Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_shpor_406.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
85.36 Кб
Скачать

24. Экологиялық құқығының қайнар көздерінің түсінігі

  «Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең.  Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:  1) кешенді;  2) ресурстық;  3) әлеуметтік - экологиялық.  Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға болады.  Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.  Экология құқықтарының әлеуметтік-экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады:  1) экология құқықтарының ең негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы жатадың;  2) Экология құқықтарының қайнар көзіне «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы жатады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған;  3) Экология құқықтарының қайнар көздеріне министрліктер мен ведомстволардың нормативтік – құқықтық актілері жатады. Министрліктер мен ведомстволардың актілері салалық басқаруды жүзеге асырады.

25. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу

Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының бiрыңғай жүйесi (бұдан әрi - Кадастрлардың бiрыңғай жүйесi) Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетiнiң бiрыңғай жалпы мемлекеттiк кешендi есебiн жүргiзу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының барлық түрлерiн бiрiктiретiн салааралық ақпараттық жүйе ретiнде құрылады және жүргiзiледi.Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары Экология  Кодексі және ҚР-ның өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткiштерi туралы ақпараттың жүйелендiрiлген жиынтығы болып табылады. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерiнің бірі болып су табылады. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғи ресурстардың жай-күйi мен оларды пайдалану есебi деректерiнiң негiзiнде табиғи ресурстардың тиiстi түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзедi. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн жүргiзудiң негiзгi принциптерi:1) кадастрлық ақпаратты өңдеу мен ұсыну технологиясының бiртұтастығы; 2) автоматтандырылған ақпараттық технологияларды қолдану;3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтiлiгi болып табылады.мемлекеттiк су кадастры бойынша (жер үстi және жер асты су көздерi, су ресурстарын пайдалану) - қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - өзендер бассейнi және әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде; Табиғи ресурстардың кадастрлары шеңберiнде алынған oбъектiлердi есепке алу мен тiркеудiң нәтижелерiн арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға өтеусiз бередi. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғи ресурстардың тиiстi түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың кадастрларында қамтылатын ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]