Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_shpor_406.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
85.36 Кб
Скачать

20. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ...

Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту;биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу;экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту;Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу;өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу. Қойылған міндеттерді шешуге:Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру;қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі. Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын ескере отырып, Қазақстанның экологиялық қауіпсіздік проблемалары оларды жаһандық ұлттық және жергілікті ретінде шешудің маңыздылығы мен деңгейіне байланысты қаралады.

21. Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиянның

 Сонымен, ластанған қоршаған ортаның жағымсыз әсері адамның денсаулығына зиян келтіретін экогендік зиянның тікелей көзі болып табылады.Сонымен бірге, қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік фактордың бірігіп әсер ету нәтижесінде жүзеге асады. Табиғи ластау деп табиғи жаратылысы бар ластайтын заттардың, мысалы, ғарыш бөлшектерінің, жанартау күлінің, өсімдіктер шаңының, теңіз тұздарының, орман өрті түтінінің қоршаған ортаға келіп түсуін түсіну қажет. Антропогендік ластау адамның шаруашылық қызметінің әсерімен, соның ішінде табиғи ластаудың құрамы мен қарқынына тікелей немесе жанама әсер арқылы мысалы гидроқұрылыс нәтижесінде қалыптасады. Егер табиғи ластау белгілі себептермен құқықтық реттеуге жатпайтын болса, антропогендік ластау ғалымдардың берік назарында болып отыр. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі экологиялық заңдарды бұзу салдарынан келген зиянды төрт топқа бөліп қараған. Біріншітопқа: а) қоршаған ортаға келген зиян; б) азаматтардың денсаулығына келген зиян; в) ұйымдардың, азаматтар мен мемлекет мүлкіне келген зиян жатқызылған.Екіншітопқа: а) қызметі қоршаған ортаны қорғауға күшті қауіп төндірумен байланысты заңды және тұлғалардың егер жойқын күштің немесе зардап шегушінің қасқойлығы салдарынан зиян келтіргені дәлелдей алмаса, өздері келтірілген зиянды өтеуі.Үшінші топқа: а) қоршаған ортаны бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығына; б) мүлкіне келтірілген зиян; в) зардап шегушінің еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін; г) оның емдеуге және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындарды; д) науқасты күту жөніндегі шығындарды, өзге де шығындар мен залалды ескере отырып толық өтеу қаралған.Төртінші топқа:а) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзылуы салдарынан келтірілген моральдық зиянды өтеу жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]