Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_shpor_406.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
85.36 Кб
Скачать

30. Табиғи ресурстарға меншік құқығының

Меншік құқығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциясына сай 6-бапта «1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.2. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi.3. Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.» деп айқындалған. Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі. Бұл мүмкіндіктер заңға қайшы келмейтін және өзгелердің заңды құқықтары мен мүдделерін таптамайтын кез келген әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда меншік құқығы үш түрлі бөліктен тұрады:Иелену хақысы – меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;Пайдалану хақысы – мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;Билік ету хақысы – құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.

31. Халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары ...

Конституцияның 4-бабының 2-тармағы бойынша ратификацияланған халықаралық шарттар заңнамалық актілердің иерархиясында жоғары заң күшіне ие, барлық аумақта тікелей қолданылатын Конституциядан кейінгі орында орналасқан.Мемлекеттің халықаралық шарттары бүкіл мемлекет атынан немесе жекелеген мемлекеттік органдар атынан жасалады. Бірақ бұл шарттар мемлекеттің еркімен санкцияланған, сондықтан да орындалуға міндетті болып табылады. Алайда халықаралық шарттарды жасайтын мемлекеттік органдардың иерархиясымен байланысты болатын өз иерархиясына ие. Конституция ұлттық құқықтық жүйе мен халықаралық құқықтық жүйесін жалғастыратын буын ретіндегі басты трансформатор рөлін атқарады. Ынтымақтастық – түрлі мүдделі топтардың бейбіт қатар өмір сүру жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени және халықаралық мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі. Ынтымақтастық қоғамдық қатынастардың әр түрлі деңгейінде көрінеді. Сондықтан қазіргі әлемдік қатынастардағы ынтымақтастық бағыттары сан алуан. Әрине шешуші ынтымақтастық бағыттары – экономика ынтымақтастық, сауда, мәдени-техника, технология және ақпараттық ынтымақтастықтарының маңыздылығы арта түсуде. Халықаралық шарт - ( ағылш. international treaty; нем. internationaler Vertrag) Халықаралық құқықтар мен міндеттерді, оның қатысушылары үшін бекітетін олардың өзара және халықаралық қатынастарының түрлі мәселелері бойынша, мемлекеттер мен басқа халықаралық құқық субъектілері арасындағы келісім; халықаралық құқықтың негізгі көзі. Конвенция - лат. Conventio - келісім) кез келген саладағы адамдардың мінез-құлқының және іс-әрекетінің, оның ішінде, жаһандық мәселелерді шешу барысында келісім бойынша қабылданған ережелер мен қағидалар; Мысалы: шөлге айналуға қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясы (9.07.97 ратификацияланған, 7 маусым 1997 жылғы «шөлге айналуға қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялау туралы» ҚР заңы, 28.06.97 сенат қаулысы), «биологиялық әртүрлілік жөніндегі Конвенция» (биоқауіпсіздік туралы Картахендік хаттама негізінде 2000 ж), ж.е т.б

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]