Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_shpor_406.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
85.36 Кб
Скачать

7.Экологиялық құқықтық қатынас дегеніміз не және оның мазмұнына тоқталыңыз. Экологиялық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтату негіздері қалай жүзеге асырылады

ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы. Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз. Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз. Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады: 1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады. 2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.). 3. Заңды тұлғалар. 4.  Жеке тұлғалар- ҚР азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұны дегеніміз қатысушылардың қоршаған ортаны пайдалану мен сақтау бойынша құқықтары мен  міндеттерінің жиынтығы. Құқығы мен міндетінің мазмұны бойынша барлық экологиялық қатынастардың субъектілері төрт категорияға бөлінеді: табиғатты пайдаланушылар, атқарушы және өкілетті биліктің органдары, сот қадағалау органдары мен экологиялық профилдердің қоғамдық бірлестіктері. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұнының ерекшеліктері туындау және даму негіздеріне байланысты табиғат объектісінен тәуелді болады.

8.Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз не және экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік және таксалық жауапкершілікке тарту негіздеріне тоқталыңыз.

 Экологиылық заңдарын бұзу- белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға және оның ресурстарына зиян келтіретін заңға қайшы келетін кінәлі субъектінің әрекет немесе әрекетсіздігі. Экологиялық заңды бұзу екіге бөлінеді. Біріншісі – тәртіпсіздік, екінші - қылмыс. Тәртіпсіздік-жеңіл тәртіп бұзушылыққа жатса, қылмыс ауыр тәртіп бұзушылыққа жатады-оны қылмыс деп атайды. Жеңіл тәртіп бұзушылық үшін еңбек заңында-тәртіптік жаза қолданатын, материалдық шығынға тәртіп бұзушылық үшінматериалдық немесе азаматтық құқық нормалары қолданылатын, экологиялық құқық нормаларын жеңіл бұзылатын түрлеріне әкімшілік құқық нормалары қолданылатын тәртіп бұзушылық экологиялық немесе азаматтық құқық нормаларын бұзушылық тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықпен қатар пайда болуы мүмкін.Экологиялық немесе экологиялық салалық жауапкершілік осы заңдардың нормаларынан пайда болатын және осы заң салалары нормаларында қаралған ерекше жазалау шаралары қаралған жағдайда қолданылады. Сонымен экологиялық заңдық жауапкершіліктің түрлеріне тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық, материалдық (азаматтық) және экологиялық салалық ерекше жауапкершіліктері жатады. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін материалдық жауапкершіліктің түрлері төмендегідей.Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі  экологиялық заңдарды бұзу салдарынан келген зиянды төрт топқа бөліп қараған: Б і р і н ш і   топқа:а) қоршаған ортаға келген зиян;б) азаматтардың денсаулығына келген зиян;в) ұйымдардың, азаматтар мен мемлекет мүлкіне келген зиян жатқызылған. Е к і н ш і   топқа:а) қызметі қоршаған ортаны қорғауға күшті қауіп төндірумен байланысты заңды және тұлғалардың егер жойқын күштің немесе зардап шегушінің қасқойлығы салдарынан зиян келтіргені дәлелдей алмаса, өздері келтірілген зиянды өтеуі. Ү ш і н ш і   топқа:а) қоршаған ортаны бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығына;б) мүлкіне келтірілген зиян;в) зардап шегушінің еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін;г) оның емдеуге және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындарды;д) науқасты күту жөніндегі шығындарды, өзге де шығындар мен залалды ескере отырып толық өтеу қаралған. Т ө р т і н ш і   топқа:а) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзылуы салдарынан келтірілген моральдық зиянды өтеу жатады. Экологиялық қылмыс дегеніміз – бұл қылмыстық заңда көзделген кінәлі, құқыққа қайшы әрекет (әрекетсіздік немесе әрекеттілік), жеке және заңды тұлғалардың мүдделері мен экономикалық құқыққа қол сұғушылық, мемлекетке және келтірілген немесе қоршаған ортаға нақты қауіп келтірген зиян. Қазіргі кезде экологиялық теріс қылықтар мен экодогиялық қылмысты ажырату оңай, өйткені бұл жаңа қылмыстық кодексте оны қозғаушы күні құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты құқықтық нормалардың диспозициясында көрсетілген. Қылмыстық жауапкершілік – экологиялық құқық бұзушылық басталған уақыттан бастап, оның басқа да ажыратып көрсететін белгілері бар: адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға келтірген зиян, жануарлардың немесе өсімдіктердің жоқ болуы, ұйымдасқан топтар, лауазымды тұлғалардың қылмысты жасасуы, өзінің қызметін пайдалану барасында.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]