Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_shpor_406.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
85.36 Кб
Скачать

34. Қоршаған ортаның сапасын нормалаудың....

Экологиялық нормалау - қағидалардың (нормалардың) және олардағы қамтылған қоршаған орта жай-күйiнiң және оған әсер ету дәрежесiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiнің (нормативтерiнің) жүйесi.Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлілікті сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсерді белгілеу болып табылады.Экологиялық нормалау процесінде қоршаған орта сапасының нормативтері, эмиссиялар нормативтері және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгіленеді. Қоршаған орта сапасының нормативтеріне:1) қоршаған орта жай-күйінің химиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген нормативтер, оның ішінде радиоактивті заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шекті шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауіпсіз деңгейлерінің нормативтері;2) қоршаған орта жай-күйінің физикалық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде шудың, тербелістің, магнит өрістерінің, радиоактивтіліктің, жылудың және өзге де физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейлерінің нормативтері;3) қоршаған орта жай-күйінің биологиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын өсімдіктердің, жануарлардың және басқа да организмдердің түрлері мен топтарының нормативтері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетін, микроорганизмдердің жол беруге болатын шекті шоғырлану нормативтер жатады. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жол беруге шекті шоғырлану нормативтерін белгілеу мақсатында зиянды заттарды қауіптілік дәрежесіне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді. Мемлекеттік тіркеуден өткен химиялық заттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол беріледі.Жол беруге болатын шекті шоғырлану және заттардың шамамен алынған қауіптілік деңгейлерінің нормативтерін белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамаларында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалады.Табиғи ресурстар жай-күйінің нормативтері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи ресурстардың әрбір түрі бойынша белгіленеді.

35. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың...

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары қоршаған ортаны қорғау саласында:тиісті аумақтардағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекітеді;өз құзыреті шегінде қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;қоршаған орта сапасының әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі нысаналы көрсеткiштерiн өз құзыретi шегiнде бекітеді;аумақтарды дамыту бағдарламаларын бекітеді.Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ортаны қорғау саласында:қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөніндегі іс-шаралар және олардың тиісті аумақтарда іске асырылуы көзделетін бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзірлеуді ұйымдастырады;мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негізінде өз құзыреті шегінде кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді салуға немесе реконструкциялауға тыйым салады немесе рұқсат береді;өз құзыреті шегінде шаруашылық қызмет объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді;өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілейді;мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады;қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды;тиісті аумақта тұрған табиғат объектілерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады;қоғамдық экологиялық сараптама жүргізудің тіркелуін жүзеге асырады;қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді;жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;аумақтарды дамыту бағдарламаларын және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлейді және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]