Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_shpor_406.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
85.36 Кб
Скачать

2.Экология саласындағы мемлекеттік басқару органдардың ролі мен маңызы қандай?. Экологиялық басқару функциясы қандай нысанда жүзеге асырылады?

 Мемлекеттік басқару- қоршаған ортаны қорғауды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық- атқарушылық қызмет. Ерекшеліктері: мемлекет тарапынан жүзеге асырылады, биліктік сипатта болады, мемлекеттің экологиялық саясатының көрінісі, қоршаған ортаны қорғауға бағытталғандығы, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуде. Мемлекеттік басқару 3 түрлі нысанда жүзеге асырылады: құқық шығармашылық; құқық атқарушылық; құқық қорғаушылық. Мемлекеттік басқару органдары келесі жүйеге жіктеледі: - жалпы құзыретті органдар: ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі; - арнайы құзыретті органдар: қоршаған ортаны қорғау министрлігі; - функционалды органдар: салық органдары, табиғат қорғау органдары, төтенше жағдайлар министрлігі, жер қойнауын қорғау комитеті, орман және аң шаруашылығы комитеті, құқық қорғау органдары. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың жекелеген функциялары- қоршаған ортаны қорғау саласында келесідей функциялар жүзеге асырады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу, экологиялық нормалауды жүзеге асыру, табиғи ресурстар кадастрін жүзеге асыру, қоршаған ортаның мониторингін жүргізу, экологиялық сараптаманы жүзеге асыру, экологиялық білім беру және ағарту, қоршаған ортаны қорғау саласындағы экономикалық реттеу, экологиялық бақылауды жүзеге асыру, экологиялық дауларды шешу, экология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, экологиялық рұқсатты беру, т.б.

3.Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігін беріңіз және олардың субъектілері мен объектілерін талдаңыз.

ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы. Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз. Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз. Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады: 1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады. 2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.). 3. Заңды тұлғалар. 4.  Жеке тұлғалар- ҚР азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұны дегеніміз қатысушылардың қоршаған ортаны пайдалану мен сақтау бойынша құқықтары мен  міндеттерінің жиынтығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]