіндегі құрғақшылықты күшейтеді.

Ақмола облысы Целиноград ауданының далалық аймағының климаты шұғыл континенталды болып табылады. Шаруашылықтың жазғы жауын-шашын минимумы жақсы білінетін, қатал қысты және ыстық жазды, ылғалдануы жеткіліксіз және де тұрақсыз құрғақ-далалы аймақта орналасқанын айта кету керек. Бұл аймаққа тән тағы да бір үлкен мәселе — бұл жел эрозиясы. Қатты, уақыты жөнінен ұзақ желдердің қар жамылғысын ғана емес, жоғарғы құнарлы қабатты да ұшырып әкету қаупі бар. Желдер негізінен екі бағытта басым: солтүстік-шығыс және оңтүстік батыс. Солтүстік-шығыстан соққан желдер барлық бағыттағы желдердің 60%-ын құрайды, жергілікті климатты нашарлатып, оның континентальдылығын арттырады.

Метеорологиялық жағдайы. Орташа көпжылдық көрсеткіштер бойынша ауа температурасының ең жоғарғы шегі маусым, шілде және тамыз айларына келеді және +16 мен +22 градус аралығында ауытқиды [15].

2014 жылғы жылы кезеңіндегі ауа температурасы (1-сурет).

Сурет 1. Малиновка агрометеопунктінің деректері

Орташа тәуліктік температура 00 С өтуі сәуірдің алғашқы онкүндігінде басталады, ал жылы кезеңнің ұзақтығы 75-90 күнді құрайды. Солтүстік Қазақстанның көктемгі қысқа орташа тәуліктік температурасы тез көтеріледі.

Алғашқы бозқырау тамыз айының соңында басталып, соңғы бозқыраулар мамыр айының соңына дейін жалғасады. Бір жылда орта есеппен 100-125 аязсыз күндер болды. Кейбір жылдары олардың ұзақтығы 146 күнге дейін өсуі мүмкін немесе 73 күнге дейін қысқаруы мүмкін. Ауаның температурасы +10°С жоғары кезеңдегі орташа тәуліктік температурасының жиынтығы 1800-3200 градусты құрайды, осы температура жиынтығы дәнді дақылдардың пісіп жетілуі үшін жеткілікті болады.

Жауын-шашын көктемге қарағанда күзгі кезеңде мол жауады. Күшті желдерге байланысты егістіктегі қар қабатының біраз бөлігі ұшып кетеді. Сәуір айында ери бастайды. Көктемде жауын-шашын аз түсетіндіктен еріген қардың суы топырақтағы ылғалдың негізгі көзі болып табылады.

Қар қабаты тұрақты, 5 айға дейін жатады. Орташа қалыңдығы 20-35 см құрайды [қосымша А]. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 — 400 мм (2-сурет).

Сурет 2. Көпжылдық орташа көрсеткіштермен салыстырғындағы 2014 жж. түскен ылғалдың орташа мөлшері (мм)

Биылғы жылы жауын- шашын мөлшері көп болған (49 мм) шілдеде, ең төменгі ақпанда (11 мм). Жалпы жауын- шашын мөлшері орташа 235 мм түсті.

Шаруашылық жер телімдеріндегі 2014 жылдың жылы кезеңіндегі топырақтың 1м қабатындағы өнімді ылғал қоры орташа 5 ай бойынша 105,24 мм құрады.

Топырағы. Солтүстік Қазақстан топырақтары негізінен екі ірі топырақ аймағынан қалыптасады - қара және қоңыр топырақ типтері.

Қара-қоңыр топырақты құрғақ дала және шөл дала (шөлейт) аймағы еліміздің жалпы жер ауданының 38,6% алады.Ауданы 90,4 млн.га. Ол 48 және 520 солтүстік ендіктер аралығында орналасқан. Бұл аймақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының көп жерін, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының бірталай жерін алып жатыр.

Қара-қоңыр топырақтың құрылысы келесідей:

Тың жерде оның үстінде шөптесін өсімдіктер қалдықтарынан құралған Ад-дала төсеніші (дала кигізі) қабаты бар. Оның астында А-қарашірінді жиналу қабаты, одан соң В1- қарашірінділі аралық қабат, одан төмен В2-қарашірінді тілдері қабаты, оның астында ВК-иллювиалды карбонатты қабат орналасып, ол С аналық тау жынысы қабатымен шектеседі.

«Ақмола-Феникс» АҚ-ның Малиновка а\а 2014 жылғы 15748 га жерінің агрохимиялық зерттеулері бойынша қорытындысы: қара қоңыр топырақтар шаруашылық жерлерінің көп бөлігін алып жатыр. Механикалық құрамы жеңіл құмбалшықтар топырақ түзуші аналық жыныстар болып табылады [1-кесте, қосымша Б].

кесте 1

Топырақтардың құнарлылық сипаттамасы. Агрохимиялық көрсеткіштері.

Танап

Қарашірік мөлшері, %

Сіңімді қоректік заттар мөлшері (мг/1кг топырақта)

рН

көрсеткіші

Азот (NO3)

Фосфор (Р2О5)

Калий (К2О)

15

2,53

149,96

6,84

359,33

7,17

7

2,44

113,4

9,09

329,14

7,42

1

1,92

95,82

51,8

265,44

6,74

27

2,01

161

62,17

266,17

6,3

Орташа

2,18

104,6

26,8

265,42

6,7

Қарашірінді мөлшері: өте төмен (0-2%) 7270,0га және төмен (2,1-4%) 8478,0 га. Жылжымалы фосфор мөлшері: өте төмен (10,0 мг/кг дейін) және төмен (11,0-15,0 мг/кг) 7913,0 га, орташа (16,0-30,0 мг/кг) 905,0 га, жоғары (46,0-60,0 мг/кг) 5372,0 га. Гидролитикалык сілтілі азоттың мөлшері: өте төмен (100 мг/кг дейін) 1637,0, төмен (101,0-150,0 мг/кг) 12211,0 га және орташа (151,0-200,0 мг/кг) 1900 га. Топырақтар ауыспалы калий мен жақсы қамтылған орташа (201-300 мг/кг ) 3943,0 га, көтерінкі (301-400 мг/кг) 10125,0 га және жоғары (401-600 мг/кг) 1680,0 га.

рН көрсеткіші бойынша топырақ әлсіз қышқыл және әлсіз сілті аралығында ауытқып отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]