Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_shpor_406.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
85.36 Кб
Скачать

15. Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің жалпы сипаттамасына тоқталыңыз және ормандардың құқықтық режимі, орман қорларына мемлекеттік бақылауды қандай орган жүзеге асырады?

Орман Кодексі 9-бөлім,20-тарау,118-баптан тұрады. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын құрайды. Орман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрады.  Мемлекеттiк орман қорына: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар; 2) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген, орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi; 3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желiлiк құрылыстардың белдеулерiндегi енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелерi жатады. Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға орман өсiру үшiн нысаналы мақсатпен берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен жасалған:1) қолдан өсірілген екпелер;2) табиғи тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен пайда болған екпелер;3) жекеше орман питомниктерi; 4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер; 5) агроорман-мелиорациялық екпелер;6) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарына бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелер жатады. Орман қорына: 1) мемлекеттiк орман қорының жерiнен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемi 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi бұта өсiмдiктер; 2) қала ормандарын қоспағанда, елдi мекендер шекарасы шегiндегi жасыл желектер; 3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелерiндегi ағаштар мен бұталар кiрмейдi. Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету жүйесіне:1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкiлеттi орган;3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар; 4) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары;5) орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары;6) мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары;7) орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету саласындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар; 8) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы ғылыми ұйымдар;9) орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар;10) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мақсатында құрылған қоғамдық бірлестіктер кiредi.        

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]