Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_shpor_406.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
85.36 Кб
Скачать

16.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық және Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау жөнінде қандай халықаралық үкіметтік емес экологиялық ұйымдар жұмыс істейді?

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода Біріккен Ұлттар Ұйымы 179 мемлекеттің жоғарғы басшыларының басын қосып Халықаралық конференция өткізіп, осы конференцияда 5 маңызды құжат қабылданған:Қоршаған орта мен оның дамуы туралы Рио-де-Жанейро декларациясы;ХХІ ғасыр күн тәртібі;Орманның барлық түрі тұрақты дамуы, басқару және сақталу принциптері туралы өтініш;Климаттың өзгеруі туралы Рамалық конвенция;Биоалуантүрлілік конвенция. Гри́нпис (Greenpeace — «жасыл әлем») — 1971 жылы Канадада негізі қаланған халықаралық қоғамдық табиғатты қорғайтын ұйым.(Басты) Негізгі мақсаты – жаhандық (әлемдік) экологиялық проблемаларды (мәселерді) шешу, соның ішінде билік пен қоғам назарын аудару арқылы.Гринпис тек қана өз жақтастарының ғана берген қаржылық көмегімен өмір сүруде, ал мемлекеттік құрылымдар, саяси партиялар және бизнестен қаржылай көмекті үзілді-кесілді қабылдамайды.Гринпис БАҚ назарын экологиялық мәселелерге аударуға бағытталған ірі акцияларымен белгілі.

17. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi

 Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi: шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен сулардың жай-күйi мен өзгеруiн қадағалау; су қорғау iс-шараларының орындалуын тексеру болып табылады.  Қазақстан Республикасында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.Уәкілетті органның мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі басты міндеттері:1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын барлық министрліктермен, агенттіктермен, ведомстволармен өзара іс-қимыл жасауды және қызметін үйлестіруді;2) шаруашылық және өзге де қызметтің әсерінен судың жай-күйін және өзгеруін қадағалауды, сондай-ақ су қорғау іс-шараларының орындалуын тексеруді;3) су қорын пайдалану мен оны есепке алудың белгіленген тәртібін;4) суларды қорғау жөніндегі міндеттердің орындалуын;5) су объектілеріне зиянды әсер етудің алдын алуды және жоюды;6) барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті: су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады; экономиканың су секторының даму бағдарламаларын әзірлейді; негізгі өзендердің бассейндері мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектілері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлейді; экономика салаларында су тұтынудың үлестік нормаларын келіседі; және тағы басқа да қызметтерді атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]