Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Нурбол.doc
Скачиваний:
149
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.32 Mб
Скачать

4.2 Арамшөптермен күресу

Арамшөптермен күресуде танаптың ластану картасын жасап ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу керек. Шаруашылық танаптарында көбіне кездесетіні аз жылдық дара жарнақты, көп жылдық қос жарнақтылар кездеседі. Олар 9-ші кестеде көрсетілген.

Ұйымдастыру шаралары

  • Танаптардың ластануын анықтау.

  • Танаптардың ластануын бағалау және экономикалық зияндылықтың шегiн анықтау.

  • Танаптардың ластануының картасын жасау.

  • Арамшөптермен күрестiң кешендi бағдарламасын дайындау.

кесте 9

Шаруашылықтың танаптарының арамшөптермен ластануы

Дақыл

Көп жылдық

Аз жылдық

Саны

м²

Балл

Танап №

Аты

Дара

жар-

нақты

Қос жарнақты

Даражар-

нақты

Қос жарнақты

13 342га

Химия

лық пар

Шырмау-ық 10

К.қ-10

Қара сұлы 35

Итқонақ- 28

Гүлтәжі-15

98

4

14

357га

Жаздық бидай

Кәдімгі қалуен–1

Итқонақ-2

Қ.с. -7

Гүлтәжі-2

12

2

15

672га

Жаздық бидай

Кәдімгі қалуен–2

Шырмау-ық 4

Қ.с - 6

Гүлтәжі-4

16

3

11-1

481га

Арпа

К.қ. – 8

Шырмау-

ық 5

Қ.с. -17

Итқонақ-12

Гүлтәжі-6

48

3

16

412га

Жаздық бидай

Шырмау-

ық 3

К.қ - 1

Қ.с – 4

8

2

Шаруашылық танаптарында көбіне кездесетіні көп жылдық қос жарнақты, мысалы, дала шырмауығы ( Convolvolus arvensis L.), егістік қалуені (Cirsium arvense L. Scop), жатаған бидайық (Elytrigia repens L.); аз жылдық қос жарнақтылар гүлтәжі, дара жарнақты қара сұлы ( Avena fatua) кездеседі.

Күтіп- баптау. Егінді себер алдында арамшөптерге қарсы жаппай күресетін гербицидттерді, мысалы, Раундап экстра 1л/га мен Прогресс 0,4 л/га екеуінің қоспасын қолданамыз. Вегетация бойы 1-2 реттей тандаулы гербицидтермен, мысалы, Топик, 0,5 Диален Супер, Димилин препараттарын қолданамыз. Оларды Джон Дир 4730 бүріккішпен және АН-2 ұшағы мен бүркиді. Біріншісін егін сепкеннен кейін 20-25 күннен соң, келесін ластануына байланысты қарап жүргізеді, бірақ дән салмай тұрып (бидайда) тамыздың алғашқы оңкүндігіне дейін бүрку жұмыстарын тоқтату керек.

РАБОЧАЯ ЖИДКОСТЬ?

Арамшөптердің келтіретін зияны алуан түрлі болып келеді:

а) Арамшөптер топырақ ылғалының шығынын көбейтеді. Ащы жусан ылғалды бидайға қарағанда 2 есе көп пайдаланса, көкпек арпа мен жүгеріге қарағанда 2-3 есе артық жұмсайды. Құрғақшылық жағдайында арамшөптермен күрес, ылғал үшін күрес болып табылады.

ә) арамшөптер топырақтан қоректік заттарды көп мөлшерде алып, мәдени өсімдіктердің қоректенуін нашарлатады.

б) жоғары қат-қабаттағы арамшөптер екпе өсімдіктерді көлеңкелеп олардың органикалық заттар құрауын төмендетеді. С.В. Воробьев және басқалар (1991) атап көрсеткендей арамшөптер топырақтың температурасын 4 С төмендетіп, арпа мен картоп егістігінің жарықтануын тиісінше 17,7 және 23,6 % нашарлатқан .

в) Арамшөптер кейбір ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру қоздырғыштарының мекендейтін орны болып табылады. Мысалы, жатаған бидайық линиялық тот ауруы мен сымқұрттың таралуына мүмкіндік жасайды. Күнбағыс сұңғыласы ащы жусанда тоғышарлық паразиттік өмір сүреді.

д) Арамшөптер ауыл шаруашылығының кейбір жұмыстарын жүргізуді қиындатады. Түйе жоңышқа, қызғылт қалуен және т.б арамшқптердің қатайып кеткен сабақтары комбайндардың бөліктерін сындырады, олардың өнімділігін тқмендетіп, жұмыс сапасын нашарлатады.

е) Кейбір арамшөптердің жемістері мен тұқымдары өнімнің сапасын төмендетеді. Ащы жусан астыққа жағымсыз иіс берсе, қара меңдуана, күрікыз қойлардың жүніне жабысып ластайды. Ащы жусан сүтке ащы дәм береді.

ж) Арамшөптердің тамырынан бөлінген заттар мәдени дақылдардың дамуына кедергі жасайды. Мысалы, ересек ит қонақтың тмырынан бөлінгензаттар жүгерінің биіктігін кемітіп, массасын төмендетеді. Татар ақсүттігеннің тамырынан бөлінген заттар жаздық бидай тұқымының өнгіштігін азайтады. Жатаған бидайықтың тамыр сабақтарында осындай қасиет болады [16].

з) Кейбір арамшөптердің гүл тозаңдары адамдарға аллергия ауруын қоздырады. Мысалы, ащы жусан мен жусан жапырақтары арамшөптің тозаңдары безгек ауруын қоздырады.

Мына қағидаттар арамшөп тұқымдарының танаптарға түсіп таралуына жол бермеуге тиіс:

а) ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдарын тыңғылықты тазалау;

ә) жемді және сабанды малдарға буландырылған немесе ұнтақталған түрінде беру;

в) егілген дақылдарды өз мезгілінде және дұрыс жинап алу керек;

г) жол бойындағы, өсімдіктері аз алаңқайлардағы, қора жайлардың маңындағы т.б. жерлердегі арамшөптерді гүлдеуге жеткізбей шауып тастау.

ғ) Ауыл шаруашылық машиналарын, қырмандарды, қоймаларды, өсімдік қалдықтарынан тазалау. Жиналған арамшөптердің тұқымдарын арнаулы жерлерге түсіріп, жою.

д) Арамшөптердің таралуын болдырмау шараларының негізгілерінің бірі карантин болып табылады. Карантиндік арамшөп тұқымдары бар тұқымдық материалдарды себуге, басқа шаруашылықтарға тасымалдауға болмайды.

Үнемдегіш егіншілікте арамшөптермен кешенді күресудің жүйесі келесі үш пунктке сүйенеді:

а) Ауыспалы егіс

ә) Жабын қабатын құру

б) Гербицидтерді қолдану

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]