Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Нурбол.doc
Скачиваний:
149
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.32 Mб
Скачать

1 Әдебиетке шолу

Дәнді дақылдар ең әуелі адамзаттың азық қоры болып табылады. Астық – жер шарындағы халықтың негізгі азық-түлігі. Сонымен қатар, дәнді дақылдар - өңдеу өнеркәсібінің шикізат қоры (сыра қайнату, спирт өндіру, крахмал т.б.). Астық өндірісін арттыру-біздің еліміздің ғана емес, бүкіл дүние жүзінің Агроөнеркәсіптік құрамын дамытудағы басты проблема.

Дүние жүзі егіншілігінде дәнді дақылдардың арасында бірінші орынды бидай алады. Бидайдың шыққан жері – алдындағы Азия орталығы - қазіргі Иран, Аравия территориялары. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. Жерорта теңізі орталығынан (Греция, Италия) қатты бидай шықты.

Дәнді дақылдардың морфологиялық ерекшеліктері. Көпшілігі қоңырбастар Роасеае тұқымдасына жатады. Оларда санының көптігі мен түр өзгерістерінің әр түрлілігіне қарамай вегетативтік органдарының құрылысы мен дамуында көптеген ұқсас белгілер бар. Дәнді дақылдар морфологиясы мен өсіру ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді: кәдімгі астық, немесе дәнді, дақылдардың бірінші тобы-бидай, арпа, қара бидай, сұлы; тары тәрізді астық, немесе дәнді дақылдардың екінші тобы-тары, жүгері, сорго, күріш және қарақұмық (қарақұмық тұқымдасы Po1ygonaceae), дәнді бұршақ дақылдары (Fabaceаe) ас бұршақ, май бұршақ, ноғатық, ноқат, лобия бұршағы, бөрі бұршақ, атба с бұршақ, жасымық бадана.

Роасеае тұқымдасына жататын дәнді дақылдардың тамыр жүйесі шашақты келеді. Түп немесе ұрықтық тамырлар және түйін, немесе қосалқы тамырлар ажыратылады. Түп тамырлар тікелей тұқым ұрығынан өсіп шығады, ал түйін, немесе қосалқы тамырлар (кейде «екінші» тамыр деп те атайды) сабақтың жер асты түйінінен түзіледі. Бұл тамыр түрлерінің екеуінің де өсімдік тіршілігінде үлкен маңызы бар. Жақсы дамыған түп және екінші тамыр жүйесінің қалыптастырған бидай өнімінің 65 проценті түп тамырлар үлесіне тиеді.

Дәнді дақылдардың сабағы- сабан, ол түйіндерден және түйін аралығынан тұрады: түйіндер дегеніміз сабақтың қалқамен ажыратылған жұмыр бөлігі, түйіндер арасындағы кесіндіні түйін аралығы деп атайды және олардың саны 5-7 (бидай, сұлы т.б) . Көптеген дәнді дақылдар сабанының іші кеуек, ал жүгері мен сорго-паренхима ткандерімен толтырылған. Сабақ барлық түйін аралықтарымен өседі. Ең әуелі төмендегі түйін аралығы өсе бастайды, одан кейін ортаңғы және жоғарғылары өседі. Сабақ жуандығы ұзына бойына біркелкі емес: ең жуан бөлігі орта шенінде, ең жіңішке жері- жоғары бөлігі. Бірқатар дәнді дақылдар (жүгері, сорго т.б.) бүйір өркендерін жер асты түйіндерінен түзеді.

Астық дақылдарының жапырағы екі бөліктен –жапырақ тақтасы мен жапырақ қынабынан тұрады. Жапырақ қынабының тақтаға ауысатын жерінде тілше деп аталатын жұқа қабық болады. Ол жапырақ қынабының ішінде судың еніп кетуіне жол бермейді. Тілшенің жан-жағына екі жарты ай сияқты құлақша орналасқан және ол жапырақ қынабын сабаққа бекітіп ұстап тұрады. Дәнді дақылдар дамуының ерте кезеңінде тілше мен құлақша дақылдарды бір-бірінен ажыратуға көмектесетін жүйелі көрсеткіштер болып табылады: сұлыда тілше күшті дамыған, ал құлақшасы жоқ, арпада құлақша жақсы дамыған; бидай мен қара бидайда тілше мен құлақша әлсіз дамыған.

Дәнді дақылдардың гүл шоғыры масақ ( бидай,қара бидай, арпа), сіпсебас (күріш, сұлы, тары, сорго, жүгері),собық (жүгері) және шоқгүл (қарақұмық) түрінде болады. Масақ біліктен тұрады, оның керпешінде кезектесіп екі жағынан масақшалар орын тепкен. Сіпсебас орталық білікпен бірінші, екінші және одан кейінгі дәрежедегі бүйір бұтақтарынан тұрады да олардың ұшар басында масақшалар орналасқан. Масақша екі масақ қабықшасы (бидай мен сұлыда олар жалпақ, қара бидай мен арпада-жіңішке) мен бір немесе бірнеше гүлден тұрады. әрбір гүлде екі қабықшасы болады: масақ қабықшасына таяу орналасқаны қалыңдау болады ол сыртқы гүл қабықшасы деп аталады; ал екіншісі өте жұқа, әрі нәзік болады және оны ішкі гүл қабықшасы деп атайды. Гүл қабықшаларының арасында екі қалақты аналық аузы бар жатын мен үш аталық (күріште алтау) орналасқан.

Собық –ұзақ табиғи сұрыптау нәтижесінде түр өзгерісіне ұшыраған сіпсебас болып табылады, оның білігі борпылдақ паренхима ткандерінен тұрады және сыртындағы ұсақ ұяларда масақшалар орналасқан.

Шоқгүл (қарақұмықта) құрылысы бойынша масақ пен сіпсебастан өзгеше: ол жекелеген бестік гүлдерден тұрады: гүл тажы күлгін немесе қызғылт түсті бес гүл жапырақшасынан, сегіз аталықтан, әртүрлі шамадағы үш бағаналы аналықтан тұрады.

Жемісі-дән, ол ұрықтан және эндоспермнен құралған. Дән ұрығы үлкен емес және бидай, қара бидай, арпада-1,5-5%. Сұлыда -2,0 -3,5 % , жүгеріде 10-14%, дән массасының бөлігін құрайды. Дәнді дақылдар дәнінің құрамы дақыл түріне, ауа-райы жағдайына, топырақ, өсу технологиясының дәрежесі мен сорттарға байланысты өзгереді. Дәннің химиялық құрамына қысқаша тоқталып өтейік.

Ақуыз - астық дақылдарының азық-түлік және мал азықтық маңызын анықтайтын барынша бағалы бөлігі. Калориялығы жөнінен ақуыздар крахмал мен қанттан асып түседі, тек қана өсімдік майынан төмен.

Дәнді астық дақылдарының ішінде ақуызға бай бидай, әсіресе қатты бидай. Халықаралық стандарт бойынша бидай дәніндегі белок мөлшері 13,5 % болуы қажет. Ал біздің елімізде өсірілетін бидайдағы мөлшері орта есеппен 13,9%, ал Солтүстік Қазақстан бидайында 18-20%. Неғұрлым климат құрғақ және топырақта азот мөлшері мол болса, солғұрлым дәндегі белок жоғары болады. Белоктар қарапайым (протеиндер) және күрделі (протеидтер) болып ажыратылады. Қарапайым белоктар суда ерігіш (альбуминдер) және суда ерімейтін (глобулиндер, глиадиндер мен глютениндер) фракцияларға бөлінеді де соңғылары дән уызы (клейковина) деп аталады. Ол иілімді, байланысқан және серпімді масса. Қамырды суда шайып крахмалды аластату арқылы алынады. Дән уызының мөлшері мен сапасына нан өнімдерінің дәмдік және нандық сапасы тәуелді. Оның ең көп мөлшері бидай дәнінде – 16-дан 50% дейін, ал қара бидайда – 3,1-9,5 %, арпада-2-19%. Дән уызының мөлшері мен сапасына топырақ-климат жағдайлары, өсіру технологиясы, сорт белгілері т.б. әсер етеді.

Көмірсулар немесе азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ) орта есеппен дән массасының 68-81% құрайды және олардың негізгі бөлігін крахмал алып жатыр. Эндосперм клеткаларында крахмал дәндерінің орналасу ерекшелік-теріне қарай астық ұнды немесе жылтыр (шынылы) болып келеді. Крахмал мөлшерінің өзгеруі белокқа керісінше: ол оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай арта түседі.

Өсіп-даму ерекшеліктері. Өзінің жеке дамуында- онтогенезде дәнді- дақылдар мынадай кезектесіп өтетін өсіп-даму кезеңдерінен өтеді: тұқымның өнуі, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, немесе шашақтану, гүлдену және пісіп-жетілу. Барлық аталған кезеңдер Ф.М. Куперманның пікірі бойынша, үш тіршілік шағына – жастық шақ, есею және қартаю шағына бөлінеді де олар органогенездің 12 кезеңіне біріктіріледі. Органогенездің кезеңдерін білудің нәтижесінде өсімдіктердің өсіп-даму ерекшеліктерінен күні бұрын түсінік алуға болады.

Бидай - Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі дақыл. Біздің еліміз дүниежүзілік нарыққа шығаратын жоғары сапалы , мол протеинді және күшті бағалы бидайды ауа райының қолайлы жағдайларында өндіруі қажет. Бидайдың биотикалық және абиотикалық стрессті жағдайларға төзімді , дәннің сапасы мен өнімділігі жоғары жаңа сорттарын шығару үшін қазіргі кездегі әр түрлі экологиялық типтеріне жататын үлгілері мен сорттарын пайдалану керек [3].

Жаздық бидайдың қоршаған орта факторларына талаптары. Бидай, басқа дәнді дақылдар сияқты қоңыржай белдеудің өсімдігі. Дегенмен, климатқа (жылу, жауын-шашын ж.б.) талаптары бойынша сорттар арасында белгілі бір жағдайларға бейімделуінде айырмашылықтар бар.

Солтүстік Қазақстанда өсірілетін бидай сорттары әртүрлі өсіп-жетілу (вегетация) кезеңінің ұзақтығымен ерекшеленеді. Кеш пісетін сорттарында бұл кезең 100 тәулік және одан да жоғары ылғалды және салқын жылдары ол 115-120 тәулікке дейін созылады, ал ең ерте пісетін сорттары 70-80 тәулікте пісіп үлгереді.

Жаздық бидайдың өсіп – дамуы. Өсу және даму үрдістері өнімділікті анықтайды. Өсу-құрғақ заттың артуы. Оның негізі ассимиляция болып табылады. Даму негізгі биологиялық функциясын орындауға қажетті өсімдіктердің органдары мен бөліктерінің түзілуі. Орган түзумен байланысты күрт морфологиялық өзгерістерді кезеңдер деп атайды. Себуден пісуге дейін мынадай кезеңдер ажыратылады: егін көгі (көктеу), түптену, түтікке шығу, масақтану (шашақтану), гүлдену және пісіп-жетілу.

Кез келген кезеңге өсімдіктердің 10% енгенде кезеңнің басталуы, ал 75%-да толық кезеңі белгіленеді.

Бидайдың биологиялық ерекшеліктері. Жаздың жұмсақ бидай салқынға айтарлықтай төзімді дәнді дақыл. Бидай тұқымы құрғақ дән массасына шаққанда 50-60% мөлшерінде ылғал сіңіргенде өне бастайды. Тұқымдары +1 +2°С жылылықта өне бастайды. Алайда тіршілікке қабілетті егін көгі +4-5°С пайда болады. Топырақтың тұқым сіңіру тереңдігінде температура +5°С болғанда егін көгі 30 күнде, 8°С – 13 күнде, 10°С – 9 күнде, 15°С – 7 күнде пайда болады. Жаздық бидайдың егін көгі қысқа мерзімді 10°С дейінгі аязды көтереді, бірақ гүлдену және дәннің көкдану кезеңдерінде -1-2°С бос қыраудан жарақаттанады. Қолайлы жағдайларда жаздық бидайдың тұқымы 5 тұп тамырлармен өнеді. Себу-көктеу негізінің ұзақтығы ең алдымен топырақтың температурасы мен ылғалдылығына байланысты. Мәселен, Целиноград АШИ-ның өсімдік шаруашылығы кафедрасының деректері бойынша (Әрінов К.К. ж.б.) Целиноград ауданы жағдайында аталған кезең 10 күннен 16 күнге дейін өзгерумен орта есеппен 13 күнге созылады [4].

Түптену. Жаздық бидайдың түптенуі +10-12°С температурада жақсы өтеді. Түптену кезеңі өсімдіктерде алғашқы бүйір өркендері жапырақ түрінде негізгі өркеннің (сабақтың) төменгі жапрақтарының қынабынан шыққанда белгіленеді. Топырақтың беткі қабатына таяу тереңдіктегі түйіндерден бүйір өркендері мен тамырлары өсіп шығады. Әрбір бүйір өркеннен жер асты бөлігінен жаңа өркендер мен тамырлар қалыптаса алады. Бүйір өркендері дамыған орынды түптену түйіні деп атайды. Солтүстік Қазақстан жағдайында дақылға байланысты ол негізінен 2-3см тереңдікте түзіледі. Түптену кезеңі өсімдіктердің тамырлануына сәйкес келеді.

Қолайсыз жағдайда түйін тамырлар нашар дамиды немесе мүлде түзілмейді, ал өсімдіктер түп (ұрықтық) тамырлар есебінен дамиды. Мұндай жылдары өнім өте төмен болады. Өсімдіктің болуына бұл кезең жастық шақ дәуреніне сәйкес келетін оргоногездік алғашқы төрт кезеңін қамтиды: сабақтың өсу конусы дифференциацияланады, жапырақ пен екінші дәрежедегі билік, гүл шоғырының білігі қалыптаса бастайды, гүл шоғырының қалақшалары дифференциацияланады. Целиноград облысының жағдайында кезең 12-17 күнге созылады. Жоғары температура мен аңызақ бұл кезеңнің өтуін тездетеді де, кейіннен егін өнімін күрт төмендетеді. Жаздық бидайдың өсіп даму кезеңінде, әсіресе түптену – түтікке шығу және түтіктену-мақсаттану кезеңіндегі температура жағдайлары өсімдік тіршілігіндегі шешуі фактор болып табылады. Солтүстік Қазақстанда бұл кезеңдердің ұзақтығы 16-29 күн шеңберінде өзгереді және масақтану кезеңі көбінесе шілденің алғашқы онкүндігінде, ал күшті қуаңшылықта (1990 ж сияқты) маусымның соңында өтеді.

Бидай, сұлы, арпаның түптенуі көктегеннен кейін 12-15 тәуліктен соң басталады, ал тарыда – 15-20 тәуліктен соң, кейде одан кешірек. Бастанқы күшті өсу қарқыны және түптенудің ертерек басталуы арамшөптерді басуда белгілі бір деңгейде өсімдіктердің қабілетін көрсетеді. Тарының кеш түптенуі оның арамшөптерге өте сезімталдығының белгісі.

Орта есеппен, бір өсімдікке келетін өркендер (сабақтар) саның жалпы түптену деп атайды. Астық дақылдарының өнімді түптенуі әдетте жоғары емес.

Жалпы алғанда дәнді дақылдар өнімін қалыптастыруда түптену негізгі фактор өсімдік бітіктігінің жиілігінде қосымша рөл атқарады. Солтүстік Қазақстан жағдайында дәнді дақылдардың өнімді түптенуі айтарлықтай емес және ол жаздық бидайды- 1,2-1,3; арпада-1,5-1,6; сұлыда-1,4-1,5; тарыда-1,8-2,0, күздік қара бидай мен күздік бидайда ол көрсеткіш анағұрлым жоғары (2-4). Әлсіз түптенгенде ұсақ масақ түзіледі де астық өнімі төмен болады. Алайда дәнді дақылдар түптенуінің биологиялық мүмкіндіктері зор. Атап айтқанда, Италия экология АЦЦИ-дің деректері бойынша Перуджи жоғары ауылшаруашылық институтының музейінде 342 масағы бар күздік бидай бұтасы сақтаулы. Дала жағдайында мұндай бұтаның пісуі өте энергетикалық шығынмен байланысты және мүмкін емес.

Жаздық бидайдың ылғалға барынша көп қажетсінуі, немесе “қиын-қыстау” кезеңі түптену-масақтану басқаша айтқанда, реппродуктивтік органдарының пайда болу (органогенездік 5-7 кезеңдері) кезеңінде байқалады. Бұл кезеңдегі топырақтағы ылғал тапшылығы бидай дәнінің қалыптасуы мен толысуына теріс әсерін тигізеді де егін өнімін күрт төмендетеді. Қолайлы мерзімде себілгенде жаздық бидайдың “қиын-қыстау” кезеңі ауа райының барынша қолайлы уақытында өтеді. Солтүстік Қазақстан жағдайында себу алдында топырақтың 1 м қабатында 60-80 мм болғанда – төмен, 100-120 мм -орташа және 140 мм артық болғанда – жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген деп есептеледі. Айта кету керек, жаздық бидай арпаға, күздік бидайға, қара бидай мен тары тәріздес дақылдарға қарағанда ылғалға анағұрлым жоғары талап қояды.

Жоғары температурада гүлдену кезеңінде тездетіледі – жаздық бидай тіршілік шағының үшінші дәуірінің басы немесе оргоногенездің 9-кезеңі. Жаздық бидай тіршілігінің маңызды масақтану пісіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 42-51 күнге (балауызданып пісуіне дейін) созылады да оргоногенездік 10 -12 кезеңдеріне сәйкес келеді. Бұл кезеңдегі қолайлы температура +16-23°С [5].

Гүлдену. Бұл масақтану немесе шашақтану кезеңінен соң өтеді. Гүлдену ерекшеліктеріне қарай дәнді дақылдар өздігінен тозаңданатын (бидай, арпа, сұлы, тары, күріш) және айқас тозаңданатын (жүгері, шәй жүгері,қара бидай) өсімдіктер деп екі топқа ажыратылады. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктерде өздігінен тозаңдану басым болып келеді, дегенмен оларда айқас тозаңдану мүмкіндігіде бар. Бұл әсіресе ыстық ауа-райы жағдайында байқалады. Арпа тек қана өздігінен тозаңданады. Өздігінен тозаңданатын астық дақылдарында гүлдену масақтанумен бір мезгілде (2-3тәулік айырмашылықпен) жүреді, ал арпада-масақтануға дейін, бұл кезде масақ әлі жапырақ қынабының ішінде болады. Айқас тозаңданатын өсімдіктерде гүл шоғырының пайда болуымен гүлденуінің арасында 2-3 үлкен айырмашылық бар: қара бидайда ол 7-10 тәулік, кейде 15 тәулікке дейін, жүгеріде - 9-15 тәулік.

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-80% және температурасы 18-22°С болғанда гүлдену барынша жақсы өтеді.

Гүлдену уақыттында егістіктерде түпкілікті өнімді сабақтар болады. Агротехникалық шаралармен әсер ету арқылы редукция үрдісінде сорттар барынша жоғары өнім бере алатын масақта сабақтарды қалыптастыруға ұмтылу керек.

Дәннің пісуі. Жатынның қалақша аузына түскен тозаң 1-2 сағ. соң өне бастайды және орташа тәуліктік температыра 20-26 °С – да 1,0 – 1,5 тәуліктен кейін тозаңданады. 2 – 3 тәулікте түйіннің (завязь) айтарлықтай өсуі байқалады.

Дәннің даму фазалары (сатылары):

1. Сулы күй фазасы – эндосперм жасушаларының қалыптаса бастаған кезі. Дән сулы сұйықпен толтырылған, ылғалдылығы оның 80-75%, еркін

2. Сүттене пісудің алды-дәндегі сұйықтың реңі сүт түстес, өйткені эндоспермде крахмал жинақталады, қабығы жасылдау, ылғалдылығы 75-70%, еркін судың мөлшері байланысқан судан үш-төрт есе жоғары, құрғақ заттардың мөлшері 10% жетеді, фазаның ұзақтығы -6-7 тәулік.

3. Сүттенген күй фазасы-дән сүт тәрізді ақ сұйықтан тұрады, ылғалдылығы 50% дейін, еркін судың байланысқан суға қатынасы 1,5:1,0. Құрғақ заттар толық піскендегі массасының 50% құрайды.

4. Қамырланған күй фазасы-эндосперм қамыр консистенциясына тән. Хлорофилл ыдыраған, тек қана дәл тілігінде сақталған ылғалдылығы 42% -ға дейін төмендейді. Еркін судың байланысқан суға қатынасы 1:1. 85-95 % -ға дейін құрғақ заттар жинақталған (толық пісуден). Фазаның ұзақтығы -4-5 тәулік. Қамырланған күйдің соңында жекелеген жылдары Қазақстанның орманды-дала аймағында бидайды дестеге шаба бастайды.

5. Балауыздана пісу фазасы-эндосперм балауыз түрінде, серпімді, қабығы сары, дән тілігінде хлорофилл жоқ, дәннің ылғалдылығы 20%-ға дейін төмендейді. Дәннің көлемі фаза соңында ең жоғарғы (максимум) шегіне жетеді, құрғақ заттардың артуы тоқтайды, фазаның ұзақтығы -3-6 тәулік.

6. Қатты пісу фазасы-тәжрибеде толық пісу деп атайды. Эндоспермі қатты, көлденең қимасында ұнды немесе шынылы, қабығы тығыз, терілі, түсі сортқа тән, ылғалдылығы 8-20%. Еркін судың мөлшері 1-8%, ал фазаның ұзақтығы-3-5 тәулік.

Әрбір кезең мен фазаның ұзақтығы дақыл түрлері мен сорттарының ерекшеліктерімен, сонымен қатар қоршаған орта жағдайларымен (негізінен ауаның температурасы мен) анықталады. Топырақ жақсы ылғалданғанда орташа тәуліктік температура 16-20ºС және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50% шамасында болғанда дәннің толысуы мен пісуіне барынша қолайлы жағдайлар қалыптасады [6].

Дәннің пісуі масақтың орта бөлігінен, ал шашақтың жоғарғы бөлігінен басталады. Масақтың, әсіресе шашақтың төменгі бөліктерінің пісуі әрдайым кешігіп жүреді. Бұл кешігу қолайсыз ауа-райы қалыптасқанда ерекше байқалады.

Пісу кезеңіндегі температура ережесі Сібірде, Солтүстік Қазақстанда жылдарға қарай тұрақты емес, соның салдарынан дәнді астық дақылдарының масақтану - балауызданып пісу кезеңінің ұзақтығы қатты өзгереді. Пісу кезеңіндегі температура ережесі (режимі) мен оның ұзақтығының арасындағы тәуелділік барлық дәнді дақылдарда байқалады. Әдетте температураның жоғарғы шамасы (22°C-дан жоғары) пісуді тездетеді, ал төмендегі (16°C-дан төмен) қорлық заттардың дәнге құйылуы баяулатады немесе мүлде тоқтатады. Орташа тәуліктік температураның төмендеуіне сұлы біршама әлсіз сезінеді.

Масақты астық дақылдарында өсімдіктердің пісуі сабақтың төменгі бөлігінен басталады. Сұлы мен тарыда әдетте сабанның пісуі (сарғаюы) дәннен гөрі кешірек жүреді, сондықтан егінді жинау уақытында сабан ылғалдылығы жоғары және жасылдау болады.

Жаздық бидайдың даму кезеңдеріне қарай ылғалды пайдалану біркелкі емес: барлық қажетті ылғалдық көктеу кезеңінде 5-7%, түптенуде -15-20% түптену мен масақтануда -50-60%, сүттене пісуде -20-30%, ал балауызданып піскенде -3-5% жұмсалады.

Бір өлшем құрғақ зат тұзы үшін ол өзінің организмінен 400-500 өлшем су буландырады, немесе транспирациялық коэффициентті 400-500-тен деген сөз.

Целиноград АШИ-ның өсімдік шаруашылығы кафедрасының деректері бойынша (Әрінов К.К. 1980) жаздық бидайдың су пайдалану коэффициенті суармаған жағдайда 18,5-22,0 мм /ц, ал суармалы жерлерде 10,9-12,0 мм /ц болды [4].

Топыраққа және қоректік заттарға қажетсінуі. Жаздық бидайдың тамыр жүйесінің тек қана 30 см топырақтың жыртылатын (құнарлы) қабатында, ал қалған бөлігі одан тыс орналасады. Осыған сәйкес оның топыраққа қоятын талабы да арта түседі. Бидай өсімдігі тіршілігіндегі қоректік заттардың рөлі әрқилы. Азот (N) жақсы түптенуге, қуатты сабақпен жапырақ түзуге мүмкіндік жасайды, фотосинтетикалық қызметті күшейтеді, биологиялық массаның қорлануын, дәндегі ақуыз мөлшерін арттырады. Фосфор (Р2О5) тамыр жүйесінің дамуын тездетеді, жалпы өнімдегі астық үлесін арттырады, қуаңшылыққа төзімділігін күшейтеді, супайдалану коэффицентін төмендетеді, жаздық бидайдың пісуін 5-6 тәулікке тездетеді. Калий (К2О) фотосинтездің қалыпты жағдайда өтуіне мүмкіндік жасайды, өсімдіктің ылғал ұстау және тамырдың ылғал сіңіру қабілеттерін арттырады, қуаңшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімділігін күшейтеді. Қоректік заттарды пайдалану тәртібі бидай өсімдігінің ылғалға қажетсінуіне ұқсас. Жаздық бидайдың қоректену элементтерінің шығындануы топыраққа байланысты және орта есеппен (әрбір центнер астық пен соған сәйкес сабанға шаққанда) азот (N)-3,7-4,0, фосфор (Р2О5) - 0,9-1,1 және калий (К2О)-1,7-1,8 кг тең.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей, жаздық бидай әуелі фосформен, содан кейін калиймен, ең соңында азотпен қорланады. Ол фосфорды масақтануға дейін, калийді-гүлденуге дейін, азотты сүттене пісуге дейін қажетсінеді.

Жаздық бидай өсіруге барынша қолайлы қара және қара - қоныр топырақтар деп есептеледі. Ол тұзды топырақты нашар көтеретін дақылдар тобына жатады. Сортаңдау топырақтарда, әсіресе қуаңшылық жылдары, өнімді күрт төмендетеді. Жақсы өнімді реакциясы қалыпты немесе әлсіз қышқыл топырақтарда (РН-6,0-7,5) алуға болады [7].

Жалпы алғанда орташа мерзімде және ортадан кеш пісетін сорттар үшін Солтүстік Қазақстан жағдайында белсенді температура жиынтығы 1700-1900°С, ал оң температура жиынтығы 220-250°С дейін жетеді, бірақ аязсыз кезең қысқа-орта есеппен 110-115 күннен аспайды.

Ерте пісетін сорттар көктемгі құрғақшылықтан көп зардап шегеді. Олар алғашқы уақытта тез өседі, масақты шапшаң қалыптастырады, алайда көктемгі және жаздың басындағы ылғал жетімсіздігінен әдетте төмен астық өнімін береді.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан аймақтарында Саратовская 39, Целинная 60, Иртышинка 10, Эриттроспермум 35 т.б. аудандастырылып ойдағыдай өсірілуде.

Солтүстік Қазақстанда бидайдың өсіру технологиясы. Ауыспалы егіс дегеніміз – дақылдар мен сүрі танаптың белгілі бір мерзімде және аумақта кезектесуін айтады .

Дақылдармен сүрі танаптың кезектесу ретімен бірінен соң бірінің орналасуын ауыспалы егістің сұлбасы деп атауға келісілген. Мысалы, астықты ауыспалы егістің сұлбасы: 1 – сүрі танап, 2 – жаздық бидай, 3 – жаздық бидай, 4 – жүгері, 5 – арпа.

Дақылдардың уақытында кезектесуі – олардың ауыспалы егістің сұлбасына сәйкес осы танапта жылма – жыл ауысуы деген сөз. Дақылдар мен сүрі танаптың ауыспалы егістің барлық танаптары арқылы өтуі олардың аумақта кезектесуін білдіреді.

Ауыспалы егіс сұлбасын құрғанда, дақылдардың ғылыми негізде кезектестіріліп егілуіне қол жеткізу үшін тиісті қағидаттарға сүйіну керек:

Ауыспалы егіс сұлбасын жақсы алғы егіспен бастау керек, дегенмен де бұл міндетті шарт емес.

Ауыспалы егіс сұлбасы мүмкіндігінше маңызды дақылдың үлкенкөлемінен қамтамасыз етілуі керек.

Жетекші дақылды негізінен құнды алғы егістіктерге орналастыру керек. Бағалы егістің тек тікелей әсерін ғана емес, сонымен қатар кейінгі әсерін де пайдаланған жөн.

Арамшөптерге сезімтал дақылдарды, арамшөптерді жоятын алғы егістерге жақындатып орналастыру.

Ауыспалы егіс сұлбасында дақылдарды, олардың шаруашылық үшін құндылығын ескеріп орналастыру қажет.

Аурулары немесе зиянкестері ұқсас дақылдарды бірінен соң бірін орын алмастыру керек.

Ауыспалы егісте дәнді дақылдар мол болғанда сұлбаға фитосанитар дақылдары немесе отамалы егісін еңгізу қажет.

Эрозиялық қауіпті аймақта егілген отамалы дақылдарды сондай дақылдар танабына орналастырмау керек.

Ауыспалы егіс сұлбасындағы дақылдар құрамының қоректік заттарды топырақтан да және тыңайтқыштардан да тиімді пайдалануларын қамтамасыз ету қажет.

Ауыспалы егіс сұлбасын жасаған кезде, ауыспалы егістің икемділігі сияқты қағидаттарының сақталуын ойластырған жөн. Ауыспалы егістіктің икемділігі, ауыспалы егістің сұлбасын айтарлықтай-ақ, ауыспалы егісті жетекші дақылмен толықтыру мүмкіндігі бар екенін білдіреді.

Егіншілікте, құрамына алуан түрлі дақылдар енетін, ауыспалы егіс сұлбасының бірнеше түрлері бар. Сондықтан да оларды дәл жіктеу өте қиынға соғады.

Барлық ауыспалы егіс танапқа орналастырылады, демек танаптық деген түсінікті қолданудың пайдасы да шамалы. Профессор Л.С. Роктанэн және В.П. Томилов ауыспалы егісті жіктеудің бұрыннан белгілі себептеріне төмендегідей жаңа редакция ұсынады:

Дақылдар құрамы бойынша немесе жетекші дақыл бойынша.

Құрамдас буындардың аты бойынша.

Танаптар саны бойынша.

Қосымша белгілері бойынша

Дақылдар құрамы бойынша ауыспалы егістер дәнді, жемдік, көкөністі, курішті, мақталы және т.с.с. немесе дәнді - жемдік, көкөністі - жемдік және т.с.с. болуы мүмкін.

Тиісті буындардың аты бойынша ауыспалы егістер сүрі жерлер, отамалы, шөпті немесе сүрі жерлі - отамалы, шөпті-отамалы, шөпті және т.с.с. бола алады.

Танаптар саны бойынша - үш, төрт, бес, алты танапты және т.с.с. болуы мүмкін.

Төртінші белгісі бойынша ауыспалы егістің аты толыктырылуы мүмкін. Мәселен, сидералды (органикалык заттар колданылады), көп жылдык екпе шөпке жеке танап беру арқылы, ферма маңындағы топырақ қорғайтын болып қосылады.

Шаруашылықтың мамандандырылуын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сату жөніндегі мемлекеттік тапсырманы ескере отырып, егіс алқабының құрылымын жасау. Аумақты ұйымдастыру, жерді біркелкі құнарлы алқаптарға біріктіру.

Ауыспалы егістердің санын, көлемін және шекарасын анықтап, олардың телімдеріндегі жерді, техника мен еңбекті өнімді пайдалануды ескере отырып орналастыру. Әрбір алқапқа олардың құнарлығына, механикалық кұрамына, эрозияға бейімділігіне, бедеріне қарай өзіндік ауыспалы егіс дайындау. Шаруашылықтағы ауыспалы егістердің барлық жиынтығы, қабылданган егіс құрылымының көлемін орындауды қамтамасыз етулері қажет. Танаптарды кесіп бөлу және бағаналар қою жолымен ауыспалы егісті калыпты жүргізу. Шаруашылык ішіндегі жерге орналастырудың жобасын және жерді пайдалану картасын шаруашылық басшылары жасайды. Осы сәттен бастап екінші кезең - ауыспалы егісті игеру басталады.

Ауыспалы егісті игеру танап тарихы жөнінде мәліметтер жинау мен енгізілген ауыспалы егісті игеруге көшу жоспарын жасаудан басталады. Соңғы 1-3 жылдары алқапта өсірілген дақылдың ұпаймен есептегенде (алқаптың) арамшөппен ластануын және арамшөптерді агробиологиялық топтары бойынша білу керек.

Егісті игеруге көшіру жоспары, әр танапта немесе танаптың бөлігінде қабылданган ауыспалы егісті толық игергенге дейінгі дақылдардың кезектесу тәртібін анықтайды. Ауыспалы егістердің қабылданған сұлбасына көшу жоспарын жасағанда жұмыстың төмендегідей кезектестіріп отыруын сақтауга міндетті.

Игеру кезеңі, мүмкіндігінше, қысқа (2-3 жыл) болғаны жөн. Топырақты қорғау ауыспалы егістігінде дақылдарды жолақтап отыргызуды игеру 4-5 жылға созылады.

Ауыспалы егісті игергеннен кейін, дақылдардың одан әрі алмастыру мерзімі және алқабы бойынша, кезектестіру кестесі бойынша жүргізіледі. Айналым кестесі, әрбір алқапта әр жылда, бірінші және екінші айналымда қандай дақылдың орналастырылатындығын көрсетеді.

Ауыспалы егісті игергеннен кейін, оның сақталуына қатаң бақылау жасау қажет. Бұл үшін жыл сайын егісті кабылдағанда ауыспалы егіс танаптары бойынша дақылдардың орналастырылуы, дақылдардың айналым кестесіндегі орналастырумен сәйкестендіріледі.

Танап тарихы жөніндегі мәліметтерді жазып отырудың қажеттілігі туралы 1770 жылы А.Т. Болотов ұсынған болатын.

Танап тарихының қазіргі кітабы шаруашылықтарда қабылданган ауыспалы егіске катысты мәліметтерді жазуға арналған. Жалпы жазбалар барлық ауыспалы егіске, ал жекесі жекелеген танаптарға арналады.

Жалпы бөлімінде ауыспалы егіске қатыстының бәрі - жер қоры танапты пайдалану жолдары. бригадаларға бекітілген ауыспалы егіс сұлбалары, ауыспалы егіске көшу жоспары, айналым кестесі жазылады.

Ауыспалы егістің әрбір алқабында жүргізілетін барлық агротехникалық шараларды дәл әрі жүйені тіркеп отыру ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттырудың резервтерін анықтаудың қажетті негізі болып табылады.

Дәнді ауыспалы егістердің айырықша ерекшелігіне үш себепті жатқызамыз: қысқа айналымдылығы (4-6 жыл), дәніді дақылдардың басымдылығы (67-85%) және міндетті түрде таза сүрі жер алқабын (17-33%).

Айналымның ұзақтығы мен сүрі жердің ауысуы аймақ ерекшеліктерімен анықталады. Кәдімгі, әрі оңтүстіктің қара топырақты және жылына 300 мм. кейде одан да көп ылғалы бар дала және құрғақ дала үшін 4-5 және 6 танапты ауыспалы егіс мейлінше тиімді. Қара-қоңыр топырақты және ылғалдылыгы 300 мм кем құрғақ дала үшін 3 және 4 танапты ауыспалы егіс тиімді болып саналады. Жемшөптік ауыспалы егістердің ерекшелігі - қысқа айналымды, небары екі-үш жыл, мал азықтық дақылдардың шағын құрамы, мал азықтық жүгері - сүрлемдік жүгері. Пішен мен жасыл азыққа бір жылдык екпе піөптер (сұлы, тары, могар, судан шөбі, бүршак - сұлы қоспасы), мал азықтық дәнді дакылдар - арпа және сүлы жатады.

Топыракты өңдеу. Терең өңдеудің негізгі тәсілі, аймағына байланысты жерді жырту мен терең қопсыту болады. Терең өңдеудің тңсілдеріне мыналар жатады, мұнда бүкіл жырту горизонты өндеуден өткізіледі. Солтүстік Қазақстанның жағдайында терең өңдеу әдетте 20-22 және 25-27 см тереңдіктерде жүргізіледі.

Топыракты өңдеудің мүлдем жаңа тәсілдері мен құралдарын жасау және сынақтан өткізу академик А.И. Бараевтың басқаруымен БАШГЗИ-ның ғалымдарының көмегімен жүзеге асырылды. Топырақты терең өңдеу - терең қопсытқышты - жазықтілгішпен жүзеге асырыла бастады, ол жүріп өткеннен кейін топырак бетіндегі аңыздық сабақтардың 80 пайызы сақталады. Сакталган егін сабақтары желдің топыракты ұшыруынан сенімді қорғай алады. Сонымен бірге танап бетінде қалдырылған егін сабақтары карды жақсы ұстайды да, топырақтың көктемгі ылғалмен қаңығуын арттырады. Жазықтілгішпен өңдеу - егіншіліктің топырақты қорғау жүйесінің маңызды буыны болып табылады.

Жырту. Топырақты терең өңдеудің тәсілі ретінде, мәдени жыртудың теориялық негіздерін қалаған академик В. Р. Вильямс болды. Оның негізгі мәні мынада: жырту қабатының жоғарғы шаңды бөлігі төменге түсіріледі де, үстін. соқаның бас корпусының көмегімен бөлінген, жырту қабатының төменгі горизонтының ұсақ түйіршіктермен жабады.

Мәдени жырту ең көп дегенде 20 см тереңдікке дейін жүргізілсе, 20 см-ден артық тереңдікте жыртуды, терең жырту деп атайды. Жерді жырту үшін көп корпусты әр түрлі маркалы соқалар қолданылады. Бәрінен де бұрын жерді аударып - сұлатып жыртатын түрі жиі қолданылады.

Аударып жырту айдамның ортасынан басталса. оның ортасында атжал пайда болады. Құлата жырту жұмысы айдамның шетінен басталса, онда жыртылған жон ортасында айырма қарық пайда болады.

Солтүстік Қазақстанның жағдайында жерді аудара жырту көкөніс дақылдарына, картопқа, сүрлемге арналған жүгері танаптарын өңдегенде, сондай-ақ көңді топыраққа араластырғанда, ауыр топыракта көп жылдық шөптің қыртысын өңдегенде, өнімділігі нашар табиғи мал жайылымдық жерді түбегейлі жақсартқанда колданылады.

Біздің елде дәнді-сүрі жерлі ауыспалы егістерде аудара жырту қолданылмайды. Канаданың дәнді-сүрі жерлі ауыспалы егісті қолданатым провинциясында да жерді аудара жырту қолданылмайды.

Терең қопсыту. Топырақты терең қопсытуды жазықтілгішпен жүргізеді. Мұндайда өнделетін қабат тілініп қопсытылады, бірақ аударылмайды. Топырақ бетінде 80 пайыз аңыз сабақтары сақталады. Терең қопсыту үшін пайдаланылатын негізгі қүралдар КПГ -250 және КПГ-2 - 150, ПГ-3-5, сондай-ақ ГУН -4. Ең жоғары сапалы өңдеу, топырақ ылғалдылығы ең аз су сыйымдылықта (55-65 пайыз) болғанда байқалады. Қозғалу шапшаңдыгы сағатына 10 км дейін, өңдеудің тереңдігі 30 см дейін болады.

Терең қопсыту топырақтың өңделу қабатына жоғары су өткізгіштік қасиетін береді және қысқы ылғалдың жақсы сіңуін қамтамасыз етеді.

Топырақтың беткі қыртысын өңдеудің тереңдігі 10 см дейін. ал тайыз өңдеудің тереңдігі 20 см дейін жүзеге асырылады. Топырақтың тек беткі қыртысын өңдейтін (тырмалау, тығыздау, сыдыра жырту), сонымен катар беткі қыртысы үшін қалай болса, тайыз өңдеу үшін де сондай өңдеудің тәсілі мен кұралдары қолданылады (культивациялау, ұялау) .

Сыдыра жырту. Сыдыра жыртуды топырақты өңдеудің тәсілі ретінде алғашқы рет Розенберг-Липинский, шымды арнайы жасалған сыдыра жыртқышпен өңдеуді ұсынған еді. Одан кейін сыдыра жырту үшін дискілі және түренді сыдыра жыртқыштарды қолданыла бастады. Қазіргі уақытта ең көп тараған түрлері куыс немесе жазық дискілі сыдыра жыртқыштар. Қуыс дискілі сыдыра жырткыш егіс алдында өңдеу үшін, ол жазық дискілі-көктемде ылғалды жабу үшін қолданылады.

Қуыс дискілер арамшөптерді жойып, топырақты ұсатады және аударып отырады, ал жалпақ дискілер - топырақты қопсытады және жылжытады.

Сыдыра жырту тыңды, тыңайтылған жерді, көп жылдық шөптердің қыртысын жыртудың алдында және жыртқаннан кейш шымын өңдеу үшін қажет болады.

Сыдыра жыртудың барлық пайдалылығымен қатар зиянды жағы да бар. Сыдыра жыртуда топырақтың беткі қыртысы жанданады, құрғап кетеді, аңыз сабақтарын топыраққа көміп тастайды. Солтүстік Қазақстанның жағдайында, топырақты өңдеу тәсілі ретінде - сыдыра жыртқышты қолдану шектелуге тиісті, ал жекелеген жағдайда тіпті тыйым жасалынады. Көктемі ылғалды жылдары сыдыра жырту неғұрлым пайдалы болып шығуы мүмкін, себебі ол арамшөптерді, әсіресе қара сұлыны тиімді қүртады және аңыздық тұқымсепкіштердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Өндірісте бұл жұмысты жүргізетін техникалардың ішінде ең көп тарағандары гидравликалы ЛДГ-15, ЛДГ-20 сыдыра жыртқыштары. Сыдыра жыртқыш жұмыс істегенде оның «қимыл бұрышын» ең аз дегенде 30-350, өңдеу тереңдігін 6-10 см қояды.

Культивация. Солтүстік Қазақстанда жазықтілгішті - культиватордың, бір пышағының алымы 115-110 см болатын КПП-2,2, КПШ-9, ОПТ-3-5 маркалы культиваторлар кеңінен қолданылып жүр. Аңызды, сүрі жерлі танаптарды өңдеу үшін, тұқым егу алдында культивациялауға арналған, өңдеу тереңдігі 8-16 см, аңыз сабақтарының сақталу деңгейі - 75-80 пайыз. Топырақты жазықтілгішпен өңдеу - егіншіліктегі топырақты қорғау жүйесінің маңызды буыны.

Жазықтілгішті культиваторлардан басқа, сүрі жерлерді өңдеу үшін, егіс алдында культивациялауға, серіппелі тірекке бекітілген, екі жақты табаны бар ауыр культиватор КПЭ-3,8 қолданылады. Аңыз сабақтарының сақталуы, бастапқы санымен салыстырғанда ең кемі 50 пайыз болады.

Борпас топырақтарды, көбіне сүрі жерлердің беткі қыртысын өңдеу үшін КШ-3,6 маркалы штангалы культиватор қолданады. Жұмыс мүшесі, жүріс бағытына қарама - қарсы айналатын шаршы қима. Өңдеу тереңдігі 5-10 см.

Тырмалау тәсілі жұмыс мүшелері әр түрлі пішінде болатын, тісті, шанышпалы, ойық қуысты дискі құралдарымен атқарылады. Тісті және шанышпалы тырмалар топырақты қопсытады және тегістейді. Өңдеу тереңдігі 3-4 тен 5-6 см-ге дейін.

Тісті тырмалармен тек жыртылған, аңыз сабақтары мен өсімдік қалдықтарынан таза топырақта жұмыс істейді және ол топырақты түренді құралдармен өңдейтін кешенге енеді. Салмағына байланысты ауыр, орташа және жеңіл тырмалар болып бөлінеді. Егер бір тіске түсетін салмақ 2-3 кг болса - ауыр, 1-2 кг болса - орташа, 0,5-1,0 кг шамасында болса - жеңіл тырмаларға жатады [5].

Тығыздау. жоғары қабаттың тығыздалуын, тегістелуін қамтамасыз етеді. Осымен қатар, бір мезгілде тоң кесектерді ұсактағанда, топырақтың зиянды қабыршағын бұзғанда, жарым-жартылай қопсыту да жүзеге асырылады. Бұл үрдісті атқаруда бұдырлы сақиналы ЗККШ-6А катогі мен ішіне су құйылған жұмыр ЭКВГ-1,4 катоктары кең өріс алып отыр.

Солтүстік Қазақстанда тек бұдырлы сақиналы катоктар ғана қолданады, себебі олар топырақты аз шаңдатады, құрылыс ерекшелігінің арқасында, олар өткеннен кейін топырақтың беткі қабаты түйіршікті болады. Тығыздау ерте көктем мезгілінде арамшөптердің, әсіресе қара сұлы көгін өршіту үшін бәрінен де жиі қажет.

Егін себілгеннен кейін тығыздау, себілген тұқымның топырақпен жанасуын жақсартады, дәнді дақылдардың танаптық өңгіштігін 10-15% арттырады. Егін себілгеннен кейін тығыздау су режиміне мәнді ықпал етпейді және елеулі косымша өніммен қамтамасыз ете алмайды. Сортаң және сортаңдау топырақты ылғаданған күйінде тығыздау тіпті зиянды, өйткені топырақ қабыршагының пайда болуына мүмкіндік туғызады. Мүндай топырақта егін себілгеннен кейін, тығыздау да дәнді-дақылдардың өнімін төмендетеді. Осыған орай бұндай жерлерді тығыздауды егін себер алдында қолданған жақсы.

Егін себілгеннен кейін тығыздау өңдеудің дербес тәсілі ретіндегі мәнін жоғалтады, себебі СЗС-2,1 аңыздық тұқымсепкіш себумен бір мезгілде тығыздауды қамтамасыз етеді .

Арамшөптерден алдын ала сақтану және күресу шаралары. Арамшөптер деп адам қолымен өсірмейтін, бірақ ауыл шаруашылық алкаптарында кездесетін және сол арқылы алынатын өнімді кемітіп, оның сапасын төмендететін өсімдіктерді атайды. Оларға қара сұлы, далалық шырмауық, қаңбақ т.б. жатады.

Егер бір мәдени өсімдіктердің егістіктерінде екінші бір мәдени өсімдіктер кездессе оны ластаушы дақыл деп атайды. Мысалы бидай егістігіндегі арпа, сұлы, тары ластаушылар болып табылады .

Арамшөптердің келтіретін зияны алуан турлі болып келеді:

а) Арамшөптер топырақ ылғалының шығынын көбейтеді. Ащы жусан ылғалды бидайға қарағанда 2 есе көп пайдаланса, көкпек арпа мен жугеріге қараганда 2-3 есе артық жұмсайды [8]. Құрғақшылық жағдайында арамшөптермен күрес, ылғал үшін күрес болып табылады.

ә) Арамшөптер топырақтан қоректік заттарды көп мөлшерде алып, мәдени өсімдіктердің қоректенуін нашарлатады;

б) Жоғарғы қат-қабаттағы арамшөптер екпе өсімдіктерді көлеңкелеп олардың органикалық заттар кұрауын төмендетеді. Атап көрсеткендей арамшөптер топырақтың температурасын 4 С төмендетіп, арпа мен картоп егістігінің жарықтануын тиісінше 17,7 және 23,6% нашарлатқан [9].

в) Арамшөптер кейбір ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру қоздырғыштарының мекендейтін орны болып табылады. Мысалы, жатаған бидайық линиялық тот ауруы мен сымқүрттың таралуына мүмкіндік жасайды. Күнбағыс сұңғыласы ащы жусанда тоғышарлық (паразиттік) өмір сүреді.

г) Тоғышарлык арамшөптер екпе өсімдіктердің фотосинтез өнімдерін пайдалана отырып, оларды әлсіретеді және өлтіреді. Мысалы, сүңғылы күнбағыста, дала арамсояуы көкөніс дақылдарында, картоп егістіктерінде тоғышарлық өмір сүреді, арамсояумен зақымданған егістіктердегі жоңышқа пішенінің өнімі 20-30%, қант қызылшасы тамыржемістерінің өнімі 14-18%, ал көкөніс дақылдарының өнімі 30-50% төмендейді [10].

д) Арамшөптер ауыл шаруашылығының кейбір жұмыстарын жүргізуді қиындатады. Танаптардың атпатамырлы және тамырсабақты арамшөптермен ластануы топырақты қосымша өңдеуді керек етеді, топырақ өңдейтін құралдарға түсетін кедергіні 30%-ке дейін арттырады. Түйе жоңышқа, қызғылт қалуен және т.б. арамшөптердің қатайып кеткен сабақтары комбайндардың бөліктерін сындырады, олардың өнімділігін төмендетіп, жұмыс сапасын нашарлатады [9].

е) Кейбір арамшөптердің жемістері мен тұқымдары өнімнің сапасын төмендетеді. Ащы жусан астыққа жағымсыз иіс берсе, қара меңдуана, күрікыз қойлардың жүніне жабысып ластайды. Ащы жусан сүтке ащы дәм береді.

ж) Арамшөптердің тамырынан бөлінген заттар мәдени дақылдардың дамуына кедергі жасайды. Мысалы, ересек ит қонақтың тамырынан бөлінген заттар жүгерінің биіктігін кемітіп, массасын төмендетеді. Татар ақсүттігенінің тамырынан бөлінген заттар жаздық бидай тұқымының өңгіштігін азайтады. Жатаған бидайықтың тамыр сабақтарында да осындай қасиет болады.

з) Кейбір арамшөптердің гүл тозаңдары адамдарда аллергия ауруын қоздырады. Мысалы, ащы жусан мен жусан жапырақты арамшөптің тозаңдары безгек ауруын қоздырады.

и) Арамшөптермен күрес елеулі шығын шығаруды талап етеді. Оған алынбаған өнімнің құны, агротехникалық және химиялық күрес шараларына жұмсалған қаржы, астықты тазартудың, әсіресе тұқымды тазартудың бағасы тағы басқалар жатады.

Арамшөптермен күрес мына қағидаттарды жүзеге асыруга бағытталған:

1. Арамшөптердің тұқымдарының танаптарға түсуін болғызбау.

2.Аз жылдық арамшөптер тек тұқымы арқылы көбейетін болғандықтан топыраққа түскен тұқымдарының өсіп шығуына жағдай жасап, көктеп шыққаннан кейін топырақты өңдеу арқылы жою. Мұны өршіту немесе еліктету (арандату) деп атайды.

Негізінен өсінді жолмен көбейетін көп жылдық арамшөптерге қарсы әлсірету қағидаты қолданылады. Оларды сүрі танабында қоректік заттар жинауға мүмкіндік бермей әлсін-әлсін қырқып отыру аркылы ғана толық әлсіретуге, жоюға болады.

Мына қағидаттар арамшөп тұқымдарының танаптарға түсіп таралуына жол бермеуге тиіс:

а) Ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдарын тыңғылықты тазалау; ә) Жемді және сабанды малдарға буландырылған немесе ұнтақталған

түрінде беру;

б) Көңді дұрыс сақтау және пайдалану;

в) Егілген дақылдарды өз мезгілінде және дұрыс жинап алу керек;

г) Жол бойындағы, өсімдіктері аз алаңқайлардағы, қора жайлардың маңындағы т.б. жерлердегі арамшөптерді гүлдеуге жеткізбей шауып тастау.

ғ) Ауыл шаруашылық машиналарын, қырмандарды, қоймаларды өсімдік қалдықтарынан тазалау. Жиналған арамшөптердің тұқымдарын арнаулы

жерлерге түсіріп, жою.

д) Арамшөптердің таралуын болдырмау шараларының негізгілерінің бірі карантин болып табылады. Карантиндік арамшөп тұқымдары бар тұқымдық материалдарды себуге, басқа шаруашылықтарға тасымалдауға болмайды [5];

Арамшөптерді жою шаралары, агротехникалық, химиялық, биологиялык т.б. болып бөлінеді.

Арамшөптермен күрестің тиімді бағыттарьшың бірі оларды топырақты механикалық өңдеу арқылы жою. Топырақты өңдеу арқылы танаптардың аз жылдық арамшөптермен ластануын 30%, ал көп жылдықтармен ластануын 60% кемітуге болады.

Солтүстік Қазақстанда кең тараған егіншіліктің топырақ қорғау жүйесіндегі танаптарды қайырмасыз, жазықтілгіш құралдарымен өңдеу арамшөптердің тұқымдарының орналасуы мен өсу жағдайына әсер етеді. Егер жерді соқамен жыртканда арамшөп тұкымдарының негізгі бөлігі 15-30 см қабатта орналасса терең қопсытқыштан өңдегенде олардың 53-70% топырақтың 0-5 см және 20% тақауы 5-10 см қабаттарында орналасатын көрінеді.

Қазақстанның Солтүстік аймақтарында егін орғаннан күзгі суық түскенге дейінгі кезең қысқа болып келеді. Сондықтан күзде арамшөптермен тиімді күрес жүргізуге мүмкіндік аз болады.

Тағы бір ескеретін жағдай Қазақстанның Солтүстік және орталык облыстарында жел әрозиясының қаупі жоғары болғандықтан топырақты қайырмасыз кұралдармен өңдейді. Соқамен жырту арамшөппен күрестің басқа мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана қолданылады.

Сүр танабын өңдеу.Сүрі жер танабын өңдегенде агроном бірнеше міндеттерді шешуді көздейді.

1. Арамшөптерді жою.

2. Максималды мөлшерде ылғалды жинау.

3. Егілетін дақылға қолайлы коректену режимін жасау.

4. Танаптың фитосанитарлық жағдайын түзету.

Дегенмен, сүрі жердің негізгі мақсаты - арамшөптермен тиімді күресу. Аймақта таза сүрі жер жаздық бидай үшін ең жақсы алғы дақыл және оның тиімділігі сүрі жерді дүрыс өңдеу технологиясына байланысты. Таза сүрі жерді өңдегенде арамшөптермен күресу үшін негізінде мына технология үсынылады. Көктем-жаз бойы жазықтілгіштермен (КПШ-9, КПШ-10, ОПТ-3-5) 8-12 см тереңдікке дейін өңдеу. Культивациялардың арасы 9-23 күн. Жаз аяғынла топырақ ПГ-3-5 терең қопсытқышпен 25-27 см-ге дейін дейін өңделеді. Әрине, әр танаптың ластану дәрежесі мен арамшөптер түрлері қанша алуан болып түрса, күресу ерекшеліктері соншалықты өзгереді.

Сүрі жерді қара сүлымен тиімді күресу үшін танапты егін жинағаннан кейін өңдеу қажет. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты кара сүлы тұкымдарын топыраққа сіңіру. Топырақ жазықтілгіш (КПШ-9 және т.б.) және оған тіркелген инелі шанышпалы БИГ-3 тырмамен өңделеді. Көктемде кара сүлы жаппай көктеп шыққанда культиваторлармен арамшөптерді жою тиімділігіне әсер тигізуі мүмкін. Мысалы, КПШ-9 культиваторы қара сүлыны кесуге тиімсіз, бұл культиватор таяз тереңдікте біркелкі жүрмейді, топырақ бетін құрғатып жібереді де қара сұлы тұқымдары шықпай қалады. Осы мақсатпен ескі СЗС-2.1 сепкіш машиналарды қолданған әлде қайда тиімді болады. Осы құрал таяз жүріп бір жылдық арамшөптерді жақсы кеседі, таптағыштармен топырақ бетін тегістеп отырып, топырақтан артық ылғал ұшып кетуіне жол бермейді.

Жел әрозиясына қаупі жоқ топырақтар бір жылдық арамшөптермен тым ластанып кеткенде, сүрі жер танабын 6-8 жылда бір рет аударып жыртуға болады. Егер жаз жауынды болған жағдайда сүрі жер ауыр КТС-10, КПЗ-3.8 культиваторларымен және оған тіркелген тиісті тырмалармен өңделеді. Кесілген өсімдіктер қайтадан өңбеу үшін тиісті тырмалармен арамшөптер сабақтары таралып отырғаны жөн. Кейбір жағдайларда бір жылдық арамшөптерді жою үшін сыдыра жыртқыштарды да (ЛДП-15, ЛДП-20) пайдаланады. Атпатамырлы арамшөптерді жою үшін күзден бастап өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Көктем, жаз айларында әр 20-25 күннен кейін арамшөптерді сабақтану кезеңдеріне жеткізбей-ақ кесіп отыру қажет. Осы мақсатта КПШ-9, КПШ-11 қүралы өте тиімді. Өңдеу тереңдігі 10-12 см. сүрі жер танабы 20-30 тамызға дейін 3-4 рет өңделуі қажет [11].

Топырақты өндеу. Сүрі танабында культивация және тыңайтқыш енгізу бірінші операция болып қолданылды. Осы культивация қаражатқа байланысты 5-6 рет жүргізілген дүрыс.

Сүрі танабындағы соңғы операция терең қопсыту. Бұл операция жиырма бесінші тамыздан оныншы қыркүйекке дейін созылады. К-701 тракторына ПГ-3-5 жазықтілгіш агрегатымен 25-27 см тереңдікте жүргізіледі.

Ал ылғал жабу жиырма-отызыншы сәуір аралығында үш-төрт сантиметр тереңдікте БИГ-3А тырмасымен жүргізіледі.

Себу алдыңдағы культивация он бесі - жиырма бесінші мамыр аралығында 6-8 сантиметр тереңдікте К-701 тракторына ОП-8 агрегатын агрегаттау арқылы жүргізіледі.

Жазықтілгіштермен сүрі танабында 25-27 см тереңдікте өңделгендіктен екінші бидайға себу алдындағы култивация 6-8 см тереңдікте жүргізіледі.

Сүрі танабында арамшөптермен күресу шаралары ретінде бір культивация, гербецид шашу, "Раундап" гербицидін 2,5 л/га ОП-2000 бүркішімен бүркейді. Сол жылы күзде терең қопсыту жұмыстары жүргізіледі.

Ылғал жабу БИГ-3А тырмасымен үш-төрт сантиметр тереңдікте жиырмасы-отызыншы сәуір аралығында жүргізіледі. Ылғал жабудан соң танапта себу алдындығы культивация, себу және егістікті күтіп баптау жүмыстары жүргізіледі. Гербицидпен жүмыс істеген уақытта желдің жылдамдығы үш-төрт метр/сек және температура: +20 +22°С аспауы тиіс "Дезормон" гербицидің 0,8-1,0 кг, ә.е.з/га мөлшерінде пайдаланамыз.

Бұл гербицид дара жарнақты арамшөптерге қарсы қолданылады.

Сүрі танабын тыңғылықты дайындағанда арамшөптерді қүрту мәселесі ойдағыдай шешіледі де көптеген шаруашылықтарда жаздық бидай егістігі бұл бағытта қосымша шараларды кажетсінбейді. Бірақ та жылдар бойы қорланган арамшөп тұқымдары арнаулы күрес шараларын жүргізуге мәжбүр етеді.

Егістік арамшөптермен шамалы ластанғанда астық шығыны 5-7%, ал күшті ластанғанда 20-30% дейін жетеді.

Тыңайтқыш қолдану. Егер сүрі жер танабына бидайды егу алдында нитратты азоттың мөлшерін 100 процент деп алсақ, онда бидайды бұршақ-сұлы қоспасынан кейін еккен танапта 55,5%, арпадан кейін 37,8 %, сүрі жерден кейін екінші дақыл танабында 48,3%, ал бидайды ауыстырмай бір тәлімдеде орналастырғанда нитрат мөлшері тек қана 55,3 % болады.

Топырақ қабаты бойынша жылжымалы фосфат мөлшерін анықтағанда сіңімді фосфор көбінесе топырақтың 0-20 см жыртылу қабатында болатынын, ал бүдан төменгі қабатта фосфор қышқылы мөлшерінің едәуір азаятынын айта кеткен жөн.

Топырақтың 40 сантиметрлік қабатында нитрат пен фосфор қышқылының шамасына байланысты, осы әуелілердің ең қолайлы ара қатынасы бидайды сүрі жерге еккенде байқалады - 1:4,2.

Сүрі танабында осы себептердің әсерінен азот тынайтқышы енгізілмейді. Тек қана фосфор тынайтқышын енгізеді. Қос суперфосфатты 8-10 кг. ә.е.з/га культивациямен бірге СЗС-2,1 сеялкасын К-701 тракторына агрегаттап енгіземіз.

Сүрі танабынан кейінгі бірінші бидай орналасқан танапты және екінші бидай орналасқан танаптарда тынайтқыш енгізілмейді, себебі сүрі танапта енгізілген фосфор тыңайтқышының және жинақталған азот мөлшері ңлі де жеткілікті болады.

Ал сүрі танабынан кейінгі үшінші бидай танабында көктемде ылғал жабу алдында, яғни сәуір айының жиырма-отызы аралығында аммиак селитрасын МТЗ-80 тракторына 1РМГ-4 тіркеп енгізу керек.

Тынайтқыш енгізу мөлшерін анықтағанда жаздық бидайдың бағдарламаланған өнімін, топырақтағы қоректік заттар мөлшері мен олардың пайдалану коэффициенттерін, тыңайтқыш түрі мен әсер етуші мөлшерін және олардың пайдалану көәффициенттерін, нақты шаруашылық жағдайларын ескерген жөн.

Сүрі танабы фосфор тынайтқышын енгізетін ең жақсы орын болып табылады. Бұл оның жоғары ылғалдылығына, нитратты азотпен қамтамасыз етілуіне және арамшөптерден тазалығына байланысты. Фосфор тыңайтқышы енгізілгенде таза сүрі жердің аталған артықшылықтары толық іске асады және жаздық бидайдың қосымша өнімі артады.

Тұқымды себуге дайындау. Негізгі талаптарына келетін болсақ жаздық

бидайдың тұқымын себуге дайындау тәсілдеріне мыналар жатады: күн көзінде қыздыру; тұқымды фракцияларға бөлу; асфальтталған аланда тудымды дәрілеу жұмыстары;

Тұқымды қыздыру жаздық бидай тұқымының өңу әнергиясы мен танаптық өңгіштігін арттырады.

Себілетін сүрыптың 1000 тұқымның массасы жоғары болуға тиіс. Алайда ірі түқым ылғи да тиімді бола бермейді.

Тұқымды дәрілеудің нәтижесінде топырақтағы және тұқымда сақталған ауру қоздырғыштардың зиянды әсері басылады да жаңа өнім сапасы жақсарады. Оларды улағыш заттармен ПС-10, «Мобитокс супер», «Мобитокс» дәрілегіш машиналарда дәрілейді. Дәрілеу жүмысы ылғалдандыру тәсілімен жүргізіледі, ол үшін әрбір тонна тұқымға 10 литр су араластырылады. Мұның әкологиялық әрі еңбек қорғаудағы мәні зор [12].

Себу мерзімі. Ұзақ жылдыр бойы жүргізілген тәжірибелерге сүйеніп Қазақстанның Солтүстігінде бидайды мамыр айының 15 мен 25-ші жүлдызының арасында себуге ұсыныс берілген.

Себу тәсілі. Солтүстік Қазақстанда астық дақылдарын себудің барлық белгілі тәсілдерінің ішінде жай қатарлап себу кең қалыптасқан. Бұл жұмыс қатарлап тұқым себу СЗС-2,1 түқымсепкішімен іске асады.

Тұқым себу мөлшері. Аймақтар бойынша жаздық бидайдың себу мөлшері мынадай аралығы ұсынылды (млн. өңгіш дән/әр га): қуан далада 2.0 - 2.5: құрғақшылық далада 2,7 - 3,4 және орманды далада 3,0 - 3,5. Егін себуді кешіккенде, тұқымды терең сіңіру қажет болғанда, танаптар ластанғанда тұқым себу мөлшерін 10-15% арттыру ұсынылады. Ылғалмен жақсы қамтымасыз етілген танаптарда көрсетілген интервалдың жоғары шегі ашылады.

Тұқымның сіңіру тереңдігі. Сіңіру тереңдігі тұқымның танаптағы өңгіштігі мен өсімдіктің жиілігіне әсер етеді. Тұқымды тайыз немесе тайыз сіңіру, дақылдардың өніміне теріс әсер етеді. Сондықтан да механикалық құрамы ауыр топырақтарда тұқымды 6 см, ал жеңіл топырақта 8 см тереңдікке сіңіреді.

Егістікті күтіп баптау. Жаздық жұмсақ бидайдың қарқынды өсіру технологиясында егістікті күтіп баптау маңызды рөл атқарады және оның негізгі буындарына арамшөптерге, аурулар мен зиянкестерге қарсы күрес шаралары жатады.

Жаздық бидай егістігіне егістік қалуен, шырмауық, жатаған бидайық т.б. атпа тамырлы, тамырсабақты көп жылдық арамшөптер, ал бір жылдық түрлерінен қара сұлы, жасыл және көкшіл сүр ит қонақ, құс тарысы т.б. үлкен зиян келтіреді. Егістік арамшөптермен шамалы ластанғанда астық шығыны 5-7 пайыз, ал күшті ластанғанда 20-30 пайызға дейін жетеді.

Өнімді жинау және өңдеу. Егінді жинау әдісі жаздық бидайдың тығыздығына байланысты, биіктігіне және ондағы арамшөптердің калыңдығына байланысты анықталады. Егер бидай бір қалыпты толық піскен болса, егістікті тікелей орады, ал пісіп жетілуі, биіктігі әр түрлі егістікті бөлектеп жинайды. Піскен егінді жинағанда дән сабағында ұзақ тұрып қалмайтындай, немесе дән ылғалдығы 18-% төмен болғанда тікелей орып бастырады. Ал бөлектеп жинағанда дестеге жығу балауызданып пісудің орта кезеңінде, дәні ылғалдығы 30 - 35% басталады. Дестені бастыру жыққаннан үш-бес күн өткен соң, дәні ылғалдылығы 16 - 15% басталады.

Жаздық арпа. Арпа – маңызды біржылдық малазықтық, азық-түліктік және техникалық дақыл. Солтүстік Қазақстанда негізгі дәнді жемшеп дақылдарына арпа мен сұлы жатады, олардың егіс көлемі соңғы жылдары 3,8 млн. га асты, оның 3,4 млн. га астамы арпаның үлесіне тиеді.

Ылғал жағдайы жақсы аймақтарда сұлы егістігі кеңейтілуге тиіс, сонымен қоса барлық аймақтарда сұлының бұршақ-астық тұқымдас қоспалар мен мал азығын өндірудің конвейерлік жүйесінде айырбасқа жатпайтын бағалы дақыл деп қарастыру қажет. Арпа мен сұлы сүттеніп балауызданып піскен кезеңінде бүтін өсімдгктерін шауып монокорм мен дәнді пішендеме дайын-далатын дақылдар.

Солтүстік Қазақстанның көптеген аудандарында дәнді да-қылдардың ішінде арпа барынша өнімді және арзан құнарлы мал азығы болып табылады. Арпаның 1 кг дәнінде 1,2—1,3 азық-тық өлшем імен 100 г дейің сіңімді протеин бар.

Арпа дәнінен (негізінен жалаңаш дәнді сорттарынан) арпа жармасын дайындайды, нан өндірісіне жарамды формалары анықталды. Құрамында ақуызы аз арпа негізінен сыра қайнату өндірісінде маңызды шиқізат болып табылады.

Қазақстан Республикасында 5,6 млн. га астам жерге, ал Солтүстік Қазақстан аймағындағы облыстарда орта есеппен 0,5; 0,6 млң. га арпа себіледі.

Ногdeum туысы 50 астам түрлерді біріктіреді, олардың ішінде диплоидты (2п=14), тетраплоидты (2п = 28) және гексаплоидты (2п = 42) арпалар бар. Біржылдық және көпжылдық формалары белгілі. Барлық мәдени арпалар диплоидты. Шаруашылықтағы ең көп тараған түрі — Ногdeum vulgare. Бұл жаздық және күздік формада дамитын біржылдық өсімдіктер. Масақ са-бақшасында орналасқан жемісті масақшаның санына қарай арла үш түр тармағына бөлінеді: көпқатарлы, қосқатарлы, аралық. Арпаның көпқатарлы түр тармағы екі қатарлыға қарағанда тез піседі [13].

Арпа шашақты тамыр жүйесінен тұрады, ол бастапқы (түп) және екінші тамырларды біріктіреді: бастапқы (ұрықтық) тамырлар соңына дейін жұмыс істейді, екінші (түйінді) тамырлар топырақ бетіне таяу орналасқан сабақтың жер асты түйіндерінен шығады. Арпа үш-сегіз, ал кейде он ұрықтық тамыршалармен өнеді. Екінші тамырлар көктегеннен кейін 10—12 күннен соң пайда болады, бұл уақытта бастапқы тамырлар топыраққа 25— 30, тіпті 50 см тереңдікке дейін бойлап кетеді. Бастапқы тамыр бидай мен сұлыға қарағанда алғашқы кезде тезірек өседі.

Бастапқы тамырлардың топыраққа кіруі — 100—120 см.

Өсімдіктердің қоректенуінде олар қуаңшылық жағдайда ерекше маңызға ие болады. Қуаңшылыққа төзімді сорттарында бастапқы (ұрықтық) тамырлар саны айтарлықтай кеп болады, оның үстіне көпқатарлы арпада ол аздау, ал екі қатарлы арпада көптеу. Екінші (түйінді) тамырлардың қалыптасуы, дамуы және топыраққа бойлау енуі топырақтың беткі қабатының ылғалдылығы мен түптену қарқындылығына байланысты. Қоректік заттар және ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгенде 3—5 түптену өркені пайда болады. Сорт сынау учаскелерінің деректеріне қарағанда арпаның өнімді түптенуі 1,5—2,5 тең.

Сабақ, жадырақ қынабы, жапырақ және масақ әртүрлі қар-қындағы уызды түктермен, әсіресе қуаңшылықты жағдайларда, көмкерілген. Сабағы сабан, жағдайларға байланысты 40—160 см биіктікке дейін өседі. Ол бидай сабағынан әлсіз. Бүкіл одақтық өсімдік шаруашылығы институтының (БӨШИ) деректері бойынша, жапырылып қалмауға төзімді сорттарының сынауға қарсылығы 700—900, ал бидайдың интенсивті сорттарында бұл көрсеткіш 2000—3500 тең, немесе 2,9—3,5 есе жоғары. Сондыктан арпаның жапырылып қалмауға және паяның дестелерді ұстау қабілеті төмен. Арпа паясының топырақ қорғау рөлі, әеіресе арпа аңызын ауспалы егістің соңғы дақылы ретінде парға қалдырылғанда, айтарлықтай емес.

Гул шоғыры — масақ, бірақ соңғы жеміс беретін масақшасы жоқ. Әрбір масақшасы жалғыз гүлді, бір дән түзеді. Алты қатарлы арпада әдетте әрбір масақ кемерінде үш жемісті масакша арналасқан, қосқатарлыда бір масақша дамып дән береді де, қалған шеттегі екеуі жеміссіз қалады.

Арпаның сорттары. Донецкий 8 - Донеңк МАТС-да шығарылған. Медикум туршесіне жатады, 1000 дәннің массасы 41—55 г. Сорт орта мерзімде піседі, жапырылып қалмауға орташа төзімді. Солтүстік Қазақстанның барлық алты облыстарында аудандастырылған.

Целикный 5- А. И. Бараев атындағы БАШҒЗИ-да шығарылған. Жыл сайын ара қатынасы әзгеріп отыратын Медикум және Нутанс түршелерінің популяциясын құрайтын сорт. 1000 дәннің массасы 55—60 г. Сабағының биіктігі орташа, жапырылып қалмауға төзімді. Орта мерзімде пісетін сорт. Қөкшетау, Солтустік Қазақстан, Целиногрд және Торғай облыстарында аудандастырылған.

Кедр — Краснояр АҒЗИ-да шығарылған. Нутанс түршесіне жатады. 1988 жылдан Көкшетау мен Павлодар облыстарында аудандастырылған.

Медикум Й5 — Қостанай АҒЗИ-да шығарылған. 1000 дәннің массасы 48—53 г, ақуыз мөлшері 14—17%. Орташа мерзімде піседі. Қостанай, Қөкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.

Гранал — Қостанай ҒЗИ-да шығарылған. Субинерме түршесіне жатады. 1000 тұқымның массасы 43—49 г. Сорт ортадан кеш піседі, құрғақшылыққа және жапырылып қалмауға төзімді. Қостнай, Қөкшетау облыстарында мал азығына өсіру ушіи аудандастырылған.

Карагандинский 4 — Қарағанды МАТС-да шығарылған. Медикум түршесіне жатады. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа тәзімді. 1000 тұқымның массасы 42—50 г, ақуыз мөлшері 14,4—16,6%- Қарағанды облысында аудандастырылған.

Целинный 30 — БАШҒЗИ-да шығарылған. Медикум туршесіне жатады. Сорт орташа мерзімде піседі. 1000 тұқымның массасы 45—50 г, ақуыз, мөлшері 13—14%- Целиноград облысында аудандастырылған.

Биологиялық ерекшеліктері. Арпаның тұқымы 1—2° жылылықта өне бастайды, көгінің пайда болуына қажетті ең қолайлы температура +15—20°С. Өсіп-өну кезеңінде шаруашылыққа жарамды астық алуға қажетті белсенді температура жиынтығы орта мерзімде пісетін сорттарға 1300°С және кеш пісетін сорттарға — 1400°С. Егін кегін +4—5°С температурада алуға болады, түтікке шығу — масақтану кезеңіндегі ең қолайлы ауа температурасы +20—22°С, ал дәннің пісуі кезіндегі 23—24°С. Арпа көктегенде — 6—8°С бозқырауды зиянсыз көтереді, гүлдену кезеңінде — 1—2°С, сүттене піскенде—2—4° С бозқырауды көтереді.

Арпа жоғары температураларға өте төзімді. 38-40°С температураның үздіксіз әсерінен устьицелер (саңылаулар) сал ауруына тек қана 30-35 сағаттан соң ұшырайды. Оны әділ түрде ыстыққа төзімді өсімдіктер қатарына қосады.

Сондықтан Қазақстанның барлық аймақтарында арпа жоғары астық өнімін береді. Арпа бидай мен сұлыға қарағанда қуаңшылыққа төзімдірек.

Арпаның ылғалға қажетсінуі жоғары емес. Ылғалға шамалы талабы өне бастағаннан бүкіл өсіп-жетілу кезеңдерінде көрініс табады. Дегенмен бүкіл кезеңдерінде арпа өсімдіктері ылғалды біркелкі талап етпейді. Көктеу-масақтану кезеңдеріндегі ылғал жетімсіздігі өсімдіктердің өсуін тежейді. Түптенуді, масақшалар мен дән санын төмендетеді. Масақтану – пісу кезеңіндегі құрғақшылық пен жоғары температура 1000 дәннің массасы мен олардың толысуын азайтады.

Оның транспирация коэффициенті 300—450. 1 ц астыққа жұмсалатын су шығыны (супайдалану коэффициенті) 90— 15.0 м3, мал азығына өсіргенде 1 ц құрғақ затқа — 40—80 м3. Арпаның ылғалға максимум қажетсінуі түтікке шығу — масақтану кезеңіне дәл келеді.

Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының (БАШҒЗИ) тәжірибелерінде пардан кейін үшінші дақыл ретінде орналастырғанда орта өсеппен 9 жылда бидайдың өнімі 12 ц/га, арпаның өнімі 16,6 ц/га болды, ал таза парға орналастырылған бидайдың өнімі 15,9 ц/га болғанның өзінде арпаның үшінші дақыл ретіндегі өнімі бидайдың пардағы өнімінен жоғары болды. Барлық ылғалдың 50—60% арпа түтікке шығудан масақтануға дейінгі уақытта шығындайды.

Арпа топырақ құнарлылығына айтарлықтай жоғары талап қояды. Басқа астық дақылдарына қарағанда арпаның тамыржүйесі біршама әлсіз дамиды: 1 гектарға арпа 2 т тамыр қалдықтары, сұлы — 3,7, күздік бидай 3,4, қара бидай 5,9 т қалыптастырады екен. Арпа тамырының сіңіру қабілеті де әлсіздеу, сондықтан ол сіңімді қоректік заттарды қажетсінеді. Арпа қышқыл топырақтарда (рН 6,5-7,5) нашар өседі, алайда тұзды ортаға айтарлықтай төзімділігінің нәтижесінде сортаңдау топырақтарда бидайға қарағанда жақсы өнім береді.

Арпа өздігінен тозаңданатын өсімдік, бірақ айқас тозаңда-нуы да кездесіп қалып жүр. Гүлдену мен үрықтану жиі түрде масақ жапырақ қабатында тұрғанда байқалды.

Өсіру технологиясының ерекшеліктері. Далалық 4—5 танапты дәнді парлық мал азықтық ауыспалы егісте арпа 3—4 дақыл ретінде орналастырылады. Мал азықтық дәнді-отамалы, дәнді-отамалы-шөпті ауыспалы егістерде дақылдардың кезектесуі мынадай: жүгері-арпа, немесе жүгері — бір жылдық шөптер-арпа. Арпа есірудегі топырақ еңдеу жүйесі негізінен жаздық бидайға ұқсас. Алқаптар арамшөптен қатты ластанғанда, әсіресе ылғал мол түскен жылдары, қосымша аралық культивация жасалады.

Астыққа да мал азығында да ең қолайлы себу мерзімі мамырдың аяғы маусымның басы, мүның өзі арамшөптерден арылып жазда түскен ылғалды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мал азығы дақылдарының егістігін арамшөптен қорғау агротехникалық және химиялық күресу жолдарға қарастырады.

Арамшөпке қарсы күрес дақылдары ауыспалы егісте орналастыра отырып агротехникалық шаралар жүйесін іске асырғанда ғана тиімді болады және осыған сәйкес арамшөп өсімдіктерін құртуды қамтитын топырақты өңдеу, тұқымды арамшөптен тазарту, себу мерзімі, егістікті күтіп баптап тағы басқа шараларды жузеге асыру қажет.

Дәнді жемшөп дақылдары егістігінде арамшөпке қарсы күресу үшін ауыспалы егіс жүйесінде себу мерзімі айтарлықтай маңызға ие болады. Солтүстік Қазақстанда арпа мен сұлының ең қолайлы себу мерзімі мамырдың аяғы—маусымның басы, бұл мерзімге денін өскен арамшептерді толық құрту мүмқіндігі туады. Арамшөппен жоғары дәрежеде ластанған алқаптарда себу мерзімін кешеуілдетеді.

Дақылдардың бұл тобы қатардағы әдіспен себіледі, жоғары қарқынмен өседі, сондықтан арамшөпке қарсы күрес себу жұмысына дейін агротехникалық шаралармен жүзеге асады, алайда жекелеген жағдайларда химиялық күрес әдісі де қолданылады, оның ішнде ең көп тарағаны 2,4-Д және 2М-4Х препараттары. Препараттарды қолданудың ең қолайлы мезгілі — түптену кезеңі, алайда бұл кезеңде мәдени өсімдіктердің 2,4-Д туындыларына төзімділігі әртүрлі ауруларға нашар, ал күздік қара бидай жақсы төзеді.

Аз жылдық арамшөппен күресте 2М-4Х-тің енгізу нормасы 1,2 кг/га, амин тұзы (2,4-Д) — 0,7 кг/га, бутил эфирі (2,4-Д) — 0,25—0,3 кг/га. Егістікте көпжылдық атпатамырлы арамшөбі болса 2,4-Д-нің амин тұзының енгізу нормасы 0,8—1,0 кг/га, бутил эфирі 0,40—0,5 кг/га дейін арттырылады. Азот тыңайтқышы-ның судағы ерітіндісіне (4—5 кг/га ә. е. з) араластырғанда 2,4-Д және 2М-4Х препараттарының тиімділігі артады. Ауаның температурасы +20—24°С болғанда және егістікті өңдегеннен кейінгі алғашқы күндерде ылғал түспеген жағдайда гербицидтердің ең жоғары уыттылығы мен тиімділігі байқалады.

Аталған гербицидтерді пайдалану ала бұта, егістік ярутка, жұмыршақ, жабайы шомыр сияқты арамшөпті құртуға мүмкіндік береді, оларға сезімталдығы шамалы арамшөпке кәдімгі қышабас, далалық қалуен мен пикульниктердің әр түрлі, ал төзімділеріне барлық астық тұқымдас арамшөп, далалық торица, подмаренник және бірқатар басқалары жатады.

2,4-Д және 2М-4Х гербицидтеріне тезімді қос жарнақты арамшөптерге қарсы отаңдық түйдектелген диален (40%), диамет (44,6%), банлен (27%)* препараттарын қолданған жөн, дәнді жемшөп дақылдары егістігінде қара сұлыға қарсы триаллат препаратын қолдануға болады. Ол үшін себуге дейін топыраққа — 2—5 см тереңдікке 0,8—1,6 кг/га эмульсия концентратын енгізеді. Күзде алғы дақылды жинап алғаннан кейін және көктемде себуге дейін 1,0—3,5 кг/га түйіршіктелген триллат препараттарын қолданады. Арпа егістігінде қара сұлы 2—3 жапырақ қалыптастырғанда оған қарсы 0,4—0,6 кг/га карбинмен бүріксе, жоғары тиімділікке қол жетеді.

Далалық қалуен мен бодякты құрту үшін 2,4-Д амин тұзына араластырылған 0,2 кг/га лонтрел* қолданылады, арпанын түптену кезеңінде лонтрел* 416 (2М-4Х пен бақылау қоспасының 1,6—2,1 кг/га нормасы) қолдануға болады.

Астыққа өсірілгенде 2,5—4,0 млн/га өнгіш тұқым (110—140 кг/га) себіледі, мұның езі ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты қуаңшылық аудандарында төменгі, ал ылғалды аудандарда жоғары шегі қолданылады.

БАШҒЗИ тәжірибелері жоғары агротехника дәрежесінде себу нормасын 15—20% төмендетуге, мал азығына өсіргенде астыққа есіруге қарағанда 0,5 млн/га өнгіш тұқымға арттыруға болатындығын көрсетті, суармалы жерлерде — 4,0—5,0 млн/га енгіш тұқым себіледі [14].

Арпа дәнінде (астығында) орта есеппен 60% крахмал, 12-13% ақуыз (белок), 2%-дан астам май, 3%-ға таяу күл, 5-7% клетчатка, көп мөлшерде дәрумендер (витаминдер) бар. Арпа астығының химиялық құрамының өзгеруі өсіру жағдайларымен, сорттық ерекшеліктері тікелей байланысты.

Арпа астығының малазықтық құндылығы ақуыз мөлшерінің көптігінен және қабықтылығынаң төмендігінен сұлыға қарағанда жоғары.

Сұлының 1 кг-да 1 азықтық өлшем болса, арпада орта есепен – 1,21 а.ө. бар.

Арпа астығы – тамаша құнарландырылған жемазық. Әсіресе оның құндылығы шошқаны беконды және жартылай майлы етке семірткенде арта түседі. Арпамен азықтандырғанда құстардың жұмыртқалағыштығы мен еттілігі артады.

Арпаның сабаны мен мекені де жақсы ірі сабақты мал азығы, бағалығы жөнінен ол тары сабанына ғана жол береді

Арпаның агротехникалық маңыздылығы :

-арпа егістігі көктемде танаптарды арамшөптерден толық тазартуға мүмкіндік жасайды, өйткені оның себу мерзімін мамырдың соңы – маусымның басына қарай жылжытуға болады,

-ол айтарлықтай ерте жиналатындықтан күзгі топырақ өңдеу жүйесіне ерте жүргізуге болады және осының нәтижесінде арамшөптерге жеткілікті қысым жасалады (жоюға мүмкіндік молаяды).

-арпаның көпжылдық шөптерге жақсы бүркемелі (жамылғы) дақыл ретінде де рөлі белгілі: шөптер жамылғыдан ерте босайды да жаздың соңы мен күзде жақсы дамиды.

Арпа астығы халықаралық саудада да сұранысқа ие. Қазақстанның арпа экспортының 70%-дан астамы ТМД елдеріне шығарылады, оның ішінде негізгі және дәстүрлі сатып алушы ел қатарына Ресей жатады. Алыс шетелдерден арпаның барынша үлкен көлемі Сауд Аравиясы мен Иранға сатылады. Алайда Қазақстандық арпаның ТМД елдері арасындағы бәсекелестік қабылеті әзірше төмен деңгейде, бағасы да жоғары емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]