Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_shpor_406.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
85.36 Кб
Скачать

4.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау қандай органмен және қалай жүзеге асырылады? Экологиялық аудит дегеніміз не? Экологиялық кадастрдың анықтамасына тоқталып,түрлерін ажыратыңыз.

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын орг/р:1)қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган; 2)су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi мем/к орган;3)жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;4)орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мем/к орган;5)жануарлар дүниесiн қорғау,молықтыру ж/е пайдалану саласындағы уәкiлеттi мем/к орган;6)ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мем/к орган;7)жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мем/к орган; 8)өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мем/к орган; 9)халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мем/к орган; 10)ветеринария саласындағы уәкiлеттi мем/к орган; 11)өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мем/к орган;12)атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мем/к орган; 13)көлiктi бақылау органдары болып табылады. Мемлекеттiк экологиялық бақылау шаралар кешенiн, оның iшiнде: 1) бақылаудың басымдықтарын айқындауды; 2) бақылаудың қолданыстағы құралдарын пайдалануды;3) қызметтiң перспективалық жоспарларын, нақты iс-шаралар мен қажеттi кадрлық және материалдық ресурстарды, сондай-ақ сапалық және сандық көрсеткiштердi әзiрлеу мен енгiзудi;  4) тексерiлетiн объектiлер бойынша жұмыстардың жылдық және жедел жоспарларын әзiрлеу мен енгiзудi; 5) инспекторлық тексерулер жүргiзудi;6) талдама бақылаудың деректерiн және мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де ақпаратты жинауды, талдау мен пайдалануды;  7) мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi қызметiнiң перспективалық, жылдық және жедел жоспарларын есепке алуды, құжаттауды және олардың iске асырылуын талдауды;   8) мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi қызметiнiң ашықтығы мен есеп беруiн қамтамасыз етудi қамтиды. экологиялық аудит – аудиттелетiн субъектiлердiң шаруашылық және өзге де қызметiн экологиялық тәуекелдердi анықтау мен бағалау және олардың қызметiнiң экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге бағытталған тәуелсiз тексеру. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары Экологиялық Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткiштерi туралы ақпараттың жүйелендiрiлген жиынтығы болып табылады. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастры (бұдан әрi - Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры) қалдықтарды орналастырудың әрбiр объектiсi (олардың кеңiстiктегi орналасуын көрсете отырып) бойынша геоақпараттық жүйелер, сондай-ақ қалдықтардың түрлерi, олардың шығу көздерi мен физикалық-химиялық қасиеттерi (халыққа және қоршаған ортаға қауiптiлiгi ескерiле отырып), компоненттiк құрамы, сандық және сапалық көрсеткiштерi, оларды сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, оларды пайдалану мен залалсыздандыру технологиялары негізiнде жүйелендірілген, кезеңділікпен толықтырылатын және нақтыланатын бiрегей мәлiметтер жиынтығы болып табылады. Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастрын (бұдан әрi - Көмудiң мемлекеттiк кадастры) жүргiзу - Қазақстан Республикасының аумағында зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызу объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн мiндеттi болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]