Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_shpor_406.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
85.36 Кб
Скачать

1. Қазақстан Республикасы Экологиялық құқығының пәнінің түсінігін беріңіз. Экологиялық құқығының жүйесі қалай бөлінеді және экологиялық құқықтың қағидаларына жеке тоқталыңыз.

 Экологиялық құқық құқық саласы ретінде- қоршаған орта мен адамзаттың өзара қарым- қатынасын реттеуге бағытталған құқық нормаларының жиынтығы.Экологиялық құқықтың пәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы. Экологиялық құқықтың жүйесі 3 бөлімнен тұрады: - жалпы: экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, қағидалары, қайнар көздері, тарихы; табиғат пайдалану құқығы; экологиялық құқық саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратны органдардың қызметі; заңды жауапкершілік; - ерекше: қоршаған ортаның жекелегн объектілерінің құқықтық режимі және оларды құқықтық қорғау мәселелері; - арнайы: қоршаған ортаны қрғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері. Экологиялық құқытың қағидалары- қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қатынастарын реттеу барысында басшылыққа алынатын негізгі идеялар мен бастамалардың жиынтығы. Экологиялық құқықтың қағидаларын мынадай топтарға бөліп қарастырады:- халықаралық- 1992 жылы БҰҰ Рио- де- Жанейро қаласында қабылдаған қоршаған ортаны қорғаудың 26 қағидасы; - жалпы- ҚР Конституциясында бекітілген қағидалар тобы; - арнайы- ҚР ЭК- на сәйкес: 1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;3) экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас;4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару;5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi;6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау;7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi;8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi;9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану;10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi мен жариялылығы; 11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру;12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi;13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету;14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерiмен және нормаларымен үйлесуi;15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау мiндеттiлiгi болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]