Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Ежелги канлылар.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
187.39 Кб
Скачать

2. Қаңлының әдет-ғұрып, салт дәстүрі.

Бастауын соау патриархат дәуірінен алатын ата-бабаны сыйлап, пір тұту, оның әулиелік қасиетіне бас ию, ескерткіш арнау салт-дәстүрі қаңлыларды да айналып өте алмаған. Оның бір айқын дәлелі әсіресе Қазақстанның оңтүстік батыс өлкелерінде аты аңызға айналған әулие, пір тұтып, ел сыйлаған ата-бабаларымызға бағышталған ескерткіштер, кесенелер, мазарларжәне олар туралы әңгімелер де көп сақталған. Тек «ата» , «баба» қасиетті атаулармен аталып, жәдігер болып қалған: Шопан ата, Қошқар-Ата, Бекет-Ата, Әулие-Ата, Арыстан-Баб т.б.

«Қошқар-Ата» туралы халықтың наным-сеніміне байланысты бір деректе «в названии Кошкар-Ата обнаруживаются следы сокрализаци Кошкара /барана производителя, одного из наиболее почитаемых животных еще у саков и кангюйцев, в зороастризме он мог быть воплащением божества Фарна-символаплородня, гарантирующую силу, здоровье покравительство» , деп көрсетіледі./46/

«Қошқар-Ата» зиратының біреуі С.П.Толстовтың мәліметі бойынша Келес өзенінің сол жақ беті Абай селосынан үш километр жерде жатыр. Жергілікті халық оның басына барып бүгінге дейін тәуба етіп, әртүрлі кәделерін істеп тұрады.

«Қошқар-Атаның» шығу төркініне келсек араб авторларының бірі Ауфидің мәліметі бойынша Хорезм шахтардың бірі Икинчи иби Қошқар (1097 жылы қайтыс болған) деп атаған. «Мұын аты Ғұндар еді» деп көрсетеді В.В.бартольд.

Осыған қарағанда Қамбар Ата, Шопан Ата, Шекшек Ата, Қошқар Ата, Ойсыл қара т.б. осы сияқты атаулардың баршасы сол мал тұқымына пір, қамқоршы болған киелі адамдар, қасиетті тұлғалар болған.

Қаңлы дәстүрі.

Қазақ халқының көне ру-тайпаларының көне мәдениетіне, соның ішінде діни наным-сенімдеріне байланысты қалыптасқан салт-дәстүрін археологиялық материалдар негізінде терең зерттеген ғалымдардың бірі археолог К.М.Байпаков та бұл мәселеге ерекше мән берген. Көшпелі халықтардың бірі-байырғы қаңлы тайпаларының малды, әсіресе қойды киелі санау дәстүріне арнайы тоқталып, қойды жалпы бейнесі, дене мүшесі (басы, мүйізі) салынған керамика, теңге, ыдыс-аяқ т.б тұрмыстық бұйымдарды зерттеу нәтижесінде тек қаңлы әулетіне ғана тән стильдік өрнектің қалыптасқандығын айқындайды. Мұны ғылым жүзінде «қаңлы // кангюй дәстүрі» деп атайды. Қаңлы дәстүрі Кангха-Хорезм мемлекетін арнайы зерттеген С.П.Толстовтың «Древный Хорезм» атты еңбегінде де кеңінен сөз болады. Егер қаңлы қауымының тарихи медениетін сонау көне замандардан бүгінге дейін қарастырған адам болса, ол ірілі-кішілі діндердің барлығын тұтынатының көруге болар еді. Бұл құбылыс тек қаңлыларға тән емес, қазақтын көне тайпаларының баршасына ортақ құбылыс. Ал VIII ғ. Кейін бұл ислам діні Сыр бойындағы қаңлылар өмірінде тұрақты дінге айналды. Оған себеп болған фактордың бірі-әсіресе X ғ кейін бұл өлкелерде пайғамбар әулеті-қожалардың көптеп келіп, жергілікті жұртшылықпен жете араласып кетуі болды.

Қорытынды

Қаңлы – Евразияның сайын даласында Шығыстан Батысқа, Оңтүстіктен Солтүстікке кең тараған, ірілі-ұсақты түркі ру тайпаларының ішіндегі ең көне, сан жағынан мол, байырғы да бірегей, өміршең де өрелі этникалық қауым. Осынау бір табиғи болмысына байланысты көне қаңлы тайпасы өзінен кейін пайда болған көптеген ру тайпалардың жеке дара халық болып қалыптасуына ұйытқы болған, солардың бірі-қазақ, өзбек, саха тағы басқа халықтардың этникалық ядросы, негізі, іргетасы, құрамдық бөлшегі ретінде танылып, тарихта әйгілі болған этнос.

Қаңлытану проблемасының өзекті де күрделі мәселеі – Қаңлы мемлекеті және оның көшпелі түркі тайпаларының көне дәуірдегі өмірінде алған орны, өркениетті қоғам құру жолындағы атқарған игілікті істері. Шынында да, кең байтақ Орта Азияда егеменді ел болып, тәуелсіз мемлекет құрып отырған қазақ халқының қасиетті жерінде көне дәуірдің өзінде өркениетті қоғам болғаның дәлелдейтін деректер нені көрсетеді? Бұл көне рулық бірлестіктердің (қаңлы, үйсін) Қытай, Үнді, Кушан, Иран, т.б. осы сияқты өркениетті елдермен терезесі тең болып мәдени, әлеуметтік қарым-қатынас жасап келуі, қала қорған, қамал орнатып, сәулет өнерімен шұғылдануы - тым ерте қол жеткен өркениеттіліктің бір көрінісі болса керек.

Қаңлытанудағы өзекті мәселе көп соның бірі – қаңлы этнониміне байланысты дүние. Этнонимнің түпкі негізі жөнінде түрлі көзқарастар айтылып жүр, бір сөзбен айтқанда бұл ғалымдар назарындағы шешімін табу қажет күрделі мәселе. Сондай-ақ, қаңлы тілі, қаңлы шежіресі, қаңлы жазуы, қаңлы мәдениеті әлі де тереңірек қарастыруды қажет етіп отыр.

Қаңлы мемлекеті – Қазақстан өңірінде құрылған әрі үрдіс сегіз ғасыр өмір сүрген, бойынша дамып өркендеген көне өркениет иесі. Қаңлы мемлекетінің тарихын қарастыра келе түрлі деректер негізінен мемлекеттіліктің мынадай элементтерін көрсете аламыз. Қаңлы мемлекетінің дара билеушісі ел басы – патшасы болған, халқының тұрақты қоныс өңірі, территориясы болған, ел қорғайтын қарулы әскері болған, өздеріне қас әрі дәрежелі басқару әскери әкімшілік құрылым жүйесі болған, мемлекеттің заң ережелері болған, ел ішінде қолданатын ақша белгісі-жармақ теңгесі болған, өздерінің төл жазуы болған, дербес ел санатында төңіректі елдермен, саяси, экономикалық байланыста болып, олармен саяси әскери келісім-шарттарда жасаған. Сондай-ақ, өздерінің дипломатиялық салтын қалыптастырған. Қаңлы мемлекетінде болған мемлекеттіктің осындай ерекшеліктерін сол замандағы кез-келген аталмыш мемлекет дегендермен салыстыратын болсақ, қаңлы мемлекеті олардың қай-қайсысының да кем түсе қоймайды. Сондықтан да болар Қытай жазған ресми тарих-жылнамаларда сегіз ғасыр бойы қаңлыны «қан жүй го-қаңлы мемлекеті» деп атауының сыры да осында болса керек. Сондықтан Қаңлы мемлекетін қазақ мемлекетінің қайнар көздерінің бір арнасы деп қараған жөн.

48