Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Нурбол.doc
Скачиваний:
149
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.32 Mб
Скачать

7 Қоршаған ортаны қорғау

Қазіргі таңда, экологиялық талдау жүйелері Қазақстанда өндірістің құлдырауы мен қоршаған ортаны қорғау шараларының ұйымдастырылуына қарамастан, ондағы экологиялық жағдайдың әлі де төмен деңгейде екенін көрсетеді. Табиғаттың күллі құрам бөлшектері қоршаған ортаны құрайды, ал қоршаған орта түсінігіне табиғат ресурстары мен табиғаттың өзі кіреді.

2007 жылғы 9 қаңтарында қабылданған экологиялық кодекс пен 2003 жылдың 3 желтоқсанында бекітілген 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымы қоршаған орта мәселесін шешуде маңызды рөл атқарады. Тұжырымының міндеттерін орындау барысында қоршаған ортаның ластану деңгейі төмендеп, қазіргі кездегі шарттарға сәйкес экологиялық қауіпсіздік мәселесі өз шешімін таппақ. Экологиялық қауіпсіздіктің нағыз тұжырымы Қазақстан Республикасының даму жоспарында бекітілген «Қазақстан-2030» стратегиясы заңнамасына сәйкес құрылды. Онда приватизацияның экологиялық мәселелері, сараптама және мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау заңнамасының құрылуының қажеттілігі, қоршаған ортадағы табиғат пайдалану мониторингінің экономикалық механизмдері сияқты мәселелер қарастырылып, өз жауабын тапты. Берілген тұжырымының қабылдану мерзімінен бастап Қазақстан Республикасының жалпы қоғамдық дамуында күрделі өзгерістер пайда болды. Нақтырақ айтсақ, мемлекет дамуындағы стратегиялық құжаттар құрылып, қоршаған ортаны қорғау заңнамасының негізі қаланды. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қатысты бірталай тұжырымдарға қол қойылып, табиғат қорғау ісінің басқару жүйесі құрылды.

Біздің мемлекетімізде табиғатты қорғау іс-шаралары 2007 жылдың 9 қаңтарында қабылданған «Экологиялық кодекске» сәйкес жүргізіледі. Бұл кодекс қоршаған ортаның құқықтық, әлеуметтік және экономикалық негізіндегі қазіргі және келешек ұрпақтардың қызығушылық жақтарын анықтап, келесі мәселелерді шешуге бағытталады:

- экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- биологиялық әртүрліліктің сақталуын қамтамасыз ету;

- табиғи экологиялық жүйелерге теріс әсер ететін шаруашылық және басқа да зиянды әрекеттерді болдырмау;

- рационалды табиғат қорғау жүйесін құру;

Белгілі бір органикалық зақымдайтын уларға қарағанда, бұл заттар ішкі реттеу жүйесін бұзады. Аз мөлшерінің өзінде ТОЛ қалыпты биологиялық функцияларды бұзуы, кейінгі ұрпаққа берілуі және адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға нақты қатер төңдіруі мүмкін.

Қазақстандағы ТОЛ-дың едәуір бөлігін пестицидтер құрайды. Өсімдіктерді қорғаудың жаңа құралдарының сан түрлілігіне қарамастан, әлі күнге талдау жасалатын үлгілерде 1950 - 60 жылдардың пестицидтері табылуда.

ТОЛ - дың табиғи ортаны ластауының объективті бағалауы жоқ, өйткені мониторингтің қазіргі жүйесі топырақтағы және тамақ өнімдеріндегі пестицидтердің қалдық саны айқындайды.

Қоршаған ортаны қорғау заңының 41 бабына сәйкес адам денсаулығын және генетикалық қорын сақтау, өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында минералды тыңайтқыштарды, өсімдік қорғау құралдарын, стимуляторларды және басқа да агрохимикаттарды, топырақ мен судағы химикаттардың заттар қалдықтарының жол берілетін шекті нормативтерінің сақталуын қамтамасыз ететін мөлшерде қолдануға жол берілетін шекті нормалары белгіленді [22].

Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтаумен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған [23].

Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.

2004 жылдың барысында шөлейттенудің көлемі мен құрғақшылықтың теріс әсерінің алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлерді және топырақтың құнарлығын қалпына келтіруге, ресурстық базаны сақтауды және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтатын тұрақты жерді пайдаланудың экономикалық тетіктерін әзірлеу мен еңгізуге, сондай-ақ шөлейттенумен күресу процесінде халықтың кең қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен қарсы күрес жөнінде бағдарлама әзірлеу және бекіту қажет.

«Ақмола-Феникс» АҚ-да агрохимиялық құралды қолданудың ғылыми негізделген жүйесі келесі мәселелерді шешуге мүмкіндіктер береді: топырақ құнарлығын арттыру, биогенді элементтер мен гумустың «топырақ – өсімдік – тыңайтқыш» жүйесіндегі жеткілікті оң балансын, өсімдік шаруашылығында химиялық құрамы мен қоректік құндылығы жоғары өнімдер алу, ауыл шаруашылық өндірісінің рентабельділігін көтеру, ауыл шаруашылығындағы экологиялық жағдайларды жақсарту.

«Ақмола-Феникс» АҚ-да дәнді дақылдардың өнімділігің арттыру барысында қоршаған ортаға кері әсерің тигізді. Бұл мәселелер келесідей:

1. Тыңайтқыштарды интенсивті түрде қолдану: азот, фосфор, калий және қосылыстары (фтор, хлор, натрий, кадмий т.б.).

2. Жел мен су эрозиясы.

3. Пестицидтермен ластану: гербицидтер (Ураган, Раундап т. б.); фунгицидтер (Альто супер, Амистар трио т.б.) инсектицидтер (Каратэ зеон, Фастак).

Қоршаған ортаның тыңайтқыштармен ластануының басты, себептері келесілер:

- Минералды тыңайтқыштардың құрамында әртүрлі улы қоспалардың болуы, олардың сапасының қанағаттандырылмауы, сондай-ақ оларды қолдану технологиясының бұзылуы кері залалдарын тигізеді. Жыл сайын нитраттың артықшылығы 9 млн-ға жетеді. Олар гидросфера, өсімдіктерде соңынан азықтық көкөністерде жинақталып, ауыр улануға әкеледі. Фосфор азотқа қарағанда жылжымалығы төмен, ол толығымен дерлік топырақта қалады да оны байытады. Сонымен қоса фосфор тыңайтқыштары фтордың жинақталуы сияқты адам мен жануарлар үшін уыттылығы теріс әсер етеді [24].

Осыған ұқсас құбылысты калий тыңайтқыштарынан да байқауға болады. Олардың көбінде хлордың біршама жоғары мөлшері болады, ол өз кезегімен топырақтарда жинақталып, оның агрофизикалық қасиеттеріне теріс әсер етеді. Топырақ құрамындағы мырыш пен фтор мөлшерінің айқын көбеюі құрамына осы элементтер кіретін фосфор тыңайтқыштарын қолданумен байланысты.

- Тасымалдау, сақтау, тыңайтқыш қоспалары мен тыңайтқыштарды еңгізу технологияларының жетілмегендігі. Сонымен, тыңайтқыштарды тасымалдаудың кемшілігі зауыттан егістік алқабына дейін тасымалдау жүйесіне негізделуінде және арнайы тасымалдау көліктерінің тапшылығында. Агрохимиялық құралдар жалпы қолданбалы өзі түсіретін көліктермен тасымалданып біршама шығын әкеледі.

- Оларды ауыспалы егіс пен жекелеген дақылдарға қолданудың агрономиялық технологияларының бұзылуы. Агрохимиялық құралдардың табиғи ортаға әсерін қарастырғанда бірінші дәрежелі мәнге азот ие болады. Азотты тыңайтқыштар ауыл шаруашылығындағы ақуыз мәселесін, сондай-ақ егіншілік пен мал шаруашылығының өнімділік деңгейін шешеді. Ал қолдану технологиясы бұзылса, онда биосфераға – топыраққа, суға, атмосфераға, өсімдікке, олар арқылы адам мен жануарларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Азоттың тыңайтқыштан шығын болуының қауіпі орасан зор. Ол далалық жағдайда шамамен 40%-ға, жекелеген жағдайларда – 50-70% сіңірілсе, ал топырақта 20-30% иммобилизацияға ұшырайды. Азоттың көп бөлігі қиын гидролизденетін гумусты заттардың құрамына енеді. Еңгізілген азоттың әртүрлі газ тәріздес ұшқыш қосылыстар есебінен шығын болуы 15-25% құрайды, ал шайылу арқылы шығын болуы топырақ қасиеттеріне, климатқа, су құбылымдарына, тыңайтқыштар түрі мен мөлшеріне, дақыл түріне және т.б байланысты болады.

- Минералдық тыңайтқыштардың сапалық қасиеттерінің нашарлығы; Көптеген минералдық тыңайтқыштардың тағы бір кемшілігі балласты элементтердің (фтор, хлор, натрий), сондай-ақ улы ауыр металдардың (кадмий, қорғасын және басқа) бірге болуы. Осы элементтердің кейбіреуі аз мөлшерде өсімдіктің өсуі мен дамуына оңтайлы әсер ете алады. Тыңайтқыштың жоғары мөлшерін жүйелі еңгізгенде балласты элементтердің көп мөлшері топырақта жиналып, топырақ қасиеттері мен құнарлығына кері әсерін тигізе отырып, жер асты ыза суына жылжиды да олардағы тұздардың концентрациясын жоғарылатады.

- Өндіріс, қалалық және тұрмыстық қалдықтардың химиялық құрамын жүйелі, әрі жан-жақты тексерусіз тыңайтқыш ретінде қарқынды қолдану.

Осыған байланысты алдын алу шараларын қарастырайық. Отандық және шет елдердегі органикалық тыңайтқыштарды қолдану тәжірибелерін қорытындылау нәтижесінде биогенді элементтердің, әсіресе азоттың шығынын болдырмау үшін төмендегі жалпы ережелерді басшылыққа алған жөн:

- 1 га ауыспалы егіс көлеміне жыл сайын 200 кг-нан артық азот еңгізбеу керек;

- Малшаруашылық кешендері бар шаруашылықтарда ауыспалы егістерде мал азығы ретінде немесе жасыл тыңайтқыштар ретінде аралық дақылдарды еңгізу (тығыздалған ауыспалы егіс нитраттардың шайылу есебінен, өсімдіктер қарқынды пайдалану салдарынан болатын шығындарынан сақтап қалады);

-Күзде төсенішсіз көңді сабан немесе жасыл тыңайтқыштармен араластырып еңгізуге болады (бұл жағдайда күз және көктем-жаз кезеңдерінде биологиялық азот иммобилизацияланып, оның шығыны біршама азаяды).

- Тыңайтқыштың түрін, мөлшерін, еңгізу мезгілі мен әдісін және сіңірілуін дұрыс таңдау, қоректік элементтердің шайылу мен сілтісіздену кезінде топырақтан шығын болуын алдын алудың маңызды тәсілі болып табылады.

- Минералдық және органикалық тыңайтқыштардың түрін, мөлшерін, қолдану мерзімі мен тәсілдерін дұрыс таңдау – шайылу мен сілтісіздену кезінде топырақтан қоректік элементтердің шығынын болдырмаудың маңызды амалы.

- Түйіртпектүзуші – полимерлерді қолдану [25].

- Әктеу және шымды күлгін топырақтарға органикалық тыңайтқыштарды енгізу қоршаған ортаға зиян тигізуді, қоректік заттардың жоғалуын азайтады, сонымен қатар топырақтың минералды тыңайтқыштармен уыттылығы төмендейді.

- Минералдық тыңайтқыштарға арналған қойма көлемін арттыру, сондай-ақ қоймалардағы механикаландырылған технология жұмыстарын жетілдіру, яғни арту – түсіру жұмыстары мен берілген қатынаста қоректі элементтерді тыңайтқыш қоспасына араластыру, минералдық тыңайтқыштардың ысырап болуын біршама азайтып, тиімділігін арттырады және табиғи ортаны ластанудан сақтайды.

Топырақтың су және жел эрозиясы.

Тек жыралардың өзі күн сайын 100–200 га жерді «жейді», ал ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамсыз жерлердің көлемі жыра көлемінен 3-4 есе артық. Топырақ эрозиясы нәтижесінде өсімдік шаруашылығының 20% өнімі жоғалады. Топырақ эрозиясының даму дәрежесі және келтіретін зиян мөлшері көптеген факторларға тәуелді:

  • Жергілікті жер бедері

  • Дақыл түрлері

  • Топырақтың гранулометрлік құрамы

  • Суару немесе түскен атмосфералық жауын-шашынның қарқындылығы

  • Алқаптың тыңаю деңгейі

  • Топырақты өңдеу жүйесі.

Эрозияға қарсы шаралар.

- Эрозиялық қауіп дәрежесін есепке алып, ғылыми негізделген топырақ қорғау ауыспалы егісті өңдеу және игеру.

- Топырақты эрозияға қарсы өңдеу жүйелері: қайырымсыз, сыдыра, минималды, жалды, ұяғалап жырту, аудармай терең өңдеу, топырақты тілу және т.б.

- Контурлы, террасты, суыртпақтап жырту эрозияға қарсы мелиоративті шаралар кешенін енгізу.

- Жиілеп егу, сондай-ақ топырақ қорғаушы дақылдарды тығыздап қатарға пайдалану. Бұл әдіс әсіресе жеңіл топырақтар үшін тиімді.

- Қатты эрозияға ұшыраған егіс алқаптарын көпжылдық шөптермен шалғындандыру.

- Ықтырма танаптарын егу.

- Үнемдегіш егіншілік жүйесін қолдану.

Пестицидтермен ластану.

Басқа химиялық заттармен салыстырғанда пестицидтермен қоршаған ортаны ластауы төмендегідей сипатқа ие:

- Олардың биосферадағы циркуляциясының қайта қалпына келмеуі (авиация мен жер беті аппаратураларының көмегімен қолданғанда пестицид қоршаған орта объектісіне бірден түсіп, онда толығымен ыдырағанша болады). Қоршаған ортада барлық химиялық қосылыстардың циркуляциясы өзара байланысты сызба - нұсқа бойынша: атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфера бойынша өтетіндігі бұрыннан белгілі. Әртүрлі заттардың циркуляциясының ұзақтығы бірдей емес, ал кейбір аз персистентті заттар циркуляцияның барлық кезеңінен өтпейді және алғашқы сатыларының бірінде толығымен ыдырайды. Бірақ персистентті заттар қоршаған ортаның кейбір объектілерінде жиналуға және қатты зиян келтіруге қабілетті. Олар әлемдік мұхитта гидробионттарда олардың концентрациясы болатындықтан жеткілікті қауіпті мөлшерде жиналады.

- Табиғат пен адам үшін потенциалдық қауіп туғызатын белгілеу бойынша препараттардың биологиялық белсенділігі.

- Қорғайтын шаралардың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолданатын шығын мөлшерінің азаюының мүмкін еместігі.

- Препараттардың шаруашылықтың әртүрлі салаларында қолданылуымен, қоршаған ортадағы айналымымен және азық- түлiк өнiмдерiнде қалдықтардың болуымен байланысты көп мөлшердегі адамдардың пестицидтермен жанасуы.

- Табиғи шарттарда препараттардың тұрақтылығы және азық-түлік тізбегі бойынша берілуі.

- Биологиялық белсенді деңгейге жеткенше төмен концентрациялы препараттарға қатысты ағзаларда пестицидтердің жиналуы.

- Тамақтану тізбегі бойынша жиналу және берілу. Қоршаған ортада пестицидтердің қалдықтары өз кезегінде пестицидтердің концентрациясы өсетін ірі жануарлар қолданатын өсімдіктер және жануарлар ағзаларымен жұтылуы мүмкін. Бұл олардың тамақта жиналуы мен соңында адамдардың қолдануына әкеледі. Пестицидтердің циркуляциясы келесі сызба-нұсқа бойынша жүреді:

  • ауа- өсімдік- топырақ- өсімдік- шөп қоректісі- жануарлар- адам;

  • топырақ- су- зоофитопланктон- балық- адам.

Пестицидтермен жұмыс істегенде қауіпсіздік шаралары мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:

  • Тіршілікке зияндығын тигізетін гербицидтердің орынын алмастыратын, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіз өндірістік технологиясын, мысалы, табиғи жауларың қолдану.

  • Пестицидтерді ауыл шаруашылықта немесе басқа да мақсаттарға қолданғанда препараттардың санитарлық-гигиеналық қасиеттеріне, жұмыс істеу қауіпсіздігіне сәйкес регменттерін сақтау.

  • Айналымға түсетін пестицидтер лсы регламентке белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс. Пестицидтердің сипаттамалары нақты пестицидтерді мемлекеттік тіркеу кезінде белгіленген сипаттамаларға сәйкес болуы тиіс.

  • Пестицидтердің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жүйелері.

  • Күрделі еңбекті қажет сіңетін және қауіпті жұмыстарды, препараттарды енгізу тәсілдерін толық автоматтандыруды қамтамасыз ету.

  • Пестицидтермен жұмыс істейтіндер нақты пестицидтерді қолдану жөніндегі ұсынымдарға көрсетілген арнайы жұмыс киіммен және басқа да жеке қоғаныс құралдармен қамтамасыз етіледі.

  • Пестицидтермен жұмыс істеу кезінде жұмыс орындарында темекі тартуға ашық от пайдалануға ас ішуге тыйым салынады.

  • Өңделген тұқымдарды толық жермен жабу керек. Тұқым қалдықтарын жануарлар мен құстарға жем ретінде пайдалануға болмайды. Тоған, үстен, көл, дренажды жүйе т.б. сияқты тұрмыс қажеттіліктеріне пайдаланылатын су көздері мен ирригациялық сулардың өнеркәсіп қалдықтарымен ластануына жол бермеу керек.

  • Жұмыс аяқталған соң препарат контейнерлерін тесіп, майыстыру керек. Ол жойылуға жатады. Пестицидтерден қалған бос контейнерлерді қайтадан басқа бір мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады [26].

«Ақмола-Феникс» АҚ-ның шаруашылығында–көктемгі дала жұмыстары басталысымен атап айтқанда топырақ гербицидтерімен жұмыс істеуге дейінгі агротехникалық шаралар алдында жұмысшылар, медициналық тексеруден өтіп, шаруашылықтың бас агрономының басшылығымен таныстырып. нұсқаудан өткеннен кейін ғана гербицидтермен жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Пестицидтермен жұмыс істеушілер әрбір 3 ай сайын медициналық тексеруден өтуі қажет. Жұмыс ұзақтығы 6 сағаттан аспауы керек, егер қатты әсер ететін гербицидтермен (Ураган, Раундап т. б.) жұмыс істегенде санитарлық ережелерге сәйкес жұмыс уақыты қысқартылады. Жұмыс күнінің қалған бөлігін химиялық заттармен байланысы жоқ жұмыстарымен байланысады.

Ол ауылшаруашылық жұмыстарын орындау барысында, атап айтқанда гербицидтер қолдануға жалпы қауіпсіздігі, ішкі тәртіп нұсқауларымен жұмыс уакыты ережелерімен таныстыру үшін өткізіледі.

Шаруашылық басшылығының болашақ мақсатта химикаттарды көп мөлшерде қолданғанымен экологияға мейлінше зардабын тигізбей, керісінше болған жағдайда биологиялық жолдарымен ауыстыра қолдануға қол жеткізу шарт.

ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ӨНДІРІСКЕ ҰСЫНЫСТАР

Қазақстан Республикасында, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қазіргі кезде өндірістік резервтер мен материалдарды қамтамасыз етумен өте қиын жағдайда, ауылда жұмыс істейтін жұмыскерлер мен адамдар көп айдан бері ақшалай еңбек ақы алмайды (тек өнім түрінде). Мұндай жағдай барлық шаруашылықта байқалып жатқан жоқ , қәзір енді аз - аздап жаңа табысты шаруашылықтар пайда болып жатыр (мысалы, қожалықтар). Бірақ бұл өкінішке орай қазір барлық жерде байқалып жатқан жоқ, бұл үшін қажетті түрде шаруашылықта топырақ жағдайын тексеру үшін материалды ресуртар еркін болу керек, жаңа техника, жақсы тұқым сатып алу керек, дақылдарды егуде қорғау шаралары жүргізу керек.

Жалпы шаруашылық бойынша келесідей ұсыныстар бар:

1.Шаруашылықта жұмысшы құрамының тәжірибелігін арттыру мақсатында шет елдерге барып ғылыми –тәжірибелік конференциялар мен жиындарға қатыстыра отырып, тәжірибе алмасу.

2. Мол тәжірибесі бар мамандардың жас буынға өз білімін үйрету.

3. Мал шаруашылығы жоқ болғандықтан, бұл саланы дамыту.

4. Инновациялық технологияларды енгізу, майлы дақылдарды өсіру.

5. Жергілікті әкімшілікпен бірлесе отырып, ауылдық инфрақұрылымды жақсарту мақсатындағы іс-шараларды қолға алып, жұмыссыздарды жұмыспен қамту.

6. Жаздық бидай сорттарының аймақ жағдайына байланысты көптеген төзімді сорттарын шығару керек.

Дипломдық жобада шаруашылықта дәнді дақылдардың өнімділігін артыру жолдары қарастырылған. Осы жағдайда шаруашылықты қарқынды өсіру технологиясын қолдану мен кешенді агротехникалық шараларды қолдана отырып жобамыздың өнімділігі 16 ц/га артты.

«Ақмола-Феникс» АҚ-да дәнді дақылдарды өсіру жағдайын талдап және оның өнімін арттыру жолдарын қарастыра келіп төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстар жасалды:

1. Бұнда жылдық түскен жауын-шашын мөлшеріне байланысты НМӨ-11,6 ц/га осы өнімді, алу үшін толық агротехникалық шараларды, арамшөптерге қарсы нақтылы әр танапқа ерекше шаралар қолдану қажет.

2. Агротехникалық шаралар

- химиялық парға тыңайтқыш енгізу ұсынылады;

- тек химиялық пардан басқа бүкіл егістік танабына себумен бірге азот тыңайтқышының 10-15 кг/га мөлшерінде енгізу ұсынылады;

- шаруашылықта барлық дәңді дақылдар егістігін тікелей жинау тәсілімен іске асырылғаны дұрыс ( балауызданып пісудің аяғында дәннің ылғалдығы 20-22% кезеңінде).

«Ақмола-Феникс» АҚ жағдайында біздің ұсынған агрошаралар түптеп келгенде астық өнімін көпжылдық орташа өніммен салыстырғанда 5-6 ц/га арттырып шаруашылыққа қосымша әр гектардан 37209 теңге таза пайда әкелді және дәнді дақылдардың өндірісінің рентабельділігін 108%-ден 390%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

3. Еңбек қорғау жағдайларын жақсарту мақсатында мына шараларды ұйымдастыру ұсынылады:

  • санитарлық-гигеналық жағдайларды жақсарту;

  • өндірістік қауіпсіздікті сақтау негізінде жаңа құралдар сатып алу қажет;

  • улы химикаттармен жұмыс істейтін жұмысшыларға мұқият техника қауіпсіздігінен кеңес, тиісті құрал, сапалы қорғаныс киімдерімен қамтамасыз еткен дұрыс;

4. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында улы химикаттардың қолдану ережелерін мұқият сақтау шараларын іске асырған абзал.

- тыңайтқыштың түрін, мөлшерін, еңгізу мезгілі мен әдісін және сіңірілуін дұрыс таңдау, қоректік элементтердің шайылу мен сілтісіздену кезінде топырақтан шығын болуын алдын алудың маңызды тәсілі болып табылады;

- минералдық тыңайтқыштарға арналған қоймалар жасау;

-тыңайтқыш қоймаларын механикаландыру яғни арту – түсіру жұмыстары мен берілген қатынаста қоректі элементтерді тыңайтқыш қоспасына араластыру;

5. Астық өндірісінің экономикалық тиімділігі және оның деңгейін тұрақтандыру мәселесі бойынша жалпы жағдайға келер болсақ жауап өзінен -өзі тауылып отыр: елге және оның тұрғындарына жасалған көптеген эксперименттердің нәтижесінде жалпы өндірістің құлдырауы және оның салдары ретінде экономикалық тиімділіктің түсуі байқалады (бұл астық өндірісіне қатысты).

Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін жетілдіру жолдары:

- ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігің арттыру;

- ауыл шаруашылығы өнімдеріне шығынның төмендеуі мен сапасының артуы;

- өнімнің бағасының жүйесі және өнімді өткізу арналарының дамуы.

Қорыта келе жобамда көрсетілгендей жер көлемін ұлғайтпай өнімділікті жоғарлату басты бағыт ретінде жұмыс жүргізу болып отыр. Нөлдік технологияны қолдана отырып болашақта өсімдік қалдықтарынан мульча қабаты құрылып, шығыңдар тұрақтанып азаяды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]